Жұмыс бағдарламасы Cемей -2014 поәК 042-18. 30./11 -2013 Баспа. №1 03. 09. 2013 11 беттің 2-сі



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі0,58 Mb.
#25516
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.30 11 -2014



«Мұғалім мамандығының ерекшелігі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

(студенттер үшін)


№ 2 – басылым




«Мұғалім мамандығының ерекшелігі»


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі


Студенттерге арналған пәннің оқу

жұмыс бағдарламасы

Cемей -2014


ПОӘК 042-18.30./11 -2013


Баспа . № 1 03.09.2013


11 беттің 2-сі






1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: 28.08.2014

Пғк, длцент Дуйсембекова Ш.Д.

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 04.09.2014ж.

Кафедра меңгерушісі: ______________Джанбубекова М.З


2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № 1 «05» 09.2014ж.

Төрағасы: ________________Ахметова Т.Ш
3. БЕКІТІЛДІ:

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама №1 18.09.2014ж.

ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К.


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2014ж. басылымның орнына)

ПОӘК 042-18.30./11 -2013


Баспа . № 1 03.09.2013


11 беттің 3-сі




М А З М Ұ Н Ы :

1 Жалпы ережелер 4

2.Нормативтік сілтемелер 4

3 Қолдану саласы 4

4. Оқу пәнінің мазмұны (модульдің) 6

5.Дәріс сабақтарының тақырыптары 8

6 .Практикалық сабақтарының тақырыптары 13

5.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 16

6. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі 17

7.Әдебиеттер 19



ПОӘК 042-18.30./11 -2013


Баспа . № 1 03.09.2013


11 беттің 4-сі






  1. Жалпы ережелер

1.1 Пән және оқытушы туралы жалпы ережелер

  • П.ғ.к, доцент Дуйсембекова Ш.Д.

  • Байланыс ақпараты – тел., Таңірбергенов 2 ғимарат, Сабақ өткізу орны – №2

  • Пән аты – «Мұғалім мамандығының ерекшелігі »

  • Кредит саны – 3

курс

семестр

кредит

дәріс

Практи-калық жұмыс

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Баұқылау түрі

2

6

3

15

30

22,5

67,5

135

емтихан

2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

Қазақстан Республикасы ұлттық мектептерінің қалыптасуы жағдайында бұл курс қазіргі замандағы оқыту және тәрбиелеу теориясы мен практикасында өте көкейтесті. Бұл пәннің негізгі ұстанымдары әр ғылымдардың саласынан мұғалімдердің шығармашылықтарын қамтамасыз ететін жеке тұлғаға және ұжымға жасайтын іскерлікті қалыптастыратын білімдерді іріктеу. Сондықтан бағдарламада педагогикалық шеберлік туралы, педагогикалық техника сұрақтарынан басқа оқушыларға ықпал ету тәсілдері, театралдық педагогика, сөйлеу техникасы, шешендік өнер элементтері қамтылады. 

2.3.2 Курстың мақсаты: болашақ маман иелерін дайындауға қойылатын талаптарға сай, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қызметі жөніндегі негізгі білімдермен студенттерді қаруландыру.

2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

- студенттерге ұстаздық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет бойынша негізгі білімдер жүйесін меңгерту; 

- студенттердің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- болашақ мұғалімнің мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, кәсіби біліктілікті жетілдіруге деген қызығушылықтарын ояту;

- оқыту мен тәрбие әдістемесін шығармашылықпен іздеуге тәрбиелеу.

2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:



  • өзінің болашақ мамандығының маңыздылығын және мәнін түсіне білуі;

  • сабақ барысында педагогикалық шеберлікті меңгеру қабілетіне ие болуы;

  • қазіргі заманғы педагогикалық технологияның құралдарын игеруі;

  • мамандығында өзін жетілдіре алу, тәжірибеде теориялық білімді пайдалана алу, болашақ мамандығы шеңберінде студенттердің өз бетінше ізденіс-зерттеу жұмыстарын жүргізе білуі;

  • маманға қойылатын қазіргі заман талаптарын пәннен алған білімдерді интеграциялауды және бастауыш мектеп мұғалімінің педагогикалық қызметі және педагогикалық шеберлігі міндеттерін түсінуі;

  • өзін-өзі жетілдіретін түрлі оқу стильдерін пайдалана білуі;

  • оқытушының және басқа да студенттердің пікірімен санасып, оларға құрметпен қарауды және кәсіби этиканы үйренуі тиіс.

2.3.5 Курс пререквизиттері: Бұл пәнді оқыту барысында студенттердің педагогика, тарих, психология, этика пәндері бойынша білімдері болуы керек.

2.3.6 Курс постреквизиттері: Студенттер мұғалімнің педагогикалық іскерліктің мәнін оқып қана қоймай өздері педагогикалық технологияларды игеріп, оларды жүзеге асыруға қатысады және әртүрлі педагогикалық ситуацияларда өздерінің психикалық күйін басқара алуға, сол жағдайда тиімді де педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдап, іс әрекет жасауға үйренеді.


4. Әдебиет және қорлар




Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы

Саны

Студент саны

Қамтылу пайызы,%

1

Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства,М:Просвещение,1989.-243с.

24

18

100

2

Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М:Просвещение,1987.-190с.

12




90

3

Адриади И.П. Основы педагогического мастерства. Москва:Академия, 1995.


62




80

4

Чернявская А.П. Педагогическое мастерство.Ярославль, 1997.


4







5

Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического мастерства. Москва: Феникс, 2003.


30







6

Щуркова Н.Е.Педагогическая технология. Москва: Пед.общество России, 2002.


20







7

Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии. Москва: Пед. общество России, 2001.


68







8

Спирин Л.Ф. Теория и технология решения педагогических задач. Москав: Рос. пед. Агенство, 1997.


4









5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі


р/с

Тақырып атаулары

дәріс

практикалық

СОӨЖ

СӨЖ

1

Модуль 1.













Тақырып 1 Мұғалім мамандығының ерекшелігі, .

кәсіби іс-әрекеті, жүйесі мен компонентті маманның қалыптасу нәтижесі.




1

4

3

8

Тақырып 2

Мұғалімінің іс-тәжрибелік дайындығы .




2

4

3

9

2

Модуль 2.
















Тақырып 3

Білім беру туралы құжаттар негізінде анықталған мұғалімнің міндеттері мен құқықтары 



2

4

3

8

Тақырып 4

Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты


2

4

3

9

Тақырып.5 Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы

2

4

3

8

3

Модуль 3.
















Тақырып.6 Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

2

4

3

9

Тақырып.7 Мұғалімге қойылатын талаптар

2

4

2,5

8

Тақырып 8 Жаңа дәуір мен қазіргі заманғы білім беру ісінің дамуы


2

4

2

8,5




Барлығы

15

30

22,5

67,5



Кесте 2 Рейтингті есептеу



Оқу сағатының түрі

Апта

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы

8

9

10

11

12

13

14

15

1. Дәріс

0

0

0

0

0

0

0

30

0

0

0

0

0

0

0

0

30

2. Тәжірибе

0

0

30

0

40

0

35

105

0

0

30

0

40

0

0

35

105

3. ОСӨЖ




0

10

0

10

0

10

30

0

0

10

0

10

0

0

10

30

4. СӨЖ

0

0

25

0

25

0

25

75

0

0

25

0

25

0

0

25

75

5. Аралық бақылау (рубеж)

0

0

0

0

0

0

60

60

0

0

0

0

0

0

0

60

60

Барлығы:







65

0

75

0

105

300

0

0

65

0

75

0

0

100

300


Кесте 3.

СӨЖ тапсырмаларды бағалау жүйесі

1

өте жақсы бағасын қою барысында тәлімгер тақырып бойыншы берілген ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмысты толығымен орындаған жағдай ескеріледі; егер нақтылау үшін берілген сұраққа жауап берілмеген жағдайда бір кемшілігі ескеріліп 1-4% алынып койылады

2

жақсы бағасы ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмыс, оның нәтижелері жалпы түрде оқу жоспарына сай, бірақ бір немесе екі өрескел қатесі немесе үш кемшілігі жалпы пайыздан 1 шегеріліп отырылады (дұрыс, бірақ жетілген дәл жауап емес).

3

қанағаттанарлық бағасы егер де ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмыс оның нәтижелері негізінен бағдарламаның талаптарына сай келіп, бірақ 1 өрескел қатесі және 2 кемшілігі болса, немесе 1 өрескел қатесі және 1 өрескел емес қатесі, немесе 2 – 3 өрескел қатесі, немесе 1 өрескел емес және 3 кемшілігі болса, немесе 4 – 5 кемшілігі болса қойылады.

4


Негізінен қанағаттанарлықсыз бағасы жұмыстың жоқтығын көрсетеді, және оқушыға оны қайта жасауды ұсынуға болады.

:

ПОӘК 042-18.30./11 -2013


Баспа . № 1 03.09.2013


11 беттің 8-сі




1 Дәріс.(1 c)

Тақырып 1. Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері

Дәріс мақсаты: Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерінің ерекшеліктерін атап көрсет

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Білім, іскерлік, дағды

  2. Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері

  3. Мұғалім тұлғасы- үлгі, өнеге



Дәріс мазмұны: Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.

Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. 

Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:

-   гуманистік сипаты;

-   ұжымдық сипаты;

-   адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;

-   шығармашылық сипаты;

-   қарым-қатынас жүйесінде болуы;

-   мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.

Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.

Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.

Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.

Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.

Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін,  терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды. 


 Бақылау сұрақтары: 

  1. Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты

  2. Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері

  3. Мұғалім мамандығын шығармашылық тұсынан зерттеу


Негізгі әдебиеттер:

  1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.-М.: Педагогическое общество России, 2002.-208с.

  2.    Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.

  3.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

  4.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

2 Дәріс.(2 c)



Тақырып 2.. Мұғалімінің іс-тәжрибелік дайындығы

Дәріс мақсаты: Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерге сипаттама беру

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Мұғалімнің практикалық дайындығы

  2. Ұйымдастырушылық іскерліктің түрлері

  3. Педагогикалық техника 

Дәріс мазмұны:Мұғалімнің практикалық дайындығы оның сыртқы іскерліктері арқылы, яғни байқауға болатын әрекеттері арқылы анықталады. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерден құралады. Ұйымдастырушылық іскерліктің құрамы өз кезегінде мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық және бағыттаушы іскерліктерден құралатынын 6-сызбадан көріп отырмыз.

 Мұғалімнің мобилизациялық іскерлігі бағытталады:

- Оқушылардың оқуға деген зейінін аудару және тұрақты қызығушылығын дамыту;

- Оқу дағдыларын қалыптастыру, оқу іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру тәсілдерін үйрету;

- Оқушылардың белсенділігін, шығармашылықтарын қалыптастыру;

- Ынталандыру және жазалау әдістерін тиімді қолдану.

Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылады.

- Ақпараттық іскерлікті қолдану барысныда ақпарат көздері білім беру процесінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес өңделеді.

- Ақпараттық іскерлік төмендегі қабілеттерде көрінеді:

- Пәннің ерекшелігіне, оқушылардың дайындығы, өмірлік тәжірибесі, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу материалын түсіндіруде;

- Әр түрлі әдістерді қолдана отырып, оқу ақпаратын беру процесін дұрыс ұйымдастыруда;

- Сұрақтарды қысқа әрі ұғынықты құрастыруда;

- Көрнекі құралдарды тиімді қолдануда;

- Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі мен сипатын оперативті болжауда қолданылады.

Дамытушы іскерлік құралады:

- Оқушының жақын даму аймақтарын анықтау;

- Оқушылардың таным процесін, сезімдерін, еріктерін дамыту үшін проблемалық ситуациялар құрастыру;

- Танымдық дербестікті, шығармашылықты ынталандыру;

- Жекелеген қабілеттерді дамытуға жағдай жасау.

Бағыттаушы іскерлігі –  тәрбиеленушілердің адамгершілік құндылықты ұстанымдарын және дүниетанымын қалыптастыруға бағытталып, оқу іс-әрекетіне және ғылымға деген тұрақты қызығушылығын, тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырудан құралады.

Ал практикалық дайындықтың келесі іскерлігі коммуникативті іскерлік. Келесі 7-сызбада мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің құрамы көрсетілген.

Сызба 7. Мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің түрлері.


 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 Перцептивті іскерлік – қарым-қатынастың басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табады. Ол үшін басқа адамдардың құндылық бағдарын білу керек. Перцептивті іскерлік арқылы алынған ақпарат педагогикалық қарым-қатынастың тиімді өтуіне ықпал жасайды.



В.А.Сластенин перцептивті іскерлік төмендегілерден тұрады дейді:

•  Бірлескен іс-әрекетте серіктестің белгілері туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, қабылдау;

•  Басқа адамдардың тұлғалық мәніне терең ену;

•  Адамның жеке ерекшеліктерін анықтау;

•  Адамның қандай типке, темпераментке жататынын анықтау;

•  Адамның сыртқы сипаты мен өзін-өзі ұстауы бойынша адамның ішкі әлемі, болашақ іс-әрекетін және бағытын анықтау;

•  Адамның көңіл-күйін, жағдайын, белгілі бір оқиғаға деген қатынасын анықтау;

•  Адамның құндылық бағдарын көре білу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет