Жұмыс бағдарламасы 6В01706-«Шетел тілі: екі шетел тілі»



бет1/8
Дата07.10.2022
өлшемі34,6 Kb.
#152033
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
практика


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы
«Бекітемін»
Факультет деканы
__________Садирова К.К.
« 28 » 08 2020 ж.
ПРАКТИКАНЫҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу практикасы


Дайындау бағыты Білім бағыты
Білім бағдарламасы 6В01706 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»
Семестр 2 Кредит саны 2 (60 сағат)
Бақылау формасы Портфолио қорғау
Ақтөбе қаласы
2020 ж.
Жұмыс бағдарламасы 6В01706-«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім бағдарламасының Модульдік оқу жоспарына және «Студенттердің кәсіби практикасы және практика базаларын анықтау туралы» Ереженің («12» 08. 2020 ж..) талаптарына сай жасақталды.
Бағадарлама құрастырған:
Бауыржан Н.Б.- ағылшын және неміс тілдері кафедрасының оқытушысы, магистр


Эксперттер:
Бурибаева Р.А. - шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы


Туктубаева Г.С. - №2 мектеп гимназиясы директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бағдарлама ағылшын және неміс тілдері кафедра отырысында қаралды
« 28 » 08 2020_ ж хаттама № 1_


Кафедра меңгерушісі ______________ Тастанбаева Д.К.

Бағдарлама Филология факультетінің әдістемелік кеңесі отырысында мақұлданды.


« 28 » 08 2020_ жыл хаттама № 1_
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ

Оқу практикасы студенттерге білім бағыты бойынша білім беру бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады.


Практиканы өткізу орны болып мектеп табылады. Оқу практикасының мазмұны - пән мұғалімнің және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын; - бекітілген кластағы тұтас педагогикалық процестің жағдайын диагностикалық әдістемелердің көмегімен (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымның даму деңгейі, әлеуметтік белсенділігі, тәрбиелік деңгейі, тұлғалық психологиялық процестерінің дамуы ес, ойлау, ынта және т.б.) жұмыс жүргізу;- отбасының педагогикалық процесі, психологиялық ахуалы; - бекітілген сынып оқушыларының ата-аналар мен класс жетекшісімен, мектеппен өзара байланысы;- мектептің психологиялық қызметінің жағдайы;- мектептің дарынды балалармен жұмысы; - мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп кабинеттеріндегі әдістемелік нұсқаулармен танысу; - педагогикалық практиканы өту барысында келешек мұғалімнің ғылыми ізденіс жұмысына бағытталуды меңгереді. Студенттің Оқу тәжірибе кезіндегі пән мұғалімдерінің және класс жетекшісі ретінде жеке жұмыс жоспары; - тақырыптық және сабақ жоспарларын; - пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспарлары; - кабинеттің әдістемелік қорын толтыру жоспары (кесте, үлгі, таратпа материалдары және т.б.); - педагогикалық практика кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын құрастырады. Пән мұғалімі ретінде жұмыстар әртүрлі сабақтарға талдау жасау (психологиялық, жалпы дидактикалық, жеке методикалық, кешендік), - жоспарға сәйкес сынып жетекшісі ретінде іс әрекеті; - класта өткізілген тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық, педагогикалық талдауы; - бекітілген класпен және пән мұғалімдерімен байланысы; - кластағы тұтас педагогикалық процеске жаңа білім беру және тәрбие технологияларының элементтерін ендіру; - класс белсенділерімен және жеке оқушымен жұмыс;
- өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби-тұлғалық бағытта жетілдіруді іске асырады. Оқу практика жөнінде есеп беруге дайындалу. Барлық құжаттарды рәсімдеу.
Оқу практикасының мақсаты тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын және педагогикалық іс-әрекеттің, зерттеушілік әдісін дамыту..
Оқу процесін ұйымдастырудың келесі формасы оқу практикасында қарастырылады: (практикалық жұмыс, жеке тапсырмаларды орындау).
Оқу практикасының бағдарламасында бақылаудың келесі түрлері қарастырылған: ағымдық бақылау (практикаға қатысым, сабақ жоспарларын құру, оларды әдістемелік талапқа сай талдау), аралық бақылауда есеп құжаттарын портфолионы рәсімдеу.
Оқу практикасының кредит саны 2. Сағат саны 2 апта.
Оқу практикасының бағдарламасында қарастырылған: (практикалық жұмыс, жеке тапсырмаларды орындау 2 апта).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет