Жұмыс бағдарламасы білім беру бағдарламасы: 6В04143-Есеп және аудит Оқу формасы күндізгі Курс-2: семестр 4



бет6/17
Дата14.06.2023
өлшемі83,51 Kb.
#178759
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Есеп аудит ондиритик прак 1 БАҒДАР (2)

1.4. Дебиторлық берешекті есепке алу
Бұл тақырып бойынша студент 8 жорнал-ордерді және берілген аванс бойынша 8 жорнал-ордерге ашылатын айналым ведомосты мына мәселелерді зерттеу үшін қолдану керек:

  • берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебінің тәртібін зерттеу;

  • нақты пайыздар, алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешектердің есебінің тәртібін зерттеу;

  • еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктермен есеп айырысудың есебінің тәртібін зерттеу;

  • сатып алушылармен тапсырыс берушілермен дебиторлық берешектер бойынша есеп айырысу.

Сондай-ақ студент мына мәселелерді зерттеу үшін 7 жорнал-ордердің мәліметтерін пайдалану қажет:

  • есеп беруге тиісті тұлғалар мен есеп айырысудың аналитикалық есебі;

  • жұмыскерлердің несие және зайымдар бойынша берешек және алашақ қарыздарының пайда болуын және сөндірілуін;

- күмәнді талаптар резервінің пайда болу, пайдалану тәртіптерін және есебін;

  • алдағы кезең шығындарының есептелу тәртіптерін және олардың түрлері бойынша есебін;

Студент дебиторлық берешектердің пайда болу уақытына талдау жасап, дебиторлық борыштардың айналымын, сөндіру мерзімін және курсының төмендеуін есептеуге міндетті. Дебиторлық борыштың құрамындағы “күмәнді талаптардың” үлесін анықтау қажет.


1.5 Қорларды есепке алу
Студент қорлардың бухгалтериядағы сақталу орындарында материалды жауапты тұлғалардағы есебін бухгалтерлік және қоймалық есептің әдістері мен салыстыру тәртіптерін зерттейді.
Студент өз бетімен жұмсалған қорлардың нақты өзіндік құның және тасымалдау-дайындау шығындарын, айдын соңындағы қалдықтарының олардың есептік бағасы бойынша құнының ауытқуын есептеп шығарады. № 2 «Қорлар» ХБЕС стандартындағы қорларды бағалау әдістерін анықтап талдау жасайды. Сатып алған материалдық құндылықтардың келіп түсу бөлігінде және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебінің, олардың №6 жорнал – ордер міндеттеменің қолдағы жағдайына талдау жасайды. Түгендеу жүргізу тәртібін, бухгалтерлік құжаттарда тұгендеудің нәтижесінің есебін зерттейді, қайта бағалау жүргізу тәртібін және есеп нәтижесін зерттейді. Қаржылық қорытынды есепте ашылатын қорлардың есебінің ақпараттарының толықтығын зерттейді.
Осы тақырып бойынша өндірістік тәжірибе есебінде жоғарыда келтірілген есептеулер, зерттелген материалдардың мәліметтері көрсетіледі.
Тақырыптың мәтінінде немесе тіркелінген қосымшада төменгі толықтырылған бастапқы құжаттары мен есеп регистрлары пайдаланылады.

  • Сенім хат Қ-1 нысаны

  • Кіріс ордері, Қ-3 нысаны;

  • Қорларды қабылдау туралы акт, Қ-4 нысаны;

  • Материалдарды ішкі өткізуге берілетін жүкқұжат, Қ-6 нысаны ;

  • Қоймадағы қорлардың қалдықтарын есепке алу тізімдемесі, Қ-7 нысаны;

  • Қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат, Қ-8 нысаны;

  • Қорларды есептен шығару актісі, Қ-9 нысаны;

  • Қорларды есепке алу карточкасы, Қ-5 нысаны;

  • Қорларды түгендеу тізімдемесі, Туг-4 нысаны ;

  • Қорларды түгендеу нәтижесінің салыстыру ведомосі;

  • Материалдардың синтетикалық есебінің жинақтау ведомосі;

  • Журнал-ордер №6;

  • «Материалдарың шығындарының» тарату, пысықтау кестесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет