8.2. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жоспары (СӨЖ)
№
|
СӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны
|
Әдебиеттер
|
Ұсыныстар
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімдері (апта)
|
1
|
Есептерді (казуестерді) шығару
|
Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
ауызша
|
1 апта
|
2
|
Есептерді (казуестерді) шығару
|
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
ауызша
|
2 апта
|
3
|
Есептерді (казуестерді) шығару
|
Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
ауызша
|
3 апта
|
4
|
Есептерді (казуестерді) шығару
|
Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
ауызша
|
4 апта
|
5
|
Есептерді (казуестерді) шығару
|
Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
ауызша
|
5-6 апта
|
6
|
Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралаудың теориялық негіздері. Нормалардың бәсекелестігінің проблемасын зерделеу.
|
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
жазбаша
|
7 апта
|
7
|
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару
|
Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
Ауызша жазбаша
|
8-9 апта
|
8
|
Экономикалық қылмыстарды саралау
Есептерді (казуестерді) шығару
|
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
Ауызша
|
10-11 апта
|
9
|
Меншікке қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару
|
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
ауызша
|
12 апта
|
10
|
Қоғамдық тәртіпке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды саралау
Есептерді (казуестерді) шығару
|
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
жазбаша
|
13-14 апта
|
11
|
Халық денсаулығына және адамгершілкке қарсы қылмыстарды саралау
Есептерді (казуестерді) шығару
|
Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
|
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
|
ауызша
|
15 апта
|
ылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері туралы қазақша реферат
Қылмысты сарлау қылымыстық құқық теориясында ең маңызды түсінік. Бұл түсінік ғылым саласында да, тәрірибе тұрғысында да кеңінен қолданылады. Сарлау (латын тілінде quaIitas- сапа сапалы) деген мағынан білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау, яғни сапаны бағалау адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше, біздің айналамызда бірімен-бірі байланысты және үнемі қозғалыста болатын әртүрлі заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі қимыл іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән ерекшеліктермен сипатталады. Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір-бірінен өзгеше. Мұндай ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктер деп аталады. Заттың, құбылыстың сапасын адам өзінің тәжірибелік қызметінде ғана анықтай алады. Ал сапасын бағалау – кез келген заттың мөлшерін, өлшемін түрін, тобын анықтау болып табылады. Ол басқа заттар мен құбылыстар мен тікелей немесе аралық байланыста және қатынаста болады. Сондықтан оның осы қатынаста көрінетін көптеген сапасы бір. Сонымен қатар, заттар немесе құбылыстар бір-бірімен белгілі бір қатынаста бола отырып, бірінен-бірі мөлшер жағынан ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде және жаза тағайындауда жазаның мөлшерін белгілеу ерекшеленеді. Сондықтан, заттар мен құбылыстардың, белгілі іс-әрекетінің (әрекет немесе әрекетсіздік) сапасын, мөлшерін,өлшемін айқындау өте маңызды. Бұл арада, философия тарихында сапаны бағалауға, мөлшерге тұңғыш рет Аристотель айырықша көңіл бөлді, «Мен сапа деп заттың ненің арқасында осындай бола алатынын айтамын» [6,164б], «мөлшер дегеніміз құрамдас бөліктерге бөлініп, оның әрқайсысы екі немесе одан да көп болама, әйтеуір өзінің табиғаты жағынан бір және анықталған нәрсе. Кез келген мөлшерде есептелетін болса және өлшенетін болса шама делінеді», — деп көрсетті ол. Шынында да сапа объективті сипатта адам ойлауының жалпы түрлерінде, дүниені тану мен тәжірибелік өзгерудің сатыларында, адамның тәжірибелік қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылады.
Біздің ойымызша, заттың сапасы мен мөлшері диалектикалық бірлікте болады. Затты тану, білу оның сапасын бағалаудан басталады, сонан кейін бірте-бірте оның мөлшерін тану, біту сатысына көтеріледі. Өйткені адам қоғам дамуының ең алғашқы сатысында заттың сапасын айқандаудың қайнар көзі түйсіну болған. Адам затты сапасынан бөлек алып қарай алмайды. Әрбір ғылымның және тәжірибелік іс-әрекеттің саласының өзінің ережесі,әдістері болады, өйткені белгілі бір әдісті қолданбайынша нақты ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешу мүмкін емес. Мұндай ережелер мен әдістерде сапаны бағалаудағы жинақталған тәжірибенің нәтижелері қорытылған. Сондықтан да олардың артықшылықтары мен кемшіліктері ғылымның, адамның тәжірибелік еңбегінің даму дәрежесіне байланысты анықталып отырады. Жаңа дәуірде қоғамның одан әрі дамуына сәйкес сапаны қабылдаудың да әдістері өзгереді. Кейінірек адамның тәжірибелік қызметінің даму дәрежесіне сәйкес зат пен оның сапасының бірлігі бұзылып, сапа туралы жалпы түсінік қалыптасты. Адамның заттың маңызды және маңызды емес қасиеттерін ұғыну сапаны бағалаудағы қажетті саты. Ол өзінің тәжірибелік қызмет аясында жаңа затты қамти отырып, оның кейбір қасиеттері сол заттың өмір сүру үшін өте маңызды екенін байқады. Демек, қасиет дегеніміз- заттар арасындағы қатынас, әрбір зат басқа заттармен қатынаста болатыны және байланысты екені белгілі. Осы қатынас пен байланыста ғана оның қасиеті көрінеді. Белгілі бір зат даму барысында өзінің өте маңызды қасиеттерін, яғни сапасын өзгерте отырып басқа затқа айналады. Осыған орай, заттың сапасын бағалауда заттың өлшемі туралы түсінік қалыптасады. Әртүрлі заттың әртүрлі сапасы бар. Тіпті бір заттың өзі көп сапалы. Ендеше сапа дегеніміз- заттың аса маңызды қасиеттерінің функциональдық бірлігі. Алайда, заттың сапасы туралы түсінікпен бірге оның мөлшері туралы түсінік те қалыптасты. Дегенмен, мөлшер туралы адам ұғымы оның тәжірибелік өзгертушілік қызметі барысында өмірге келді. Аристотель заттың сапасын бағалау ұғымына тңғыш рет анықтама беріп, «Категориялар» және «Метофизика» атты еңбектерінде соларды зерттеді. Бұл арада біз Д. Локктың алғашқы (бірінші) және соңғы (екінші) сапалы туралы ілімді ашып, сапаны бағалауды одан әрі дамытуда, бірінші сапаларға – қозғалыс, тыныштық, тұлға, ал екінші сапаларға – түс, жарық, иіс, әрекет, дәм жатады деген пікіріне жүгінеміз. Біздің ойымызша, алғашқы сапалар объективті, өйткені олар бізден тыс өмір сүріп тұрған кеңістіктің, қозғалыстың, тыныштықтың, тұлғаның бейнелері, денеден ажырамайтын сапалар. Сол сияқты, сыртқы дүние заттарына тән емес, яғни субъектіге, түйсінуші адамға ғана қатысты. Қоғамдық тәжірибенің одан әрі дамуына сәйкес мұндай түсінік жеткіліксіз болады. Мәселен, Гегель философия тарихында өзінің «Логика ғылымы» атты еңбегінің біріші бөлімінде алғаш рет сапаның мазмұнын абстрактілік, арақатынасы жасанды деп көрсетті. Әлбетте, заттың сапасын бағалау адамның тәжірибелік қызметінің жалпы шарттары. Материалистік негіздені диалектикалық әдістерді қолдана оытырп, К. Маркс пен Ф. Энгельс сапа, мөлшер, өлшем табиғаттың, қоғамның және ойлаудың , яғни заттың сапасын бағалау теңдесі жоқ жетістік екенін атып көрсетті. Осының нәтижесінде сапаға, мөлшер мен өлшемге Гегель берген диалектикалық түсінікті мтаериалистік тұрғыдан қайта өңдеп, ғылым, мәдениет тәжірибе саласының талабына сай одан әрі дамыта отырып, оларға дәйекті материалистік сипат берді. Осыған орй объективтік ақиқаттың жалпы анықтамалары болуымен бірге сапа, мөлшер, өлшем сиықты түсініктер адамның дүниені тану мен меңгеруіне алғашқы құралдары екенін анықтады. Әрине, заңның сапалық-мөлшерлік анықтамаларын танып-білу оның сапасын танудан, бағалаудан басталады. Сапаны бағалауды қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын, сапалы бағаны беру деген мағына, яғни кез келген заттың, құбылыстың, сапасына қандай бір сапалық категориясына, тобына, түріне мән беру болып табылады. сапасынң өзара саралауға ауыспалы заңы қылмыстық заңда үлкен әдістемелік және тәжірибелік рөл атқарады. Қылмыстық заңда саралау ұғымы сот, прокуратура, тергеу т.б. қызмет органдарының тәжірибелік қызметіне айқан көрінетін олардың іс-әрекетімен тығыз байланыста болатын түсінік. Саралау ұғымын түпкі мағынасын толық ашып қарастырған болсақ, қазіргі таңда кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде «саралау» ұғымы «дәрежелеу» ұғымымен алмастырып отыратынына куә болып жатамыз. Мәселен, саралау түсінігі белгілі іс-әрекеттің, құбылыстың, заттың сапасын анықтау, бағалауғ айқындау болса, дәрежелеу түсінігі орысша (степень, уровень) шегі, дәредесі деген мағына, яғни жоғарғы дәрежелі мамандық алу, жоғарғы дәрежелі қызметке тағайындалу деген түсінік береді. Саралау түсінігі орысша (квалификация) болып аударылады, демек бұл тура мағынасы, ал ауыспалы мағынада дәрежелеу деген дұрыс емес түсінік. Осыған орай, саралау мен дәрежелеу сөздері бір-бірімен баламалы, синонимдік мағынада көрініс таппайды. Біздің ойымызша, қылмыстық заңға байланысты қылмыстық құқық теориясында саралау түсінігінің қолданылғаны дұрыс болып табылады, өйткені қылмыстық құқықтық нормаға сәйкес құқықтық баға беру, қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтау қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу, қылмыстарды ажыратын жіктеу, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеу, қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау жазаның мөлшерін белгілеу,норма бәсекелестігін үйлестіру кезінде керекті норманы таңдап алу, сонымен қатар қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде қылмысты саралау ретінде көрініс табады.
Айталық, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының қолдану шегінен әрекеттілігі үш түрлі мағынада көрініс табады.
1) қылмыстық заңда қолданылады;
2) қылмыстық-құқықтық нормада талқаланады;
3) қылмысты саралау аясында қолданылады [7,14б].
Бұл үш түсініктің бағыты да, мағынасы, мазмұны да біртектес тығыз байланысты, бірақ қолдану шегіне орай мақсаттары әртүрлі. Шынында да, соңғы екі түсінік бірінші түрдегі түсінікті, яғни қылмыстық заңның дұрыс қолдану тәсілін айқындап, бейнелейді. Ал біздің нақты зерттейтін тақырыбымыз, қылмыс құқығының қолдану шегінің әрекеттілігінің үшінші түрі қылмысты саралау. Қылмыстық құқықтағы кез келген сұраққа жауап теория және тәжірибе жүзінде саралаудың қатысуымен шешіледі. Демек, қылмысты саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыс жасаған адамның тағдыры жасалған іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) қалай сараланғандығына байланысты. Қылмысты саралауды қылмыстық құқық ғылымының институты ретінде танытқан ең тұңғыш докторлық диссертацияны профессор В.Н. Кудрявцев ұсынды. Оның пікірінше, қылмысты саралау дегеніміз-қылмыс белгісі бар іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарына дәлме-дәл жатқызу арқылы белгілі қылмысқа құқықтық баға беру, [5,66] деп санады. Осы тұрғыда, А.А. герцензон «Қылмысты саралау қылмыстық заңда белгіленген қылмыс құрамының және нақты іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) белгілерін көрсетілген баптың нормаларына сай келетіндігін анықтау»- десек, [8,4б] Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын теория және тәжірибеде екі мағынада қолданылатындығын қарастырды. Біріншіден, қылмысты саралау деп- Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін нақты қылмыс әрекет (әрекетсіздігінің) тепе-теңдік ұқсастық пен қатар қолдануын және белгілі бір логикалық процесте анқталуын айтады. Екіншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекетке құқықтық анықталған, баға беруді айтады [9,7б]. Бұл екі түсінік бір-бірімен тығыз байланысты, ендеше екеуі де қылмысты саралаудың ұғымын құрайды. Шын мәнене келгенде, Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын толық ретте қылмыс процесінің кезеңдерінде ерекше сипат алатынын талқалып, сынға алған. Осыған орай, В.Н. Кудрявцевтің тағы бір жерінде қылмысты саралаудың мазмұнын екі түрлі мағынады бейнелегенін атап көрсетпеуге болмас. Олар: а) нақты бір немесе бірнеше қылмыс белгілерін проецесте анықтау, б) сот, прокуратру органдарының іс-әрекетінің қорытындысын белгілі құқықтық актіге сәйкес қалыптастырып бекіту [5,6б]. Жоғарыда айтылған қылмысты саралау ұғымы туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады. Қылмысты саралау ұғымын бейнелеген әрбір бағыт маңызды. Бірі екіншісінен мәнді немесе керісінше деп санау күрделі ұғымының мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл арадағы маңызды нәрсе жоғарыда аталған үш бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Мсәелен, В.Н. Кудрявцев пен Б.А. Куриновтың соңғы көзқарасы өте орынды айтылған. Өйткені, бұл пікірде бастапқы түрімен соңғы түрі бір-бірімен үйлесе отырып, белгілі тәжірибелік мәліметтерге деректік жолмен анықтау барысында қорытынды айғақтарға негізделеді. Ғылыми теорияда ғалымдар әрқашанда сайып келгенде деректік жолмен анықталған шындық айғақтарға сүйенеді, оларды индукциялық жолмен қорыта отырып, жаңа заңдылықтар ашады. Қылмыстық құқық теориясында бір бағытта қылмысты саралаудың ұғымын құрайтын пікірлер жеткілікті. Атап айтсақ, В.И. Малыхин [10,5], С.А. тарарухин [11,11б], В.А. Бурчак (12,5б), В.А.Левицкий [13,144б], О.Ф. Шишовтың [14,11] монографияларында қамтылған. Алайда, қылмысты саралау ұғымы туралы ғалымдар арасында ешқандай қарама-қайшылықты ой-пікірлер орын алмайды, бірақ сан ғасырлар бойы орын алып келген қылмысты саралауға байланысты ғылыми негізде түсіндірме беру өте қиынға соқты.сондықтан да түсініксіз байланыстар, қайшылықтар туғызатын ұғымдар,тар өрісті ойдың ғана жемісі деп саналады. Пайымдап ойлап қарасақ, соңғы ғасырлардың өзінде қылмысты саралау мәселелерін зерттеуге ұмтылып, жүйелі еңбектер тануда тың білім игерген ғалымдар жеткілікті. Мәселен, В. Сергиевский мен С. Рахметов, Т.Г. Черненко, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко т.б. Бұл арада біз В. Сергиевский мен С. Рахметовтың қысқа да, нұсқа көзқарасына жүгінсек, қылмысты сарлау деп – қоғамға қауіпті іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу деді [15,10б]. Ал, энциклопедиялық түсіндірме сөздікте, қылмысты саралау ұғымының мәнін толық ашуға тырысқан. Қылмыстық саралау қылмыстық заңда көрсетілген, қылмыс құрамының белгілі бір процесуалдық актіге сәйкес қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) анықтау. Сонымен қатар қылмысты саралауды кезеңдерге бөліп көрсеткен.
- қылмысты саралау қылмыскерге жаза тағайындауда негізгі, маңызды алғы шарт;
- қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңды басты талқылауға алуда негізгі басты алғы шарт;
- қылмысты саралау нақты заңмен белгіленген заңдылық қағиданы бұлжытпай орындайтын алғы шарт; [16,562б].
Қылмыстық құқық оқулықтарында да қылмысты саралауға байланысты көптеген ой-пікірлер бар. Мәселен, А.А. Пионтковский, В.Д. Меньшагиннің пікіріне жүгінсек, құқықтық құжатта қылмысты саралау іске асырылған дайын түрде көрсетілген іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) бағалау. Яғни, тергеу, прокуратура, т.б. сот органдарының іс -әрекетіне баға беру [17,32б]. Алайда, бұл арада В.Н. Загородников пен В.Ф. Кириченко «Қылмысты саралау қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарын қолдану» — деп қысқаша көзқарас танытты [18,11б]. Біздің ойымызша, жоғарыда аталған үш бағыт толық түрде қылмысты саралаудың ұғымын бейнелемейді,өйткені басқа да заңдардың қатаң талаптарына сыйыспай жатады. Аталмыш анықтамаларда толық түсінікпен құқықтық нақтылық жоқ, бірақ олардың айтылған мазмұны, сөйлемнің құрылысы әртүрлі болғанымен бағыт бір. Ғ. Сапарғалиевтің Заң терминдерінің түсіндірме сөздігінде «Қылмысты саралау деп- қылмыстық әрекетті (Әрекетсіздікті) Қылмыстық кодексте көрсетілген белгілі қылмыстық құрамға жатқызу, яғни қылмыстық заңның бабында белгіленген қылмыс құрамына істелген әрекеттерді тура келген және оған кінәлі адам қылмыстық жауапқа тартылады» — деп санайды [19,76б], осыған сәйкес, В.А. Сергиевский қылмысты саралау ұғымын бір-біріне байланысты маңызды екң мағынада көрсетеді. Олар: қылмыс құрамында көрсетілген тұлғаның іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздік) құқық қорғау органдары логикалық процесте қалыптастыру; қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттің қорытыныдысын құқықтық бағалау [15,15б]. Көрсетілген мән-жайлардың тәжірибеде маңызы елеулі рөл атқарады.
Біздің пікірімізше, жоғарыда айтылған екі бағыттан қылмысты саралау ұғымының толық түрде ой- елегізінен өткізіп терең зерттелгенін көреміз. Еліміз тәуелсіз алғаннан кейін, тұңғыш рет ана – тілімізде басылып жарық көрген «Қылмыстық құқық» оқулығының Жалпы және Ерекше бөлімінде қылмысты саралау мәселесі кеңінен қарастырылған. Оқулықтың авторы профессор А.Н. Ағыбаевтің пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау дегеніміз- қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөліміндегі тиісті баптарға дәлме-дәл жатқызып, құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды,- десек, қылмысты дұрыс саралау- заңдылық қағиданы бқлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады, деді [20,11б], Яғни, қоғамға қауіпті ір-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Сонымен, бұл арада біздің ұғатынымыз қылмысты саралауда ір-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсетуіміз қажет. Егер адамның ір-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның ір-әрекеті заңның бірнеш баптары немесе баптарының бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Әрине, қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтіру мен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау қажет.
Біздің ойымызша, соңғы пікір қылмысты саралау ұғымын толық түрде қыры мен сырын ақиқатын ашып, қылмыстық құқық теоиясында ғылым мен тәжірибе үшін ең маңызды мәселе екенін атап көрсетеді. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін пәні, мақсаты, шарттары, қағидалары болады. Сол сияқты қылмыстық құқық теориясында қылмысты саларауда үйлестік қолданыла ма ?, әлде тепе-теңдік орын ала ма? – деген сұрақ туады. «Үйлестік» пен «Тепе- теңдікті» талдамас бұрын оның ұғымдарына тоқталайық. Үйлестік (сәйкестік) деген не ? Үйлестік дегеніміз- әрбір объектінің өзіне-өзі немесе оның басқа заттар мен теңдігі, сәйкес келуі. Заттар арасында ұқсастық, үйлестік бар. Оған сәйкес заттарды, құбылыстарды топқа, тапқа бөлеміз. Мәселен, зат пен заттың салмағын, көлемін, ұзындығын салыстырып байқау үшін бөлігі мөлшерлік (килограмм, тонна немесе метр, километр) ұғымға жүгінеді. Сол сяиықты қозғалыстың жылдамдығын білу үшін белгілі бір қашықтықты қай мерзім ішінде игеретінін есептейді. Бұл арада біз үйлестік ұғымын философиялық тұрғыда талдадық, өйткені белгілі жай әрбір ғылым өзінің бастауын, түп-тамырын философиядан алады. Сонымен бұл әдіс өмірде әрдайым қолданылып келеді. Әрине, оған ешкім шек келтірмейді. Ұқсастық, сәйкестік ұғым осыдан туындайды. Бірақ сол сәйкестіктің өзі де нақтылай келсек абсолютті емес. Өйткені ол да белгілі бір шамаға жатады. Тіпті сәйкес, тепе-тең заттар арасында да әрқашан айырмашылықтар болады. Олай болса, формальды логикадағы «А» дегеніміз «А», ол екеуі тепе-тең деген ұғымда тек бір тұрғыдан алып қарағанда ғана солай, ал басқа тұрғыдан алып қарағанда, оның олай болмауы да мүмкін. Сөйтіп ұқсас заттар арасында қашан да айырмашылық болады. Сонда айырмашылық деген ұғым не ? Бұл заттардың арақатынастары тепе-тең емес, бірдй болмайтындығын көрсететін ұғым. Үйлестік, ұқсастық пен айырмашылық арасында белгілі бір диалектика бар. Олар елеулі не елеусіз болуы мүмкін. Негізінде айырмашылық заттардың қарама-қарсылығын не бастапқы, не соңғы кезі. Мәселен, қылмыстық ниеті мен мақсаты функциональдық «ұқсастық» байланысты жүзеге асады. Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Қылмыс істеу арқылы адамның өзі қалайтын, тілейтін болашақ нәтижесін елестетуі қылмыстың мақсаты болады. Мысалы, теорроризмнің ниеті қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ниет болса, ал оның мақсаты қоғамның қауіпсіздігін бұзу болып табылады. ниет пен мақсат «ұқсастық» функцияны игере отырып қылмысты саралауда шешеуші рөл атқарады. Бұдан әрине, ұқсастықтың қылмысты саралаудағы рөлін көруімізге болады. Бұл арада И.И. Горелик, А.В. Наумов, А.С. Новиченконың көзқарастарына сүйенсек, қылмысты саралауда қылмыс құрамының белгілерінің арасында «үйлестік» функциясы орын алмайды, керісінше «тепе-теңдік» функциясы жүзеге асырылады, деген пікір танытты. А.В. Наумов пен А.С. Новиченко «үйлестік» функциясы тек философия, математика, биология, химия ғылым салаларында ғана бар, ал қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау процесінде қатысы жоқ деген кері пікір ұсынды [22,11б]. алайда, В.Т. Мещеряков, ұқсастық, үйлестік тек функциональдық байланысты философиялық трактатта ғана көрініс табады дедеі [21,23б].
Біздің пікірімізше, қылмысты саралауда «үйлестік» функциясы міндетті түрде қолданылады. Мәселен, үйлестіктің маңызы ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуда, қылмысты қылмыс еместіліктен айыруға, қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде маңызы зор. Бұл тұрғыда Т.Г. Черненконың қылмысты саралауға қатысты ой танытқан тұжырымымен дәлелдеуге болады. Қылмысты саралау дегеніміз – істелген іс-әрекеттің арасындағы ұқсастықты нақты шындыққа бекіту нәтижесінде көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін қылмыстық нормада және қылмыстық актіге заңдылық баға беру болып табылады [32,9б]. Қылмысты саралауда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің және қылмыс құрамының белгілерінде қарама-қайшылық орын алады, бірақ қарама қайшылық қылмысты саралауда құқықтық бағалау ретінде маңызы жоқ. Қылмыстық жазаның, қылмыстық жауаптылықтың, қылмыстық құқықтық қатынастың ұғымына зер салып қарасақ, олардың айырмашылығына міндетті түрде зер саламыз. «Тепе-теңдік» пен «ұқсастықтың» арасында айырмашылық туындайды, ал айырмашылықтың ең терең деген шегі қарама қарсылық. Мұның да өзіндік диалектикасы бар, «үйлестік айырмашылыққа, ал айырмашылық қарама қарсылыққа өтеді». Қарама қарсылық деген не? Қарама қарсылық ұғымын философиялық тұрғыда талдасақ ол табиғаттағы, қоғамдағы, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаратын және соымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар. Қандай да бір зат болмасын құбылыс болмасын, ол қарама қарсылықсыз өмір сүрмейді, мәселен әрекет пен әрекетсздік, дұрыс пен бұрыс, жалпылық пен жекелік, қарама қарсылық әрбір заттың өз ішінде де болады. Мәселен, қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс құрамындағы объект пен субъект, қылмыс құрамының объективтік жағы мен субъективтік жағы, әрекет пен әрекетсіздік, өмір мен өлім т.б. Мысалы, қылмыстың объективтік жағы сыртқы белгілерін құраса, субъективтік жағы ішкі эмоциялық, яғни қылмыстың ішкі мәнінен көрініс табады, бірақ қарама қарсылық қылмысты саралауда рөл атқармайды. А.С. Новиченко мен А.В. Наумовтың пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау онтологиялық (тәжірибелік қызмет әрекеті), гносеологиялық (ғылым, дүние тану), логикалық аспектілер болып бөлінеді, — деді.
Достарыңызбен бөлісу: |