1.4. Дебиторлық берешекті есепке алу Бұл тақырып бойынша студент 8 жорнал-ордерді және берілген аванс бойынша 8 жорнал-ордерге ашылатын айналым ведомосты мына мәселелерді зерттеу үшін қолдану керек:
- күмәнді талаптар резервінің пайда болу, пайдалану тәртіптерін және есебін;
алдағы кезең шығындарының есептелу тәртіптерін және олардың түрлері бойынша есебін;
Студент дебиторлық берешектердің пайда болу уақытына талдау жасап, дебиторлық борыштардың айналымын, сөндіру мерзімін және курсының төмендеуін есептеуге міндетті. Дебиторлық борыштың құрамындағы “күмәнді талаптардың” үлесін анықтау қажет.
1.5 Қорларды есепке алу Студент қорлардың бухгалтериядағы сақталу орындарында материалды жауапты тұлғалардағы есебін бухгалтерлік және қоймалық есептің әдістері мен салыстыру тәртіптерін зерттейді.
Студент өз бетімен жұмсалған қорлардың нақты өзіндік құның және тасымалдау-дайындау шығындарын, айдын соңындағы қалдықтарының олардың есептік бағасы бойынша құнының ауытқуын есептеп шығарады. № 2 «Қорлар» ХБЕС стандартындағы қорларды бағалау әдістерін анықтап талдау жасайды. Сатып алған материалдық құндылықтардың келіп түсу бөлігінде және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебінің, олардың №6 жорнал – ордер міндеттеменің қолдағы жағдайына талдау жасайды. Түгендеу жүргізу тәртібін, бухгалтерлік құжаттарда тұгендеудің нәтижесінің есебін зерттейді, қайта бағалау жүргізу тәртібін және есеп нәтижесін зерттейді. Қаржылық қорытынды есепте ашылатын қорлардың есебінің ақпараттарының толықтығын зерттейді.
Осы тақырып бойынша өндірістік тәжірибе есебінде жоғарыда келтірілген есептеулер, зерттелген материалдардың мәліметтері көрсетіледі.
Тақырыптың мәтінінде немесе тіркелінген қосымшада төменгі толықтырылған бастапқы құжаттары мен есеп регистрлары пайдаланылады.