Жұмыс бағдарламасы «Э кономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері \" \" №1 басылым



бет6/13
Дата20.06.2018
өлшемі1,07 Mb.
#43490
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Онтологиялық аспектіде қылмысты саралауды ресмиленген қызмет органдары (тергеу, сот, прокуратура, анықтау) жүзеге асырады. Бұл жағдайда қылмысты саралаудың орны маңызды.   Гносеологиялық аспектіге қылмысты саралау белгілі болжамды нәтижеге байланысты болады, яғни қылмыс жасалған ба, қылмыс қандай мақсатпен жасалған деген сұрақтарға жауап береді.

Логикалық аспектіге қылмысты саралау ой тұжырымның желісінен өткізу болып табылады. осыған орай, В.Н. Кудрявцев жоғарғы аспектілерге байланысты қылмысты саралауды төмендегі кезеңдерге бөліп қарастырады.

1)    Саралау- ұзақ қамтылған процесс;

2)    Саралау- құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне сай белгіленген, заңды



актіге ресмиленген қорытынды құжат.

Сондықтан, қылмысты саралаудың әдістемелік негізгі материалистік түсінікте қараларды, яғни заң нормасының жалпы мағынасы мен нақты іс-әрекеттің құбылысының арасындағы байланыс. Заң нормасы бізге мәлім құбылыс ретінде жылпы, абстракты ұғымда жүзеге аысырылады. Жалпы алғанда, қылмысты саралау, яғни қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралаудың негізгі түрі. Қылмысты саралауда белгілі тұлға құқық бұзушылықтың қайсы түрін бұзуды, мінекей осы мәселені анықтап алуымыз қажет. Ал бізге белгілі жағдай, құқық бұзушылық бірнеше түрге бөлінеді. Олар: азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылық. Демек, қылмыстық саралау қылмыстық құқық бұзушылықта жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң жүктеген міндетті орындамау, заң тыйым салған әрекетті жасау, яғни құқық бұзғаны үшін кінәлі адам заң бойынша жауапқа тартылады. Құқық бұзушылықтың түрлері өзара қоғамға қауіптіліктің дәрежесіне, мөлшеріне байланысты. Шынында да, әкімшілік құқық бұзушылық қоғамдық ортада цензуралық (әдепті) балағат сөзсіз болып табылады. Бұл әрине қоғамға қауіпті қылмыстардың дәрежесінен төмне. Негізінен құқық бұзушылық заң бойынша екіге бөлінеді: 1) қылмыс; 2) теріс қылық. Қылмыс құқық бұзудың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар: әкімшілік жауаптылық (мысалыкөшеде жүру, автокөлік жүрізу тәртібін бұзғаны үшін); тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны үшін); азаматтық құқықтық (мүліктік) жауаптылық. Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қылмыс құрамының төрт элементі түгел болғанда ғана тартылады. Олар: Объект, объективтік жа,ы. Субъект, субъективтік жағы. Егер аталған төрт жақтың біреуі болмаса, тұлға жауапқа тартылмайды. Төрт жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелеу кінәсі болмаса да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірілген зиянын көлік иесі төлейді. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары белгіленген болса, кінәсәздәк болжамы қолданылады. Тұлғаның кінәсі дәлелденбей, ол қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды [24,102-103б]. Әрине , қлмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. осыған орай, қылмысты азаматтық құқық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты»- деді А.Н. Ағыбаев [25,40,41б].  Шынында да , басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына , заңдар мен нормативтік актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ол қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді. Айталық, кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғуда. Мәселен, А.Н. Ағыбаев «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінін көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады» деп өз тұжырымын ұсынды. Алайда, жоғарыдағы тұжырымды  айқындап қарасақ, қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Яғни, мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Мәселен, кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір объектіге қол сұғуы мүмкін.  Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігімен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық бұзушылықта қоғамға қауіптілік дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігімен паудалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса немесе ерәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгенен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады. мәселен, лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс [309-бап], ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеті тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтың құқығын елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса , қылмыс ретінде сараланады. Ал егерде елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әреке әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады.айталық, Қазақ КСР 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп жағдайларда бірінші ретістеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекеті қайталап жасауы  қылмысқа тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балықаулау, су аңдарын аулау т.б. басқа жүргізілетін басқа бір кәсіппен айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай әтртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса,ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайла іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Енді іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Қылмысты саралуда құқық бұзушылықтың түрлері де маңызы зор. Мысалы, қылмысты саралауда әскери қылмыстарды тәртәптәк теріс қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің ісетлген уақыты, жайдайы,орны үлкен әсер етеді. Мысалы, соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу- қылмыс, ал бейбітшілік уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс әрекет болып табылады.  іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге жататын кінәнің нысандарын, ниетпен мақсатты дұрыс анықтауға да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде қасқана жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені жеңіл жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс- теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа бір зұлымдықниетпен құжаттарға жалғандық жасаса- қылмыс, ал ондай ниет болмаса,ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады. Б.А.Куриновтың пікіріне сүйенсек, құқық бұзушылықты айыру түрлерінің мәселелері құқықтық қатынас пен тығыз байланысты,- деді [9-14б]. Бұл арада құқықтық қатынастың маңызы неде ?

Ғ. Сапарғалиев құқықтық қатынасқа  төмендегі жүйелі ой-пікірін ұсынды, яғни құқықтық қатынас дегеніміз- қатысушылардың субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар яғни құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып табылады. (24,83-84б).  Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастың бірінші белгісі — бұл қоғамдық қатынас, былайшы айтқанда адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқы мен тікелей байланысты. Осыған орай, қоғамдық қатынастар дегеніміз- адамдардың белгілі бір әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез құлықтары, іс-әрекеттері мен олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады. Әрине, қоғамдық қатынастар бұл өте күрдері және әртүрлі, жан-жақты әлеуметтік,өз бойынша бірнеше элементтердің жиынтығын қамтитын құрылым болып табылады. оған жататындар қатынастардың субъектісі (адамдар, мемлекет,ұйым әжне т.б.) матреиалдық заттар, игіліктер (заттар, құжаттар) қоғамдық қатынастың өзара байланысы олардың іс-әрекеті жағдайы т.б. Бұл элеменеттер өзара тығыз байланысты, осы элементтердің өзара бір тұтас бірлігі қоғамдық қатынастардың тұтастығын құрайды. Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық қатынастардың белгілі бір элменеттеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылардың біріне (заңды тұлға немесе жеке тұлға) белгілі бір қауіп келтірілуіне әсері арқылы көрінеді. Қоғамдық қатынастардың қылмысты саралаудағы маңыздылығы, оған келтірілген зиян мөлшері қылмысты саралау үшін сондай-ақ сол қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де аса қажет. Қылмысты дұрыс саралауда іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, анықтау үлкен рөл атқарады. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез құлқының сыртқы көрінісі болып табылады. Кез келген іс әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Келесі ретте, қылмысты саралаудың түрлері туралы ой толғасақ, ең алғаш болып А.А. Герцензон, В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко ой қозғады. Бұл орайда бұрын бұлжымас болып көрінетін күдіктер мен толғаныстар қалыптасып, айқандалды. Сонымен, қылмысты саралаудың қыры мен сырының тізбегі топшыланып екі түрге бөлінде.  Олар: легальдық саралау (ресмиленген) және доктринальдық саралау (ғылыми). Айталық, ресмиленген саралау- қылмыстық істің барлық сатысында жүргізіледі  (қылмыстық істі қозғаудан бастап бақылау тәртібіне дейін). Ресмиленген латын тілінен аударғанда LegaIis –заңды деген мағына білдіреді.

Доктриналдық саралау- ғылыми еңбектер, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалар т.б. еңбектерде жүзеге асырылады. Ғылым- адамның мәндік күшінің, қбаілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді, өйткені дүниені қоағмдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білуіміз керек. Ғылым бүкіл дүние жүзілік, т.б. мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде ғылым қоғамның өндіргіш күшіне айналып отыр. Ол қоғам өмірінің барлық жағына, әлеуметтік салаға, саясатқа, экономикаға, мәдениетке т.б. елеулі ықпал ажсауда. Мәселен, адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп өркендеуінде, тарихи сатылары мен ілгерлеуінде ғылымның атқаратын рөлі айырықша екені белгілі. Осыған орай, доктринальдық саралау- ғылыми тұрғыда оқиғаларды, құбылыстар мен афктілерді сипаттап қана қоймайды,сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың , құбылыстардың бұдан былайға даму бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің  құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігі мен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленді. Ғылыми білім ғылыми ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталады. Доктриналь латын тілінен   Doctrina — оқыту деген мағына білдіреді. Шын мәнін келсек, қылмысты саралаудың түрлеріне байланысты ешқандай дау туған жоқ. Барлық ғалымдардың көзқарасы бір бағытта бейнеленді. Мәселен, Ф.Г. Бурчак, Г.А. Левицкий, В.И. Малыхин, Г.Т. Черненко т.б. ғалымдардың көзқарасы бір арнада біріктірілген. Бұл арада біз Г.А. Левицкийдің «ремиленген саралау мен доктринальдық саралау түптің тібінде айқындалған логикалық іс әрекет болып табылады, сонымен қатар қылмысты дұрыс сарлауды қылмыстың әлеуметтік- саясатын дұрыс қолдану арқылы құқықтық баға беруде саралаудың жоғарғы аталған екі түрінің атқаратын рөлі ерекше» деген пікіріне жүгінеміз [13,144б].

Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес.  Алайда, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Ал қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау тәртібімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана беріледі, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқықтық норманы бұзудың нәтиежсі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады, қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық болмайды, яғни қылмысты саралау көрініс таппайды.  Мысалы, кісі өлтіру қылмыстық заңға қайшы істелген іс әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы іс әрекетке  Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды.  Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдарының қызметті борышы, негізгі міндеті.

Біріншіден, қылмысты саралау заңды анықталған қылмыс құрамының қорытынды шешімі болып табылады, яғни қылмысты дұрыс саралау сот органдарының заңдылық қағиадны дұрыс, бұлжытпай орындауы.

Екіншіден, қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралауды жүзеге асырады, яғни қылмыстық заңды дұрыс қолданбау дұрыс емес саралауға жол ашады.



Үшіншіден, қылмыстық құқықтық норманы дұрыс қолдану. Мысалы, нақты бір іс-әрекетті [ұрлық, 175-бап] бір сот ұрлық, екіншісі тонау, үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөнінде конституциялық қағиадны өрескел бұзылғандығы болып табылады. Біздің ойымызша, қылмысты саралау өзінің біркелкі мақсатын құрайды. Осыған орай, қылмыстың қалай жасалғанын, заңдылық негізін дұрыс көрсету, қоғамға қауіпті қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамымен дұрыс анықтап қылмыстық жаза тағайындағанда жауаптылықты кінәлі қылмыскерге дұрыс қолдану. Келесі қарастыратын мәселеміз, қылмысты саралаудың басқа да аспектілері мен қарым қатынасы. Мәселен, психологтардың айтуынша қылмысты саралау ойлану процесінен туындайды деген пікір ұстанады. Қылмысты саралауда ойланудың яғни, логикалық процестің қандай қатысы бар? Ғылым мен тәжірибенің сан алуан мәселелерін нақты шешу үшін, олардың мәселелерін одан әрі зерттеп білу үшін  логикалық процестің маңызы зор. Қылмысты саралауда ой тұжырым арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа  білім аламыз. Қылмысты саралаудағы белгілі заңдылықпен байланыстыруға ой тұжырымның атқаратын рөлі ерекше. Ой тұжырымның, яғни логикалық  процестің арқасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе заңгер қылмысты саралауда көптеген процестерді байланыстырып, белгілі жүйеге шоғырлайды. Яғни, ойлау тәжірибелік қызметтің идеялық формасы (логикалық процесс туралы 1.3 тармақта толық ашып қарастармыз). Бұл арада Г.А. Левицкийдің пікіріне сүйенсек, қылмысты саралау ұғымын психологиялық және логикалық акспектіде түсіндіреді, яғни бұл екі аспектінің ойлану проецесінен туындайтынын атап көрсете отырып, екеуі бір-бірінен ажырамас бөлінбейтін жиынтық ретінде саралау ұғымын бейнелейді, деп тұжырымдайды [13,144б]. Әлбетте бұл  тұжырым логикалық аспектіде мақұлданатын ой тұжырымнан туындайтын сезімдік тәжірибенің мәліметтерінде расталады, бірақ та қылмысты саралау ұғымының анықтамасын бейнелемейді. Мәселен, әйгілі польшалық профессор И. Андреев өзінің «Қылмыстық белгілерін анықтау» оқулығында, қылмысты саралау логикалық ой тұжырым заңына сүйене отырып, заңдылық саралауды логикалық аспектіде саралаудың бір бөлігі деп, жоғарыдағы пікірді мақұлдайды. Теориялық қылмысты саралау мәселелерін оқып танысу барысында заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстық нақты құрамын анықтауды, қылмыстық дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл арада іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің және тұлғасын, жауаптылығын жеңілдететін және ауырататын мән жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты қылмыс құрамы белгілерін дұрыс талқылап айқындауда, қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, сонымен қатар адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйренеді.

Мәселен, Б.А. Куриновтың пікіріне сүйенетін болсақ, теоиялық қылмысты саралау мәселелерін төмендегі тақырыптарға бөліп қарастырады. Қылмысты саралаудың түсінігі, қылмысты дұрыс саралаудың маңызы, қылмысты сарлаудың әдістемелік негізі; қылмыстық заң қылмысты саралаудың құқықтық негізі; саралау және қылмыс құрамы; аяқталмаған қылмысты саралау, көптік қылмыстық бойынша саралаудың жалпы сұрақтары; Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің коллизиялық және арнайы нормалар және қылмысты саралау, қылмыстық процестің сатыларындағы қылмысты саралау мәселелерін айқындаған. Сол сияқты, П.И. Стучка атындағы Латвия Ұлттық университетінің  доценті М.И. Блум 1971 жылы жоғарыдағы әдістемелік нұсқаға ұқсас, өзінің әдістемелік кеңесін құрастырған. Б.И. Куриновтың тақырыптарына қоса, қылмыстық құқықтық нормаларды оыту және қылмысты саралау; қылмыстық заңның қолданыстағы шегі және қылмысыты саралау т.б. бөлімдерді біріктірген. Көптеген басқа да ғалымдардың жоғарғы арнайы курс бөліміне арналған қылмысты саралаудың теориялық мәселелері атты әдістемелік нұсқасы жеткілікті [9,3-19б].  Мәселен, В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов, В.И. Малыхин, Б.А. Куринов т.б. бір топ ғалымдардың оқулықтарда, монографияларда қамтылған әдістемелік кеңесін көруімізге болады. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаевтің жетекшілігімен жоғарғы Арнайы курс бөлімінде және магистранттарға арналған толықтырып құрастырылған жаңа әдістемелік нұсқа қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімінің тиісті сұрақтарына арналған, теориялық қылмысты саралау мәселесі атты нұсқаны бейнелейтін болсақ, бұл нұсқа: Кіріспе, қылмыстық құқықтық теоиялық мәселесін оқытудың мақсаты және қылмыстық құқықтың теориялық мәселесін оқытудың міндеті атты үш тақырыпшадан тұрады. Аталмыш арнайы курсқа арналған нұсқа төмендегі сұрақтарды қамтиды.

-         Қылмысты саралау мәселесінің ұғымы және маңызы.

-         Саралау түсінігі, маңызы және жалпы сұрақтар, қылмысты саралаудың түрлері.

-         Негізгі қылмыстық заң қылмыстың құрамы бойынша саралау мәселелері.

Қылмыстық  саралау заңның маңызы қылмысты саралау пайдаланатын қылмыстық заңсыз нормалар мәселесі, қылмыс құрамы қылмысты саралау үшін заңдылық үлгі.

-         Қылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы және зиянды әрекеттердің

мәселелерін саралау.

-         Қылмысты объективтік жағының саралау мәселелері. Объектінің түсінігі,

түрлері және оның маңызы. Қос объектілік қылмыстар, қылмыстың заты, оның саралау мәселелері. Саралау барысында зияндылық әрекетті табу. Қылмыстық әрекетінен зиянды зардабын табу. Себепті байланыс және қылмысты саралау мәселелері. Объективті жағынан факультативтік белгілерінің қалай саралауға әсер етуі.

-         Қылмысты  субъективтік белгілер бойынша саралау мәселелері. Жалпы

ережелер субъекті бойынша қылмысты саралау мәселелері.  Қылмысты саралау барысында қылмыскердің жасын есепке алу. Ерекше субъектілер тарапынан жасалынған қылмыстарды саралау. Саралау барысында кінәнің нышандарын анықтау мәселелері. Ниет пен мақсат бойынша саралау мәселелері.

-         Аяқталмаған қылмысты саралау. Қылмысқа оқталуда оның түрлерін

анықтау. Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оны саралау. Қылмысқа қатысушылықты саралау мәселелері, қылмысқа қатысушылықтың түрлері саралау. Қылмысқа қатысушылардың кейбіреуінің қылмыстан бас тартқан жағдайы оның саралауға әсері.

-         Көптік қылмыстық бойынша саралау мәселелері.

-         Қылмысты қайталау немесе кәсіп ретінде қылмыс жасау саралау әсері.

-         Қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелесуі және саралау мәселелері.

Жоғарыда көрсетілген әдістемелік нұсқада қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясының сұрақтары толық көлемде қамтылған. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаның соңғы бетінде жоғарыда көрсетілген алты тақырыпқа қолданылатын әдебиеттердің тізімін толық және нақты құрастырған. Қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясы өте күрделі әрі маңызды құбылыс. Елімізде жоғарғы оқу орындарының заң факультетінде арнайы курс ретінде тереңдетілген салада ғылыми және тәжірибе тұрғысынан дәріс сабақтары өткізілуде.


Тарау І. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы


1. Қылмысты саралаудың түсінігі

Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау органдарының қылмыстық-құқылық нормаларды қолдануының бір сатысы ретінде қарастырылды. Ол тиісті лауазымды тұлғалармен алдын ала тергеуде, сот тергеуінде, аппеляциялық және бақылау өндірістерінде жүзеге асырылды.


Б.А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады./1/ Мысалы, тек сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға бұлтаратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу, жазаның орындалысын кейінге қалдыру т.б. мәселелерді қойып және шешуге болады.
В.Н. Кудрявцев қылмысты саралауды терең меңгерілуі барысында әділсоттылықты заңға қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қылмыстық құқықтың жалпы мәселелердің қатарына жатқызады./2/ Оның пікірінше «кез келген қылмыс түрі үшін маңызды болып табылатын, нақты іс бойынша қолданылуға жататын қылмыстық заңның бабын таңдаудың негізі мен тәртібін айқындайтын саралаудың жалпы ережелері мен қағидалары» зерттелуі қажет.
Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып табылады.
Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің мәністері бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның мазмұнын нақтылап, маңызын ашып көрсететін көлемділері де кездеседі. Олардың алғышқысында мысал ретінде «Қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің белгілі бір қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестігін анықтау»./3/
Құқықтық білімдердің энцоклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша «Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту»./4/ Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме. б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін үлкен маңызға ие болады; в)қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді. В.Н. Кудрявцевтің санауынша қылмысты саралау оған заңи баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық-құқылық норманы көрсету болып табылады. Б.А. Куриновтың пікірінше «қылмысты саралау – бұл өмірдегі нақты жағдайдың – қылмыстың – қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қортынды жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын таңдап алу және мағынасы бойынша заңи саралаулардың тек бір түрі ғана болып табылады»./5/
«Квалификация»- термині латын тілінен аударғанда әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді. «Сараланған қылмыс» анықтамасы берілген қылмыстық іс-әрекет жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын білдіреді./6/ Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша қоғамдық-қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді.
Қылмысты саралу ұғымына келетін болсақ мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін құқық қорғау органдарының анықтауының логикалық процессі; 2) Осындай қызметтің нәтижесі – қылмыстың жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында қарастырылғаны ғана бағаланады.
Теорияда және практикада қылмысты саралаудың екі мағынасы өзара байланысты және өзара шартты ретінде қарастырылады. В.Н. Кудрявцев және Б.А. Куринов бұл жағдайды атап ғана қоймай, қылмысты саралау ұғымын анықтау барысында ескеруді ұсынады.
Аталған жағдайды сақтамау немесе ескермеу яғни істің нақты мән-жайларына сәйкес емес қылмыстық заңды қолдану жасалған қылмыстың сипаты туралы түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс баға бермейді және әділетсіз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-тергеу органдарымен беріледі.
Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші болмайды.
Саралау дегеніміз – бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады./7/
Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқылық салдар).
Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді.
Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚК-тің 101 бабы бойынща яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 96 бабының 1 бөлімі бойынша алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы , ал 96 бабтың 2 бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады.
Қылмысты саралау процессі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі қозғаудан бастап қылмыстық процесстің барлық сатыларында орын алады. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64, 66, 67, 190, 197 баптарында Қылмыстық істі қозғау, қылмысты ашу, және істі процессуалдық құжаттау міндеттері туралы айтылған. Қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.
Қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарумен шектелмейді. Оның мазмұны болып а) қылмыстық істі қозғауға заңды себептер мен негіздердің болуын алдын ала тексеруі, б) қылмыстық істі қозғау туралы мәселенің тікелей шешуі табылады./8/ Сондықтан аталған қаулыны шығарғанға дейін сот өндірісінің тиісті органдары іс бойынша өндірісті бастау мүмкіндігінің шарттарын анықтайды, көп реттерде бұл үшін белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындайды және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ қылмысты алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге асырылуы мүмкін.
В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады: «қылмыстық процесстің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде) құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі»./9/
Қылмыстық процесстің келесі сатыларында қылмысты саралау талданып нақтыланады. Бұл тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы негізделген қаулыны жасақтауда орын алады онда іс- әрекет сараланатын қылмыстық заңның бабы; айыптау қортындысында сотқа өткізу сатысында алдын ала таңдау барысында айыпталушыға тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық заңның қолданылуының дұрыстығы анықталады, жасалған іс-әрекеттің мемлекеттік бағалануы болып табылатын сот үкімі әрине, одан тыс қалмайды. «Соттық тергеу актілерінің жүйесінде – үкім маңыздылығы бойынша ерекше орын алады: онымен қылмыстық іс негізінен шешіледі және сотталушының өзі сотқа берілген қылмыс бойынша кінәлілігі туралы және оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі мәселеге түпкілікті жауап беріледі»-деп жазған М.С. Строгович./10/
Аппеляциялық және бақылау өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты саралау мәселелері бұл жерде де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459 баптарына сәйкес қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы – аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-құқылық норманы оның дәл мағынасына қайшы келетін түсіндірудің және қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі немесе істі қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін.
Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды»./11/
Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралаудың жүргізілуінің өзі үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда іс-әрекеттің барынша жалпылама белгілері анықталады яғни , құқықтық қатынастың түрі анықталады». Екінші кезеңде «қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы анықталды». Үшінші кезең «қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және салыстырудан тұрады»./12/
«Қылмыстық құқық» оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқылық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.
Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқылық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар»./13/
Осыдан біз сілтеме жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі.
Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.
Негізінде қылмысты дұрыс саралау қылмыстық істі тексеру барысында тергеу мен сот арқылы анықталатын обективтік шындықтың мазмұнына кіреді.
Сот тергеу практикасында қылмысты дұрыс сараламаудың көптеген мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің ауырырақ қылмыс түрі үшін жауап кершілік қарастырылған бабы таңылады. Мысалы ол ұрлық жасады (ҚК 175 бап) бірақ ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚК 180 бап) жауапкершілікке тартылады. Келтірілген мысалда қылмысты дұрыс сараламаудың түрлерінің бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс сараламаудың тағы бір түрі қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік көзделген баптың қолданылуы болып табылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 250 бабының орнына 209 бабын қолдану.
Қылмысты дұрыс сараламаудың үшінші түрі қолданылуға тиісті баптың, тиісті емес бөлігін және тармақшасын қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі адамға ҚК-тің 178 бабының бірінші бөлімінің орнына, екінші бөлім қолданылады.
Қылмысты дұрыс сараламаудың төртінші түрі қылмыстың бір түрін жасаған адамға ҚК-тің бірнеше бабын қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы бандитизім жасаған адамға 237 баппен қатар ҚК-тің 96, 179 баптарын қолдану. Қылмысты саралаудағы осындай қателіктерді әдебиетте басы артық саралау деп атау қалыптасқан.
Қылмысты дұрыс сараламаудың келесі, бесінші түрі қылмыстың жиынтығын ҚК-тің бір бабымен немесе баптың бөлімімен саралау болып табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып жасалған қарақшылық үшін ҚК-тің 179 бабының 2 бөлімінің 2 тармақшасы қолданылады дұрысында ҚК-тің 251 бабыда қолданылуы тиіс болатын.
Саралаудың соңғы түрі іс-әрекетінде қандайда болмасын қылмыс құрамының белгісі жоқ адамға қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы болып табылады. Осындай жағдайда іс-әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп танылады. Енднше қылмыс жасамаған кінәсіз тұлға негізсіз қылмыстық жауапкершілкке тартылады ол өз кезегінде Қазақстан Республикасның Конститутциясының 77 бабында бекітілген адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Нақты қылмыс құрамының белгілері жоқ әрекетті құқық қорғау органдарының ҚК-тің әлдеқандай бабымен дұрыс сараламаудың барысында осындай жағдай орын алуы мүмкін . Мысалы тұлға Қылмыстық кодекстің 162 бабымен жалдамалылық үшін жауапқа тартылады алайда оның материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасағандығы дәлелденбеген.
Өкінішке орай, көп жағдайда анықтама және алдын-ала тергеу органдарында айта қаларлықтай жиі кездесетін қылмысты дұрыс сараламау оқиғалары белгілі болмай қалады, саралаудағы қателіктерге істі сотта қарауда да жол беріледі. Соның нәтижесінде анықтама және алдын ала тергеу органдарымен қылмыстың дұрыс сараланбауы сотта да қайталанып әділсотты емес үкімдердің шығуына жол беріледі. Кей реттерде қылмысты дұрыс сараламау оқиғаларының кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту деп атауға болады.
Қылмысты дұрыс сараламаудың осындай оқиғалары барлық қылмыстық істер бойынша үкімдерге шағым немесе наразылықтар келтірілмеуіне байланысты жоғарғы сот сатыларында да әрқашан анықтала бермейді. Сондықтан үкімдердің басым бөлігі жоғарғы сот сатыларында тексеруден өтпестен күшіне енгізіледі және орындалады.
Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-де қылмыстық заңды дұрыс қолданбауға байланысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілетін, сот үкімі өзгерілетін немесе күшін жоятын нормалар қарастырылған. Олардың қатарына ҚІЖК-нің 303, 376, 416, 432, 436, 459 баптарын жатқызуға болады.
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3


І ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 4
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері 4
1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны 5
ІІ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7
2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері 7
2.2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

Кіріспе


Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды – формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз – қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық.

Қоғамдық қатер дегеніміз – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.

Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.

Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққы қайшылық табылады. Қайшылық – жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек тиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға «валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.

Жоғарыда айтылған қылмыстық құқыққа қарсылық белгісімен өте тығыз байланысты екі белгі – кінәлілік және жазалылық.

Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік кінәсіз келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.

Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.

Жазалылық – бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, амнистия, рақымшылық және т.б. жағдайлармен, бәрақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік қылмыс болып қоса береді.

Міне біз қылмыс белгілерімен танысып өттік. Енді осы қылмыстың құрамына, квалификациялануына негізгі бөлімде қарастырып шығамыз.

І Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы

1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері

Қылмыс түсінігінің жалпы анықтамасы – заңдық абстракция, шын әрекетте орын таппаған. Бұл түсінікте барлық қылмысқа тән белгілер мазмұндалады.

Дегенмен қылмыс жасауға мүлдем болмайды, жасаған күннің өзінде қылмыстық тәртіппен нақты қылмыстар жазаланады (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және с.с.). Бұл көрсетілген қылмыстар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлім баптарында орын алған.

Қылмыстық Кодекстің 3-бабында жазылғандай «қылмыстық жауапкершіліктің негізгі болып қылмыстың жасалуы, яғни қылмыстық заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгісі болуы керек» — делінген.

Қылмыс өздігінен танылмайды, ол қылмыс құрамы белгілерінің сәйкес келуімен ғана қылмыс болады. Заң шығарушы қылмыстық–құқықтық нормада қылмыс құрамының анықтамасын былай бекіткен.

Қылмыс ретінде нақты қауіпті әрекетті сипаттаушы қылмыстық заңмен бекітілген объективті және субъективті белгілердің жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп аталады.

Қылмыс пен қылмыс құрамы деп ұқсас, бірақ бірдей түсініктер емес[1]. Қылмыс бұл объективті шындықта нақты тұлғамен жасалған әрекет не әрекетсіздік.

Ал қылмыс құрамы бұл белгілі бір қылмыстық әрекеттің белгілерін бекітуші нормативтік категория. Егер қылмыс, яғни оның жасалуы қылмыстық жауапкершіліктің фактілік негізгі болса, ол қылмыс құрамы оның заңдық негізі. Бұл екі негіз бір-бірімен тығыз байланысты және бүтін бір бірлікті құрайды: заңдық бекітілген қылмыс құрамынсыз қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс болып табылмайды, қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік жүзеге аспайды. Сонымен қатар тек қылмыс құрамының негізінде ғана қылмыстың сапалық дәрежесін анықтау процесі іске асады. Қылмыс құрамынан басқа жағдайлар қылмыстық жауаптылық негізгі бола алмайды. Ал негізсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Ал егер қылмыстық қудалау басталған күннің өзінде, қылмыс құрамының жоқ екені анықталған сәтте, ол іс қысқартылып тасталады.

Заңдық әдебиеттерде дұрыс көрсетілген, яғни жасалған әрекет қылмыс құрамының барлық белгісінен тұратын болса, бұл қылмыстық жауаптыққа жеткілікті негіз болып табылады. Басқа барлық жағдайлар жүргізілген іске қатысы бар болса, сот жаза тағайындағанда есепке алынады. Бұдан түсінетініміз қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік іске аспайды. Сонымен қатар қылмыс құрамы басқа да маңызды, аса қажетті міндеттерді атқарады. Тек қылмыс құрамы негізінде қылмысты саралау процесі жүзеге асады, яғни қылмыс құрамы құқық қолданушыға жасалған қылмыстың мазмұнын толық және нақты белгілеп көрсететін ең қажетті қылмыстық – құқықтық үлгі[2].

Қылмысты квалификациялау – қылмыстық құқықта өте күрделі және маңызы зор мәселенің бірі. Бұл қылмысты квалификациялау процесі теория жүзінде ғана емес, практика жүзінде де маңызы зор. Қылмыстық заңның тиімді пайдалануы және осы заңға тәуелді адамның тағдыры – қылмыстық дұрыс квалификациялануына байланысты шешіледі. «Квалификация» термині латынның екі сөзінен құралған «gualis» — сапа және «facere» — істеу, яғни сапалы істеу дегеннен шыққан. Қылмыстық құқық тілінен айтқанда – қоғамға қауіпті әрекетке сапалы баға қою дегенді білдіреді. Басқа сөзбен қылмысты квалификациялау – қылмыстық – құқықтық нормада қарастырылған нақты фактілік белгілерге сәйкес қылмыс құрамын әрекеттердің заңды түрде бағасын бекіту.

Қылмысты дұрыс квалификациялау – бұл қоғамға қауіпті әрекет қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Қылмысты квалификациялау кезінде Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің берілген әрекетке сәйкес қылмыс құрамы бар баптар не баптың бөлімдері нақты көрсетілуі керек, ол аяқталмаған қылмыста, сыбайластықта,[3] Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің сәйкес баптарына сілтеме жасалады. Қылмысты квалификациялау нәтижесі іс жүргізу құжаттарында сипатталады (қылмыстық істі қорғау туралы қаулылар, айыпкер ретінде жазаға тарту туралы қаулылар, үкімді және т.с.с.).

Қылмысты квалификациялаудың мәні – оның қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамға қауіпті жасалған әрекетті заңды түрде есепке алып, кінәлі тұлғаға әділ жазасын беру болып табылады.

Осы айтылған сөздерден қылмысты дұрыс квалификациялау қоғамға қауіпті әрекетке нақты әлеуметтік-құқықтық талдау жүргізуді қамтамасыз ететінін аңғарамыз.

Әрекетті дұрыс квалификациялау үшін және қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің фактілік жағдайларын, қылмыс құрамының барлық белгілерін жақсы білуіміз керек.

Сонымен, құқық қолданушы органдар қылмысты қаншалықты дұрыс квалификацияласа, қоғамдағы заңдылықтың жағдайы соншалықты әділетті болады.

1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны

Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі көрсетілген: объект, объективтік жоқ; субъект, субъективтік жоқ. Қылмыс құрамының элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Егер бұл элементтерінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамынын жоқ болғаны, яғни қылмыстық жауапкершілікке негіз жоқ.

Қылмыс объектінің астарынан түсінетініміз – қылмыс арқылы зиян келтірілген заңмен қорғалатын игілік, әлеуметтік құндылық[4]. Бұндай игілік ретінде отандық қылмыстық құқық ғылым қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды таниды.

Адамның мінез – құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті мінез-құлық). Мысалы: ұрлық – біреудің мүлкін жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Кей жағдайларда қылмыс құрамының объективті жағына әрекет не әрекетсіздіктен басқа қылмыстық салдарды, себепті байланысты да жатқызады. Мысалы: ұрлықтың құрамы, осы әрекет арқылы меншік иесіне зиян келуі. Бұдан басқа объективті жоқ қылмысты жасау жағдайы, орны, уақыт, тәсілі, қаруы және құрал-жабдықтары жатады.

Қылмыс субъектісі болып қылмыс жасаған және қылмыстық заңмен қарастырылған белгілерге ие физикалық тұлға табылады белгілері: есі дұрыс, анықталған жасқа толу және кей жағдайларда арнайы белгілері болады (мамандығы, лауазымы және т.б.).

Қылмыстың субъективтік жағын адамның мінез-құлқының ішкі психикалық жағын сипаттаушы белгілер құрайды: кінә, себеп және қылмыс мақсаты.

Теорияда қылмыс құрамының белгілерін екіге бөледі: негізгі және арнайы.

Негізгі белгілері (міндеттеуші не жалпы) – бұл әрбір қылмыс құрамында болатын белгілер. Осы белгілердің білгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді. Негізгі белгілерге жататындар: қылмыс объектісінде – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс объективті жағында — әрекет не әрекетсіздік; қылмыс субъектісінде физикалық тұлға, есі дұрыстық, жасы, қылмыстың субъективті жағында – кінә.

Арнайы белгілер (факультативті, толықтырушы) – бұл белгілер заң шығарушының барлық елес тек қана қылмыс құрамының бір бөлігін негізгі белгілерге толықтыру ретінде пайдаланатын белгілері. Арнайы белгілері жататындар: қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыс пәні, қылмыстық объективті жағында – салдар, себепті байланыс, қылмыс жасаудағы жағдай, уақыт, орын әдіс, қару және құрал-жабдық;

Қылмыс субъектісінде лауазымды не қызметтік жағдайы, соттылығы және т.б.; қылмыстың субъективті жағына ол – себеп мақсат.

Қылмыс құрамының негізгі және арнайы болып бөлінуі тек қана теориялық мәнге ие, ең бастысы қылмыстық–құқықты оқытқанда қолданылады. Практикада бұндай бөлу құқық қолданушының нақты қылмыс құрамымен жұмыс істейтіндіктен, оларға қылмыстық-құқықтық нормада көрсетілген белгілердің барлығы міндетті болғандықтан шартты сипатқа ие болады. Мысалы: ұрлықта біреудің мүлкін жасырын ұрлау әдісі міндетті белгі ретінде танылады.

Кейбір жағдайларда арнайы белгілер қылмысты квалификацияғанда есепке алынады. Егер арнайы белгі қылмыс құрамына кірмесе, онда ол қылмысты квалификациялауға әсер етпейді және жаза бекіткенде есепке алынады.

Қылмыс құрылымының жалпы түсінігі – қоғамға қауіпті әрекетінің қылмыс ретінде сипат алуы, оны қылмыс не қылмыс емес екенін тану немесе оны дұрыс квалификациялауға қажетті элементтер жиынтығы. Осы жоғарыда қараған жағдайларды практика жүзінде қолданғандақылмыс құрамын жіктеудің маңызды зор, яғни қылмыс құрамын анықталған түрлнрге бөлеміз. Қылмыс құрамын жіктеудің негізіне жататындар: әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі – заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты, қылмыстың объективтік жағының жіктелуіне байланысты.

Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы – бұл белгілі бір әрекеттің негізгі, тұрақты белгілерінің жиынтығынан тұратын құрам. Толықтырушы белгілерді, яғни жасаған әрекеттің қоғамдық қауіптігінің дәрежесін көтеруші, төмендетуші белгілерін қарастырмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқының 96-бап 1-тармақшасында қарастырылған кісі өлтіру құрамы.

Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жауапкершілікті не жазаны ауырлатушы жағдайлар болса, онда ол қылмыс құрамының квалификациялық түріне жатады[5]. Бұндай квалификациялық белгілерге әр түрлі жағдайлар жатады: қылмыстың қайталануы, әдісі (ерекше қатігездік, зорлау және т.б.), соттылығы, ұйымдасқан топ болуы, қаскүнемдік пиғылы, мақсаты және тағы сол сияқтылар.

Квалификациялық қылмыс құрамы Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің баптарының әртүрлі тармақтарында мазмұндалады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 96-бап ІІ-тармақшасындағы кісі өлтіру құрамы.

Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жеңілдетуші белгілер болса, онда ол артықшылықты қылмыс құрамына жатады. Бұл белгілі қылмыс құрамының ерекше бөлімінің бір бабының әр түрлі тармақтарында немесе жеке бапта болуы мүмкін. Мысалы, артықшылығы бар кісі өлтіру құрамдары бар баптар: жаңа туған баласын анасының өлтіру (96-бап);

аффект жағдайында кісі өлтіру (98-бап); қажетті қорғаныс шегінен шығып кісі өлтіру (99-бап); қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі шараларды шегінен тыс қолдану (100-бап).

Заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты жай немесе күрделі болып бөлінеді.

Жай қылмыс құрамы – бұл құрам элементтерінің қиындық жоқ құрал. Онда ерікті қылмыс құрмайтын бір ғана әрекетті, тарауды не сатыны сипаттайды, яғни құрам элементтерінің барлығы тек бір-біреуден тұрады.

Қандайда болсын құрам элементтерінің қиындығы бар болса, ол күрделі қылмыс құрамы. Мысалы, қарақшылық (яғни бұнда меншікке және меншік иесіне зиян келеді); зорлау (бірнеше әрекеттермен: психикалық не физикалық күш көрсету арқылы, не тұлғаның дәрменсіз халін қолданып жыныстық әрекет жасау); кінәнің екі түрімен (адамның дене мүшелерін трансплантация үшін не басқа жағдайларға пайдалануға мәжбүрлеп көндіру салдарымен абайсызда кісі өліміне әкеп соқса).

Күрделі қылмыс құрамының әр түрлілігі альтернативті қылмыс құрамы деп аталады, онда қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бәрнеше нұсқалары көзделеді, олардың әрқайсысы өз алдына қылмыстық жауапкершілікке негіз бола алады, мысалы, заңдылық кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.

Қылмыстың объективті жағының жіктелуі практикада маңызды орын алады. Сондықтан қылмыс құрамын объективтік жағына қарай үшке бөлеміз: материалды, формальды және келтелік.

Салдарлар қылмыстың аяқталуының қажетті белгісі шығатын құрал материалдық қылмыс құрамы деп аталады.

Егер жасаған әрекеттен салдарлар пайда болмаса, онда ол қылмыс деп танылмайды (мысалы абайсыз әрекеттер) не қол сұғушылық не қылмысқа дайындық деп сараланады (көздеген салдарлар туғызуға бағытталған қасақаналық әрекеттер).

Формальды қылмыс құрамы – бұл қылмыстық заңмен қарастырылған әрекеттіжасау қылмыс аяқталды деп санауға жетерлік құрам. Бұл жерде салдарлар қылмыстық міндетті белгісіне жетпейді. Мысалы, мемлекеттік сатқындық, зорлау. Егер қоғамға қауіпті салдар тұтас болса, олар формальды құрам не квалификациялау белгілерінің қызметін атқарып, жаза тағайындау кезінде есепке алынады. Мысалы, зорлау салдарынан жәбірленуші венералогиялық аурулар жұқтырса.

Заң шығарушы көп жағдайларда қылмысты аяқтау қылмыстық әрекеттің алдын ала сатысына, яғни дайындау не қастандыққа жатқызады. Бұндай қылмыстың аяқталуы үшін қылмыстық салдардың да, әрекетті соңына дейін жеткізудің де қажеті жоқ. Бұндай келтелік қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, қарақшылық, бандитизм.

ІІ қылмыс құрамының ерекшеліктері

2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері

Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан объектіміз заңмен қарастырылған қылмыс ретінде қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол сұғу кезінде осы объектіге мәнді зиян-залал келтіреді. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқытық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегі мен үлгілерін түсінуге көмектеседі.

Қылмыстың объектісін белгілеу қылмыстың құрамының бір-бірімен ұқсастығын ажыратуға, қылмыстық әрекеттің қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қылмыс объектісінің белгісі бойынша заң шығарушы қылмыстық-құқықтық нормаларды жүйелендіреді және кодификацияландырады.

Көптеген теоретик ғалымдардың ойы бойынша қылмыс объектісі болып қоғамдық қатынастар шығады. Қоғамдық қатынастар – жалпы қатынастардың жан-жақты, күрделі түрлерінің бірі. Қатынастар әдістемеде «барлық құбылыстардың қатынасқа түсу кезеңі», — деп түсіндіріледі[6].

Қоғамдық қатынастардың ерекше сипаты, онда әлеуметтік жол ретінде адамның танылуы. Қоғамдық қатынастардың өзі сипаты бойынша да, құрылымы бойынша да өте күрделі құбылыс болып табылады. Бірақ қоғамдық қатынастардың басты элементтері болып: қоғам, мемлекет және олардың бекітулері, құрылулар және олардың өкілдері, адамдардың бірлестіктері мен ұжымдары, жеке бөлек тұлғалар, материалдық әлемнің пәндерімен әртүрлі үлгіде көрінетін қоғамдық қатынастардың арасындағы байланыстар табылады.

Барлық қоғамдық қатынастар ылмыстық заңмен қорғала бермейді. Тек қана заң шығарушының көзқарасымен қарағандағы ең құнды деген қоғамдық қатынастарға ғана қорғалады және олардың шеңбері әрқашанда қозғалыста болады. Бұл шеңбер бірқатар жағдайларға байланысты өзгереді (ерекше тарихи шарттар, нақты жағдайлар, уақыт, қоғамға қарсы әрекет не әрекетсіздіктің қауіптілік дәрежесі т.с.с.).

Қылмыстық заңда қылмыстық қол сұғушылықтан қорғанатын маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері қамтыған. Сондай-ақ Қазақ ССР-ң қылмыстық кодексінің 7-бабының мазмұнында да қоғамдық қатынастардың қатары айқын көрсетіген, яғни онда «қылмыс деп қоғамдық құрылысқа, саяси және экономикалық жүйеге, меншікке, жеке тұлғаға, жеке тұлғаның саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына, сонымен бірге қоғамдағы құқықтық тәртіпке қарсы қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік» — делінген. Осы айтылған маңызды қоғамдық қатынастарды қорғау қылмыстық заңның міндеті деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында былай деп бекітілген: «Осы кодекстің міндеттері: адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, меншігін қорғау, ұйымдардың құқығын және заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасының территориясының бүтіндігін қорғау, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүддесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысты ескерту». Осы норма мазмұнынан қылмысқа қол сұғушылықтан қорғалатын объектілердің ауқымының кең екенін байқадық. Әрине, болашақта қылмыстық кодексте қылмыстық құқықтың объектілері туралы өз алдына бөлек норма шығарса жақсы болар еді. Мысалы: жеке тұлғаларды қорғау, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық мүдделерді қорғау туралы.

Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырата білу керек. Қылмыстық құқық басқа құқық салалары секілді ең алдымен құқықтық реттеу объектісі арқылы өз алдына сала болып танылады. Құқықтық реттеу объектісіне мемлекет атынан қызмет ететін өкілетті органдар мен есі дұрыс белгілі жасқа толған азамат арасындағы қылмыспен жазаланатын әрекет пайда болатын қоғамдық қатынастар жатады[7].

Қылмыс объектісі болып әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстарда, адамдардың өндірістік, қоғамдық, ішкі және өмірлік процесінде құрылатын қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыс объектісінің жалпы түсінігінің сипаты қылмыс объектісінің жіктеу мәселесіне келіп тіреледі, яғни қылмыс объектісінің түрлеріне тоқталайық.

Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс объектісін үш түріге жіктеген: жалпы, топтық және тікелей.

Жалпы объектіге қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы жатады. Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстың әлеуметтік мазмұнын және оның қоғамғажәне мемлекетке деген қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.

Топтық объект бұл бір немесе барлық қылмысқа емес, тек қылмыстар тобына тән объект. Топтық объект қылмыстар тобы қол сұғатын біртекті қоғамдық қатынастар. Мысалы, топтық объектіге мыналар жатады: ұрлық, тонау, қарақшылық, яғни меншікке қарсы қылмыстар; тұлғаның өміріне, денсаулығына бостандығына, ар-намысы мен абыройына қарсы қылмыстар, яғни жеке тұлғаға қарсы қымыстар тобы болып табылады. Бұл топтық объект қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің тарауларында орын алған.

Тікелей объект бұл бөлек бір қылмыстың нақты қоғамдық қатынасқа бағытталуы. Тікелей объект қылмысты саралап, жазасын анықтағанда, бір қылмыстан екінші қылмысты ажыратқанда үлкен маңызға ие.

Қылмыстың тікелей объектісінде нақты қоғамдық қатынастың сипаты ретінде мүддені алсақ қателесеміз.

Мүдде қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты көрінуі, яғни субъектілердің арақатынасы және мүддесі болмаса, қоғамдық қатынаста жоқ. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы көп түрлі байланыстар жиынтығы. Бұл байланыстар материалды (өндірістік), адамгершілікті, құқықтық және басқа да қатынастар болып келеді. Ол қатынастар әлеуметтік топтар немесе белгілі бір адамдардың мүддесін бейнелейді. Мүдденің тұлғасы ғана емес, сонымен бірге өз объектісі — әлеуметтік құнды игілігі де бар[8].

Қылмыстық құқық теориясында объектісінің негізгі, толықтырушы және факультативті деп үшке бөледі.

Негізгі объектісі – бұл қылмыстық норманың қорғау үшін қалыптыстырылған объектісі. Бұндай объект қылмыстық кодексінің ерекше бөлімдегі норманың орнын анықтау үшін қажетті критерий болып табылады.

Толықтырушы объект – бұл негізгі объектіге қарсы бағытталған қылмысты жасау жолында залалға ұшыраған объект. Мысалы, толықтырушы объект – нақты тұлғаның денсаулығы.

Қылмыстың факультативті объектісі – бұл бір қылмыс мүмкін қатынастар. Мысалы, бұзақылық негізінде тұлғаның мүддесіне зиян келеді. Бірақ негізгі объект қоғамдық тәртіп болып табылады.

2.2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері


Қылмыс құрамының келесі бір маңызды элементі болып қылмыстың қылмыстың объективтік жағы табылады. Қылмыста осы объективтік жақтың белгілері жоқ болса, онда қылмыс құрамы да жоқ деп саналады.

Қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстың құқық диспозициясында көрсетілген құқықтық әрекеттің сыртқы белгілерінің жиынтығы, яғни қылмыстық объективтік жағы адамның ішкі жан дүниесі, сезімі көңіл-күйінен емес, оның сыртқы салалы түрдегі іс-қимылымен сипатталады.

Сонымен бірге қылмыстың объективтік жағы қоғамға қауіпті салдарды және әрекет немесе әрекетсіздіктің себепті байланысында қамтиды.

Қылмыстың объективті жағын сипаттағанда, қоғамдық қауіптілігін, өзіндік ерекшеліктерін, мәнін ашатын белгілерді бекіткен. Нақты қылмыс құрамының объективтік жағы тек қана қылмыстық қарсы және қоғамдық қауіпті белгілерге ие. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы-бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, зорлық-физикалық күш қолдану арқылы немесе дәрменсіз жағдайын қолданып, жәбірленушіні жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу (120 б), бұзақылық-дөрекі түрде қоғамдық тәртіпті бұзу (257 б) және т.б.

Қылмыстық объективтік жағына жататын белгілер: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті салдар, әрекет не әрекетсіздік арасындағы себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қылмыс жасау құралы.

Адамның әрекет немесе әрекетсіздігі кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылады. Ал қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қару және қылмыс жасау құралы қылмыс құрамының факультативті белгілері деп аталады.

Егер осы аталған белгілер қылмыстық құқық нормасының диспозициясында атап көрсетілмеген жағдайда, міндетті белгілер қатарына жатпайды.

Қылмыстық объективтік жағын жете түсінуіміз үшін осы жоғарыда аталған белгілерге тоқталып өтейік.

1. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет – бұл активті мінез-құлық. Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстардың басын көпшілігі тек қана әрекет арқылы жасалады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты үлгісі әр түрлі болып келеді. Қылмыс құралының барлығы дерлік бір-бірімен қоғамдық қауіпті мінез-құлық үлгісі арқылы ажыратылады. Мысалы, ұрлық біреудің мүлкін жасырын ұрлау; тонау-біреудің мүлкін ашық түрде ұрлау, қарақшылық-тұлғаның өміріне және денсаулығына зиян келетін физикалық күш көрсету арқылы меншігіне қол сұғу; алаяқтық-сенімге кіріп, біреудің мүлкін пайдалану.

Адам әрекеті оның сыртқы еркінің көрінісі. Сондықтан ол саналы және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған. Әрекетті ерікті мінез-құлық сипатында көру тұлғалы кінәсіз деп тануға себеп емес.

Әрекетке адамның рефлекстік дене қозғалысы, сондай-ақ ауру адамның сандырақтау жағдайындағы әрекеті немесе өз санасын бақылай алмайтын жағдайлары жатпайды. Сонымен бірге адамның саналы мінез-құлқы, егер ол табиғаттың дүлей күшінің әсерінен болатын болса, бұндай әрекеттер қылмыстық құқықтық мәнсіз келеді.

Әрекет немесе әрекетсіздік осы жоғарыда аталған жағдайда жасалса, бұл қылмыстар қылмыс болып табылмайды. Сондықтан тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі оның еркінен тыс жасалған деп есептеледі.

Егер күш көрсету арқылы қоғамға қауіпті әрекет жасалғанда, күш көрсетілген тұлғаның қарсылық білдіруге мүмкіндігі болмаған жағдайға ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Сондықтан тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттерді ұру арқылы жасауы қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды, себебі бұл жерде тұлғаның өз бетімен әрекет ету мүмкіндігін жоққа шығара алмайды.

Психикалық мәжбүрлеу басқаша мәнге ие. Әрекетті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасау жалпы түрде қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды. Психикалық мәжбүрлеу анықталған жағдайларда қауіпті қажеттілік жағдайына ауысуы мүмкін. Мысалы, кассир өзіне сеніп тапсырылған ақша сомаларын, өлтірумен қорқытып тұрған қарақшыға берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды[9].

Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның міндетті және мүмкін болатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивті мінез-құлық. Әрекетсіздікті қарастырушы қылмыстық құрамы көп емес. Мысалы, қауіптілікке қалдыру, ауруға көмек көрсетпеу және т.б.

Әрекетсіздіктің енді бір тобын аралас әрекетсіздіктер құрайды. Мысалы, қоймашы өзіне сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпсыз қарау салдарынан заттардың бұзылуы. Бұл жерде қылмыс құрамы үшін тұлғаның әрекетсіздігінен зиянды салдарлар пайда болады, яғни әрекетсіздік қылмыстық-құқықтық маңызға ие болады.

Активті әрекеттер жасауға міндеттейтін әр түрлі негіздер бар. Бұндай міндеттемелерді бірқатар жағдайларды қылмыстық заң бекітеді. Мысалы, әскери міндетті тұлға әскери комиссариатқа шақырылған уақытында баруға міндетті; жүргізуші жол көлік оқиғасынан кейін жәбірлеушіге алғашқы дәрігерлік көмек беруге міндетті. Бұл міндеттер заңды бұйрық немесе қызметтік ережемен негізделуі мүмкін. Мысалы, жолда жүру ережелерін сақтау, жұмыскер бастығының айтқанын орындау және т.с.с.

Сонымен бірге кейбір әрекеттер келісім шартқа негізделуі мүмкін. Мысалы, бір тұлға екінші тұлғаны тау асуларынан өткізуге міндеттеніп, қажет жағдайда көмек көрсетпесе, міндеттерін орындамаған болып есептеледі.

Әрекетсіздікке жауапқа тарту үшін тұлғаның әрекет ету мүкіндігінің болған, болмағандығын анықтау қажет. Көп жағдайда міндетті орындау белгілі бір сыртқы жағдайларға тәуелді болады. Жекелеген жағдайларда заңды әрекет етуді шектейтін жағдайлар бекітіледі. Сондай-ақ өмірге қауіпті жағдайда тұрған тұлғаға көмек көрсету міндеті, осы міндетті орындау мүмкіндігімен тығыз байланысты.

Қылмыстық заң қылмыс құралын әрекетті немесе әрекетсіздік тікелей жасаумен байланыстырады және осыдан белгілі бір қылмыстық салдар пайда болуыменде байланыстырады.
Қылмыстық салдар деп қылмыс құрамының объективті белгілеріне жататын және тұлға әрекетімен (әрекетсіздігімен) негізделген қоршаған ортадағы өзгерістерді айтамыз.

Әрбір қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық заңмен қорғалатын тұлғалардың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне қол сұғады. Бірақ қол сұғу объектіге келтірілген зиян материалды емес болуы мүмкін. Өйткені ол заттар әлеміне емес, адамдар арасындағы қатынасқа жатады.

Қол сұғу объектісіне келтірілген зиян әр түрлі үлгіде көрінуі мүмкін. Мысалы, материалдық залал келтіру (біреудің мүлкін ұрлау, бүлдіру), физикалық зиян келтіру (денсаулығына зиян келтіру).

Қылмыстық нәтиже материалдық емес сипатқа да ие болуы ықтимал. Мысалы, азаматтық мүліктік емес субъективті құқықтарын бұзу (саяси, еңбектің және басқа да ұйымдар мен мекемелердің қалыпты жұмысын бұзу).

Заң шығарушы зиянды салдарларды жазу кезінде әр түрлі техникалық тәсілдер қолданады. Соның біреуін алатын болсақ, қылмыс құрамының қасақаналығы заңдағы сипаты бойынша құрамның аяқталуына белгілі бір қылмыстық салдарлар пайда болуы керек. Мысалы, қасақана кісі өлтіру, ұрлау және т.б. Заңда көрсетілген салдарлар жоқ болса, қылмыс жасау үшін қастандық жасалған болып саналады.

Жекелеген қылмыс құралдарында ауыр қылмыс салдарының пайда болуы жасалған әрекеттің қауіптілік дәрежесін көтереді, сәйкесінше жасалған қылмыстың квалификациялануын өзгертеді (мысалы, заңсыз аборт өндірісі – Қ.К 117б).

3. Себепті байланыс.

Материалды қылмыс жасау кезінде тұлға әрекеті немесе әрекетсіздігімен зиянды салдарлар пайда болуы арасындағы себепші байланыстың болуы арасындағы себепші байланыстың болуы немесе болмауы сұрағы туындайды[10]. Қылмыстық құқық теориясында себепті күрделі және даулы мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазіргі қылмыстық құқықта зиянды салдар тұлғаға тек қана, егер оның әрекеті немесе әрекетсіздігімен себепті байланыста ғана айыпталады.

Әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себепші байланыс егер әрекет нәтиженің пайда болуынан бұрын болса ғана болады.

Қылмыстық құқықта көптеген ғалымдар себепті байланысты философиялық категория негізінде қарастырады өмір арасындағы байланыс деп қарастырады.

Қылмыстық нәтиже адам әрекетінің кездейсоқ салдары. Мысалы, адам денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе, бірақ ол адам жараны таңу кезінде қанға инфекция түсіп қайтыс болады. Бұл жағдайда әрекет пен пайда болған салдардың қажетті ішкі байланысы жоқ, тек сыртқы кездейсоқ оқиғалардың ағымы.

Зиянды салдар тұлғаның әрекетсіздігінен де пайда болуы мүмкін. Тұлғаның әрекетсіздігі пайда болуы нәтижесімен байланыста болуы керек. Ол тұлғаның өзінің арнайы міндеттемелерін орындамаудың көрінеді.

4. Қылмыс құрамының объективті жағының факультативті белгілері.

Кез келген қылмыс белгілі бір уақытта, анықталған жағдайда және белгілі бір тәсілмен жасалады. Кей жағдайларда қылмыс жасау уақыты, орны, жағдайы және тәсілінің ерекшеліктері әрекеттің зияндығына мәнді әсер етеді.

Сондықтан заң бұл белгілерді қылмыс құрамының маңызды белгілеріне жатқызады:

1. Уақыт. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарында ерекше бекітілген әскери уақыт әскери қылмыстардың зияны мен дәрежесін көтеретін жағдайлар (367-368 б.б, ІІІ-т.т.).

2. Кей жағдайларда қылмыс құралы белгілеріне қылмыс жасаған орын танылады. Мысалы, қылмыстық кодекстің 385-бабы, тонаушылыққа қатаң жауапкершілік бекітілген, онда өлген және жаралы тұлғаның заттарын алу көрсетілген.

3. Көп жағдайда қылмыстық нақты құрамының объективті жақ белгісі ретінде қылмыс жасау әдісі танылады. Осылайша заң шығарушы меншікке қол сұғуды тәсілдеріне байланысты бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық және т.б).

4. Кей кезде қылмыс жасау кезінде белгілі бір қаруды қолдану тәсілі қылмысты ауырлатады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 187-бап 2 тармақшасында қарастырылған біреудің мүлкін өртеу арқылы немесе басқа да қоғамға қауіпті әдістерді қолданып қасақана бүлдіру немесе жою.

Қорытынды

Осы «Қылмыс құрамы» туралы жазылған курстық жұмысымды қорытатын болсам. Қылмыс құрамы – бұл өте өзекті, күрделі тақырып. Бұл курстық жұмысты жазу барысында, қылмыс құрамын қылмысты саралаудағы маңызы мен ерекшеліктеріне және оның жекелеген элементтеріне тоқтап өттім. Қылмыс құрамын анықтау қылмыскерге жаза тағайындау кезінде аса маңызға ие. Қылмыс құрамының әрбір элементін анықтау, оның дұрыстығына анық көз жеткізу әділ жазаның кепілі болып табылады. Кей жағдайларда осы қылмыс құрамын дұрыс анықтау салдарынан кінәсіз тұлғалардың темір торға түсіп жататындары бәрімізге мәлім. Әрине, қазіргі уақытта жоғарыда айтқан олқылықтар бірлі-жарым. Әсіресе тәуелсіздігімізді алғанға дейін қаншама жастарымыз теріс саясаттың құрбаны болып кетті. Бұл жерде менің меңзеп отырғаным – «Желтоқсан оқиғасы». Көптеген қазақ жастары 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасында» әділеттікке жете алмай, өмірімен қоштасты. Осы бәрі сол уақыттағы заң орындарының өз істеріне немқұрайдылы қарауынан деп ойлаймын.

Бақытымызға орай, Қазақстан Республикасы егемендігін тәуелсіздігін алып, конституциямен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп таныды.

Осыған байланысты кеш те болса «Желтоқсан оқиғасының» құрбандары қылмыс құрамының жоқтығына байланысты заң жүзінде анықталып шыққаны бәрімізге мәлім.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (31.05.2002 №327-11 және 9.08.2002 №327-11, 9.12.2004 № ). Алматы
Арнайы әдебиеттер

Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан, общая часть, «Әділет Пресс» 1997


Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті — Жарғы», 2000
Уголовное право Республики Казахстан, учебник. Алматы «Жеті — Жарғы», 1998
Пионтковский А.А. Курс советского уголовного право. Т.2. Москва, 1970
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Алматы «Жеті — Жарғы», 1999
Кузнецов Н. Ф Преступление преступника Москва 1969
Қылмыстық құқық Жалпы бөлім Москва Инфра. М-Норма 1997
Филиминов Понятия и цель наказния, новое уголовное право РФ, общая часть Москва 1995
Лейкина Н.С Личность преступленика и уголовная ответстветственность Ленинград 1968
Дагель П.С Учение о личности преступника в советском уголовном праве. Владивосток 1970.
Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. Н.Ш.Борчашвили и С.М.Рахметова. В 2-х частях. Часть 1. Алматы: Институт «Данекер», 2000
Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. д.ю.н. проф. Н.И.Ветрова и д.ю.н. Ю.И.Лапунова – М: Новый Юрист, 1998
Баспа материалдары

Сот жаршысы Әділ іс ақталады №1 1996


Листюкин А.Б Государства и право Юридическая техника и правовые ошибки №11 2001
Заң газеті Дияров Н Тура билік тұғырында №9 2002
Қоғам және қылмыс Республикалық апталық газет №8 2001
Правовой вестник, Незаконные действие органов ведущих уго

Программа в данный момент не доступна






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет