Жұмыс бағдарламасы білім беру бағдарламасы: 6В04143-Есеп және аудит Оқу формасы күндізгі Курс-2: семестр 4


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА I ЕСЕПТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ МЕН ҚОРҒАУ МЕРЗІМДЕРІ, ПРАКТИКА НӘТИЖЕСІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ БАРЫСЫ



бет10/17
Дата14.06.2023
өлшемі83,51 Kb.
#178759
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Есеп аудит ондиритик прак 1 БАҒДАР (2)

2. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА I ЕСЕПТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ МЕН ҚОРҒАУ МЕРЗІМДЕРІ, ПРАКТИКА НӘТИЖЕСІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ БАРЫСЫ


2.1 Өндірістік практика І есептерінің құрылымы, дайындау тәртібі
Білім алушылар өндірістік практика І аяқталғаннан кейін келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға тиісті:

  1. Жолдама (1-қосымша, Оқу орнына қайтарылатын бөлігі)

  2. Өндірістік практика І жұмыс жоспар-кестесі (2-қосымша)

  3. Өндірістік практика І өтуі туралы күнделік-есеп(3-қосымша)

  4. Өндірістік практика І өту кезінде орындалған қызметтің сипатамасынан, алынған білімдер дағдылардан, жиналған мәліметтермен жұмыс істеудегі қиындықтарды талдаудан, өзінің шығармашылық жетістіктері мен кемшіліктерін бағалаудан тұратын, жүргізілген жұмыс бойынша есеп.



2.2 Өндірістік практика І бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек:
1. Негізгі бет (4-қосымша) Өндірістік практика І өту бойынша есептің бірінші беті болып табылады.
2. Басты бөлімдер құрауға тиісті:
2.1 Өндірістік практика І өтетін білім алушының алдында тұрған міндеттер;
2.2 Өндірістік практика І өту реттілігі, практика базасы ұсынған мекеме бөлімшелерінің сипаттамасы;
2.3 Жасалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның орындалу мерзімдері;
2.4 Өндірістік практика І жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері, бағыттары көрсетілген сипаттамасы;
2.5 Сызба, кесте, график, мәтін және т.б. түрінде баяндалған Өндірістік практика І нәтижелерінің мінездемесі;
3. Қорытынды жасау керек:
3.1 Қойылған міндеттер толықтылығын бағалау;
3.2 Өндірістік практика І бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейін бағалау;
3.3 Өндірістік практика І өту кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар;
4. Библиографиялық тізім.
5. Есептің қосымшалары: білім алушы практика кезінде өз бетімен құрастырған немесе рәсімделуіне қатысқан құжаттардың үлгілері, сонымен қатар Өндірістік практика І өту кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін қамтитын құжаттары (мысалы, жиналыс хаттамалары, білім алушының практика кезінде жинаған мәліметтері.
6. Өндірістік практика І өту бойынша дайындалған есеп көлемі 15-20 беттік мәтінді құрайды.
7. Өндірістік практика І бойынша бағалау.
Барлық тіркелген мәліметтер жинақы тігілу керек.
Қойылған сұрақтардың санына байланысты есептің басты бөлігі жоғарыдағыдай бөлімдерге бөлінеді. Әр бір бөлімді жаңа беттен бастау керек. Қажеттілік кезінде бөлімдер бөлімшелер мен тармақшаларға бөлінеді.
Кәсіпорында қолданыстағы есеп құжаттар бланкісі, тіркелім, ережелер, нұсқаулар, есептілік түрлері және қосалқы мәліметтерді мәтін бойынша сілтеменің пайда болу тәртібіне сәйкес қосымшаларға орналастыру қажет.
Есеп А4 үлгісіндегі ақ қағаз бетінде беттің бір жағында баспалық тәсілмен – қаріп айқын болу керек, жолдар арасындағы арақашықтық 1-1,5 интервалынанкем емес (Times New Roman – 14 пт.). Қағазда мәтінді орналастыру кезінде шеттерді сақтау: сол 3см, оң –1,5 см кем емес, жоғарғы және төмен – 2 см тең.
Абзац тақырыбын мәтіннің бас әрпіне симметриялы басады. Бөлімшелер тақырыбын бірінші бас әріптен басқа абзацтың кіші әріптерінен бастап басады. Тақырыпта сөз тасымалы қолданылмайды. Тақырып соңында нүкте қоймайды. Егер тақырып екі сөйлемнен құралса, оларды нүктемен ажыратады. Тақырып пен мәтін арасындағы арақашықтық 1-2 интервалында болу керек. Тақырыптың астын сызбайды. Егер есептегі сұрақтар толық ашылмаса, есеп жетекші тексеруінен кейін білім алушыға толықтыруға беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет