1.2. Капиталды есепке алу Бұл тақырыпта студенттен 13 жорнал-ордер мен құрылтай құжаттарын пайдалануды талап ету төмендегі мәселелер үшін қажет:
Жарғылық капиталдың құрылуы және өзгеру тәртіптерін зерттеу;
Капитал қозғалысының есебінің тәртібін зерттеу;
Резервтік капиталдың құрылу және пайдалану тәртібін зерттеу;
Қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебінің тәртібін, 16 ХБЕС “Негізгі құралдар”, 2 ҰҚЕС сәйкес олардың құрылуы және пайдалануын зерттеу;
Кәсіпорынның мүлкінің құрылу көздерімен, меншікті және тартылған капитал құрлымымен танысу;
1.3. Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі Студенттердің өңдеген ұлттық және шетелдік валютада ағымдағы банктік шоттардағы және кассадағы ақша қаражатының қозғалысының, есебінің бастапқы құжаттарының негізінде есеп құжаттарын толтырып және есеп регистрларына таратып жазу керек.
Бұл тақырып бойынша тәжірибе туралы есепте ақша-қаражаттар операцияларының есебінің теориялық ережелерін жазғаннан кейін мәтінінде немесе қосымшада толықтырылған мынадай бастапқы құжаттармен есеп регистрларды көрсету керек:
кассалық кіріс ордер КО-1;
касалық шығыс ордер КО-2;
кассалық құжаттары тіркелген кассалық кітаптың кесінді парағын КО-4 формасы бойынша;
нақты жарнаға хабарландыру;
төлем тапсырмасы;
төлем талап - тапсырмасы;
клиенттің банк құжаттары тіркелген ағымдағы банктік шотының көшірмесі;
валюталық кіріс ордері;
валюталық шығыс ордері;
шетел валютасындағы ақша –қаражаттарды аударудың тапсырмасы;
жорнал-ордер 1;
жорнал-ордер 2;
жорнал-ордер 3;
Барлық қажетті есеп регистрларын және бастапқы құжаттарын жұмылдырып кассалық және есеп айырысу операцияларының дұрыс жүргізілгендігіне ішкі тексеріс жүргізу қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылармен және медігерлермен алынған аванс бойынша есеп беруге тиісті тұлғалармен, шағым талап бойынша, басқа берешектермен және алашақтармен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру қажет.