Көп жылдық шөптер
Көп жылдық шөптер – екі жылдан артық тіршілік ететін мал азықтық шөптесін өсімдіктер. Көп жылдық шөптер табиғи шабындықтар мен жайылымдарда өседі, әрі екпе шөп ретінде де өсіріледі. Қолдан өсіруге бұршақ тұқымдасы (қызыл бас жоңышқа, беде, эспарцет, т.б.) мен астық тұқымдасының (атқонақ, еркекшөп, қылтықсыз арпабас, т.б.) көптеген түрі пайдаланылады. Қазақстанның оңт-нде суармалы және тәлімі жерлерде беде көбірек өсіріледі. Көк гүлді беде, сарыбас беде оңт. облыстарда көбірек, ал будан беде Қостанай, Ақмола, Солт. Қазақстан, Павлодар облыстарында өсіріледі. Жоңышқаның екпе қызыл бас жоңышқа, шалғындық жоңышқа, жатаған ақбас жоңышқа деген 3 түрі Қазақстанда оның ішінде Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында, Алтай өлкесінде өсіріледі. Еркекшөп – қуаңшылыққа төзімді және топырақ талғамайтын өсімдік. Екпе түрінде тарақша еркекшөп Бат. Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңт. Қазақстан облыстарында, ал құм еркекшөбі Солт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының тәлімі жерлерінде егіледі. Көп жылдық шөптер өнімін молайту үшін бұршақ тұқымдас өсімдіктерге фосфор, калий (бір га-ға 1,5 – 2 ц суперфосфат және 1 – 1,5 ц калий тұзы), ал астық тұқымдастарға бұдан басқа азот (1,5 ц аммиак селитрасы) тыңайтқыштары, сондай-ақ органик. тыңайтқыштар (көң, қорда, т.б.) қолданылады. Бірақ тыңайтқыш қолдану топырақ жағдайына, Көп жылдық шөптерді пайдалану мақсатына байланысты болу қажет. Астық тұқымдас Көп жылдық шөптерді пішенге масақтанған кезде, бұршақ тұқымдастарды гүлдей бастаған кезде орады. Жайылымда аласа өсетін шөптің биікт. 10 – 12 см-ге, биік өсетін шөп 15 – 17 см-ге жеткенде мал жаяды. Көп жылдық шөптер үшін ауыспалы егісте ең жақсы алғы дақыл – тыңайтылған пар, отамалы және күздік дақылдар аңызы. Көп жылдық шөптер ауыспалы егіс жүйесіне енгізілмесе, онда жыртылған тың жерге егіледі, не шым қалың болса, 1 – 3 жыл бойы бір жылдық дақылдар өсіріп, содан кейін егеді. Қышқыл топырақты жерлерге әк қолданылады. Көп жылдық шөптер егілетін жерді жыртып тегістейді, ал тұқым себер алдында топырақ бетін нығыздап, тұқымды 0,5 – 4 см тереңдікке сіңіреді. Көп жылдық шөптерді далалық аймақта жай қатарлап не қатар алмастырып егеді, ал тұқымдық учаскелерде кең қатарлы әдіспен егіледі. Тұқымдық Көп жылдық шөптерді арнайы жабдықталған астық комбайнымен орады.
Біржылдық шөптер
Бұл көктемде тұқымнан, өткен жылдың күзінде немесе күз бен көктемде және сол жылы не болмаса келес жылыкөктеуінен піскен тұқымға дейін толық өсу жолын өткізу арқылы өсіп-өнетін өсімдік.
Тұқымданғаннан кейін жер бетіндегі сабағы да, тамырлық жүйелері де жойылып кетеді. Олар тек тұқымдары арқылы ғана қайтадан жағарып өседі.
Өсімдіктердің мұндай тіршілік пішіндері шөл мен шөлейтті жерлерде ұзақ өсу мерзімі нәтижесінде көп таралған.
Тұрақсыздар құбылмалылармен бірге малдардың көктемгі жайылымдық азықтық негізінде белгілі маңыздылығын атқарады, кейбір тұрақты орындарда , бұталар мен жартылай бұталар жоқ жерлерде негізгі мал азықтық түрлері болып қалыптасып қалады.
Бұлар әдетте аласа, жіңішке, оңтүстік шөлді жерлерде күзде, солтүстікте ерте көктемде өсіп-өнетін өсімдік түрлері болып саналады. Өсіп – өну мерзімі барлығы шамамен 60-70 күнде аяқталады; оңтүстік шөлді жерлерде көкек айының аяғы мен мамыр айының басында аяқталса, солтүстікте – мамыр айының аяғында аяқталады.
Л.Г. Раменскийдің ойы бойынша «өсімдіктердің экологиялық және биологиялық қасиеттерін ажырата білу орынды».
Біріншісі – өсімдіктердің өсіп-өну жағайының қатынасын сипаттаса, ал екіншісі- өсімдіктердің қоршаған ортаның белгі жағдайында өсіп-өну мен көбею мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі мен бейімделуі.
Жайылымдар мен шабындықтардағы мал азықтық өсімдіктердің биологиялық қасиеттеріне : тіршілігінің ұзықтығы, көбею тәсілдері, қыстан шығуға бейімділігі, қоректену түрлері, маусымдық өсіп-өнудің ырғағы, шауып алғаннан кейінгі және мал отауынан кейінгі өсу қабілетін қосу қажет.
Шабындық пен Жайылымның өсімдіктерінің кейбір биологиялық ерекшеліктері.
Жалпы бұл өсімдіктер ылғалға байланысты :
Негізгі
Ауыспалы топтар болып екіге бөлінеді.
І. Негізгі топтарға:
Мезофиттер «Шалғын өсімдіктері»
Ксерофиттер
Гигрофиттер
Гидрофиттер
ІІ. Ауыспалы топтарға:
Мезоксерофиттер
Мезогигрофиттер
Шоқ түп пішіні «жапырақтану типі»
Өсімдіктер жапырақтары орналасуына байланысты:
орналасқан болып бөлінеді.
І. Жапырақтары жоғары орналасқандар «шабындық немесе шабындық-жайылымдық өсімдіктер» : жапырақтары сабақтың бүкіл ұзына бойына бірсыдырға тегіс бөлінген. Түпте ұзын вегетативтік және генеративтік сабақ жапырақтар басым келеді. Оларға барлық Мезофильдік, гигрофильдік гидрофилдік , мезогигрофильдік астықтұқымдастар және бұршақтұқымдастар жатады, яғни жапырақтары төмен орналасқандардан басқалары.
ІІ. Жапырақтары төмен орналасқандар «жайылымдық шөптер»: жапырақтарының басым бөлігі сабақ жапырақтардың түпкі жағында шамамен 60-70 і орналасқан. Түпте қысқа вегетативтік сабақ – жапырақтары басым болып келеді. Оларға :
Астықтұқымдастардан – Шалғындық қоңырбас, тарау қияқ.
Бұршақтұқымдастардан – Ақбас беде
Түрлі шөптерен – қарабас шөп, изен, қараматау, теріскен, және күйреуік жатады.
Осының ішндегі Шалғындық қоңырбсқа қысқаша тоқтала кететін болсақ, ол (Poa pratensіs) — астықтұқымдасына жататын көп жылдық тамыр сабақты шөптесін өсімдік болып табылады және де Қазақстанның барлық тегістік, таулы аймақтарында, шалғындық жерлерде, өзен бойларында, ормандар мен бұталар арасында өседі. Биіктігі 30 — 100 см, сабағы түзу, жалаң. Жатаған тамыры тығыз, шым құрайды. Гүлдері жасыл немесе көкшіл түсті. Гүлшоғыры шашыраңқы сыпыртқы құрайды, Ұзындығы 20 см-дей. Масағы домалақ, Ұзындығы 3,5 — 6 мм, 2 — 5 гүлді. Масақ қылтаны теңбе-тең, төменгі қылтаны бұдыр, түкті, салалы. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі — тұқымша. Шабындық пен жайылымда бітік өсетін құнарлы мал азығы, гектарынан 60 — 120 ц шөп, 25 — 30 ц пішен түседі. 100 г көк шөбінде 45 жемдік өлшем, 3,5 қорытылған протеин болады.
ІІІ. Жапырақтары аласа орналасқандар - көпжылдық үйбидайық, тарғақ шөп, еркек шөптер, қылтықсыз арпабас, тік арпабас жатады.
Табиғи малазықтық жерлердің шөп отында көп орынды әр түлі шөптер алып жатыр.
Әр түрлі шөптерге мысалға атап өтетін болсақ астра, қырыққабат, лалагүлдер және басқа тұқымдасары да жатады.,сонымен қатар ксероморф типті негізгі өсімдіктермен сипатталған, олардың көбі тұза төзімді болып келеді, әсіресе жусан мен сораң. Олардың таралуы және малазатық қасиеті әр түрлі .
Қияқөлең тұқымдастары – жақсы ылғалданған , батпақтарда, өзен және көл жағалауларында өседі. Олардың мал жемейтін қатты жапырақтары болады.
Малазықтық құндылығы бойынша :
Ылғал сүйгіш, ірі қатты жапырақты, желінбейтін немесе нашар желінетін
Ылғал сүйгіш, желінуі қанағаттанарлық немесе жақсы
Құрғақшылыққа төзімді, далалық, шөлейт және таулы аймақтарда өсетін , жақсы желіетін.
Кіріспе
Жер шарында жазық ландшафтар 2% ал жер төбеншіктерінде 8%бірақ 80% адам өміріне қамтамасыз етеді.Жазықтың 90% агроландшафқа айналған. Солтүстік жарты шармен 37-520 бореаль орманы және де шөл зонасы аумағында ,Еуразия,Солтүстік Америка прериясы оларды климат ажырата біледі,аумалы ылғалдануымен жазды және қысты күні гумыспеп қара топыраққа бай жануарлар қоры мол.Еуразияда дала жазығынан 1км-ден 600м-ден 9 мың километрге ұзартылған. Қазақстанда Батыс Сібір жазық ландшафттар арасында 52 және 480 с.ш баурайынан Алтай тауының Орал тауының батысына дейін созылып жатыр.Бұл ең ірі жазық алап Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан обылысындағы қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан аумағының орман шаруашылығы географиялық ерекшеліктеріне қарай үлкен 3 өңірге бөлінеді:
Солтүстік орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ ормандар және қарағайлы орман жолағы);
Оңтүстік-Шығыс Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы шыршалы орман;
Оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман. Сонымен қатар ірі өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс Қазақстандағы жалғыз орман типті болып саналады және суды реттеуде маңызды рөл атқарады. Егістікті қорғау үшін қолдан отырғызылған орман жолақтарының ауыл шаруашылығында атқаратын рөлі зор.
Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында9 мемлекеттік табиғи қорық,6 мемлекеттік ұлттық саябақ орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны , “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы,“Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы,Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар
Орман питомниктерінде, дақылдарындағы сүрек және бұта таужыныстарына зиян келтіретін зиян жәндіктер құрамы, сонымен қатар табиғи өскіншектер әр түрлілігімен және бір текті еместігімен ерекшеленеді. Зиян келтіруіне және өмір сүру ерекшелігіне қарап олар мынадай 2 топқа бөлуге болады: топырақта өмір сүретін зянды жәндіктер (тамырларға зиянын келтіретін) және өсімдіктердің жер үсті бөліктеріне зиянын келтіретін жәндіктер.
Бірінші топты құрайтын жәндіктер едәуір қауіпті болып табылады, өйткені олар жер астындағы жаңа ғана сепкен питомник дәндерімен, жаңа ғана шыққан тамырлармен қоректенеді. Осы жәндіктер өсімдіктің басқа да жерлеріне, сонымен қатар табиғи жаңаруынсыз дақылдарға зиянын тигізеді. Өсімдіктің жер үсті бөліктеріне зиян келтіретін қылқанжапырақпен, жапырақтармен, шырынмен, қабықпен және дің мен өркен жейтін жәндіктер тәлімдақтар мен дақылдардағы жатырлық, дендрологиялық бөлімдерде байқалады. Олар табиғи жанданғандарға да зиянын тигізеді.Бірінші жылдары отырғызылғаннан кейін питомниктермен мен орман дақылдары осы жерде ертеректе немесе қоршауға тараған, сонымен қатар арамшөптердегі көпулы зиянкестердің жабылуына килігеді. Орманның массивтерінің ішінде немесе жанында орналасқан питомниктермен мен орман дақылдарын орман өсімімен байланысты жәндіктері зиян келтіруі мүмкін. Бұрын ауылшаруышылық қолданысындағы немесе ауыл шаруашылығының жанында өскен питомниктер мен орман дақылдарын далалық, көкөкністік, бақшалық, бақ дақылдарының зиянкестері шабуыл жасауы мүмкін. Бұл құбылыс, көбінесе қоршаған питомниктер мен дақыл территориясындағы зиянкестердің тез арада көбею жылдарында көптеп кездеседі.Өсімдіктердің тамырын, сонымен қатар жаңа отырғызылған дәндер мен өскіншектерді бұзатын жәндіктерге шартылдақ қоңыз дернәсілдері мен басқа да тақташамұртты қоңыздар, шыртылдақтар дернәсілдері (сымқұрттар), қараденелілер мен тозаңжеушілерді (жалған сымқұрттар), бұзаубастар, ұзынсирақ-масалар, кейбір ұзынтұмсықтар және т.б. Тамырбұзушылардың экологиялық ортасы зиянды жәндітер тобына қарсы көптеген әмбебап шараларды – жер жыртуды, культивацияны, инсектицидтерді топыраққа енгізу және т.б. ұсынады
Орман қорғау– орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары.Ормады аорман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі.Орсаншының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың,өсімдік аурларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман радиостанция телефон болуы керек, өрт-химия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы жәнеагроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады.
№13 Дәріс. Тақырыбы:Жасыл конвейер туралы түсінік және
т№13 Дәріс. Тақырыбы:Жасыл конвейер туралы түсінік және оның ұйымдастыру мен малазықтар шаруашылығында пайдалану
1.Жасыл конвейер туралы түсінік
2.Жасыл конвейер түрлері
3.Жасыл конвейер малазықтық шаруашылығында ұйымдастыру
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1 Андреев Н.Г. «Луговодство». М., Колос.: 1981 290-298 беттер
2 В.В.Коломейченко. Кормопроизводство:Учебник.-Спб.: Изд. «Лань»,2015
3. Андреев А.Г. «Луговое и полевое кормопроизводство»., Агропром. Издат., 1989 г.
Жасыл конвейер- жазғы мал бағу кезіндегі малды жасыл азығымен толығымен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру.
Жасыл конвейер ұйымдастыру жергілікті табиғи –климаттық жағдайдарына, шаруашылықтың мамандыруына, мал санына ж. т.б. жағдайларына байланысты.
Жасыл конвейер түрлері:
а) табиғи жайылымдардан;
б)екпе шөптерден;
в) аралас түрлері
Бірінші түрі-шаруашылықта жайылымдар көлемі кең ( далалық, шөлейт , шөлді зоналар) не болмаса жоғары өнімділігті жасанды жайлымдар
Екінші түрі- малазықтық ауыспалы жерлерде бір-кқпжылдық шөптерін егу. Табиғи жайылымдары аз зоналарда пайдаланылады.
Үшінші түрі-табиғи жайылымдар мен жасандылар мен алмасу.
Жасыл конвейер ұйымдастыру үшін келесі жағдайларды еске алу керек:
-малазықтық дақылдардың пайдалану кезеңдері;
-жасыл малазығының ай сайыңғы қорлары;
-жайылымдық екпе шөптерінің өнімділігі.
Жасыл конвейердегі жасанды жайлымдарға дәнді дақылдармен дәндібұршақтылар қоспасын пайдаланылады
Шөптер түрлерін таңдағанда олардын даму мезгілі еске алынады
(Мысалдар)
№14 Дәріс. Тақырыбы: Шабындықтар өнімінің дайындау, есептеу және сақтау технологиясы.
2.4. Көлік жолдарын қорғау
Топырақ зонасындағы темір жолдар.Олар барынша тиімділік,сенімділікке,нарықсыздыққа,әдіс-тәсілімен қоса қанаушылы ққа кедергі жасайды,және де ол табиғи көріністерден артта қалған.Ормандағы ағаш өсіру темір жолдардың әр жақты қорғаныстағы атқаратын қызметі: жолдарды жағалай қар, құм шарбақтары еніп кедергі жасайды .Поездарға желдің зиянды әсері сигнал беру арқылы мықты қорғап қалқалайды.
Ғимараттардың қирауы су тасқындарынан,сырғымалылардан және сайлардан қорғап сақтау су станциялары басқада темір транспорттын соның ішінде ғимаратты көгалдандыру.Негізгі қорғалатын орман темір жолдары келесі түрлерге бөлінеді: қарды тоқтату ,қарды сорып алу ,желдің әлсіздігі,құмды жақсартуы,ағаштарды көгалдандыруы және тағы басқа.
Агротехника - ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру тәсілдерерінің жүйесі. Агротехника-егіншілік технологиясы. Агротехника өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерінен , қоршаған ортаның жағдайын , дақылды егіп өсіру тәсілдерін және агрономия жетістіктерін негізге алады.
Агротехниканың мақсаты. Топырақтың ылғалдылығын сақтау арқылы құнарлылығын арттыру, оны су мен жел эрозиясынан қорғау , сондай – ақ аз қаржы жұмсап ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу. . Агротехника шараларына:
* Ауыспалы егісті пайдалану
* Топырақ өңдеу
* Тыңайтқыш шашу
* Тұқым әзірлеу
* Егін егу
* Егісті күту
* Суару
* Ору
* Бастыру
* Арамшөптерден , ауыл шаруашылық зиянкестерінен қорғау
* Ауруларынан тазарту жатады
Қазақстанда агротехниканы дамытуда астық шаруашылығы ғылыми –зерттеу институты ғалымдары көп еңбек сіңірді.Қуаң далада құрғақшылыққа жол бермеу , өнімділігі аз, шалғындар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту, сортаң жерлерді игеру, Қазақстанның солтүстік обылыстарына лайықтап тұқым өсіру жүйесін жасап , өндіріске енгізеді эрозияға қарсы қолданылатын машиналар ( Сыдыра жыртқыш құралдар, тұқым сепкіштер, тырмалар т.б) құрастырды.Агротехниканы шаруашылықтың және ауа-райының жылдық ерекшеліктеріне , ауыл шаруашылық ғылыми және озат практикалық жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Соның нәтжесінде агротехниканы егінің тұрақты мол өнімін беруін, еңбек өнімділігінің артуын амтамасыз етеді.
Ағаш өсіру тандамалы темір жолдарды жасау үшін ағаш бұтақтарын жинастырып бір сызық бойына жинастырады.Бірақта бұны жинастыру мақсаты –кейбір аумақтарды араластыру.Егер ормандарда сирек кездесетін орман жолақтары қар бойына жиналмаған болмаса толық қабылданбайды.Дәл осындай жағдай мен ауыл шаруашылығында қорғалатын жолдар қарлы және құмды болып келеді. Егер қар көп болса орман жолақтарын жауып тастайды,егер аз болса темір жолдарға тығыз әсерін тигізеді. Қыстың қарлы болуы темір жолдарға кері әсерін тигізеді.Тындамалы аумақ орман жолақтарын құрайды, көп жолақты құрылымнан бірнеше жолақтан жан – жақты тығыз болып келеді (1/8) . Олардың арасындағы жарылыс 10-30 метр . Олардың ара қашықтығы алшақ болса ,орман жолақтары жақсы өседі. Әрқайсысының орман жолақтары судан бөлек, олардың ара қашықтығы жалпақ болып келеді.
Керсінше олардың арасында қосымша ылғалды арық жасайды. Орман шарттары 3-4 қатар нашар орман жолағында, жарылыс аса көп. Орман жолағындағы бұталардың ара-қашықтығы 2,5-3,0 м құрайды. Топырақты дымқылдатып жақсарту үшін , қосымша арасындағы, ара қашықтығын жырту арқылы қолдайды. Бұталар жоғары және төмен сирек
отырғызылған. Жоғары отырғызылған орман жолақтары тез өсе бастайды. Егістік алқаптарында қар қалың болып жатуы мүмкін ,олар орман бұтталарына ауыртпашылық түсіреді.
2.5Ағаш егу және құмда отырғызу
Қызыл тал (Шелюга) (salix fragilis) – Ұзындығы 15-20 м кейбір түрлері 40м дейін жетеді .Көшелерде әсемдік үшінде отырғызылады. Ерте гүлдейді, бал береді, Қабығы тері илеуге, шыбығы корзина тоқуға жарайды . Бұл кейде балғын тал деп те аталады. Қазақстанның көп жерінде өседі . Ашық шағылдардағы өсетін бұталы тал. Бірақ оның сыртқы қабатты шөлейт және шөл жақта өседі.Оны шыбыртқы мен немесе сапта мен орналастырады. Табиғатта 170 түрі бар.Тал түрлерінің көгалдандыруда көбінесе бойы аласа , бұтақтары ирек , жайыла өсетін жалғанбалы сұрыптары қолданылады.Сопақтау келген ұзын жапырақтары бар.Түсі сұрғылт ,жасыл жас жапырағы ақшыл түсті жаңа жарған гүл секілді көрінеді.Талдың тағы бір түрлерін бұтағының әдемілігіне бола өсіреді.
Табиғатта ылғалды жерлерде, өзен су маңайларында өседі. Қолданылуы: Ежелгі египеттіктер талдың діңінің қабығын суық тигенде және ыстықты қайтару үшін қолданады. Аспирин таблеткасындағы салицинді талдың діңінен тапқан .
Сексеуіл ормандары. Сексеуіл ормандары (сексеуілдер) – ағаштар мен бұталардан тұратын солтүстік жарты шардың аридті облыстарындағы сирек ағаш егіндері (шөлді-ағашты, тоғай немесе қопа).
Бұл ормандардың негізгі түрлеріне – ақ сексеуіл, қара сексеуіл және Зайсан өзені маңының – зайсандық сексеуілдері жатады.
Қазақстанда сексеуіл ормандары Солтүстік Арал маңынан республиканың оңтүстік шекарасына дейін және батыста Каспий теңізінен шығыста Алтай тауларына дейін тараған. Атап айтқанда, Балқаш маңы құмдары, Мойынқұм, Қызылқұм, Арал маңы, Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық, Тауқұм және Жетісу тау алды құмдары кіреді.
Қазақстанда сексеуіл ормандарының көлемі мемлекеттік орман қорын есепке алу мәліметтері бойынша (01.01.1993 ж.) 4,995 млн. га немесе республикадағы барлық орман жамылғысы жерінің 46 %-ы. Сексеуіл ормандары облыстар бойынша Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шөлді зоналарында барлық орман жамылғысы жерлерінің 48,2 %-н құрайды. Осы ормандардың тек 16,2 мың га ғана Арал маңы шөлінде (Маңғыстау) орналасқан.
Орман қорын есепке алу мәліметтері сексеуілді ормандардың көлемі жылдан жылға өсіп келе жатқандығын көрсетеді, мысалы, 1966 ж. – 4,17 млн га болса, бұл көрсеткіш 1993 ж. – 4,99 млн га өскен, ал 2002 ж. 15,14 млн га болды. Оның ішінде қара сексеуілдер – 67 %, ал ақ сексеуілдер 33 %.
В.Н. Бирюков, В.П. Бобровниктің орманөсіру аудандары бойынша жер бедерінің жағдайына қарай сексеуілдер түрін 12 топқа бөледі, оның ішінде 8 топ – қара сексеуілдер түрі, 3 топ – ақ сексеуілдер және 1-і аралас сексеуілдер (зайсандық сексеуілдер бөлінбейді).
Қара сексеуілдер негізінен сазды жазықтағы жайылмалы террасаларда, тақыр тәріздес топырақтардағы құмды жазықтарда, аласа дөңді құмдарда және құм жоталарында кездеседі. Қара сексеуілдердің кейбір топтары Балқаш маңында және Сарыесік-атырудың құмды жазықтарында кездеседі.
Қара сексеуілдер Мойынқұм құмдарының құмды еңісті дөңдерінің шыңдарында және толық кескінделмеген қоңыр топырақты жазықтарында кездеседі. Аралас сексеуілдер негізінен құмды еңісті дөңдердің төменгі бөліктерінде кездеседі. Жусанды ақ сексеуілдер – құмды дөңдердің жоғарғы шыңдарында, жүзгүнді ақ сексеуілдер – тау тізбектерінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде, шыңдарда, дөңдерде, барқандарда, шөптесінді ақ сексеуілдер тау тізбектерінің және дөңдердің төменгі бөлігінде, сор және сотаңданған топырақтарда, құмды шөлдерде кездеседі.
Сексеуілдер әдетте жүзгүн, жыңғыл, теріскен, кейде шеңгел, астрогалдармен бірге кездеседі. Үстіртте және Солтүстік Арал маңының солтүстік шекарасындағы қара сексеуілдер кез-келген экологиялық жағдайларға, терең қабаттағы (20 м тереңдікте) грунт суларында да, қыстағы өте қатты аяздарға да (-37оС) шыдайды.
Сексеуілдердің өсу қарқыны немесе көбеюі топырақтың әртүрлілігіне және климат жағдайларына байланысты. Бастапқы (алғашқы) қалың отырғызылған ағаш екпелеріне қарамастан жастарына қарай кесілген сексуілдер 1 га жерде 500-700 түп ағаштан аспайды. Барлық жағдайда орман алқаптарындағы ағаш егіндерінің жағдайлары нашарлағанда биік болып өсуі 26-28 жылда тоқтайды.
Тоғайлы ормандар. Тоғайлы ормандар немесе тоғай деп Орталық және Орта Азия, сонымен қатар Қазақстанның шөлді аудандарының өзен жайылмаларындағы орман өсімдіктерін айтады.
Қазақстанда тоғайлы ормандар республиканың оңтүстік бөлігіндегі Сырдария, Іле, Шу, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері жайылмаларында кездеседі. Бұл өзен жайылмаларындағы өсімдіктерді адамдар ерте кезден-ақ жайылым сияқты егін шаруашылығында пайдаланған.
Бұрынғы тоғайлар шаруашылықта онша қажет емес, ну, қопалар болды. Ал қазір олар мал жайылымдарынан кейін және кесіліп тасталғандықтан өте қатты өзгерген. Өзен ағындарын реттеу салдарынан су жүйелері де кедейленген (Іле, Сырдария).
Сырдария өзені жайылмасында туранга, жиде; шардара ауданында – тал; қазалы ауданында – тал, жидек және т.б. өседі. Іле өзені жағалауын туранга, шетен, жиде, тал; бақанас – жиде және тал; балқаш маңы – тал және жиде, сирек туранга. Қазақстанның барлық тоғай ормандарының ішінде жағдайы нашары Сырдария өзені тоғайлары.
Сонымен Қазақстанның жазық жердегі ормандарының қысқаша талдауы, республиканың әкімшілік облыстарының барлық табиғат зоналары үшін, оның ішінде орманды дала, шөлейт және шөл зоналарындағы негізгі проблема орман дамыту және көшеттерінің өнімділігін арттыру екендігін көрсетеді. Негізінен бұл адам әрекетінің орманға қамқорлықпен қарауына, оның шаруашылық және тұрмыстық қажеттілігіне байланысты. Орман жағдайларына ұзақ уақыттық атмосфералық-топырақтық құрғақшылық сияқты табиғи факторлар, зиянды насекомдар және “ыстық желден” пайда болған орман өрттері де әсер етеді
Достарыңызбен бөлісу: |