Жұмыс бағдарламасы «Э кономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері \" \" №1 басылым


Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері



бет7/13
Дата20.06.2018
өлшемі1,07 Mb.
#43490
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері


Экономика және демография Жариялаған: Bilimbar // 3-12-2013, 10:40 // Оқылды: 107) // Пікірлер: 0

Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану


Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі – банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі – несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыстың заты – несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.
Несие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.
Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.
Қылмыстың құрамы — материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген.
Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және соны қалайды.
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыс заты — несиелік берешек.
Несиелік берешек дегеніміз — несие берушіге белгілі бір мерзімде қайтарылуға тиісті, қарызға алынған ақша қаражаты.
Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару болып табылады.
Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл несиелік берешекті етеуден әдейі жалтару деп танылады.
Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек, осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.
Қылмыс құрамы — формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып
ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.
Қылмыс субъектісі —16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.

Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу


Мемлекет экономикасының маңызды салаларының бірі — бағалы қағаздар рыногы, ол Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі. Бұл нормативтік актілер бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберу, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушыларының қызметін реттейді.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға сәйкес эмиссия дегеніміз — бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық капиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент аркылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады және орналастырылады (14 және 15-баптар). Эмиссия әртүрлі әрекеттерді қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар үшін берілген ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың корытындысы бойынша есеп ұсыну (15-б).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат деп анықтайды (129-баптың 1 бөлігі).
Қылмыс заты — эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі есеп.
Эмиссия проспектісі дегеніміз — эмитент, оның қаржылық жай-күйі және шығарылатын бағалы қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның 2 бабы).
Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз — эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (әр алты ай біткен соң бір ай ішінде), сондай-ақ орналастыру біткен соң бір ай ішінде уәкілетті органға ұсынады (заңның 24- бабы).
Бұл қылмыстың объективтік жағы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 22 бабына сәйкес эмитет, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырушы кәсіпкер қатысушылары потенциалды инвесторларға, олар бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін, бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісімен (шығару шартымен), сондай-ақ эмитент қызметі туралы және ол эмитерлеген құнды қағаздар, мерзімі алты айдан аспаған ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасайды.
Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған. Бұл қылмыстың құрамы — формальды, яғни бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп, не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі бекітілген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткенін біледі, соны қалайды. Қылмыс субъектісі — арнаулы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым — эмитент басшысы, немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткен лауазымды адамы.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу


Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың қоғамдық қауіптілігі мемлекет белгілеген ережелерді әдейі айналып өтуде жатыр, нәтижесінде мемлекеттік бюджет бұл операциялардан түсуге тиісті табысты алмайды, бағалы қағаздардың айналымын бақылау тәртібі және оларды тіркеу тәртібі бұзылады.
Бұл қылмыстың объектісі мемлекеттің экономикалық приоритеті, Қазақстан Республикасының экономикасын ұғымды дамытудағы мемлекет пен инвесторлардың экономикалық мүдделері.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың объективтік жағы сол жасалған әрекетте.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заң күші бар Жарлығы мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығаруға, олардың айналымына қатысты туындайтын қатынастарды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудағы қатынастарды реттейді. Бұл Жарлықтың 4-бабында Қазақ-стан Республикасының аумағында айналымда жүрген бағалы қағаздардың түрлері анықталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» Заңына және оған енгізілген 1997 жылғы 11 шілдедегі өзгертулерге сәйкес барлық бағалы қағаздар міндетті түрде мемлекеттік комиссиядан өтуге тиіс.
Қылмыстың құрамы тіркеу, есептерді бекіту, бағалы қағаздармен мәміле және сол мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздарды листингке қосу қор биржасы немесе басқадай бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау заты болып табылатын бағалы қағаздарға рұқсат және оларды есепке алу сияқты бағалы қағаздарға байланысты әрекеттерді қамтиды. Бұл әрекеттердің барлығын қор биржасы орындалды, ол акционерлік қоғам нысанында жұмыс істейтін заңды тұлға болып табылады. Оның міндеті бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, бағалы қағаздардын. тиімді айналымын, қаржы ресурстарының қайта бөлінуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Қылмыстық жауапкершілік болудың қажетті шарты — бағалы қағаздармен операция жүргізу ережелерінің бұзылуы, оған ірі зиянның келуі.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәдан көрініс табады. Айыпты өз әрекеттерінің заңдылығын білуге тиіс, өзінің лауазымдық, қызметтік міндеттері бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін білуі керек, қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатының алдын ала көре білуі керек және матери-алдық пайда көздеп сол зардапты тілеуі тиіс.
Бұл қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа толған, есі дұрыс адам. Мына жағдайда ол бағалы қағаздармен операцияны жүргізу міндеті жүктелген лауазымды адам.
Қылмыстың сараланатын түрі — бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуды бірнеше рет, оны алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе ұйымдасқан топтың жасауы.
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заң күші бар Жарлығы Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан теңгесі
деп белгіледі. Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкноттардан және монеттерден тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында ақша қаражатын шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оларды айналымнан алу ісін тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттерді қолма-қол емес эквивалентін алып банктерге сату түрінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттердің қажетті санын анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, қолда бар қаражатын сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгіленді («Қазақстан Републикасының Ұлттық банкі туралы» Заңның 38, 40, 42-баптары).
Жалған ақша немесе қағаздар жасау немесе сату әрекеті үшін жауаптылық осы бапта көзделген.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының ақша және несие жүйесі.
Қылмыс заты — жалған ақша немесе құнды қағаздар.
Ақша дегеніміз — Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша бірлігі, ол банкноттар мен монеттерден тұрады.
Бағалы қағаз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат ретінде анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 129-бабының 1 тармағы). Бағалы қағаздарға: облигация, банк сертификаты, коносамент, ақша және бағалы қағаздар туралы заң актілерімен немесе олар белгілеген тәртіпте бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа құжаттар.
Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының валютасында да, шетелдік валютада да бола алады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады — жалған ақша мен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.
4Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны — арнаулы мақсат — жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап, оларды сату.
Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2 бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді, ірі мөлшерде жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.
Заңда ірі мөлшердің сандық критерииі анықталмаған. Ол әрбір нақты жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.
Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмыс үшін бұрынғы соттылығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.
Осы баптың 3 бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.
Қылмыстық Кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан көп адам жатады.

Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны — арнаулы мақсат — жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап, оларды сату.


Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2 бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді, ірі мөлшерде жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.
Заңда ірі мөлшердің сандық критерииі анықталмаған. Ол әрбір нақты жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.
Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмыс үшін бұрынғы соттылығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.
Осы баптың 3 бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.
Қылмыстық Кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан көп адам жатады.

Рефераты на Stud24.ru

Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте 209615 рефератов

Список предметовКриминология


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет