Жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратын күн батареяларының және басқа да осындай көптеген құралдардың жұмысынын негізінде фотоэффект құбылысы жатыр. Бұл құбылысты 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герц ашқан болтын. Электродттардың арасында ұшқынды зарядттың пайда болуын зерттей отырып, ол электродттарға ультракүлгін сәулелер түсіргенде электр заряды пайда болатын электродттарың арақашықтығы арта түскенін байқайды. Жарықтың әсерінен сұйықтардан және қатты денелерден электрондардың бөлініп шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект (фотоэффект) деп атайды.