Жұмыс бағдарламасы «Э кономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері \" \" №1 басылым



бет8/13
Дата20.06.2018
өлшемі1,07 Mb.
#43490
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қазақстанда қылмысты саралау


Дата добавления: 11 Октября 2011 в 18:05
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа

Скачать полностью (116.11 Кб)

Работа содержит 1 файл



Скачать  Открыть 
    1. кылмысты саралау.doc


  —  483.00 Кб

КІРІСПЕ 


     Зерттеудің  өзектілігі. Елімізде XX ғасырдағы соңғы он жылдығында тарихта және саясатта жан-жақты елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы деклорациясы 1990 жылы 25 қазанда қабылданды [1]. Бұл арада Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып, жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті  ұғына отырып, ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды. Сонымен тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіппен тәуелділіктен кейін Қазақ Мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсан айының 16- жұлдызында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» маңызды заң қабылданғаны белгілі[2].

      1995 жылы тамыз айының 30- жұлдызында  референдум жолымен қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің  конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады[3]. Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды». Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап- талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі- заң саласы. Осы үлкен негізге саланың өзекті бір арнасы- қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді.

      Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық  кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енеді[4]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын», - деп атап өтті. Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің  құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті, күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Осыған орай, елімізде қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Республикада қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы кеңінен таралуда. Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қылмыс көрсеткіші соңғы он жыл ішінде күрделі жағдайда қалып отыр.

      Оның  ішінде қылмыс дәрежесінің аса көп  өсуі 1992-1994 жылдар аралығында келсе, 1995-1999 жылдарда қылмыстың бәсеңсуі, ал 2000-2001 жылдары қылмыстың күрт өзгеріп  өсуі соңғы 2002 жылы сәт төмендеуі  байқалып отыр. Бұл көрсеткіштер қылмыспен күрес жүргізу шараларын одан әрі жетілдіру қажеттілгін көрсетеді. Қылмысты алдын ала тергеу кезінде дұрыс ашу және кінәлінің  әшкерлеп қылмысқа қарсы күрес жүргізудің тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

      Жалпы қылмыстық құқықта қылмысты саралау мәселелерінің теориялық және тәжірибелік тұрғысы да өз кезегінде көкейтестілігін жойған емес.  Белгілі бір әрекетті қылмыс деп табуда,  жауапкершілікке тартуда, жаза тағайындауда, оны өтеуде, жауапкершілік пен жазадан босатуда тағы басқа мәселелерді шешуде қылмысты саралаудың маңыздылығы ерекше. Қылмысты саралау заңдылық қағиданың талабына орай, «арнайы заңда көрсетілмейінше қылмыста, жаза да жоқ» деген тұжырымға негізделіп қылмысты тергеу кезінде дұрыс ашу, кінәліні әшкерлеп, әділеттілікті қалпына келтірудің тиімділігін арттырады.

      Жалпы алғанда, біздің ойымызша қылмыс туралы сөз болғанда оның бастапқы сатысынан  орын алатын негізгі мәселе қылмысты саралау, сонымен қатар бұл қылмыс пен күрестегі негізгі профилактикалық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қылмысты саралаудың теориялық мәселелеріне байланысты әр қырынан өзіндік ғылыми әр қосушылар болғанымен, қоғамымызда қылмысты саралудың әдістемелік, философиялық, логикалық негіздерінің түбегейлі шешілмеген тұстары бар, сонымен қатар норма бәсекелестігіне байланысты ғалымдардың біркелкі көзқарасқа келе алмауынан, әр түрлі пікірлердің жаппай қабылданып жатқан тұстары да жетерлік.

      Сонау Кеңес Үкіметі  орнаған бетте-ақ Марксизм- Ленинизм идеясы бойынша  қылмысты саралаудың диалектикалық  аспектілері әртүрлі көзқарас ретінде орын алған. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтап, әділ соттылықты жүзеге асыру қылмысты саралаудың ең негізгі бастауы болып табылады. Қылмысты саралудың ұғымын беруде толық ғылыми пікірлер, нәтижелер болса да, оның түп бастауын, әдістемесінен әлсін-әлсін ауытқып кетіп жүргеніміз қылмысты саралаудың теориялық негіздерін анықтағанда бой көтерері байқалады. Жоғарыда айтылғанды ескерер болсақ, қылмысты саралау қоғамға қауіпті іс әрекеттерді тез арада ашуға, бағытталған үздіксіз де тұрақты зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ саралау процесінде қылмыстық заң баптарының санкциясы мен жазаның қандай түрлерін қолдану да өз шешімін таппай отыр. Осыларға байланысты біздің зерттеулеріміз де қылмыстық саралаудың ұғымы мен мәні, түрлері, әдістемелік (танымдық-бағалау процесі, объективтік шындық, жеке, жалпы, ерекше қатысу, логикалық форма) және құқықтық негіз, қылмыстық заңның даму ерекшелігі, қылмыс құрамының элементтерін құрайтын белгілер философиялық, ғылыми тұрғыда кеңінен талданады. Сол секілді бұрынғы заңдардың дәурен сүріп тұрған шағында сүрлеуі жасалған істерді жаңа қылмыстық заңға сәйкес жаңғырту мәселесі де, яғни қылмысты салараудың теориялық негізін анықтау бір төбе өте өзекті маңызды мәселе, зерттеу тақырыбының өзектілігі де осыған келіп тіреледі.

     Зерттеудің  мақсаты мен мәселелері. Дипломдық  жұмыстың негізгі мәселесі – қылмыстық  құқықтағы қылмысты саралаудың әдістемелік, теориялық негіздерін белгілей отырып, қылмысты саралауға қатысты жаңа ұстыныстарды талдап, қылмысты саралауда құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде әділсоттылықты жүзеге асырудың маңыздылығын арттыру болып табылады.

      Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай  міндеттер туындайды:


  • қылмысты саралау ұғымын әдістемелік, әлеуметтік- саяси, қылмыстық құқықтық тұрғыда зерттеп білу

  • қылмысты саралаудың логикалық нысанын жалпы диалектикалық ғылыми тұрғыда талдау жүргізу

  • қылмыстық заңның талаптарында қылмысты саралаудың бағыттарын белгілеу

  • қылмыстық заңның даму тарихының ерекшелігін анықтап білу және қылмысты заң диспозициясын қылмысты саралауда мәнін ашу

  • қылмыс құрамының түсінігін беріп, белгілерін айқандау

  • жаза тағайындау мәселесінде қылмысты саралауға тың мазмұн беріп, маңыздылығын анықтау

  • жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлдарда қылмысты саралаудың  орны мен тәжірибелік мәнін көрсету

  • теория мен сот тәжірибесіндегі кейбір қылмысты саралаудағы «олқылықтарды» жою жолдарын іздеу және сол тараптағы ұсыныстарды енгізу.

     Зерттеудің  объектісі. Зертетудің объектісі ретінде қылмыстық құқықтық жалпы бөлімінің институттарының ішіндегі қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыстың нақты құрамының барын анықтау, іс-әрекетте құқыққа қайшы, қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін белгілеуде, кінәліге жаза тағайындауда, кінәлінің жеке тұлғасын анықтауда қылмысты дұрыс саралаулы жүзеге асыру болып табылады.

  Зерттеудің пәні. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтап, әділ соттылықты жүзеге асыру қылмысты саралаудың пәні болып табылады.

     Зерттеудің  әдістері. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізгі жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу диалектикалық материалистік заңдарын,таным әдістерін басшылыққа алып, криминогендік мазмұндағы құқықтық деректерді ашу болып табылады. Сонымен қатар осы жұмысты жазу барысында салыстырмалы құқықтық, нақты- әлеуметті, логикалық әдістерді қолданып, кейбір жағдайда барлық саланың бастауы, түп атасы философия ғылымына сүйендік.

     Зерттеудің  ғылыми жаңалығы. Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстар жеткілікті, оларды сот, тергеу, прокуратура органдарында анықтау әрине, қиындық тудыратыны сөзсіз. Қылмысты саралау жеке қылмыстардың  түрлеріне байланысты жеткілікті зерттелген десек күмән туғызбас, ал қылмысты саралаудың, әдістемелік, теориялық негіздеріне байланысты түбегейлі зерттеу мәселесі әлі өз шешімін толық тапқан жоқ. Осы мәселеге байланысты алғаш профессор  А.А. Герцензонның, профессор В.Н.Кудрявцевтің еңбектері жарық көрді. Кейінірек бұл істі Б.А.Куринов, Г.А. Левицкий, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко монографиялар мен ғылыми мақалар жариялап жалғастырды. Тікелей біздің тақырыбымызға қатысты қалам тартқандардың бірі- В.А. Малыхин, Ф.Г. Бурчак, Г.А. Тарарухин, О.Ф. Шишов, Т.Г. Черненко, Н.М. Свидлов, осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектерді жалғастырған Қазақстандық ғалымдар; атап айтсақ – А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, З.О. Ашитов, А.А. Исаев, Ғ.Ы. Баймурзин, Ү.С. Жекебаев, Е.І. Қайржанов, Д. Кішібеков, Г.С. Мауленов, А.Ж. Машабаев, Р.Ш. Мырзабеков, С.С. Сартаев, М.С. Нәрікбаев, Б.А. Нурғалиев, С.М. Рахметов, Д.С. Чукмаитов, Е. Оңғарбаев, Б.Ж. Жүнісов, Р.Т. нуртаев, И.И. Рогов, Н. Дулатбеков, Р.О. Орымбаев т.б. аталған тақырыпқа байланысты жазылған монографиялар мен ғылыми мақаларды ақпарат беттерінен көре аламыз.

     Зерттеудің  құрылымы. Пәннің анықтамасынан және құрастырылған міндеттерден бұл  жұмыстың құрылымы шығады. Ол кіріспеден, қорытындыдан, екі бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдісі, пәні, ғылыми жаңалығы және құрылымы көрсетілген.

     Бірінші бөлім қылмысты саралаудың  түсінігі мен түрлері, қылмысты дұрыс саралаудың маңызы, қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері айқындалады. Қылмысты саралау процесінің кезеңдері мен қылмысты норма бәсекелестігі жағдайында саралау мәселесі туралы көрсетілген.

     Екінші  бөлім  қылмыстық заң- қылмысты саралудың құқықтық негізі және қылмыс құрамы- қылмысты саралаудың заңдылық үлгісіне арналған.  Қылмыстық құқық нормаларының құрылысы бойынша саралауға зерттелген. 


 
 
 
 
 
 

1 ҚЫЛМЫСТЫ  САРАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ 

1.1 Қылмысты саралаудың  түсінігі мен түрлері 

      Қылмысты  сарлау қылымыстық құқық теориясында ең маңызды түсінік. Бұл түсінік ғылым саласында да, тәрірибе тұрғысында да кеңінен қолданылады. Сарлау (латын тілінде quaIitas- сапа сапалы) деген мағынан білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау, яғни сапаны бағалау адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше, біздің айналамызда бірімен-бірі байланысты және үнемі қозғалыста болатын әртүрлі заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі қимыл іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән ерекшеліктермен  сипатталады. Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір-бірінен өзгеше. Мұндай ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктер деп аталады. Заттың, құбылыстың сапасын адам өзінің тәжірибелік қызметінде ғана анықтай алады. Ал сапасын бағалау – кез келген заттың мөлшерін, өлшемін түрін, тобын анықтау болып табылады. Ол басқа заттар мен құбылыстар мен тікелей немесе аралық байланыста және қатынаста болады. Сондықтан оның осы қатынаста көрінетін көптеген сапасы бір. Сонымен қатар, заттар немесе құбылыстар бір-бірімен белгілі бір қатынаста бола отырып, бірінен-бірі мөлшер жағынан ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде және жаза тағайындауда жазаның мөлшерін белгілеу ерекшеленеді. Сондықтан, заттар мен құбылыстардың, белгілі іс-әрекетінің (әрекет немесе әрекетсіздік) сапасын, мөлшерін,өлшемін айқындау өте маңызды.  Бұл арада, философия тарихында сапаны бағалауға, мөлшерге тұңғыш рет Аристотель айырықша көңіл бөлді, «Мен сапа деп заттың ненің арқасында осындай бола алатынын айтамын» [6,164б], «мөлшер дегеніміз құрамдас бөліктерге бөлініп, оның әрқайсысы екі немесе одан да көп болама, әйтеуір өзінің табиғаты жағынан бір және анықталған нәрсе. Кез келген мөлшерде есептелетін болса және өлшенетін болса шама делінеді», - деп көрсетті ол. Шынында да сапа объективті сипатта адам ойлауының жалпы түрлерінде, дүниені тану мен тәжірибелік өзгерудің сатыларында, адамның тәжірибелік қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылады.



      Біздің  ойымызша, заттың сапасы мен мөлшері  диалектикалық бірлікте болады. Затты  тану, білу оның сапасын бағалаудан басталады, сонан кейін бірте-бірте оның мөлшерін тану, біту сатысына көтеріледі. Өйткені адам қоғам дамуының ең алғашқы сатысында заттың сапасын айқандаудың қайнар көзі түйсіну болған. Адам затты сапасынан бөлек алып қарай алмайды. Әрбір ғылымның және тәжірибелік іс-әрекеттің саласының өзінің ережесі,әдістері болады, өйткені белгілі бір әдісті қолданбайынша нақты ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешу мүмкін емес. Мұндай ережелер мен әдістерде сапаны бағалаудағы жинақталған тәжірибенің нәтижелері қорытылған. Сондықтан да олардың артықшылықтары мен кемшіліктері ғылымның, адамның тәжірибелік еңбегінің даму дәрежесіне байланысты анықталып отырады. Жаңа дәуірде қоғамның одан әрі дамуына сәйкес сапаны қабылдаудың да әдістері өзгереді. Кейінірек адамның тәжірибелік қызметінің даму дәрежесіне сәйкес зат пен оның сапасының бірлігі бұзылып, сапа туралы жалпы түсінік қалыптасты. Адамның заттың маңызды және маңызды емес қасиеттерін ұғыну сапаны бағалаудағы қажетті саты. Ол өзінің тәжірибелік қызмет аясында жаңа затты қамти отырып, оның кейбір қасиеттері сол заттың өмір сүру үшін өте маңызды екенін байқады. Демек, қасиет дегеніміз- заттар арасындағы қатынас, әрбір зат басқа заттармен қатынаста болатыны және байланысты екені белгілі. Осы қатынас пен байланыста ғана оның қасиеті көрінеді. Белгілі бір зат даму барысында өзінің өте маңызды қасиеттерін, яғни сапасын өзгерте отырып басқа затқа айналады. Осыған орай, заттың сапасын бағалауда заттың өлшемі туралы түсінік қалыптасады. Әртүрлі заттың әртүрлі сапасы бар. Тіпті бір заттың өзі көп сапалы. Ендеше сапа дегеніміз- заттың аса маңызды қасиеттерінің функциональдық бірлігі. Алайда, заттың сапасы туралы түсінікпен бірге оның мөлшері туралы түсінік те қалыптасты. Дегенмен, мөлшер туралы адам ұғымы оның тәжірибелік өзгертушілік қызметі барысында өмірге келді. Аристотель  заттың сапасын бағалау ұғымына тңғыш рет анықтама беріп, «Категориялар» және «Метофизика» атты еңбектерінде соларды зерттеді. Бұл арада біз Д. Локктың алғашқы (бірінші) және соңғы (екінші) сапалы туралы ілімді ашып, сапаны бағалауды одан әрі дамытуда, бірінші сапаларға – қозғалыс, тыныштық, тұлға, ал екінші сапаларға – түс, жарық, иіс, әрекет, дәм жатады деген пікіріне жүгінеміз. Біздің ойымызша, алғашқы сапалар объективті, өйткені олар бізден тыс өмір сүріп тұрған кеңістіктің, қозғалыстың, тыныштықтың, тұлғаның бейнелері, денеден ажырамайтын сапалар. Сол сияқты, сыртқы дүние заттарына тән емес, яғни субъектіге, түйсінуші адамға ғана қатысты. Қоғамдық тәжірибенің одан әрі дамуына сәйкес мұндай түсінік жеткіліксіз болады. Мәселен, Гегель философия тарихында өзінің «Логика ғылымы» атты еңбегінің  біріші бөлімінде алғаш рет сапаның мазмұнын абстрактілік, арақатынасы жасанды деп көрсетті. Әлбетте, заттың сапасын бағалау адамның тәжірибелік қызметінің жалпы шарттары. Материалистік негіздені диалектикалық әдістерді қолдана оытырп, К. Маркс пен Ф. Энгельс сапа, мөлшер, өлшем табиғаттың, қоғамның және ойлаудың , яғни заттың сапасын бағалау теңдесі жоқ жетістік екенін атып көрсетті. Осының нәтижесінде сапаға, мөлшер мен өлшемге  Гегель берген диалектикалық түсінікті мтаериалистік тұрғыдан қайта өңдеп, ғылым, мәдениет тәжірибе саласының талабына сай одан әрі дамыта отырып, оларға дәйекті материалистік сипат берді. Осыған орй объективтік ақиқаттың жалпы анықтамалары болуымен бірге сапа, мөлшер, өлшем сиықты түсініктер адамның дүниені тану мен меңгеруіне алғашқы құралдары екенін анықтады. Әрине, заңның сапалық-мөлшерлік анықтамаларын танып-білу оның сапасын танудан, бағалаудан басталады. Сапаны бағалауды қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын, сапалы бағаны беру деген мағына, яғни кез келген заттың, құбылыстың, сапасына қандай бір сапалық категориясына, тобына, түріне мән беру болып табылады. сапасынң өзара саралауға ауыспалы заңы қылмыстық заңда үлкен әдістемелік және тәжірибелік рөл атқарады. Қылмыстық заңда саралау ұғымы сот, прокуратура, тергеу т.б. қызмет органдарының тәжірибелік қызметіне айқан көрінетін олардың іс-әрекетімен тығыз байланыста болатын түсінік. Саралау ұғымын түпкі мағынасын толық ашып қарастырған болсақ, қазіргі таңда кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде «саралау» ұғымы «дәрежелеу» ұғымымен алмастырып отыратынына куә болып жатамыз. Мәселен, саралау түсінігі белгілі іс-әрекеттің, құбылыстың, заттың сапасын анықтау, бағалауғ айқындау болса, дәрежелеу түсінігі орысша (степень, уровень) шегі, дәредесі деген мағына, яғни жоғарғы дәрежелі мамандық алу, жоғарғы дәрежелі қызметке тағайындалу деген түсінік береді. Саралау түсінігі орысша (квалификация) болып аударылады, демек бұл тура мағынасы, ал ауыспалы мағынада дәрежелеу деген дұрыс емес түсінік. Осыған орай, саралау мен дәрежелеу сөздері бір-бірімен баламалы, синонимдік мағынада көрініс таппайды. Біздің ойымызша, қылмыстық заңға байланысты қылмыстық құқық теориясында саралау түсінігінің қолданылғаны дұрыс болып табылады, өйткені қылмыстық құқықтық нормаға сәйкес құқықтық баға беру, қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтау қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу, қылмыстарды ажыратын жіктеу, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеу, қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау жазаның мөлшерін белгілеу,норма бәсекелестігін үйлестіру кезінде керекті норманы таңдап алу, сонымен қатар қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде қылмысты саралау ретінде көрініс табады.

      Айталық, Қазақстан Республикасы қылмыстық  құқығының қолдану шегінен әрекеттілігі үш түрлі мағынада көрініс табады.



  1. қылмыстық заңда қолданылады;

  2. қылмыстық-құқықтық нормада талқаланады;

  3. қылмысты саралау аясында қолданылады [7,14б].

Бұл үш түсініктің бағыты да, мағынасы, мазмұны  да біртектес тығыз байланысты, бірақ  қолдану шегіне орай мақсаттары әртүрлі. Шынында да, соңғы екі түсінік  бірінші түрдегі түсінікті, яғни қылмыстық заңның дұрыс қолдану тәсілін айқындап, бейнелейді. Ал біздің нақты зерттейтін тақырыбымыз, қылмыс құқығының қолдану шегінің әрекеттілігінің үшінші түрі қылмысты саралау. Қылмыстық құқықтағы кез келген сұраққа жауап теория және тәжірибе жүзінде саралаудың қатысуымен шешіледі. Демек, қылмысты саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыс жасаған адамның тағдыры жасалған іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) қалай сараланғандығына байланысты. Қылмысты саралауды қылмыстық құқық ғылымының институты ретінде танытқан ең тұңғыш докторлық диссертацияны профессор В.Н. Кудрявцев ұсынды. Оның пікірінше, қылмысты саралау дегеніміз-қылмыс белгісі бар іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарына дәлме-дәл жатқызу арқылы белгілі қылмысқа құқықтық баға беру, [5,66] деп санады. Осы тұрғыда, А.А. герцензон «Қылмысты саралау қылмыстық заңда белгіленген қылмыс құрамының және нақты іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) белгілерін көрсетілген баптың нормаларына сай келетіндігін анықтау»- десек, [8,4б] Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын теория және тәжірибеде екі мағынада қолданылатындығын қарастырды. Біріншіден, қылмысты саралау деп- Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін нақты қылмыс әрекет (әрекетсіздігінің) тепе-теңдік ұқсастық пен қатар қолдануын және белгілі бір логикалық процесте анқталуын айтады. Екіншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекетке құқықтық анықталған, баға беруді айтады [9,7б]. Бұл екі түсінік бір-бірімен тығыз байланысты, ендеше екеуі де қылмысты саралаудың ұғымын құрайды. Шын мәнене келгенде, Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын толық ретте қылмыс процесінің кезеңдерінде ерекше сипат алатынын талқалып, сынға алған. Осыған орай, В.Н. Кудрявцевтің тағы бір жерінде қылмысты саралаудың мазмұнын екі түрлі мағынады бейнелегенін атап көрсетпеуге болмас. Олар: а) нақты бір немесе бірнеше қылмыс белгілерін проецесте анықтау, б) сот, прокуратру органдарының іс-әрекетінің қорытындысын белгілі құқықтық актіге сәйкес қалыптастырып бекіту [5,6б]. Жоғарыда айтылған қылмысты саралау ұғымы туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады. Қылмысты саралау ұғымын бейнелеген әрбір бағыт маңызды. Бірі екіншісінен мәнді немесе керісінше деп санау күрделі ұғымының мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл арадағы маңызды нәрсе жоғарыда аталған үш бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Мсәелен, В.Н. Кудрявцев пен Б.А. Куриновтың соңғы көзқарасы өте орынды айтылған. Өйткені, бұл пікірде бастапқы түрімен соңғы түрі бір-бірімен үйлесе отырып, белгілі тәжірибелік мәліметтерге деректік жолмен анықтау барысында қорытынды айғақтарға негізделеді. Ғылыми теорияда ғалымдар әрқашанда сайып келгенде деректік жолмен анықталған шындық айғақтарға сүйенеді, оларды индукциялық жолмен қорыта отырып, жаңа заңдылықтар ашады. Қылмыстық құқық теориясында бір бағытта қылмысты саралаудың ұғымын құрайтын пікірлер жеткілікті. Атап айтсақ, В.И. Малыхин [10,5], С.А. тарарухин [11,11б], В.А. Бурчак (12,5б), В.А.Левицкий [13,144б], О.Ф. Шишовтың [14,11] монографияларында қамтылған. Алайда, қылмысты саралау ұғымы туралы ғалымдар арасында ешқандай қарама-қайшылықты ой-пікірлер орын алмайды, бірақ сан ғасырлар бойы орын алып келген қылмысты саралауға байланысты ғылыми негізде түсіндірме беру өте қиынға соқты.сондықтан да түсініксіз байланыстар, қайшылықтар туғызатын ұғымдар,тар өрісті ойдың ғана жемісі деп саналады. Пайымдап ойлап қарасақ, соңғы ғасырлардың өзінде қылмысты саралау мәселелерін зерттеуге ұмтылып, жүйелі еңбектер тануда тың білім игерген ғалымдар жеткілікті. Мәселен, В. Сергиевский мен С. Рахметов, Т.Г. Черненко, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко т.б.  Бұл арада біз В. Сергиевский мен С. Рахметовтың қысқа да, нұсқа көзқарасына жүгінсек, қылмысты сарлау деп – қоғамға қауіпті іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік)  қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу деді [15,10б]. Ал, энциклопедиялық түсіндірме сөздікте, қылмысты саралау ұғымының мәнін толық ашуға тырысқан. Қылмыстық саралау қылмыстық заңда көрсетілген, қылмыс құрамының белгілі бір процесуалдық  актіге сәйкес қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) анықтау. Сонымен қатар қылмысты саралауды кезеңдерге бөліп көрсеткен.

  • қылмысты саралау қылмыскерге жаза тағайындауда негізгі, маңызды алғы шарт;

  • қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңды басты талқылауға алуда негізгі басты алғы шарт;

  • қылмысты саралау нақты заңмен белгіленген заңдылық қағиданы бұлжытпай орындайтын алғы шарт; [16,562б].

Қылмыстық құқық оқулықтарында да қылмысты саралауға байланысты көптеген ой-пікірлер бар. Мәселен, А.А. Пионтковский, В.Д. Меньшагиннің пікіріне жүгінсек, құқықтық құжатта  қылмысты саралау іске асырылған дайын түрде көрсетілген іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік)  бағалау. Яғни, тергеу, прокуратура, т.б. сот органдарының іс -әрекетіне баға беру [17,32б]. Алайда, бұл арада В.Н. Загородников пен В.Ф. Кириченко «Қылмысты саралау қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарын қолдану» - деп қысқаша көзқарас танытты [18,11б]. Біздің ойымызша, жоғарыда аталған үш бағыт толық түрде қылмысты саралаудың ұғымын бейнелемейді,өйткені басқа да заңдардың қатаң талаптарына сыйыспай жатады. Аталмыш анықтамаларда толық түсінікпен құқықтық нақтылық жоқ, бірақ олардың айтылған мазмұны, сөйлемнің құрылысы әртүрлі болғанымен бағыт бір. Ғ. Сапарғалиевтің Заң терминдерінің түсіндірме сөздігінде «Қылмысты саралау деп- қылмыстық әрекетті (Әрекетсіздікті) Қылмыстық кодексте көрсетілген белгілі қылмыстық құрамға жатқызу, яғни қылмыстық заңның бабында белгіленген қылмыс құрамына істелген әрекеттерді тура келген және оған кінәлі адам қылмыстық жауапқа тартылады» - деп санайды [19,76б], осыған сәйкес, В.А. Сергиевский қылмысты саралау ұғымын бір-біріне байланысты маңызды екң мағынада көрсетеді. Олар: қылмыс құрамында көрсетілген тұлғаның іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздік) құқық қорғау органдары логикалық процесте қалыптастыру; қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттің қорытыныдысын құқықтық бағалау [15,15б]. Көрсетілген мән-жайлардың тәжірибеде маңызы елеулі рөл атқарады.

      Біздің  пікірімізше, жоғарыда айтылған екі  бағыттан қылмысты саралау ұғымының толық түрде ой- елегізінен өткізіп  терең зерттелгенін көреміз. Еліміз тәуелсіз алғаннан кейін, тұңғыш рет ана – тілімізде басылып жарық көрген «Қылмыстық құқық» оқулығының Жалпы және Ерекше бөлімінде қылмысты саралау мәселесі кеңінен қарастырылған. Оқулықтың авторы профессор А.Н. Ағыбаевтің пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау дегеніміз- қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөліміндегі тиісті баптарға дәлме-дәл жатқызып, құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды,- десек, қылмысты дұрыс саралау- заңдылық қағиданы бқлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады, деді [20,11б],  Яғни, қоғамға қауіпті ір-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Сонымен, бұл арада біздің ұғатынымыз қылмысты саралауда ір-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсетуіміз қажет. Егер адамның ір-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның ір-әрекеті заңның бірнеш баптары немесе баптарының бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Әрине, қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтіру мен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау қажет.



      Біздің  ойымызша, соңғы пікір қылмысты саралау  ұғымын толық түрде қыры мен сырын  ақиқатын ашып, қылмыстық құқық теоиясында ғылым мен тәжірибе үшін ең маңызды  мәселе екенін атап көрсетеді. Әрбір  ғылымның өзіне тән зерттейтін пәні, мақсаты, шарттары, қағидалары болады. Сол сияқты қылмыстық құқық теориясында қылмысты саларауда үйлестік қолданыла ма ?, әлде тепе-теңдік орын ала ма? – деген сұрақ туады. «Үйлестік» пен «Тепе- теңдікті» талдамас бұрын оның ұғымдарына тоқталайық. Үйлестік (сәйкестік) деген не ? Үйлестік дегеніміз- әрбір объектінің өзіне-өзі немесе оның басқа заттар мен теңдігі, сәйкес келуі. Заттар арасында ұқсастық, үйлестік бар. Оған сәйкес заттарды, құбылыстарды топқа, тапқа бөлеміз. Мәселен, зат пен заттың салмағын, көлемін, ұзындығын салыстырып байқау үшін бөлігі мөлшерлік (килограмм, тонна немесе метр, километр) ұғымға жүгінеді. Сол сяиықты қозғалыстың жылдамдығын білу үшін белгілі бір қашықтықты қай мерзім ішінде игеретінін есептейді. Бұл арада біз үйлестік ұғымын философиялық тұрғыда талдадық, өйткені белгілі жай әрбір ғылым өзінің бастауын, түп-тамырын философиядан алады. Сонымен бұл әдіс өмірде әрдайым қолданылып келеді. Әрине, оған ешкім шек келтірмейді. Ұқсастық, сәйкестік ұғым осыдан туындайды. Бірақ сол сәйкестіктің өзі де нақтылай келсек абсолютті емес. Өйткені ол да белгілі бір шамаға жатады. Тіпті сәйкес, тепе-тең заттар арасында да әрқашан айырмашылықтар болады. Олай болса, формальды логикадағы «А» дегеніміз «А», ол екеуі тепе-тең деген ұғымда тек бір тұрғыдан алып қарағанда ғана солай, ал басқа тұрғыдан алып қарағанда, оның олай болмауы да мүмкін. Сөйтіп ұқсас заттар арасында қашан да айырмашылық болады. Сонда айырмашылық деген ұғым не ? Бұл заттардың арақатынастары тепе-тең емес, бірдй болмайтындығын көрсететін ұғым. Үйлестік, ұқсастық пен айырмашылық арасында белгілі бір диалектика бар. Олар елеулі не елеусіз болуы мүмкін. Негізінде айырмашылық заттардың қарама-қарсылығын не бастапқы, не соңғы кезі. Мәселен, қылмыстық ниеті мен мақсаты функциональдық «ұқсастық» байланысты жүзеге асады.  Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Қылмыс істеу арқылы адамның өзі  қалайтын, тілейтін болашақ нәтижесін елестетуі қылмыстың мақсаты болады. Мысалы, теорроризмнің ниеті қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ниет болса, ал оның мақсаты қоғамның қауіпсіздігін бұзу болып табылады. ниет пен мақсат «ұқсастық» функцияны игере отырып қылмысты саралауда шешеуші рөл атқарады. Бұдан әрине, ұқсастықтың қылмысты саралаудағы рөлін көруімізге болады. Бұл арада И.И. Горелик, А.В. Наумов, А.С. Новиченконың көзқарастарына сүйенсек, қылмысты саралауда қылмыс құрамының белгілерінің арасында «үйлестік» функциясы орын алмайды, керісінше «тепе-теңдік» функциясы жүзеге асырылады, деген пікір танытты. А.В. Наумов пен А.С. Новиченко «үйлестік» функциясы тек философия, математика, биология, химия ғылым салаларында ғана бар, ал қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау процесінде қатысы жоқ деген кері пікір ұсынды [22,11б]. алайда, В.Т. Мещеряков, ұқсастық, үйлестік тек функциональдық байланысты философиялық трактатта ғана көрініс табады дедеі [21,23б].

      Біздің  пікірімізше, қылмысты саралауда «үйлестік» функциясы міндетті түрде қолданылады. Мәселен, үйлестіктің маңызы ұқсас  қылмыстарды бір-бірінен ажыратуда, қылмысты қылмыс еместіліктен айыруға, қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде маңызы  зор. Бұл тұрғыда Т.Г. Черненконың қылмысты саралауға қатысты ой танытқан тұжырымымен дәлелдеуге болады. Қылмысты саралау дегеніміз – істелген іс-әрекеттің арасындағы ұқсастықты нақты шындыққа бекіту нәтижесінде көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін қылмыстық нормада және қылмыстық актіге заңдылық баға беру болып табылады [32,9б].  Қылмысты саралауда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің және қылмыс құрамының белгілерінде қарама-қайшылық орын алады, бірақ қарама қайшылық қылмысты саралауда құқықтық бағалау ретінде маңызы жоқ. Қылмыстық жазаның, қылмыстық жауаптылықтың, қылмыстық құқықтық қатынастың ұғымына зер салып қарасақ, олардың айырмашылығына міндетті түрде зер саламыз. «Тепе-теңдік» пен «ұқсастықтың» арасында айырмашылық туындайды, ал айырмашылықтың ең терең деген шегі қарама қарсылық. Мұның да өзіндік диалектикасы бар, «үйлестік айырмашылыққа, ал айырмашылық қарама қарсылыққа өтеді».  Қарама қарсылық деген не? Қарама қарсылық ұғымын философиялық тұрғыда талдасақ ол табиғаттағы, қоғамдағы, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаратын және соымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар. Қандай да бір зат болмасын құбылыс болмасын, ол қарама қарсылықсыз өмір сүрмейді, мәселен әрекет пен әрекетсздік, дұрыс пен бұрыс, жалпылық пен жекелік, қарама қарсылық әрбір заттың өз ішінде де болады. Мәселен, қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс құрамындағы объект пен субъект, қылмыс құрамының объективтік жағы мен субъективтік жағы, әрекет пен әрекетсіздік, өмір мен өлім т.б. Мысалы, қылмыстың объективтік жағы сыртқы белгілерін құраса, субъективтік жағы ішкі эмоциялық, яғни қылмыстың ішкі мәнінен көрініс табады, бірақ қарама қарсылық қылмысты саралауда рөл атқармайды. А.С. Новиченко мен А.В. Наумовтың пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау онтологиялық (тәжірибелік қызмет әрекеті), гносеологиялық (ғылым, дүние тану), логикалық аспектілер болып бөлінеді,  - деді.

      Онтологиялық  аспектіде қылмысты саралауды ресмиленген қызмет органдары (тергеу, сот, прокуратура, анықтау) жүзеге асырады. Бұл жағдайда қылмысты саралаудың орны маңызды.   Гносеологиялық аспектіге қылмысты саралау белгілі болжамды нәтижеге байланысты болады, яғни қылмыс жасалған ба, қылмыс қандай мақсатпен жасалған деген сұрақтарға жауап береді.

      Логикалық аспектіге қылмысты саралау ой тұжырымның желісінен өткізу болып табылады. осыған орай, В.Н. Кудрявцев жоғарғы  аспектілерге байланысты қылмысты саралауды  төмендегі кезеңдерге бөліп қарастырады.



  1. Саралау- ұзақ қамтылған процесс;

  2. Саралау- құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне сай белгіленген, заңды

актіге  ресмиленген қорытынды құжат.

     Сондықтан, қылмысты саралаудың әдістемелік негізгі материалистік түсінікте қараларды, яғни заң нормасының жалпы мағынасы мен нақты іс-әрекеттің құбылысының арасындағы байланыс. Заң нормасы бізге мәлім құбылыс ретінде жылпы, абстракты ұғымда жүзеге аысырылады. Жалпы алғанда, қылмысты саралау, яғни қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралаудың негізгі түрі. Қылмысты саралауда белгілі тұлға құқық бұзушылықтың қайсы түрін бұзуды, мінекей осы мәселені анықтап алуымыз қажет. Ал бізге белгілі жағдай, құқық бұзушылық бірнеше түрге бөлінеді. Олар: азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылық. Демек, қылмыстық саралау қылмыстық құқық бұзушылықта жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң жүктеген міндетті орындамау, заң тыйым салған әрекетті жасау, яғни құқық бұзғаны үшін кінәлі адам заң бойынша жауапқа тартылады. Құқық бұзушылықтың түрлері өзара қоғамға қауіптіліктің дәрежесіне, мөлшеріне байланысты. Шынында да, әкімшілік құқық бұзушылық қоғамдық ортада цензуралық (әдепті) балағат сөзсіз болып табылады. Бұл әрине қоғамға қауіпті қылмыстардың дәрежесінен төмне. Негізінен құқық бұзушылық заң бойынша екіге бөлінеді: 1) қылмыс; 2) теріс қылық. Қылмыс құқық бұзудың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар: әкімшілік жауаптылық (мысалыкөшеде жүру, автокөлік жүрізу тәртібін бұзғаны үшін); тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны үшін); азаматтық құқықтық (мүліктік) жауаптылық. Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қылмыс құрамының төрт элементі түгел болғанда ғана тартылады. Олар: Объект, объективтік жа,ы. Субъект, субъективтік жағы. Егер аталған төрт жақтың біреуі болмаса, тұлға жауапқа тартылмайды. Төрт жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелеу кінәсі болмаса да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірілген зиянын көлік иесі төлейді. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары белгіленген болса, кінәсәздәк болжамы қолданылады. Тұлғаның кінәсі дәлелденбей, ол қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды [24,102-103б]. Әрине , қлмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. осыған орай, қылмысты азаматтық құқық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты»- деді А.Н. Ағыбаев [25,40,41б]. Шынында да , басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына , заңдар мен нормативтік актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ол қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді. Айталық, кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғуда. Мәселен, А.Н. Ағыбаев «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінін көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады» деп өз тұжырымын ұсынды. Алайда, жоғарыдағы тұжырымды айқындап қарасақ, қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Яғни, мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Мәселен, кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір объектіге қол сұғуы мүмкін.  Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігімен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық бұзушылықта қоғамға қауіптілік дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігімен паудалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса немесе ерәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгенен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады. мәселен, лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс [309-бап], ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеті тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтың құқығын елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса , қылмыс ретінде сараланады. Ал егерде елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әреке әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады.айталық, Қазақ КСР 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп жағдайларда бірінші ретістеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекеті қайталап жасауы  қылмысқа тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балықаулау, су аңдарын аулау т.б. басқа жүргізілетін басқа бір кәсіппен айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай әтртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса,ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайла іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Енді іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Қылмысты саралуда құқық бұзушылықтың түрлері де маңызы зор. Мысалы, қылмысты саралауда әскери қылмыстарды тәртәптәк теріс қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің ісетлген уақыты, жайдайы,орны үлкен әсер етеді. Мысалы, соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу- қылмыс, ал бейбітшілік уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс әрекет болып табылады. іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге жататын кінәнің нысандарын, ниетпен мақсатты дұрыс анықтауға да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде қасқана жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені жеңіл жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс- теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа бір зұлымдықниетпен құжаттарға жалғандық жасаса- қылмыс, ал ондай ниет болмаса,ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады. Б.А.Куриновтың пікіріне сүйенсек, құқық бұзушылықты айыру түрлерінің мәселелері құқықтық қатынас пен тығыз байланысты,- деді [9-14б]. Бұл арада құқықтық қатынастың маңызы неде ?

      Ғ. Сапарғалиев құқықтық қатынасқа  төмендегі жүйелі ой-пікірін ұсынды, яғни құқықтық қатынас дегеніміз- қатысушылардың субъективтік құқықтары мен заңда  көрсетілген міндеттері болатын  құқық нормалары мен заңда  көрсетілген айғақтарға сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар яғни құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып табылады. (24,83-84б).  Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастың бірінші белгісі - бұл қоғамдық қатынас, былайшы айтқанда адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқы мен тікелей байланысты. Осыған орай, қоғамдық қатынастар дегеніміз- адамдардың белгілі бір әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез құлықтары, іс-әрекеттері мен олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады. Әрине, қоғамдық қатынастар бұл өте күрдері және әртүрлі, жан-жақты әлеуметтік,өз бойынша бірнеше элементтердің жиынтығын қамтитын құрылым болып табылады. оған жататындар қатынастардың субъектісі (адамдар, мемлекет,ұйым әжне т.б.) матреиалдық заттар, игіліктер (заттар, құжаттар) қоғамдық қатынастың өзара байланысы олардың іс-әрекеті жағдайы т.б. Бұл элеменеттер өзара тығыз байланысты, осы элементтердің өзара бір тұтас бірлігі қоғамдық қатынастардың тұтастығын құрайды. Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық қатынастардың белгілі бір элменеттеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылардың біріне (заңды тұлға немесе жеке тұлға) белгілі бір қауіп келтірілуіне әсері арқылы көрінеді. Қоғамдық қатынастардың қылмысты саралаудағы маңыздылығы, оған келтірілген зиян мөлшері қылмысты саралау үшін сондай-ақ сол қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де аса қажет. Қылмысты дұрыс саралауда іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, анықтау үлкен рөл атқарады. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез құлқының сыртқы көрінісі болып табылады. Кез келген іс әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Келесі ретте, қылмысты саралаудың түрлері туралы ой толғасақ, ең алғаш болып А.А. Герцензон, В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко ой қозғады. Бұл орайда бұрын бұлжымас болып көрінетін күдіктер мен толғаныстар қалыптасып, айқандалды. Сонымен, қылмысты саралаудың қыры мен сырының тізбегі топшыланып екі түрге бөлінде.  Олар: легальдық саралау (ресмиленген) және доктринальдық саралау (ғылыми). Айталық, ресмиленген саралау- қылмыстық істің барлық сатысында жүргізіледі (қылмыстық істі қозғаудан бастап бақылау тәртібіне дейін). Ресмиленген латын тілінен аударғанда LegaIis –заңды деген мағына білдіреді.

      Доктриналдық  саралау- ғылыми еңбектер, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалар т.б. еңбектерде жүзеге асырылады. Ғылым- адамның мәндік күшінің, қбаілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді, өйткені дүниені қоағмдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білуіміз керек. Ғылым бүкіл дүние жүзілік, т.б. мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде ғылым қоғамның өндіргіш күшіне айналып отыр. Ол қоғам өмірінің барлық жағына, әлеуметтік салаға, саясатқа, экономикаға, мәдениетке т.б. елеулі ықпал ажсауда. Мәселен, адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп өркендеуінде, тарихи сатылары мен ілгерлеуінде ғылымның атқаратын рөлі айырықша екені белгілі. Осыған орай, доктринальдық саралау- ғылыми тұрғыда оқиғаларды, құбылыстар мен афктілерді сипаттап қана қоймайды,сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың , құбылыстардың бұдан былайға даму бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің  құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігі мен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленді. Ғылыми білім ғылыми ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталады. Доктриналь латын тілінен   Doctrina - оқыту деген мағына білдіреді. Шын мәнін келсек, қылмысты саралаудың түрлеріне байланысты ешқандай дау туған жоқ. Барлық ғалымдардың көзқарасы бір бағытта бейнеленді. Мәселен, Ф.Г. Бурчак, Г.А. Левицкий, В.И. Малыхин, Г.Т. Черненко т.б. ғалымдардың көзқарасы бір арнада біріктірілген. Бұл арада біз Г.А. Левицкийдің «ремиленген саралау мен доктринальдық саралау түптің тібінде айқындалған логикалық іс әрекет болып табылады, сонымен қатар қылмысты дұрыс сарлауды қылмыстың әлеуметтік- саясатын дұрыс қолдану арқылы құқықтық баға беруде саралаудың жоғарғы аталған екі түрінің атқаратын рөлі ерекше» деген пікіріне жүгінеміз [13,144б].

      Біздің  құқықтық мемлекетімізде бірде-бір  адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық  жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес.  Алайда, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Ал қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау тәртібімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана беріледі, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқықтық норманы бұзудың нәтиежсі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады, қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық болмайды, яғни қылмысты саралау көрініс таппайды.  Мысалы, кісі өлтіру қылмыстық заңға қайшы істелген іс әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы іс әрекетке  Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды.  Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдарының қызметті борышы, негізгі міндеті.

      Біріншіден, қылмысты саралау заңды анықталған қылмыс құрамының қорытынды шешімі болып табылады, яғни қылмысты дұрыс  саралау сот органдарының заңдылық қағиадны дұрыс, бұлжытпай орындауы.

      Екіншіден, қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралауды жүзеге асырады, яғни қылмыстық  заңды дұрыс қолданбау дұрыс  емес саралауға жол ашады.



      Үшіншіден, қылмыстық құқықтық норманы дұрыс  қолдану. Мысалы, нақты бір іс-әрекетті [ұрлық, 175-бап] бір сот ұрлық, екіншісі тонау, үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөнінде конституциялық қағиадны өрескел бұзылғандығы болып табылады. Біздің ойымызша, қылмысты саралау өзінің біркелкі мақсатын құрайды. Осыған орай, қылмыстың қалай жасалғанын, заңдылық негізін дұрыс көрсету, қоғамға қауіпті қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамымен дұрыс анықтап қылмыстық жаза тағайындағанда жауаптылықты кінәлі қылмыскерге дұрыс қолдану. Келесі қарастыратын мәселеміз, қылмысты саралаудың басқа да аспектілері мен қарым қатынасы. Мәселен, психологтардың айтуынша қылмысты саралау ойлану процесінен туындайды деген пікір ұстанады. Қылмысты саралауда ойланудың яғни, логикалық процестің қандай қатысы бар? Ғылым мен тәжірибенің сан алуан мәселелерін нақты шешу үшін, олардың мәселелерін одан әрі зерттеп білу үшін логикалық процестің маңызы зор. Қылмысты саралауда ой тұжырым арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа  білім аламыз. Қылмысты саралаудағы белгілі заңдылықпен байланыстыруға ой тұжырымның атқаратын рөлі ерекше. Ой тұжырымның, яғни логикалық процестің арқасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе заңгер қылмысты саралауда көптеген процестерді байланыстырып, белгілі жүйеге шоғырлайды. Яғни, ойлау тәжірибелік қызметтің идеялық формасы (логикалық процесс туралы 1.3 тармақта толық ашып қарастармыз). Бұл арада Г.А. Левицкийдің пікіріне сүйенсек, қылмысты саралау ұғымын психологиялық және логикалық акспектіде түсіндіреді, яғни бұл екі аспектінің ойлану проецесінен туындайтынын атап көрсете отырып, екеуі бір-бірінен ажырамас бөлінбейтін жиынтық ретінде саралау ұғымын бейнелейді, деп тұжырымдайды [13,144б]. Әлбетте бұл тұжырым логикалық аспектіде мақұлданатын ой тұжырымнан туындайтын сезімдік тәжірибенің мәліметтерінде расталады, бірақ та қылмысты саралау ұғымының анықтамасын бейнелемейді. Мәселен, әйгілі польшалық профессор И. Андреев өзінің «Қылмыстық белгілерін анықтау» оқулығында, қылмысты саралау логикалық ой тұжырым заңына сүйене отырып, заңдылық саралауды логикалық аспектіде саралаудың бір бөлігі деп, жоғарыдағы пікірді мақұлдайды. Теориялық қылмысты саралау мәселелерін оқып танысу барысында заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстық нақты құрамын анықтауды, қылмыстық дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл арада іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің және тұлғасын, жауаптылығын жеңілдететін және ауырататын мән жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты қылмыс құрамы белгілерін дұрыс талқылап айқындауда, қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, сонымен қатар адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйренеді.

      Мәселен, Б.А. Куриновтың пікіріне сүйенетін болсақ, теоиялық қылмысты саралау мәселелерін төмендегі тақырыптарға бөліп қарастырады. Қылмысты саралаудың түсінігі, қылмысты дұрыс саралаудың маңызы, қылмысты сарлаудың әдістемелік негізі; қылмыстық заң қылмысты саралаудың құқықтық негізі; саралау және қылмыс құрамы; аяқталмаған қылмысты саралау, көптік қылмыстық бойынша саралаудың жалпы сұрақтары; Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің коллизиялық және арнайы нормалар және қылмысты саралау, қылмыстық процестің сатыларындағы қылмысты саралау мәселелерін айқындаған. Сол сияқты, П.И. Стучка атындағы Латвия Ұлттық университетінің  доценті М.И. Блум 1971 жылы жоғарыдағы әдістемелік нұсқаға ұқсас, өзінің әдістемелік кеңесін құрастырған. Б.И. Куриновтың тақырыптарына қоса, қылмыстық құқықтық нормаларды оыту және қылмысты саралау; қылмыстық заңның қолданыстағы шегі және қылмысыты саралау т.б. бөлімдерді біріктірген. Көптеген басқа да ғалымдардың жоғарғы арнайы курс бөліміне арналған қылмысты саралаудың теориялық мәселелері атты әдістемелік нұсқасы жеткілікті [9,3-19б].  Мәселен, В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов, В.И. Малыхин, Б.А. Куринов т.б. бір топ ғалымдардың оқулықтарда, монографияларда қамтылған әдістемелік кеңесін көруімізге болады. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаевтің жетекшілігімен жоғарғы Арнайы курс бөлімінде және магистранттарға арналған толықтырып құрастырылған жаңа әдістемелік нұсқа қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімінің тиісті сұрақтарына арналған, теориялық қылмысты саралау мәселесі атты нұсқаны бейнелейтін болсақ, бұл нұсқа: Кіріспе, қылмыстық құқықтық теоиялық мәселесін оқытудың мақсаты және қылмыстық құқықтың теориялық мәселесін оқытудың міндеті атты үш тақырыпшадан тұрады. Аталмыш арнайы курсқа арналған нұсқа төмендегі сұрақтарды қамтиды.



  • Қылмысты саралау мәселесінің ұғымы және маңызы.

  • Саралау түсінігі, маңызы және жалпы сұрақтар, қылмысты саралаудың түрлері.

  • Негізгі қылмыстық заң қылмыстың құрамы бойынша саралау мәселелері.

Қылмыстық саралау заңның маңызы қылмысты саралау пайдаланатын қылмыстық заңсыз нормалар мәселесі, қылмыс құрамы қылмысты саралау үшін заңдылық үлгі.

  • Қылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы және зиянды әрекеттердің

мәселелерін саралау.

  • Қылмысты объективтік жағының саралау мәселелері. Объектінің түсінігі,

түрлері және оның маңызы. Қос объектілік қылмыстар, қылмыстың заты, оның саралау мәселелері. Саралау барысында зияндылық  әрекетті табу. Қылмыстық әрекетінен зиянды зардабын табу. Себепті байланыс және қылмысты саралау мәселелері. Объективті жағынан факультативтік белгілерінің қалай саралауға әсер етуі.

  • Қылмысты  субъективтік белгілер бойынша саралау мәселелері. Жалпы

ережелер  субъекті бойынша қылмысты саралау мәселелері.  Қылмысты саралау барысында қылмыскердің жасын есепке алу. Ерекше субъектілер тарапынан жасалынған қылмыстарды саралау. Саралау барысында кінәнің нышандарын анықтау мәселелері. Ниет пен мақсат бойынша саралау мәселелері.

  • Аяқталмаған қылмысты саралау. Қылмысқа оқталуда оның түрлерін

анықтау. Қылмыстан өз еркімен бас тарту  және оны саралау. Қылмысқа қатысушылықты  саралау мәселелері, қылмысқа қатысушылықтың түрлері саралау. Қылмысқа қатысушылардың кейбіреуінің қылмыстан бас тартқан жағдайы оның саралауға әсері.

  • Көптік қылмыстық бойынша саралау мәселелері.

  • Қылмысты қайталау немесе кәсіп ретінде қылмыс жасау саралау әсері.

  • Қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелесуі және саралау мәселелері.

     Жоғарыда  көрсетілген әдістемелік нұсқада  қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясының сұрақтары толық көлемде қамтылған. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаның соңғы бетінде жоғарыда көрсетілген алты тақырыпқа қолданылатын әдебиеттердің тізімін толық және нақты құрастырған. Қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясы өте күрделі әрі маңызды құбылыс. Елімізде жоғарғы оқу орындарының заң факультетінде арнайы курс ретінде тереңдетілген салада ғылыми және тәжірибе тұрғысынан дәріс сабақтары өткізілуде. 
 
 
 1.2 Қылмысты  дұрыс саралаудың маңызы 

      Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда қылмыстық  құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы үлкен  рөл атқарады. Қылмыстық заңның 19- бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған  адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін немесе оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тану үшін оның жасағн іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі болып табылатынын айқандайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабында көрсетілген. Осыған ұқсас нормалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше рет көрсетілген. Іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ адамдар жауапқа және жазаға тартылмайды. Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, әйелді зорлау т.б. қылмыстар. Қылмысты дұрыс саралауға арналған анықтамалар осы уақытқа дейін қылмыстық құқықтық теорияда жеткілікті анықталған. Ғылыми еңбектерде бір автордың өзінің қылмысты дұрыс саралау түсінігі туралы қарама-қайшы пікірлер айтқан жағдайлары да кездеседі. Қылмысты дұрыс саралауға қатысты көптеген авторлар өз пікірін ұсынды. Қылмысты дұрыс саралау - мемлекеттің жаза мәселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғашқы шарты болып табылады. қылмысты дұрыс саралау қылмыстың жағдайын, деңгейін,құрылысын,қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қылмысты дұрыс сараламау нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін, қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бірі жасалған іс-әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді. Жасалған қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық,сапалық көрсеткіштерін жасаған қылмыстардың мәнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Мәселен, бұл арада мысал келтіретін болсақ, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасынан, жәбірленушінің өлімі абайсыздықта болғандықтан қылмыстық әрекет ҚК 96-бабы 1-бөлігінен 103-баптың 3-бөлігіне ауыстырылып қылмыс дұрыс сараланды. О. 2000 жылы шілде айының 13 күні мас күйінде ерегес үстінде өзінің мектепте оқып жүрген кезінде 3-4 жыл айналысқан күрес тәсілдерін білетінін пайдаланып жәбірленуші Ә. Мойын тұсынан қапсыра құшақтап жамбасқа салып екі рет лақтырып, жерге құлатқан. Сонымен оның мойын омыртқасын сындырып қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Бірақ, бұл арада О. жәбірленушіні өлтіру ниеті болды деген сот тұжырымымен келісуге болмайды, өйткені екеуінің арасында келіспеушілік, қастандық болмаған. О. жәбірленушінің өліп кететінін болжамаған, ғяни О. күрес тәсілдерін қолданып, оны екі рет жерге жыққан кезде , өзінің әрекеттерінің жәбірленуші үшін қауіпті екенін біле тұра және оның ауыр дене жарақатын алатындығын болжай тұра, бұл зардаптың болуына саналы түрде жол берген [26,3б]. сондықтан, қылмысты дұрыс саралау сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық, әділеттілік қағидаларының іске асырылуының басты шарты болып табылады. құқық қорғау органдары беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруне де тікелей байланыста. Заңға негізделген әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады. Қылмысты дұрыс саралау жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған адамға тигізетін зардабы да өте зор. Яғни, кінәлінің әрекетін дұрыс сараламау, оның заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады.Іс-әрекетті дұрыс сараламау салдарынан адамға заңға негізделмеген жаза тағайындалып қанақоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеліп соғады. Мысалы, қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда, оған көп немесе аз жаза тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу колониясының түріне де, сондай-ақ кінәләні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату немесе босатпауға да әсер етеді. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы ерекше. Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметті борышы, негізгі міндеті. В.Н. Кудрявцев қылмысты дұрыс саралау негіздерін үш топқа бөдліп тұжырымдайды.



  1. Қылмысты дұрыс саралау- заңдылық және сяаси мағынада маңызды рөл атқарады;

  2. Қылмысты дұрыс саралау- әділсоттылықты заңға сәйкес жүзеге асырады.

  3. Қылмысты дұрыс саралау- заңды қатаң сақтауды талап ету мақсатында нақты көрсетеді [27,17-20б].

Қылмысты  дұрыс саралау , яғни қылмыстың жеке түрлеріне заңдылық баға беріп, істелген қылмысы үшін заңда белгіленген  жазаны әділ қолданып, қылмыс құрамының  белгілерін дұрыс ашу болып табылады. Б.А. Куринов, «Қылмысты дұрыс саралау- қоғамға қауіпті іс-әрекетке нақты және толық қылмыстық заңды қолдану»,- деп өз ойын қорытындылайды. [9,21-23б]. Г.А. Левицкий: «Қылмысты дұрыс саралау- қоғамдық саяси негізде құқықтық мақсаттарды әділ, заңды орындау»,- [13,144б] десе, Т.Г. Черненко, қылмысты дұрыс саралау негіздерін төмендегі сатылар мен айқындайды.

  • Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдарының маңызды іс-әрекеті;

  • Қылмысты дұрыс саралау- заңдылық қағианы дұрыс орындап кінәлінің заң жүзінде жауап беруі;

  • Қылмысты дұрыс саралау- жазаның түрін, мөлшерін,жауаптылыққа тартудың, одан босатудың, кешірім жасау, яғни қылмыскердің қылмысынкешіру, соттылығын өтеу, жою, дұрыс баға беру;

  • Қылмысты дұрыс саралау- анықталған іс жүргізу салдарынан  пайда болатын алдын ала тергеу жүргізу, қылмыстық істердің соттылығын айқындау;

  • Қылмысты дұрыс саралау- яғни құқық қорғау органдарының беделінің, мәртебесінің биік болуында істелген әрекетке, дұрыс заңды баға беру;

  • Қылмысты дұрыс саралау- заңды сыйлау, құрметтеу, кінәләләк және шындылық қағидасын жүзеге асыру;

  • Қылмысты дұрыс саралау- қылмыстық статистиканың объективтік жағына көмектеседі, яғни қылмыспен қарсы күресу бағдарламасын қылмыстан сақтандыруды жүзеге асырады. [23,23-33б].

     Біздің  ойымызша, жоғарыда көрсетілген әрбір  бағыт өз алдына маңызды. Бірі екіншісінен  мәнді немесе керісінше деп санау қате. Өйткені әрбір бағыт, қылмысты дұрыс саралау күрделі ұғымның мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл жердегі маңызды нәрсе алты бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Қылмысты саралау мәселесіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мәжілісінің көптеген қаулылары арналған. Жоғарғы Сот мәжілісінің қаулыларында соттардың заң талабы дәлме-дәл сөзсіз орындай отырып, жасалған іс-әрекетке заң нормаларының талабына сай баға беріп, кінәлінің іс әрекетінде қылмыс құрамының белгілері бар ма, жоқ па, осы жағына ерекше мән беріп, заңдылық қағидамен еш уақытта да  ауытқушылыққа жол берілмеуі керек деп ескертті. Бұл арада, қылмыстық істер жөніндегі алқадан үзінді келтірсек, сотталушы қажетті қорғану шегінен шығып кетіп, кісі өлтіргендіктен оның әрекеті тиісті заң бабымен қайтадан сараланады. А. мал бағып жүріп, қамшы сапқа бұралып қолдан жасалған пышақ тауып алған. Пышақты суық қару екенін біле тұра заңсыз алып, сақтаған. Түнгі саған 01 шамасында қонақтарын шығарып салып, келе жатқан А.жәбірленуші Р.жолда кездестірген, бірақ танымағансып тезірек үйіне кете берген. Артынан қуып жеткен Р. бұрынғы бас арыздықтардың салдарынан жанжал, төбелес шығарған. Осы төбелестің нәтижесінде А. кісі өлтіру- яғни құқыққа қарсы басқа адамға қасақана қаза келтіру мақсатымен, жоғарыда аталған суық қарумен Р. он бір рет пышақпен дене жарақатын салған. Осы пышақпен салынған дене жарақаттарының салдарынан Р. оқиға болған жерден қаза тапқан. А. жәбірленуші Р. өлтіргендігін тез арада мойындап, ол оны өзін қорғау кеізде болғанын айтады, сонымен қатьар суық қару, пышақты алып жүргендігін мойындайды. Арыздары анықтала келе, Р. кінәл А.осы оқиғаға дейін ұрып, соққыға жыққандығы расталады. Р. куәлардың берген жауабына қарай, өте бұзық  ауылдың «атаманы», - деген атқа ие болған.  Аталмыш іс әрекет Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігінен осы кодекстің 99-бабына ауыстырылып дұрыс сараланды. Осы баппен оған екі жыл бас бостандығынан айыруға жазалады. [28,7-10б]. Біздің ойымызша, қылмысты дұрыс саралау дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылуын айтамыз. Демек, қылмысты саралуда іс әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса,онда оның іс-әрекеті бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделі нұсқан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу ішін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместілктен немесе соған ұқсас қылмыстардан ажыратып белгілерді айқандау ерек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының оның белгілерінің қылмысты саралаудағы заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде бір, адам егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қымыстық жауаптылыққа тартылуға немесе жазлануға тиісті емес. Өйткені, жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады. Қылмысты дұрыс саралау төмендегі белгілерден көруге болады.

      Бірінші, нақты норманы қолдану үшін Ерекше бөлімнің саяси- әлеуметтік маңызын айқындау қажет,яғни озбырлық жасаудың қосымша объектісін анықтап алу қажет.

      Екінші, жасалған қылмыстың белгілері нақты  және толық болуы қажет.

      Үшіншіден, кінәліге жазаны қолдануды дұрыс  әрі әділ жеке қолдануды қамтамасыз ету қажет, яғни қылмысты дұрыс саралау  кінәлінің құқығын айқындайтын  маңызды құрал болып табылады. 

1.3 Қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері. 

      Қылмысты  саралау негізгі өзінің бастауын, түп тамырын философия ғылымынан  алады, қылмыстық құқықта өз бетінше  қалыптасқан саралау ұғымы жоқ. Демек, қылмысты саралау өзінің тұратын орнына, заңдылық тұжырымына, құқықтық теориясында өңделгеніне негізделеді. Бұл жағдай өз кезегінде белгілі әдістемелік шартынан басталмайды. Жалпы философия ғылымы тереңдетілген ғылыми негізде заңдылық норманы дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді. Ол топтық-тарихи дәлелденген әлеуметтік заңдылық тәртіпті ұсынады. Философиялық катеогрияда нақты жағдайда құқықтық норманы қолдануда гносеологиялық табиғи процесінде сипатталған. Сондықтан, жекелей және жалпылай,нақтылық, абстрактылык, сонымен қатар абсалюттік мағынада белгілі объективтік шындыққа қатысты философиялық тұрғыда саралау ерекше рөл атқарады [5,43-45б].  Бұл мақсатты біріншіден философиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, ғылым мен философия тарихында жалпылық және жекелік туралы сөз етілгенде заттар мн құбылыстардың, қоғамдық қатынастарының сыртқы белгілерінің бір тектілігі, сытқы ұқсастығы негізге алынады. Нақтырақ айтсақ, біздіңше жалпылау дегеніміз- ұқсас нәрселерді бір нәрсе деп қарау. Өйткені ұқсас нәрселердің ортақ белгісіне бір атау беріледі. Яғни, бұл шын мәнінде объективті шындықтың, объективті дүниенің бірлігі емес, сезімдік әсерлердің белгілі бір жағынан алғандағы бірлігі. Мысалы, қылмысты саралауда қылмыстың сыртқы белгілері, яғни объективті жағынан бір-біріне онша ұқсамайды, бірақ олардың жалпы табиғаты бір нәрсе; қоғамға қауіптілігімен анықталады. Біздің пікірімізше , нақты жалпылықты тек даму тұрғысынан қарағанда ғана түсінуге болады. Даму ерекшелігіне сәйкес тарихи жалпылық қана өзіндік жеке, қайталанбас ерекше құбылыстарына өтіп жатпайды, керісінше, бастапқы шыққан кезінде ол әлі де жеке қайталанбас құбылыс түрінде болуы мүмкін.  Тек ұзақ дамудың нәтижесінде ғана оның өрісі кеңейіп, өзіндік ерекшелігі бар басқа бір түрлерін туғызады, сонан соң барып ол жекелік жалпылыққа жетеді, яғни ол өзінің қарама-қарсы түрлеріне дейін көтеріледі [29,194б]. жалпы және жеке қатысудағы категория іс жүзінде нақты шындықты қажет етеді. Яғни, жекеленген категория заттың, құбылыстың сапасын айқындауда көрініс табады. Жекеленген құбылыспен құқық аясында күнделікті соқтығысамыз.  Мәселен, биографиялық мәліметтер, сыртқы пішінін, істелген іс-әрекетке байланысты қылмыстың зардабы, қылмыстың тәсілі, орны, уақыты, ниеті, себебі, пәні, заты т.б.  жекелеген категориясында нақты қылмыстардың белгілері қылмыстық істің белгілі шегінде қалып қояды. Осыған орай үйлестіре отырып,қылмыстың жеке қатысудағы философиялық негізге саралауын төрт бөлікке бөлеміз.



  • іс әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) «толық, барлық» белгілері;

  • қылмыстық істі шешу, тергеу кезіндегі мәні зор белгілер;

  • қылмыстық құқықтық мағына беретін белгілер;

  • қылмыстық істі саралауда маңызы ерекше қылмыс құрамының белгілері [5,44б].

философиялық  негізде көрсетілген белгілер қылмысты саралауда жеткіліксіз болады. Қылмыстық  құқықтық теория бойынша, істелген қылмыстың  белгілері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлім нормаларына сай келе ма әлде жоқ па қылмыстық заң дұрыс қолданылды ма, біздіңше осы жәйтті ескерген жөн. Қылмыстық норманы, философиялық негізде жалпы мазмұнмен қарастырсақ, жалпы объективтік қайталанғыш құрал жекеленген заттың белгісі объективтік іс-әрекеттің көрінісі ретінде олардың ара қатынасының ұқсастығын айтуымызға болады. Яғни, жалпы түсінік философиялық негізде абстрактылық мағынаға ие болады. Қылмысты құқықтық норма нақты қылмыстың белгілерінің массасын қамтамасыз етпейді. Әлеуметтік қоғамға қауіпті нысанда адамдардың мінез-құлқы ережесін қылмыстық құқықтық нормад белгілейді. Сондықтан қылмыс жасаған адамның объективтік құбылысын заң ғана бағындыра алады. Логикалық және философиялық негіздер қылмыстық заңның қолданылуымен қатар оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормадан көрініс алуына мүмкіндік туғызады. Осыған орай, қылмыстық құқықтық нормалар мазмұнына қарай екі түрлі қызметті  жүзеге асырады. Оның біріншісі- қылмыстық құқықтың Жалпы ережесін,қағидасын, институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым қылмыс пен жазаны анықтайды. Бұл нормалар қылмыстық заңның Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды. Екінші бір нормалар қоғамға қаупті іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істеген үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен мөлшерін белгілейді. Ал мұндай нормалар қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды. Сонымен жалпылық, жекелеген категорияның қылмыстық саралаудағы орнын қорыта айтсақ мынадай қысқаша тұжырымдарға келуімізге болады.

      Философия ғылымы жалпы мен жеке қатынасты  толық айқындап, жекелеген категорияны  философиялық негізде қылмыстық  құқықтық нормада бейнелейтін болсақ, философиялық және логикалық тұрғыда  өз алдына абстракциялау дәрежесін қамтамасыз етеді. Мысалы, [175-бап ұрлық] біреудің  мүлкін көрсетпей жымқырту – ол абстракцияланған дәрежеде көрініс табады. Еегер де жалпы мен жекеленген дербес құқықты бір-бірімен байланысты емес деп қарастырсақ , құқықтық қорытындының негізгі шешімін шығара аламыз.  Философиялық және логикалық негізде саралау процесінің мазмұнын айқындасақ ол нақты абстракцияланған салыстырмаға ие болады, ал жалпы мен жеке категория стің мән жайы мен белгілі құқықтық нормада қорытындыға шоғырланса құқықтық норма кез келген іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік)  нақты мәселесін көрсете алады. Олай болса, материяның белгілі бір нысанына жататын құбылыстар сан алуан болғанымен олардың бәрінің түпкі мәні бар. Сондықтан жалпылық, жекелік- құбылыс қатынатарының тағы бір негзгі қырларының бірі. Бір тектен өрбіген сансыз көп құбылыстарды тұтас етіп тұратын нәрсе бар екендігін адамдар өз тәжірибесінің ең қарапайым дәрежесінде байқаған. Уақыт өте келе ол түсініктердің де мазмұны толығымен өзгере береді; бірмәнділік, біртектілік түрінде де, біркелкілік түрінде де көрініп адамдар санасында байқалады.

      Біздіңше, мән мен құбылыс арақатынасының күрделі екендігін осы жалпылықтың, жекеліктің ішкі және сыртқы түрлерінен де көруге болатынын ескерген жөн. Нақтырақ айсақ, абстрактілік жалпылық және оның жекелікке қатынасы алуан түрлі құбылыстардың іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) ашылатын ең алғашқы, ең сыртқы түрі ол қылмыстың бір-біріне ұқсастығы, біркелкілігі. Дәлірек айтсақ, сыртқы белгілерінің біркелкілігі сыртқы ұқсастық.

      Қылмысты  саралаудың логикалық негізіне тоқталсақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет