Сабақың өту мерзімі: 9.05.2017ж
|
Пәні: информатика
|
Сабақ тақырыбы
|
Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта
|
Оқыту мақсаты
|
Ғаламтор желісінде кеңейтілген іздеу және әртүрлі іздеу желіліерін, ақпарат іздеу мүмкіндігін оқып-үйренуді жалғастырады; электронды пошта туралы білімдерін тереңдетеді.
|
Оқу нәтижелері
|
Барлығы: Интернет ұсынатын қызметтерді таниды.
Интернетте ақпарат іздеу жолдарын айырып таниды. Интернет желісінің қызметін ақпаратты іздеуге қолдана алады.
•Электронды пошта адресінің дұрыс жазылу ережесін түсінеді Басым көпшілігі: Электрондық поштада хабарламаны алу мен оны жіберу әдістерін дұрыс қолдануды және ақпарат іздеу ережелерін танытады.
•Электронды поштаның жұмыс істеу принципін көрсетеді, электронды пошта ашу процессін суреттейді.
Кейбіреуі: Спамның зиянын, іздеу жүйелерінің жұмыс нәтижелерін және электронды пошта ерекшеліктерін түсіндіреді. •Интернетте ақпарат іздеу және электронды пошта жайлы білімдерін түйіндейді.
|
Ақпарат көздері
|
1. Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Абенов,. «Информатика» . Алматы: АРМАН-ПВ-2015ж
2. Что такое спам? Ақпарат көзі:http://www.securelist.com
3. Электронная почта. Ақпарат көзі: gebl-ou.edusite.ru
4. Поиск информации в Интернете. Ақпарат көзі: http://www.5byte.ru
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
2мин
2мин
2 мин
|
1. Кіріспе:
сыныпта психологиялық ахуал жасау;
сыныпты 3 топқа бөлу /оқушылар түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы бөлінеді/;
2. «Сәйкестікті тап!». Қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілген терминдердің арасындағы сәйкестікті табу керек.өткен сабақты еске түсіру, тексеру.
Браузер --------------------------------- e - mail
Домен ----------------------------------- browser
Хабарламалар тақтасы ------------- domain
Сеанс ------------------------------------- gateway
Желі -------------------------------------- BBS
Әлемдік тор ------------------ network
Шлюз ------------------------------------ World Wide Web
тест жауабын тексеру. Кілт:1-с, 2-с, 3-а, 4-с, 5-в.
3. Сабақтың өзектілігі .
Мұғалімнің сұрақтары:
Электронды пошта деген не?
Егер сұраныс сауатсыз құрастырылса, біз қанша артық сілтемелер аламыз?
Қандай іздестіру жүйелерін білесіңдер?
|
Жақсы әуен, жапырақсыз ағаш
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
|
Ортасы
10 мин
10 мин
15 мин
|
Жаңа тақырып. Мұғалімнің түсіндіруі. Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары. Жаңа сабақ бойынша өз бетінше оқуға баулу. (Оқулықпен жұмыс, 129-136 б.)
Оқулықты және алдын ала дайындалған слайдттар мен флипчарттар арқылы жаңа тақырыпты мына сұрақтарға бірлесе жауап бере отырып меңгереміз.
Интернет дегеніміз не?
Интернет ұсынатын қызметтер
Интернетте ақпарат іздеу жолдары
Іздеу жүйелері
Іздеу нәтижелерін жақсарту үшін қарапайым ережелер
Электронды пошта және оның кемшіліктері мен артықшылықтары
Спам деген не?
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. 136 бет
Бекіту
1 топ тапсырмасы: ushtobe.kz сайтына кіріп өзіміздің тұрып жатқан жеріміздің көрікті жерлері туралы мәлімет табу
2 топ тапсырмасы:
топ: интернеттен картадан Алматы қаласын қарап, оған Қазақстан Темір Жолы сайтынан Астанаға билетті қалай сатып алуға болатындығын қарау
топ :интернеттен картадан Астана қаласын қарап, оған Әуе Жолдары сайтынан Алматы 5а билетті қалай сатып алуға болатындығын қарау.
3 топ тапсырмасы:
КИО no-reply@cdo.kz сайтына кіріп информатика пәнінен өтіп жатқан олимпиада жеңімпаздары ішінен өз мектебіңіздің оқушыларын табу керек.
|
Презентация, флипчарттар.
Оқушылар тақырыпты тыңдап маңызды ақпараттарды қысқаша конспектілейді «Түртіп ал»
- Білген түсініктерін қорыта отырып, оқулықтағы тақырыпты топпен оқып талқылайды
Оқулық.
Интернет жүйесіне қосылған компьютерлер және тапсырмалар жазылған қиықшалар
|
Аяқталуы
5 мин
|
1. Оқушы жетістігін бағалау:
А)Тәжірибелік жұмыстар нәтижесі бойынша және
Б)Бонус - балл тапсырмасы арқылы бағаланады.
Оқулықтағы 136 беттегі қосымша тапсырмаларды орындау арқылы бал жинайды.
2.Үй тапсырмасы:
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы §5.2 сұрақтарға жауап беру, анықтамаларды жаттау.
Қосымша тапсырмаларды орындау.
3.Рефлексия «Бағдаршам» арқылы сабақты қаншалықты түсінгендерін және смайликтерде жазылған сұрақтарды жеміс ағашына ілу арқылы кері байланыс жасалады.
|
Смайликтер, бағалау парағы
Мұғалім резюмелеуі бойынша бағаланады
Оқулық, күнделік
Сигналдық карталар
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ құзыреттілігі
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде күтіледі.
|
Мұғалім резюмелеуі бойынша бағаланады, тест жауаптары бойынша өзін-өзі формативті бағалау.
|
Көз гимнастикасы жасалынады (немесе қысқа уақыттық сергіту сәті жүргізіледі).
Сыныпта қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық (инструктаж) беріледі.
|
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Сабақтың оқу мақсаты шынайы, орындаған саралау шаралары тиімді болды. Берілген уақыт ішінде үлгердім.
|
Интернет, интернетте ақпарат іздеу, іздеу жүйелері, электронды пошта, электронды пошта адресі, спам сөздік жұмысын жүргізу. Ал сабақта АКТ көмегі өте тиімді пайдаланылды.
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
бекіту тапсырмалары табысты болды, практика жүзінде оқушылар мәліметтерді шығара алды.
136 беттегі қосымша тапсырмаларды орындау арқылы бал жинау.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1: Ғаламторды пайдаланғанда нақты сайттарды алдын ала дайындау уақытты үнемдеуге септігін тигізер еді
2: Оқу мақсаттары ауқымды болғандықтан, оларды біріктіріп, қысқарту керек
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1.Слайдттар арқылы берген материалдан гөрі пактикалық тапсырмалар маңыздырақ болған сияқты
|