Жұмыс бағдарламасы 10. 06. 2015ж. №1 басылым 5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған



бет1/4
Дата14.04.2017
өлшемі0,58 Mb.
#13939
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті



3 деңгейлі МСЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.89/03 -2015



ПОӘК

«Шалғын шаруашылығы» пәнінің

оқытушыларға арналған

жұмыс бағдарламасы





10. 06. 2015ж.

№ 1 басылым



5В080100 «Агрономия » мамандығына арналған

«Шалғын шаруашылығы»

пәнінің


ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ПӘННІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2015

Алғы сөз

I ҚҰРАСТЫРҒАН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Сагандыков Слям Ниғмеджанұлы

«_17_ » __05____ 2015 жыл


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстарының» кафедрасының мәжілісінде бекітілген.

«_18_» ___05___ 2015 жыл, № 9 хаттамасы
Кафедра меңгерушісі: ……………. Есенғұлова Н.Ж.
2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілген.

«_21_»___05___ 2015 жыл №5 хаттамасы


Төраға ………………………....... Джаманова Г.И.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды

«10_» ____06____ 2015 жыл № 6 хаттамасы
ОӘК төрағасы …………….. Г.К Искакова

4. БАСЫЛЫМ БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН





МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2Дәрістер

3Тәжірибелік сабақтар



4Студенттердің өздік жұмыстары

ГЛОССАРИЙ

Агротехника - ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру тәсілдерерінің жүйесі.
Ауыл шаруашылық жерлері-ауылшаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер телімдері. Олардың құрамына айдалатын, көпжылдық өсімдіктер егілген, шабындық жайылымдық жерлер кіреді.
Агроценоз- ұзақ жылдар бойына шабындық немесе жаылым ретінде пайдалану үшін, табиғи жағдайларға байланысты іріктеліп алынып өсірілген мәдени өсімдіктер жиынтығы.
Азық өлшемі- 1 кг құрғақ сұлы дәнінің жұғымдылығы мөлшерінде алынған бірлік, өлшем.
Ауыспалы жайылым- жайылымды жайылымдық телімдерді пайдалану мерзімдері мен кезектілігін беогілі тәртіппен (жыл, маусым немесе бірнеше жыл аралатып) өзгерте отырып пайдалану жүйесі.
Жаюдың қамақтық жүйесі- жайылымдық жер телімін бірнеше қамақтарға бөліп, малдарды соларда біртіндеп кезекпен жаю.
Жайылымдар-үнемі мал жаю үшін шабу үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығындағы алқаптар, сондай-ақ мал жаюға жарамды, бірақ шабындық үшін пайдаланылмайтын және тыңайған желер есебіне кірмейтін жер телімдері.
Жердің құнарсыздануы- адам қызметінің немесе ауа райының өзгеруі нәтижесінде жердің биологиялық және экономикалық өнімділігінің төмендеуі нгемесе жойылуы.
Қадағалау-талдау жүргізу ісі (мониторинг)- жағдайлардың өзгеруіне дер кезінде назар аудару, қиындықтарды анықтау және тиісті шешімдер қабылдау мақсатында, ағымдағы қызметтің орындалу барысы жайлы мәліметтер жинап, оларға талдау жасау.
Малды жүйесіз жаю- малдарды жайылымдық кезең бойы күн сайын бүкіл жайылым көлеміне жаппай жаю.
Мал жаюдың ұтымды түрі- ауыспалы жайылым жүйесіндегі жайылымды маусымдық пайдалану.
Малды жүйесіз жаю- малдарды жайылымдық кезең бойы күн сайын бүкіл жайылым көлеміне жаппай жаю.
Синэкология- өсімдіктер қауымдастығын зерттейтін ғылым.
Табиғи жағдайларға байланысты іріктелген өсімдіктер(фитоценоз)- бірге өсетін өсімдіктер жиынтығы
Табиғи өсімдіктер қорларын тиімді пайдалану- табиғи өсімдіктер қорларын олардың қалыпты жағдайлары сақталатындай етіп және табиғатты қорғау нормалары мен талаптарын сақтай, экологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып пайдалану.
Тұқым зерттеу ілімі- тұқымдардың ұрықтанған сәтінен бастап жаңа дербес өсімдік пайда болғанға дейінгі аралықтағы дамуы мен тіршілігі туралы ғылым.
Тұқым шаруашылығы- сұрыпталған тұқымдарды олардың сұрыптық тазалығын, сондай-ақ биологиялық және өнімділік спапаларын сақтай отырып, жаппай көбейтіп өсіру.
Шабындықтар-үнемі шөп шабу үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығындағы алқаптар.

Шалғындар – мейлінше және орташа ылғалды(мезофит) жағдайларда өсетін көпжылдық шөптесін қсімдіктер жиынтығы.
Шалғындық мал азығы өндірісі-малазықтық өсімдіктер өскен алқаптардың қандай түріне жататына қарамастан, шабындықтармен жайылымдарға қатысы бар барлық мәселелерді қамтитын ауыл шаруашылығы саласы.
Шалғындық-жайылымдық өсімдіктер экологиясы- өсімдіктер мен олар өсетін орта арасындағы тәүелдікті зерттеу.
Шабындықтар мен жайылымдардағы жемшөп өнімділігі- жер көлемінен әр бірлігінен алынған жемшөп балаусасының орташа жиынтығын сипаттайтын көрсеткіш. Ол, әдетте, 1 га алқаптан алынған өнім болып табылады және килограммм, центнер, тоннамен есептеледі.
Экологиялық жүйелерді басқару- қорғау және ұдайы өсіріп отыру жолымен экологиялық жүйелердің өнімділік жағдайын қалпында ұстап отыратын мақсатты бағыттағы шаралар.

2ДӘРІСТЕР
1 – модуль Шалғын шаруашылығы ісін жүргізудің биологиялық және экологиялық негіздері

1 – блок Шалғын шаруашылығы туралы жалпы түсініктер

1 Дәріс. Тақырыбы: Кіріспе. Шалғын шаруашылығы зерттеу ісінің алдында тұрған міндеттері


2 Дәріс. Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршіліктік үлгі түрлері

Жоспары
3 Дәріс. Тақырыбы:Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері

Жоспары


    1. Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер

    2. Шабыдық пен жайылым өсімдіктерінің жіктелуі және жапырақтану типтері

    3. Шабындық және жайылымдағы әр түрлі шөптердің және қияқөлең шөптердің биологиялық және шаруашылық сипаттамасы

Әдебиет:

  1. Ә.Оразбаев ж.т.б. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Алматы,2015-564бет

  2. Андреев Н.Г. «Луговодство». М., Колос.: 1981.-383с.

Көпжылдық щөптер

Басқа өсімдіктердің тіршілік пішімдерінен айырмашылығы – олардың жер бетіндегі өркендері тіршілік ету кезеңінің соңына қарай толық немесе толыққа жақын жойылып кетеді. Қайта дамып өсетін өсімдік бүрлері біреулерінде сабақтың төменгі жағында жер бетіне жақын болса, енді біреулерінде жер бетіне жақын жатқан тамырсабақтарында, жуашықтарында түйнектерінде болады. Өсімдік биіктігі бірнеше см-ден 4-5 м-ге дейін құбылады. Өмір сүру ұзақтығы кең көлемде құбылмалы: түйежоңышқа 2жыл, шалғындық астықтұқымдастар 6-8 жылдан 20 жылға дейін, еркекшөптер одан да ұзағырақ өседі, жуан діңді қияқөлеңдер 120 жылға дейін және одан да көп жылдарға кететін бірқатар шөпті өсімдіктер бар.

Көпжылдық шөптер арасында қысқа тіршілік кезеңді өзгеше топ – раңтәріздестер бар. Оларға түйнектері, жуашықтары және тамырсабақтары бар өсімдіктер: жуалар, шырыштар, қияқөлеңдер, қоңырбастар кіреді.

Олар жылдам өсу қарқынымен ерекшеленіп , тіршілік кезеңін көктемде, ыстық және құрғақ мезгілі түсумен аяқталады. Бұл өсімдіктер шөл мен шөлейтті аймақтарға тән болып келеді, кейде жайылымдардың осындағы негізгі өсімдіктері болып та санаады.

Орманды далалардағы, далалардағы және таулы аймақтардағы жайылымдар мен шабындықтарда көпжылдық шөптер 85 пайызға дейінгі өсімдік үлесін береді. Бұл табиғи да, екпе шөп ретінде де пайдаланылатын жерлердің де өмірлік пішіндерінің толық негізі. Көпжылдық шөптердің 100 түрінен астамы екпе шөптер қатарына енгізілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет