2.5 Өндірістік практика І нәтижесін шығару
1. Өндірістік практика І қортындысын шығару үшін білім алушы «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасы тарапынан тағайындалған практика жетекшісіне есебін тапсырады.
2. Білім алушының есебін практика жетекшісі тексереді және бағдарлама жетекшісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады.
3.Есеп беруді қорғау үшін комиссия құрамына кіретіндер: практикаға жетекшілік ететін курсты жүргізуші жауапты оқытушы, аға оқытушы немесе доцент, мүмкіндігінше практика базасы өкілдері қатысады.
4. Әр білім алушы Өндірістік практика І нәтижесін комиссия алдында қорғайды. Есеп беру сапасымен қойылған сұрақтарға жауаптары бойынша комиссия білім алушыға баға қояды.
3. БІЛІМ АЛУШЫЛАР БІЛІМІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
Өте жақсы (90-100 бал)
Құжаттар жиынтығы толық, барлық құжаттарға қол қойылған және тиісті түрде расталған. Практиканың мақсаты толығымен орындалды: үш және одан да көп кәсіби құзіреттіліктер толығымен пысықталды және практикада қолданылды (сараптамалық түрде бағаланатын ұйым өкілдерінің түсініктемелерімен көптеген мысалдар мен қызмет нәтижелері ұсынылған). Ұйымның теріс ескертулері жоқ, ал студенттің жұмысы "өте жақсы"деп бағаланады. Білім алушы практика туралы есепті дәлелді және сенімді түрде түсіндірді. Практика туралы есеп уақытында ұсынылған, дайындық стандартына сәйкес ақаулар жоқ, бұл білім алушының тиісті құзыреттердің толық қалыптасуын көрсетеді
Жақсы (70-89 бал)
Құжаттар жиынтығы толық, бірақ кейбір құжаттарға қол қойылмаған немесе дұрыс расталмаған. Практиканың мақсаты толығымен орындалды: кәсіби құзіреттіліктер ішінара пысықталды және қолданылды (сараптамалық түрде бағаланатын ұйым өкілдерінің пікірлерінсіз кейбір мысалдар мен қызмет нәтижелері қысқаша келтірілген). Ұйым өкілдерінің шамалы ескертулері, ал білім алушының жұмысы "жақсы"деп бағаланды. Білім алушыпрактика туралы есепті сенімді түрде түсіндірді. Практика туралы есеп уақытында ұсынылған, бірақ дайындық стандартының есебіне сәйкес шамалы ақаулар бар, бұл білім алушының тиісті құзыреттердің қалыптасуын көрсетеді, бірақ арасында анық емес жағдайлар кездеседі
Достарыңызбен бөлісу: |