Жұмыс бағдарламасы балалар аурулары пән бойынша (пәннің аты) 051102



бет48/64
Дата24.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#175303
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
det bol det xir kz
сессия химия А, 129678, 176997
    Бұл бет үшін навигация:
  • Сұрақ
Ситуациялық есптер
Есеп 1. 1 жасар бала. Стационарға айқын токсикозбен, ентігумен, дене температурасының 38°С жоғарылауымен түсті. Перкуссияда – қорапты дыбыс. Жайылған сырылдар естіледі. Оң жақ жауырын бұрышы астынан тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.
Сұрақ: 1.Болжам диагнозын қойыңыз.
2.Қосымша зерттеу әдістерінен бірінші кезекте не жүргізу қажет?


Есеп 2. Стационарға 11 айлық бала жөтелге, суықтауға, дене температурасының 38,5°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып түсті.
Анамнезінде: 6 күн ауырып жатыр. Соңғы күні ентігу қосылған. Өмір анамнезінде: 6 айға дейін жиі суықтап ауырған, псевдофурункулез. Қарағанда: жағдайы ауыр, айқын бозару, дене температурасы 38,5°С. Тыныс жиілігі – минутына 56 рет. Тыныс актысында кеуде клеткасының сол жағы қалынқы, перкуссияда – сол жақ жауырын асты аймағында дыбыс тұйықталған, бронхофония және дыбыс дірілі күшейген.
Сұрақ: 1.Сіздің болжам диагнозыңыз?
2.Зерттеу жоспары?


Есеп 3. 4 күндік бала. ІІ жүктілік, ІІ босанудан (35 апта) туылған, анасында хламидиялы кольпит, туылған кезде салмағы – 2000г. Балада айқын интоксикация белгілері байқалады, терісі бозғылт мәрмәр түстес, әлсіз, арефлексия, бұлшық еті гипотониялы, кекіру, іштің кебуі, жөтел байқалады. Температурасы субфебрильді 37,3-37,5°С.
Өкпенің оң жақ төменгі бөлімінде ұсақ көпіршікті сырылдар, крепитация естіледі, перкуссияда – перкуторлы дыбыс аздап туйықталған, тыныс жиілігі- минутына 64 рет, жүрек соғу жиілігі – 160, бауыр қабырға доғасының жиегінен 2,0-1,5 см шығады. Көздің екі жақты зақымдануы байқалады – іріңді бөлінділер, қабағының ісінуі, конъюктивның гиперемиясы.
Сұрақ: 1.Сіздің болжам диагнозыңыз?
2.Зерттеу жоспары?


Есеп 4. 4 күндік бала. ІІ жүктілік, ІІ босанудан (35 апта) туылған, анасында хламидиялы кольпит, туылған кезде салмағы – 2000гр. Балада айқын интоксикация белгілері байқалады, терісі бозғылт мәрмәр түстес, әлсіз, арефлексия, бұлшықетті гипотония, кекіру, ішінін кебуі, жөтел байқалады. Субфебрильді температура 37,3-37,5°С.
Өкпенің оң жақ төменгі бөлімінде ұсақ көпіршікті сырылдар, крепитация естіледі, перкуссияда – перкуторлы дыбыс аздап тұйықталған, тыныс жиілігі – мин-а 64 рет, жүрек соғу жиілігі – 160, бауыр қабырға доғасының жиегінен 2,0-1,5 см шығады. Көздің екі жақты зақымдануы – іріңді бөлінділер, қабағының ісінуі, конъюктиваның гиперемиясы байқалады.
ЖҚА: Нв-90 г/л, эритроциттер-4х1012/л, лейкоциттер – 14х109/л, сегмент ядролы-56%, таяқша ядролы-6%, лимфоцит-26%.
Кеуде клеткасының рентгенографиясы – оң жақта ұсақ ошақты инфильтраттар.
Көздің бөліндісі – хламидиялар өскен.
Серологиялық зерттеу – хламидиялық антидене титрі 2 есе жоғарылаған.
Сұрақ: 1.Сіздің қорытынды диагнозыңыз?
2.Емдеу жоспары?
3.Берілген ауруға әкелген себептер?
4.Профилактика (алдын-алу шаралар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет