Жұмыс бағдарламасы «Экология және тұрақты даму»



бет3/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,25 Mb.
#33485
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Тірі затқа тән қасиеттер:

1)биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады;

2)тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан көрінеді (тірі затта реакциялар мыңдаған, кейде миллион есе жылдам жүреді);

3)тірі затты қүрайтын химиялық қосылыстар ақуыздар, ферменттер және т.б.- тек тірі ағзаларда ғана тұрақты болады;

4)ерікті қозғалу биосферадағы кез келген тірі затқа тән белгі;

5)тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары морфологиялың және химиялық көптүрлілікпен сипатталады. Тірі заттың құрамьша кіретін 2 млн.-нан астам органикалың қосылыстар белгілі,ал өлі табигаттың табиға қосылыстарының саны шамамен 2 мың;

6)биосферадағы тірі зат мөлшері әр турлі жеке ағзалар түрінде болады. Ең ұсақ вирустардың мөлшері 20 нм-ден (1 нм=10ғ м) ашаса, ең ірі жануар —киттердің ұзындығы 33 м-ге, ең биік ағаш секвойя — 100 м-ге жетеді.

Тірі заттың негізгі функцяялары:

1)энергетикалық функциясы. Биосфералық планеталық құбылыстардың космостық сәлеленумен, негізінен күн радиациясымен байланысын жүзеге асырады. Бұл функцияның негізінде жасыл өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметі жатыр. Фотосинтез процесінде күн энергиясының жинақталуы және оның биосфераның жеке компоненттері арасында таралуы жүзеге асырылады, Күн энергиясының жинақталуы есебінен жердегі барлық тіршілік құбылыстары жүреді;

2) газдық функциясы. Газдардың миграциясы мен өзгерісін жүзеге асыра отырьш, биосфераның газдың құрамын қамтамасыз етеді. Жердегі газдардың басым бөлігінің шығу тегі — биогенді тірі заттың тіршілік процесінде негізгі газдар, азот, оттегі, көмірқышқыл газы, күкірт сутек, метан және т.б. түзіледі;

3)концентрациялық функция. Қоршаған ортаның биогенді элементтерін тірі ағзалардың жинауынан көрінеді. Тірі заттың құрамында жеңіл элементтердің атомдары: сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, магний, калий, кальций, кремний, күкірт, хлор, алюминий басым болады. Бұл элементтердің тірі ағзалар денесіндегі концентрациясы сыртқы ортамен салыстырғанда жүздеген және мыңдаған есе артық.

4)тотығу дәрежесі өзгермелі атомдары бар заттардың химиялық өзгерістері (темір, марганец және т.б.). Жер бетінде тотығу мен тотықсызданудың биогенді процестері басым болады.

5)деструктивтік функция. Өлімнен соң ағзалардың ыдырауымен байланысты процесстер. Оның нәтижесінде органикалық заттың минерализациясы жүреді. Нәтижеде биосфераның биогенді және биокостың заттары түзіледі:

6)орта түзуші функция. Тіршілік процестерінің нәтижесінде ортаның физико-химиялық өлшемдер де өзгереді.В.И. Вернадский: «Ағза ортаға тек өзі бейімделігі қана қоймайды, ол да ағзаға бейімделеді»—деді;

7)тасымалдаушы функциясы. Ауырлық күшіне қарсы, горизонталды бағытта заттардың тасымалдануы жүзеге асырылады. Тірі заттардың кері — төменнен жоғары, мұхиттан континенттерге тасымалдауыш қамтамасыз ететін бірден-бір фактор.


Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімін қалай түсінесіз?

2. Биосфераның шекаралары дегеніміз не ?

3. Тірі затқа тән қандай қасиеттерді білесіз?

4. Тірі заттың негізгі функцяялары қандай?

5. Энергетикалық функциясы дегеніміз не?

6.Концентрациялық функция дегеніміз не?

7. Газдық функциясы дегеніміз не?

8. Тасымалдаушы функциясы дегеніміз не?

6 дәріс. (1 сағат)



Тақырып. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану

Жоспары:

Жердің табиғи ресурстары туралы түсінік. Литосфераның, гидросфераның және атмосфераның ресурстарына сипаттама. Табиғи ресурстардың классификациясы. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Атмосфера

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.

Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді.

Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты.

Иопосфера – гректің «ion» - қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.

Гидросфера

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.



Литосфера

Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.

Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.

Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.


7 дәріс (1 сағат)

Тақырып. Қазіргі заманның ғаламдық экологиялық проблемалары

Жоспары:

Экологиялық проблемаларды олардың көлеміне қарай классификациялау. Ғаламдық экологиялық проблемалар: климаттың өзгеруі, озон қабатының ыдырауы, қышқыл жаңбырлар, шөлейттену, биологиялық әралуандылықтың кемуі. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің жұмыс қарқынының артуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Ауыл шаруашылығы зиянкестерінің улы химикаттарға төзімді формаларының пайда болуы. Атмосфераның, топырақтың, Әлемдік мұхиттың ғаламдық деңгейдегі ластануы. Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері. Жағымсыз организмдермен күресудің биологиялық әдістері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.


Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелерге «жылулық эффект», озон тесіктері, қышқыл жауын мәселелері жатады.

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парникті газ көмірқышқыл газы болып табылады. Болжамдар бойынша аа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 м көтерілуі мүмкін. Көмірқышқылының атмосфераға түсуінің негізгі көзі органикалық отынды жағу болып табылады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады.

Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда-18-32 км биіктікте орналасқан. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған.

Озон концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті «озон тесіктері» деп атайды.

«Озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі толық зерттелмеген. Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соған байланысты көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50 процентке кеміту және оларды басқа пропилентермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор — көміртектер болме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы газ ретінде, т.б. қолданылады. Тасымалдаушы газ (пропилленттер) ретінде фреондарды кеңінен пайдалану олардың өте тұрақты (инертті) газ болуына байланысты.

Осы жоғары дәрежедө тұрақты (100 жылдан астам өмір сүреді) болуына байланысты фреондар озон қабатына жете алады және белсенді ортада одан хлор бөлініп шығады. Хлордың әрбір атомы катализатор ретінде озонның 100 мыңдаған атомын бұзуға қабілетті.

Қазіргі кезде фреондардың мөлшерін кеміту және болашақта өндіруді тоқтатуа бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.

Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропилленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады. Бірақ, жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты фреойдар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Бірқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар гидрохлорфтор көміртек немесе гидрофторкөміртекпен алмастырылуда. Бұлардың өмір сүру мерзімі қысқа (2—25 жыл).

Сонымен қатар, озон қабатының тұрақтылығын арттырудың басқа да жолдары қарастырылуда. Озон қабатына этан мен пропанды жіберу хлорды пассивті хлорлы сутегіне айналдырады. Сонымен қатар озонның түзілуі мен жиналуына электромагнитті сәулелер, лазер сәулелері, электр разрядтары әсер өтеді. Олар оттегінің диссоциациялануын арттырьп, озонның түзілуі мен жиналуына жағдай жасайды.

Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі қыстагы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордық бөлінін шығуына әкеледі. Ал көктемдегі темнератураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады.

Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интеисинті түрде бүзылуын осы аудандардағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды тошіен аз мөлшфде жабылуымен түсіндіреді. Соңғы жылдары ғалымдар «озон тесіктерінінің пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр. Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек табиғи процестерге байланысты, соның ішінде күн белсенділігінің 11 жылдық циклімен, екені туралы жорамал айтады.

Мәңгі мұздықтардагы ауа көпіршіктерін зерттеу фреондардың өндірістік дәуірге дейін де болғанын дәлелдейді.

Озон кабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосферага оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Сонымен қатар, Антарктиданың үстінде озонның таралуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда.

Космосқа ұшу аппараттарын шығару («Шаттлдың» бір ұшуы 10 млн. т озонды ыдыратқан), атмосферадағы ядролық жарылыс, атмосфераның жоғарғы қабаттарына азот оксидтері мен кейбір комірсулар-дың шығарылуына әкелетін ірі өрттердің озон қа-батын бұзатыны тіркелген. Сондай-ақ озон қабатының бұзылуын Галлей кометасымен де байлапыстырады. Ғалымдардың болжамы бойынша оның отіп кетуіне байланысты, озонның концентраңиясы әдетте қалпына келеді.

Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады. Ол жағымсыз иістерді, кейбір канңерогенді заттарды бұзуга қабілетті. Біраң, жоғары конңентрацияда озон күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады, көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап, хлорофиллді бұзады.

Қолда бар мәліметтерге қараганда ауаның жер бетіне жақын қабатындагы озонның концентрациясы өндірістік дәуірдің басынан бері 2 есе артқан.

Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себептері күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады. рН мәні 5,6 тең жауынды қышқыл жауын деп атайды.Алғашқы қышқыл жауындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған.



Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердіңт енуі немесе бір заттардың концентрациясының

(химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез-келген агент ретінде бағалауға болады.


  • шығу тегі бойынша:

табиғи және жасанды (антропогенді);

  • пайда болу кезіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б

ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйесі), трансгресивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);

- әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

- қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера

және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары,

өзен сулары және т.б.);



  • әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық(радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.);

  • әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);

  • тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және инертті газдар), тұрақты – 5 – 25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар),

тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, көмірсутек, азоттың қос тотығы, озон қабатындағы фреон).

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез – келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталу және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы қамтамасыз етеді.

Өндірілетін ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).

Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесінде қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. Органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8млн. – нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15-25 % ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивті қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті . Ластануы зор қауіп төндіріп отыр.

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланфсты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30% -ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-30 С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Өзін -өзі тексеру сұрақтары:


  1. Қоршаған ортаның ғаламдық ластануы?

  2. Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?

  3. Озон мәселесін қалай түсінесіз?

  4. Озон тесіктері дегеніміз не?

  5. парниктік эффект дегеніміз не?

8 дәріс (2 сағат)



Тақырып. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары

Жоспары:

Әлеуметтік-экологиялық проблемалар: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, халықтың генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, зиянды әсерлердің жаңа түрлері. Экологиялық іргелі «Минимум заңының» әлеуметтік экожүйеде көрініс беруі. Соғыстар және терроризм: экологиялық зардаптары. Әскери-өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Радиоактавті изотоптардың биосферадағы тасымалдануының кейбір мысалдары. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері және критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңгершілік және хұқықтық тұрғыдан реттелуі. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.



Әкологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі құңығының бірі — денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік табиғи заңдылықтарын мөңгеру үшін қажет.

Оқушыларда, студенттерде, сондай-ақ, жалпы халықта табиғатқа деген тутынушылық қатынас басым; экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмен; адамды қоршағанн ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс жүзінде қатысуға деген қажеттілік дамымаған.



Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты — табиғатқа деген жауамкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялың білім беру дегенде әрбір адам-ның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім тәрбие беру және даму процетерін түсінеміз.

Экодогиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне жене басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.

Қызметі табиғи ортаға және адамың денсаулы-ғына зиянды өсер етуімен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде Экологиялы дайындыгы міндетті түрде болуы керек. Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауда есепке алу қажет. Жоғарыда айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралың экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді (экологиялық білім беру) жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептейді.

Бір бірімен байланысты экологиялың білім беру мен білім беру жүйесін экологизациялауды бөліп көрсетуге болады.

Экологиялық білім беру дегеніміз әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат мен антроиогенді экожүйелердің өзара қатынасыныц жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру.

Ал білім беру жүйесін экологизациялауэкологиялың ойлардың, ұғымдар, иринциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.

Экологиялық құқық

Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — негізгі заң. Халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің коптеген мемле-кеттерінің конституциялары 1948 жылы БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында», сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да Халықаралық Пактілерде көрсетіген идеалдарға сүйенеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясыида: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға қүқығы бар» — делінген.


9 дәріс (1 сағат)

Тақырып. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары

Жоспары:

Қазақстанның экологиялық проблемалары. ҚР табиғи ортаны тұрақсыздандырушы факторлар және олардың салдарлары. Арал теңізі бассейнінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары, Арал аймағындағы экологиялық апатты жоюдың ықтимал жолдары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. Семей ядролық сынақ алаңы және ҚР территориясындағы өзге де полигондар. Ядролық сынақтарға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Минералдық шикі заттарды игеру және олардың экологиялық зардаптары. Қазақстанның батысындағы жаңа экологиялық шиеленіс аймақтары, Каспий маңы аймағы мен Каспий теңізінің экологиялық проблемалары.



Экологиялық факторларлардың адам организміне тигізетін әсері

Адам денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуының ағзаның ортаға толық биімделе аомауы, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емсе, ол толық физикалық, психалогиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша дамдардың дансаулық жағдайы 50-52% өмір сүру салтына, 20-25% тұқым қуалау факторларына, 18-20% қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жана техногенді ауруларды туғызады.

Адам денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр-түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс әрекеті нәтижесіде биосфераға, оған тән емес 4 млн-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобитиктер, яғни адаммен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр-түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б. яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулықа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінің өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік экономикалық жағдайдың нашарлаулы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді.

Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзінде шамамен 500 мың адам пестициттермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте үшінші әлем елдерінде жиі кездеседі. АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.

Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90% қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауратын үлесі ер кісілерде 15-тен 23% дейін, ал әйелдерде 17-ден 25% дейін артқан. Аурулар индустириалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады.Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-тен 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының екі есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20% артуы 1,4 есе артуына әкеледі.

Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегі топтарға бөліп көрсетуге болады:



  1. Концерогендер- қатерлі ісік туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензоперен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, изотоптар, эпоксиді смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

  2. Мутагендер – хромосамалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға:рентген сәулелері, гамма сәулелері, нитрондар, бензопирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады.

  3. Тератогендер- жеке дамуда кемістіктерге әкелетін кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез-келген фактор жатады. Көбінесе теротегендерге мутагендер,сондай-ақ пистициттер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

Қазақстан Республикасының су ресурстары.

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне; Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария,Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы- Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанңан. Негізгі ластаушы заттар- мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. Шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (1,8 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1994 жылы 163 мы4 тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 т 1995) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогендік әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгйінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн. Га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарынын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.

Арал теңізінің эклогиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань таулары мен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жібереді. Теңіз ауданы 2,6 млн. Га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге дейін түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бұза отырып,кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақтылық болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.

Семей ядролық полигонның қоршаған ортаға әсері.

1991 жылғы тамыздың 29-ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын тандап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қорқынышты жер асты дүмбілерінен тітіркенбейтін болды. Семей полигоны әлемдегі ең ашық шашық полигон есебінде қалып отыр. 40-жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршүгерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен.

Семей полигоны Қазақстан жеріне, қалқына материалдық әлеуметтік экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге дейін есептелген жоқ.

Семейдегі 40 жылдық ядролық сынақ қоршаған ортамен ондағы тұрғылықты халықтың денсаулығына орны толмас зиян тигізді. Аурулардың өлім жітімнің деңгейі бұл өлкеде басқа аймақтармен салыстырғанда әлде қайда жоғары . Семей аймағы тұрғындарының денсаулығына және қоршаған орта объектілеріне ықпал ету дәрежесі радиациялық бөліктерге бөлінген.

Радиоактивті тозан жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді су көздерін ластады. Жер асты сулары өсімдік дүниесі жоғалуда. Сынақтар өткізілген кезеңнің зиянды әсері адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардабын тигізуде.

Облыстық онкологиялық диспансерден алынған мәліметтерге қарасақ «Семей облысы бойыншы 1975 жылдан 1990 жылға дейінгі мерзімде жас балалардың ауруға шалдығуы 6 есе, ал өлімі 4 есе дерлік артқан . Әсіресе, жана туған және 1 жас шамасындағы сәбилер өлімі өте жоғары,36% құрайды» .

Семей полгинының адам денсаулығына зияндылығы туралы Семей медициналық институтының ғалымдары Н.Сағымбаева, Ғ.Ысқақовтар жасаған тұжырымдарда енді басты факты, қатерлік ісік ауруларының Семей аймағын басқа өнірлермен салыстырғанда 30% асып кеткендігі, ол адам қазасының 1,4 есе артқандығы айтылады. Содан қарамастан 40 жыл бойына мемлекет полигонға жақын жатқан бір қатар аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға ешқандай қаржы бөлмей келген.

Полигоның негізгі қаласы Курчатовта Қорғаныс министрлігінің, КСРО Жалпы машина жасау министрлігің ірі-ірі ғылыми зерттеу орындары, бұрғышылардың, шахта құрылысшыларының, геологтардың, монтажшылардың өндірістік негіздері шоғырланған болатын.

Полигон аумағында КСРО Жалпы машина жасау минстрлігінің эксперименттік өз базасы болған. Ол 1972 жылдан бері зерттеу және эксперименттік жұмыстар жүргізді. Полигон мүдделері үшін орасан зор ғылыми жіне техникалық мүмкіндіктер жасалған: онда әскери өнеркәсіп кешенінің 31ғылыми зерттеу және конструкторлық институты, ғылыммен өндіріс саласының осындай тағы да, 29 институты қызмет еткені түрлі басылымдардан белгілі.

Солардың бірі басты «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейінгі ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Бұл жердің радиация белсенділігінің деңгейі өте жоғары. Сол сияқты тағы бір тәжірибелі алаң – «Дегелең».1949 жылғы алғашқы ядролық жарылысқа дейіне бұл жер мал жайылымы болатын. 1984 жылы ол жерде жер асты ядролық жарылысы жасалды.

Осындай тағы бір тәжірибелік алаңы «Балапан» деп аталған. Ондағы скажиналарда, құдықтарда Невададағы сияқты жер асты жарылыстары болған. 1963 жылға дейін жыл сайын әр-түрлі диапазонда иондық радиацияға ұшырамаған Семей облысында бірде бір аудан қалған жоқ.

Семейге көршілес Өскемен, Павлодар, Қарағанды облыстарынын да кейбір аудандары осы полигонның зардабын шекті. Семей өңірінің елімен жерін аяусыз улап, тіршілігін тұл еткен атом апатынан бүгінгі танда бүкіл әлем хабардар.



Радон және ластану көздері

Радон – дәмі мен иесі жоқ түссіз газ, аудан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сыртқы ауадағы жинақталуы әлемнің әр-түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минелардық тектегі құрылыс материалдары:қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торри кездеседі.Ал кейбір жыныстарда мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін.Құрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал құрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болғандығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонга байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жер төлелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлық азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.

Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.

10 дәріс (1 сағат)



Тақырып. Тұрақты даму

Жоспары:

Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері. Тұрақты даму қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты даму теориясының ғылыми негіздерін жасау жөніндегі халықаралық ұйымдардың қызметі. ҚР тұрақты даму стратегиясы. ҚР Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.

Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық әралуандылықты қорғау. Биосфералық қорықтар. Биосфералық қорықтарды дамытудың Севилья стратегиясы. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Қорықтар, қорғалымдар, ұлттық саябақтар, биосфералық қорықтар туралы түсініктер.

Қорықтар - толық қорғаудың жеңілдетірілген түрі, себебі; оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылыкта пайдалануға рүқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табигаттың ерекше объектілерін қарауға алынған жүйелі үйымдастыру - қорғалымдар болып табылады. Табиғи тіршілік ортасын корғайтын катигориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябактар жатады. Олардың міндеті - халықты реакциялық қамтамассыз ету.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың эртүрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуан түрлілікті қамтамассыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ XX ғасырдың ІІ-жартысында «корық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бүзылып отыр. Атмосфераның өндірістік үлы қосылыстар мен радиоциялык ластану, олардың тасымалдануы біздің планетамыздың кез-келген бөлігіне міндетті түрде эсер етеді.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемелекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген жэне бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту жэне жалпы экологиялық балансты үстап түрып мақсатында қүрылады. Қорғалымдар ландшафтық, биологиялық, гидрологиялык, геологиялық, палеонтологиялык болуы мүмкін.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық корықтар көптеп қүрыла бастады.

Биосфералық қорық жердің эр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы жэне көпжылдық деректер жүргізулермен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Атмосфералык қорықтық белдеу, буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен түрады.

Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам жэне биосфера» бағдарламасының жүмысшы тобы үсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резарват кіреді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен Б¥¥-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы, ФАО, МСОП-ның үсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халыкаралық Конгресс өтті.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода жердің жоғарғы форумында иологиялык алуан түрлілік туралы конвенцияға қол қойылды. ¥лттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялыр мәселесі бойынша Каракос (Венесэла, 1992 ж.) қаласында өткен төртінші Дүниежүзілік Конгрессте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар өткізілді жэне биорезервтердің жаңа формалары жасалды. Мысалы: «Кластерлік» және трансшекаралық қорықтар.



Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.

Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.

Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет» , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.

Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.

Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.

Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын жерге өте аз түседі. Небары 90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен жарғалаущылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді.

Екінші – далалы аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы негізгі обьектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.

Үшінші – шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл қорықтарда ең көлемділері - Үстірттің батыс тік жарлы қыраттары. Үстірт қорығында кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына шалына береді. Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі - Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтиды. Қорғалатын обьектілері арқар, құлан, қара құйрықкиік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель қызғалдағы.

Алматы облысы. Балқаш ауданындағы күрті өзенінің Ілеге құя берісіндегі тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30мың гектар жер босқа жатыр. Ол жерге қорық ұйымдастыратыны анықталып отыр. Іле өзені Тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұнда мекендейтін жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс.

Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы – тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі – Жоңғар Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі обьектілер – марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр, арқар, таутеке, ұлар, сабыншы құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп – марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман.

Ал Шыңғыстау, Тарбағатай бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Бұл жерде қорғалатын обьектілер – бадам, жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы өсімдіктердің кейбір түрлері.

Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болтын жерлердің бар екені дәлелденіп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденіп отыр. Алакөл көліндегі «Реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.

Міне,осындай шараларды іске асырғанда ғана биосфера байлықтарын ғылыми тұрғыдан қорғауға болатыны анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет