Фотоэлементті жарықтандырған кезде фототоктың өзгеруі әртүрлі қондырғыларды айырып, қосу үшін қолданылады. Ішкі фотоэффект жарық түсіргенде кедергісі жүздеген, тіпті мыңдаған есе азаятын фоторезисторлар жасауда пайдаланылады. Фоторезисторлар әртүрлі процесстерді , мысалы, нәрселерді санау, сұрыптау, оладың сапасын зерттеу процесстерін автоматты түрде басқару үшін қолданылады.
Энергетикада қолданылуы .
Күн элементтерінің жұмысы ішкі фотоэффект құбылысына негізделген. Күн батареялары тек қана жерде емес, ғарышта да кеңінен пайдаланылады. Олар жасанды серіктер мен ғаламшараралық ғарыш кемелерінде аппараттар мен өмір қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін энергия көздері ретінде пайдаланылады.
Кино саласында қолдалануы.
Дыбысты кинода фотоэлементті кинопленкадағы оптикалық жазуды оқу үшін және күшейткіш пен динамиктың көмегімен жазуды қайта қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Шамның жарығы кинопленкадағы дыбыстық жолына оптикалық жазуы бар жерге түседі. Дыбыстық жол арқылы өткенде өзгерген жарық ағыны фотоэлементке түседі. Дыбыстық жолдан өткен жарық неғұрлым көп болса, динамиктегі дыбыс та соғұрлым қатты шығады.
. Сыртқы фотоэффект құбылысына негізделген құралдардың бірі- электронды оптикалық түрлелендіргіш. Бұл құрал кескінді сәулелелену спектрінің бір аймағынан екінші аймағына көшіре алады және кескіндердің жарықтылығын арттырады. Олармен емделушілерде тексергенде рентген тнхникасында күшейткіш ретінде қолданады. Мұның өзі рентген сәулелерінің интенсивтігін емделуші адамның денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп азайтып, кескіннің жарықтылығын жақсы көрінетіндей дәрежеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.