Қазақстан Республикасыны ң Білім және ғылым министрлігі



бет1/2
Дата12.03.2018
өлшемі0,6 Mb.
#38461
  1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті.



3 деңгейлі СМЖ құжат

ОӘЖ

О42-14-3-02.- 1.12.- 58 -2015



«Жобаларды талдау » пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер

№ 2 басылым


5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін

«Жобаларды талдау» пәнінің оқу-әдістемелік жинағы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР


Семей, 2015



  1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырған _________ « 28 » тамыз 2015 ж.

Нурмадиева Г.Д. Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономикалық ғылымдар магистрі.


  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасының мәжілісінде


Хаттама №1 , « 29 » тамыз 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ Ибраимова С.Ж.


2.2. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама №1, « 09 » қыркүйек 2015 ж.

Төраға ____________ Тойкин С.Х.


  1. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды



Хаттама №2, « 11 » қыркүйек 2015 ж.
ОӘК төрағасы _________________ Искакова Г.К.



Мазмұны


1.

Дәрістер




2.

Практикалық сабақтар




3.

Өздік жұмыс түрлерінің мазмұны және тізбесі.




4.

Студентерің өздік жұмысы





Сөздіктер.

Акция – иеленушінің акционерлік коғамда өзінің меншікті қаражаттардың бөлігімен иелену құқығы

Бюджеттік ассигнованиялар – бюджеттік қаржыландырудың қаражаттары.

Бюджеттік тиімділік – жергілікті және аймақтық бюджетке жобаны жүзеге асыру қаржылық нәтиежелері.

Ақша активтер – жеке және заңды тұлғалардан ақша сомаларды алу құқығы.Бұл банктегі дипозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, зайымдар ж.т.б.

Валюта – бұ біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері мен төлем құралы.

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсатына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шаралары.

Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

Дисконт – қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және зхаңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Домицилиант – векселде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, векселде делдал ретінде қатысатын банк.

Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығын куәләндыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Диверсификациялау – тәуекелді төмендету құралы. Егер капитал әр түрлі бағалы қағаздар арасында таратылатын болса онда тәуекелдер төмендейді. Бағалы қағаздар қоржынына облигацияларды, артықшылығы бар және жай акцияларды кіргізу жөн – мұндайды бағалы қағаздардың түрлері бойынша диверсификациялау деп атайды. Диверсификациялау экономиканың салалары, аймақтары, мемлекеттер және мерзім бойынша айырылады.

Банк ресурстары – бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастырылуға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға бөлулерлен кейін қалған банк пайдасының бір бөлігі.

Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валюталық интервенция – ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.

Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Қарыз міндеттемелер – инвестор (несиегер) және осы құжатты шығарған тұлға (несие алушы) арасында зайымды дәлелдейтін құжат. Қарыз міндеттемелерге облигацияларды, мемлекеттік зайымдарды, банктердің депозиттік және сақтандыру сертификаттарды, вексельдерді жатқызады.

Қарыз бағалы қағаздар – пайыз түрінде табысты алу айырбасқа қарызға берілген қаражаттарды дәлелдейтін және қарыз алушының белгіленген уақытта қарызды қайтарып беру міндеттемесін көрсететін бағалы қағаздар.

Жобаның өмірлік цикілі – жобаның шығу кезден оның жоюылу кез арасындағы мерзімі.

Инвестициялар- көбейту немесе құның сақтау мақсатымен экономиканың әр түрлі салаларына салынатын ұзақмерзімді капитал салымдары.

Инвестициялық белсенділік – инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезіндегі жұмыстар кешені, негізгі инвесторлармен келісімдерді бекіту; жергілікті және республикалық басқарушылық органдармен қарым-қатынастарды жасау, сондай-ақ, кәсіпорындардың инвестициялық стратегиялары бойынша ақпаратты іздеу және тарату.

Инвестициялық қызмет - инвестицияларды жүзеге асыру процеспен байланысты кәсіпкершілік қызмет.

Инвестициялық тартымдылығы – инвестицияландырылатың өндірістің экономикалық нәтиежелері негізінде инвестордың сенімді, кепілденген және уақытымен қойылған мақсаттарға қол жеткізу

Инвестициялық бағдарлама - белгіленген мақсаттанған бағыттағы инвестициялық жобалардың немесе ұсыныстардың жиынтығы, көлеміне байланысты олар мемлекеттік (ҚР өкіметімен бекітілген мемлекеттік немесе мемлекеттік кепілдемесімен экономиканың басым аймақтарына тартылған қаражаттар бойынша инвестициялау бағдарламасы.

Инвестициялық ұсыныс – инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу нәтиежесінің құжаты. Ол потенциалды инвесторға арнайы жобаға қаражаттарды бөлуді шешім қабылдауына толық мәлеметтер беру керек.

Инвестициялық жоба – а) жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмыс кешенің жүзеге асыру іс шаралары;

б) керекті үйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық-есептік құжаттар жүйесі.



Инвестор-инвестициялық қызметті асыратың жеке немесе заңды тұлға.

Инновациялар - ғылым, техника, технологияны еңгізу негізімен негізгі капиталды (өндірістік қорларды) немесе өндірілген өнімді жаңарту.

Инновациялық қызмет - интелектуалды өнімді шығару және пайдалану бойынша қызмет, жаңа бизнес-мақсаттарды дайын түрде нарықта сату.

Инновациялық инвестициялар - технико-технологиялық жаңа еңгізулерді шығару және коммерциялық пайдалану.

Институциялық талд у - жобаның жұзеге асыру ұйымдастырушылық-құқықтық аясын талдау, әкімшілік және саясат аясын талдау, осы аясына оның бейімделуі, әсіресе мемлекеттік ұйымдардың талаптарына.

Коммерциялық (қаржылық) тиімділік - жобаның негізгі қатысушыларына жобаны жүзеге асыру нәтиежелерінің қаржылық көрсеткіштерін анықтау.

Маркетингтік талдау – инвестициялық жобаны жүзеге асыру сонында жобамен шығарылған өнімнің өткізу нарығын талдау.

Жаңама инвестициялар – бұл қоржынға салынатын салымдар, немесе басқаша айтқанда, бағалы қағаздар жиыны немесе мүліктік құндылықтардың жиыны.

Шағын жобалар – бұл оңай, үлкен емес көлемдегі жобалар.

Мегажобалар –бір мақсатпен, берілген ресурстармен және орындау уақытымен бір біріне байланысты көп жобалардан құрылған мақсатты бағдарламалар. Олар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, салааралық, аралас болып табылады.

Инвестициялық қызметті ынталандыру механизмі – салық, бюджет және қаржылық-несиелеуімен реттеу құралдарының жиынтығы.

Салық саясаты – мемлекеттің стратегиясын ынталандыратын және тарататың бюджеттік саясаттың маңызды құралыю

Материалдық емес активтер (көзге көрінбейтін инвестициялар) – көзге көрінбейтін активтерге салынатын инвестициялар. Бұл активтердің түсінігіне кіретің адам капиталына жұмсалған инвестициялар, яғни жұмысшылардың еңбек өнімділігің арттыру үшін (олардың білімділігін арттыру және қабылеттілігің жетілдіру арқылы) қолданылатың кез келген шара, жұмысшылардың білімің, денсаулығын жақсартуға немесе жұмыс күштерінің икемділігің арттыруға жұмсалатын шығындар, тауар белгілерін жасау, лицензияларды сатып алу, ноу-хау өндеу және т.б.

Дисконттау нормасы – табыстың минималды нормасы, егер табыс одан төмен болатын болса, онда инвесторға бұл салымдар тиімсіз болады.

Кәсіпорынның төлем қабілеті – кәсіпорынның өз қаражаттарымен қысқа мерзімді қарыздарын өтеу қабілеті.

Тартылған қаржы қаражаттар – жарғылық қорда бір бөлігімен қатысудағы ағымдағы және инвестициялық қызметтегі қаражаттар, бағалы қағаздарды сатудан түскен қаражаттар, жұмыс ұжымының мүшелерінің салымдары ж.т.б.

Жобалық талдау – күрделі жобаның табыстылығын талдау.

Шетелдік тікелей инвестициялар – фирманың елінен тыс алынған, бірақ фирмамен оны бақыланатың және басқарылатың материалдық активтер.

Тікелей инвестициялар – инвестициялардың барлық түрлері, ҚР тәуелсіз кепілдіктермен байланысты және ҚР-мен берілетің ресми түрде техникалық көмек немесе гранттар жатпайды.

Нақты (капитал құратың) инвестициялар – жаңа кәсіпорындарды құруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды реконструкциялауға немесе техникалық қайта қаруландыруына кеткен шығындар.

Инвестицияның рентабелдігі – (инвестицияның табыс индексі) – инвестицияның көлемі келтірілген тиімділіктің сомасының қатысы.

Меншікті қаржылық қаражаттар – құрылтайшының бастапқы салымдардан, таза пайдадан, амортизациялық төлемдерден, сақтандыру жинақтардан ж.т.б. көздерден құралған ресурстар.

Инвестицияны қайтару мерзімі – жобаның бастапқы шығындардың өтелу мерзімі.

Капитал құны – пайдаланған капитал пайызының нормасы.

Инвестициялық процестің қатысушылары - мемлекет, компаниялар, жеке тұлғалар болып табылады.

Инвестор, салымшы – пайда табу мақсатымен ел ішінде немесе шетелде белгілі бір кәсіпорынға инвестиция жасаушы, күрделі қаржы жұмсаушы адам.

Ипотекалық несие –бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.б.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Кедең саясаты –импорты-экспорты лицензиялау жүйесі.

Технико-экономикалық зерттеу – инвестициялық жобаны жүзеге асыру тиімділігің зерттеу.

Техникалық көмек – бұл мемлекетке кенес түрінде, семинар өткізу, бір неше бағыттар: ауыл шаруашылығы, отын-энергиялық, жекешілендіру, қаржылық сектор, көлік ж.т.б. бойынша құжаттарды дайындау барысында берілетің көмек.

Техникалық талдау – инвестициялық жобаға ең тиімді техниканы, технологияны таңдау.

Нақты активтер - (нақты активтерге салынатың салымдар). Нақты активтердің түсінігіне кіретін өндірістік ғимараттар, құрлыстар, бір жылдан аса жұмыс істейтің машиналар мен жабдықтар, жеке мүлік, жер және басқадай түрлі күрделі салымдар.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – меншікті қаражаттармен қамтылуы.

Қаржы-несиелік саясаты – ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық реттеу әдістерінен тұратын мемлекеттің саясаты.

Қаржылық салымдар - бұл бағалы қағаздарды сатып алу, яғни инвестициялық қоржының құрау. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар, олардың атқаратың мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші ролге ие болып отырған меншікті инвестициялар. Жалпы, қаржылық инвестициялар дегеніміз несие-қаржы қызметі болып табылады, сондай-ақ несие мекемелеріне (банкілерге) сақтауға тапсырылатың ақша сомасы, қаржы мекемелеріне сақтауға тапсырылатың бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар) және депозиттік салымдар.

Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын және қолма қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.

Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюта-

ларына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.



Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.

Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Дисконталған таза пайда –бастапқы уақытқа келтірілген барлық мерзім бойынша есептелген ағымдағы тиімділіктін сомасы.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндірістке, саудаға, қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Мерзімді депозит – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Пайыз тәуекелі – берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттарп бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.



Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Траст операциялары – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Жобаның сезімталдығы- жобаның тиімділігі сақталатың көрсеткіштерінің ең минималды белгілері.

Экономикалық тиімділік – негізгі қатысушылардың тікелей қаржылық көз қарастарынаң шығатын жобаны жүзеге асырумен байланысты шығындар мен кірістер.

Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің төлем құжатын сатып алуы.

Хеджирлеу – белгілі бір шетел валютасында активтерді және міндеттемелерді сатып алу барысында бағамдық айырманың пайда болуымен байланысты мүмкін болар зияндардан қорғау (сақтандыру) тәсілі болып табылады.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
1. Дәріс және практикалық (семинарлық) сабақ түрі бойынша оқу-әдістемелік материалдар.

1.1. Сабақ түрі бойынша пәннің мазмұны және сағаттарды бөлу.

9 кесте


р/с

Модульдің атауы

Сағаттар саны







Дәріс

Практика

ОСӨЖ

СӨЖ

1

Инвестиция туралы түсінік

1

0,5

3

3

2

Инвестицияларды талдаудың негізгі экономикалық тұжырымдамалары

1

0,5

3

3

3

Жобаларды талдаудың негізгі кезеңдері

2

0,5

3

3

4

Жобаларды алдын-ала дайындау және жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық жарамдылығын бағалау. Бизнес-жоспар

1

0,5

3

3

5

Бизнес-жоспарды дайындау және талдау. Сату нарығын бағалау. Бәсекелестерді бағалау.

1

1

3

3

6

Проценттерді есептеу тәсілдері және дисконттау

2

1

3

3

7

Төлемдер ағымы. Қаржылық рента

2

1

3

3

8

Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару жоспарлары

4

2

3

3

9

Инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың негізгі кезеңдері

2

1

3

3

10

Инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалау

2

1

3

3

11

Ақша түсімін анықтау тәсілдері. Тәуелді ақша түсімі

4

2

3

3

12

Жобалардың тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері

2

1

3

3

13

Инфляция жағдайының инвестициялық жобаны бағалауға тигізетін әсері

2

1

3

3

14

Жобаларды қаржыландыру

2

1

3

3

15

Инвестицияны жасау тәуекелдігін бағалау

2

1

3

3




Курс бойынша БАРЛЫҒЫ:

30

15

45

45


1.2. ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.



Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.
Тақырып 1. Инвестициялар туралы түсінік

Жоба. Инвестициялық және коммерциялық жобалар. Қаржылық және нақты инвестициялық жобалар. Инвестицияның негізгі түрлері. Нақты активтерге жасалынған инвестицияларды жіктеу (өндіріс тиімділігін арттыру үшін жасалынған, өндіріс көлемін ұлғайту үшін жасалынған, жаңа өндірістер үшін жасалынған инвестициялар).
Тақырып 2. Инвестицияларды талдаудың негізгі экономикалық тұжырымдамалары.

Фирмалардың құндылығы (value of firm) арттырудағы инвестициялардың ролі№ Қолданбалы экономикалық пәндер жүйесіндегі инвестицияларды талдаудың орны. Фирманың құндылығын арттыру. Фирманың құндылығын анықтайтын факторлар. Ақша ағымы (cash flow) туралы түсінік. Фирма жұмысын бағалау үшін жасалған ақша ағымының кірісі мен кері ағымы.
Тақырып 3. Жобаны талдаудың негізгі кезеңдері

Халықаралық практикаға сәйкес инвестициялық құжаттарды дайындау кезеңдері: инвестиция алдындағы кезең, инвестициялық кезең, эксплуатациялық кезең. Жобаларды талдаудың негізгі аспектілері: экономикалық таладау, техникалық талдау, құрылымдық талдау, әлеуметтік талдау, экологиялық талдау, қаржылық талдау, тәуекелдікті талдау.
Тақырып 4. Жобаларды алдын-ала дайындау және жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық жарамдылығын бағалау. Бизнес - жоспар

Инвестициялық мүмкіншіліктерді іздестіру жұмыстарын ұйымдастырудың себептері. Болашақтағы жобаға байланысты негізгі мәселелерді қарастыратын құжат – бизнес-жоспар. Бизнес жоспардың құрылымы. Жобаны түпкілікті дайындау және жобаның технико-экономикалық, қаржылық жарамдылығын бағалау.

Тақырып 5. Бизнес – жоспарды дайындау және талдау. Сату нарығын бағалау. Бәсекелестерді бағалау.

Экономика салаларының даму ерекшеліктерін талдау. Маркетинг стратегиясын талдау. Өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптері. Бизнес-жоспарды талдау үшін қажет мәліметтерді іздестіру. Бизнес – жоспарды талдау жұмысын ұйымдастыру.
Тақырып 6. Проценттерді есептеу тәсілдері және дисконттау.

Жай проценттік мөлшерлемемен өсіру. Жай проценттік мөлшерлеме бойынша дисконттау . Қарыз мерзімін және проценттік мөлшерлемені анықтау. Күрделі проценттік мөлшерлеме бойынша есептеу. Күрделі проценттік мөлшерлеме бойынша дисконттау. Бір жыл аралығында бірнеше рет проценттерді есептеу. Номиналды, нақты және тиімді проценттік мөлшерлемелер. Қарызды қайтару мерзімін және проценттік мөлшерлемені анықтау. Табыстылық қисықтары..
Тақырып 7. Төлемдер ағымы. Қаржылық рента

Төлемдер ағымының түрлері және олардың негізгі көрсеткіштері. Тұрақты рентаның өсірілген сомасы. Тұрақты рентаның келтірілген құны. Тұрақты рентаның көрсеткіштерін анықтау. Тұрақты шексіз рента. Шексіз ренталардың жалпы көрсеткіштерін есептеу. Балама төлемдер ағымы. Төлемдер ағымдары бойынша табыстылықты анықтау. Тәуекелдікті ескере отырып, төлемдер ағымының келтірілген құнын есептеу.
Тақырып 8. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару жоспарлары

Ұзақ мерзімдік қарыздарды қайтару жоспарлары. Мерзімдік төлемдер. Жеңілдік берілген мерзім. Бір төлеммен қарызды қайтару. Қарызды қайтару қоры. Қарызды бірдей сомалармен қайтару. Тұрақты мерзімдік төлемдермен қарызды қайтару.
Тақырып 9. Инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың негізгі ережелері.

Инвестициялық жобаларды іріктеу үшін қаржылық-экономикалық бағалаудың ролі. Жобаны жүзеге асыру үшін қажет шарттар (салынған қаржының қайтарылуы, пайданың болуы). Инвестициялық жобаларды бағалаудың арнайы тәсілдерін жасау себептері.
Тақырып 10. Инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалау

Болжанған табыстардың келтірілген құны PV (present value) есептеу тәсілдері. Инвестициялық қаржылардың болашақ (өсірілген) құны FV (future value). Перпетуитет (perpetuity). Гордонның моделі.
Тақырып 11. Ақша түсімін анықтау тәсілдері. Тәуелді ақша түсімі.

Тәуелсіз ақша түсімі. Өтелмейтін шығындар. (sunk costs). Жанама шығындар (indirect costs).Жанама табыстар. Капитал иелерімен есеп айырысу. Ақша түсімі мен табысты салыстыру. Инвестициялау объектілерін сатып алу және істен шығару кезеңдеріне сәйкес ақша ағыны. Инвестициялық жобаға байланысты шығындар мен табыстарды болжау.
Тақырып 12. Жобалардың тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері.

Инвестицияның жарамдылығын бағалау тәсілдерін жіктеу. Ақша түсімін дисконттауға негізделген инвестицияларды бағалау тәсілдері. Таза келтірілген құн NPV (net present value). «Түсім-шығын» коэффициенті BCR (benefit - cost - ratio). Жобаның ішкі табыстылық нормасы - IIR (internal rate of return). Жобаның өтелу мерзімі - РР (payback period).
Тақырып 13. Инфляция жағдайының инвестициялық жобаны бағалауға тигізетін әсері

Инфляцияның мағынасы және көрсеткіштері. Тұтыну бағасы (ТБИ). Ағымдағы және өзгерген бағалар. Инфляция жағдайындағы номиналды және нақты проценттік мөлшерлеме. Инфляциялық күтімдер. Инфляцияның фирма табысына тигізетін әсері. Инвестициялық талдауда инфляцияны ескеру тәсілдері.


Тақырып 14. Жобаларды қаржыландыру

Қаржыландыру қажеттілігін бағалау. Сыртқы қаржыландыру көздері (өзіндік капиталды өсіру тәсілдері). Несие арқылы қаржыландыру.
Тақырып 15. Инвестиция жасау тәуекелдігін бағалау

Инвестиция жасау тәуекелдігі туралы түсінік. Диверсификациялау. Тәуекелдікті бағалау. Инвестициялық жобаларды табыс бойынша талдау.

1.3. Практикалық сабақтар – студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.

«Жобаларды талдау» пәнінен практикалық сабақтарды

өткізу бойынша әдістемелік нұсқау

Тақырып 1. Инвестиция туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Жоба туралы түсінікті қарастыру. Инвестициялық және коммерциялық жобалар, қаржылық және нақты инвестициялық жобалармен танысу. Инвестицияның негізгі түрлерін қарастыру. Нақты активтерге жасалған инвестицияларды жіктеу (өндіріс тиімділігін арттыру үшін жасалған, өндіріс көлемін ұлғайту үшін жасалған, жаңа өндірістер үшін жасалынған инвестициялар).
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сұрау

  2. Рефераттар мен баяндамаларды тыңдау.

  3. Жеке карточкалармен жұмыс жасау.

  4. Экономикалық диктант жүргізу.

  5. Тесттерді шешу.

  6. Практикалық сабақты қорытындылау.

Сабақтың мазмұны:

1. Инвестициялар. Инвестицияларды жіктеу.

2. Инвестициялық жоба. Қаржылық және нақты инвестициялық жобалар.
Әдістемелік ұсыныстароқулықтармен жұмыс, нақты қойылған сұрақтар шеңберінде жеке аналитикалық қызмет.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Инвестицияға, инвестициялық жобаға, инвестициялық қызметке анықтама беріңіз.

  2. Инвестициялар қандай белгілері бойынша жіктеледі.

  3. Инвестицияларға нені жатқызуға болады?

  4. Инвестициялау жағдайын Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі қандай белгілері анықтайды.

  5. Қазақстан экономикасына салым көлемінің маңызды ерекшеліктерін көрсетіңіз.


Студенттердің өздік жұмыстарының сұрақтары мен есептері:

  1. Брутто инвестицияға анықтама беріңіз.

  2. Нетто инвестицияға анықтама беріңіз.

  3. Жалпы инвестицияларға анықтама беріңіз.

  4. Қаржылық инвестицияларға қандай инвестициялар жатады.


Тақырып 2. Инвестициялық талдаудың негізгі тұжырымдамалары:

Сабақтың мақсаты: Фирмалардың құндылығы (value of firm) арттырудағы инвестициялардың ролін қарастырыңыз. Қолданбалы экономикалық пәндер жүйесіндегі инвестицияларды талдаудың орны. Фирманың құндылығын арттыру. Фирманың құндылығын анықтайтын факторлар. Ақша ағымы (cash flow) туралы түсінік. Фирма жұмысын бағалау үшін жасалған ақша ағымының кірісі мен кері ағымы.
Сабақтың барысы:

1.Ауызша сұрау

2.Рефераттар мен баяндамаларды тыңдау.

3.Жеке карточкалармен жұмыс жасау.

4.Экономикалық диктант жүргізу.

5.Тесттерді шешу.

6.Практикалық сабақты қорытындылау.
Сабақтың мазмұны:


  1. Фирманың құндылығын арттырудағы инвестицияның ролі.

  2. Фирма құндылығын анықтайтын факторлар.

  1. Фирманың жұмысын бағалау үшін ақша ағынын талдау.


Әдістемелік ұсыныстароқулықтармен жұмыс, нақты қойылған сұрақтар шеңберінде жеке аналитикалық қызмет, есеп шығару.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Фирманың құндылығын айқындайтын барлық факторларды атаңыз.

  2. Ақша ағымының кірісіне қандай баптар жатқызылады.

  3. Ақша ағымының кері ағымына қандай баптар жатқызылады.


Студенттердің өздік жұмыстарының сұрақтары мен есептері:

  1. Нарықтық шаруашылық жағдайында табыс көрсеткіші қандай роль ойнайды?

  2. Өнімнің өндіру көлемін өзгеркен кездегі, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға кеткен шығындарды қандай екі топқа бөлуге болады.

  3. Өнімнің өндіру көлемін өзгерткен кездегі, кәсіпорынның баланстық табыстылығының өзгеру заңдылығы қандай.

  4. Кәсіпорынның баланстық табыстылығы кезінде қандай ерекшеліктерді ескеру қажет.

  5. Кәсіпорын табысын жоспарлаудың негізгі кезеңдерін атаңыз?

  6. Жалпы кірістілік көрсеткіші нені білдіреді және бұл көрсеткіш кәсіпорын табысынан несімен ерекшеленеді?

  7. Кәсіпорынның қызыметін және табыстылығын жоспарлаған кезде қандай маңызды көрсеткіштерді анықтау қажет?


Тақырып 3. Жобаларды талдаудың негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Халықаралық практикаға сәйкес инвестициялық құжаттарды дайындау кезеңдеріне талдау, инвестиция алдындағы кезең, инвестициялық кезең, эксплуатациялық кезең. Жобаларды талдаудың негізгі аспектілері: экономикалық талдау, техникалық талдау, құрылымдық талдау, әлеуметтік талдау, экологиялық талдау, қаржылық талдау, тәуекелдікті талдау.
Сабақтың барысы:

1.Ауызша сұрау

2.Рефераттар мен баяндамаларды тыңдау.

3.Жеке карточкалармен жұмыс жасау.

4.Экономикалық диктант жүргізу.

5.Тесттерді шешу.

6.Практикалық сабақты қорытындылау.
Сабақтың мазмұны:


  1. Инвестиция алдындағы кезең.

  2. Жобаны жүзеге асыру.

  3. Эксплуатациялық кезең.

  4. Жобалық талдаудың негізгі аспектілері.


Әдістемелік ұсыныстар – оқулықтармен жұмыс, нақты қойылған сұрақтар шеңберінде жеке аналитикалық қызмет, есеп шығару.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жобаның өмірлік цикылына анықтама беріңіз.

  2. Жобаның өмірлік циклы қандай фазаларға бөлінеді.

  3. Жоба бойынша негізгі қызметке не жатады?

  4. Жобаның қамтамасыз етілуі дегеніміз не?

  5. Жобаның негізгі қызметіндегі инвестиция алдындағы фазаға не жатқызылады?

  6. Жобаны негізгі қызметіндегі инвестициялық фазаны қандай кезеңдер құрайды?

  7. Жобаны негізгі қызметіндегі эксплуатациялық фазаның кезеңдерін атаңыз?

  8. Жобаның өтімділік фазасы және оның негізгі кезеңдері.


Студенттердің өздік жұмыстарының сұрақтары мен есептері:

  1. Жобаның инвестиция алдындағы және инвестициялық фазасында жекелеген кезеңдер орташа есеппен қандай үлесті алады?

  2. Нақтыланған мысалда жобаның өмірлік циклына қатысатын барлық фазаларды қарастырыңыз.



Тақырып 4. Жобаларды алдын-ала дайындау және жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық жарамдылығын бағалау. Бизнес – жоспар
Сабақтың мақсаты: Инвестициялық мүмкіншіліктерді іздестіру жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі себептерін анықтау. Болашақтағы жобаға байланысты негізгі мәселелерді қарастыратыратын құжат – бизнес – жоспарды құрастырудың мақсаты. Бизнес жоспардың құрылымы. Жобаны түпкілікті дайындау және жобаның техника-экономикалық, қаржылық жарамдылығын бағалау.
Сабақтың барысы:

1.Ауызша сұрау

2.Рефераттар мен баяндамаларды тыңдау.

3.Жеке карточкалармен жұмыс жасау.

4.Экономикалық диктант жүргізу.

5.Тесттерді шешу.

6.Практикалық сабақты қорытындылау.
Сабақтың мазмұны:


  1. Инвестициялық құжаттарды дайындау кезеңдері.

  2. Инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіруді ұйымдастыру.

  3. Бизнес – жоспардың құрылымы.

  4. Жоспарды түпкілікті анықтау және оның техника-экономикалық, қаржылық жарамдылығын бағалау.


Әдістемелік ұсыныстароқулықтармен жұмыс, нақты қойылған сұрақтар шеңберінде жеке аналитикалық қызмет, есеп шығару.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Инвестициялық мүмкіндіктерді талдауға не жатады.

  2. Жобаны ТЭБ дегеніміз не.

  3. Жобаны алдын ала ТЭБ дегеніміз не.

  4. Алдын ала ТЭБ ТЭБ-тен айырмашылығы неде

  5. Бизнес – жоспар қандай бөлімдерден тұрады.


Студенттердің өздік жұмыстарының сұрақтары мен есептері:

  1. Өндірістік жоспарға не кіреді?

  2. Қаржылық жоспарға не кіреді?

  3. Ұйымдастырушылық жоспарға жұмыстың қандай түрлері жатады?



Тақырып 5. Бизнес – жоспарды дайындау және талдау.

Сабақтың мақсаты: Бизнес – жоспардың құрылымын қарастыру, негізінен мынандай бөлімдерді, яғни экономика салаларын даму ерекшеліктерін талдау. Маркетинг стратегиясын талдау. Өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптері. Бизнес – жоспарды талдау үшін қажет мәліметтерді іздестіру. Бизнес – жоспарды талдау жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың барысы:

1.Ауызша сұрау

2.Рефераттар мен баяндамаларды тыңдау.

3.Жеке карточкалармен жұмыс жасау.

4.Экономикалық диктант жүргізу.

5.Тесттерді шешу.

6.Практикалық сабақты қорытындылау.
Сабақтың мазмұны:


  1. Сату нарығын бағалау. Бәсекелестерді бағалау. Өндіріс саласының даму бағыттарын талдау.

  2. Маркетингтік стратегияны талдау.

  3. Өндірісті ұйымдастырудың принциптері.

  4. Бизнес – жоспарды ұйымдастыру үрдісі.


Әдістемелік ұсыныстароқулықтармен жұмыс, нақты қойылған сұрақтар шеңберінде жеке аналитикалық қызмет, есеп шығару.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Төмендетілген ұсталымдар негізінде бәсекелестік артықшылықтың типін анықтаңыз?

  2. Тауарларды дифференциялау негізінде бәсекелестік артықшылықтың типін анықтаңыз?

  3. «Маркетингтік жоспарда» не қарастырылуы қажет?

  4. Қазақстандық кәсіпорындардың маркетингтік стратегиясын анықтаңыз?



Тақырып 6. Проценттерді есептеу тәсілдері. Дисконттау

Сабақтың мақсаты: Жай проценттік мөлшерлемемен өсіруді қарастыру. Жай проценттік мөлшерлеме бойынша дисконттау. Қарыз мерзімін және проценттік мөлшерлемені анықтау. Күрделі проценттік мөлшерлеме бойынша есептеу. Күрделі проценттік мөлшерлеме бойынша дисконттау. Бір жыл аралығында бірнеше рет проценттерді есептеу. Номиналды, нақты және тиімді проценттік мөлшерлемелер. Қарызды қайтару мерзімін және проценттік мөлшерлемені анықтау. Табыстылық қисықтары.
Сабақтың барысы:

1.Ауызша сұрау

2.Рефераттар мен баяндамаларды тыңдау.

3.Жеке карточкалармен жұмыс жасау.

4.Экономикалық диктант жүргізу.

5.Тесттерді шешу.

6.Практикалық сабақты қорытындылау.
Сабақтың мақзмұны:


  1. Жоспарланған проценттік мөлшерлемемен өсіру. Дисконттау

  2. Есептік мөлшерлеме және өсіру мөлшерлемесі.

  3. Күрделі процент. Тиімді проценттік мөлшерлеме. Табыстылық қисықтары.


Әдістемелік ұсыныстароқулықтармен жұмыс, нақты қойылған сұрақтар шеңберінде жеке аналитикалық қызмет, есеп шығару.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қандай проценттер қарапайым деп аталады?

  2. Қандай проценттер нақты деп аталады?

  3. Жай проценттердің күрделі проценттерден айырмашылығы неде?

  4. Нминалды, нақты және тиімді проценттік ставкаларға анықтама беріңіз?



Тақырып 7. Төлемдер ағымы. Қаржылық рента

Сабақтың мақсаты: Төлемдер ағымының түрлері және олардың негізгі көрсеткіштерін қарастыру. Тұрақты рентаның өсірілген сомасын анықтау. Тұрақты рентаның келтірілген құны. Тұрақты рентаның көрсеткіштерін анықтау. Тұрақты шексіз рента. Шексіз ренталардың жалпы көрсеткіштерін есептеу. Балама төлемдер ағымдары. Төлемдер ағымдары бойынша табыстылықты анықтау. Тәуекелдікті ескере отырып, төлемдер ағымының келтірілген құнын есептеу.

Сабақтың барысы:

1.Ауызша сұрау

2.Рефераттар мен баяндамаларды тыңдау.

3.Жеке карточкалармен жұмыс жасау.

4.Экономикалық диктант жүргізу.

5.Тесттерді шешу.

6.Практикалық сабақты қорытындылау.
Сабақтың мазмұны:


  1. Төлемдер ағыны. Аннуитет (annyity).

  2. Төлемдер ағынының жалпы көрсеткіштері.

3. Төлемдер ағыны негізінде табыстылықты анықтау.
Әдістемелік ұсыныстароқулықтармен жұмыс, нақты қойылған сұрақтар шеңберінде жеке аналитикалық қызмет, есеп шығару.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Аннуитет немесе қаржылық рентаға анықтама беріңіз.

  2. Рента мүшелері деп не табылады.

  3. Тұрақты қаржылық рентаның өсірлген сомасы қалай анықталады.

  4. Тұрақты қаржылық рентаның ағымдағы құны қалай анықталады.


Студенттердің өздік жұмыстарының сұрақтары мен есептері:

  1. Сіз жыл сайын 6 жыл бойы оқу жылының соңында оқу үшін 18000 ақша төлеуіңіз керек. Егер мөлшерлеме пайызы 7-ге тең болғанда барлық соманың төлеу үшін қанша ақша салу керек?

  2. Сіз оқу үшін жыл басында әр жылы 9 000 доллар ақшаны 3 жыл бойы төлеуіңіз керек. Егер нарықтық пайыз мөлшерлемесі 6 % болғанда, сізге барлық соманы төлеу үшін қанша ақша жинау қажет?


Ұсынылатын әдебиетте:

  1. Закон Республики Казахстан «Об инвестициях» от 08. 01. 2003 года.

  2. Волков И. М., Грачева М. В.Проектный анализ. М, 1998 г.

  3. Морозов Д.С. Проектное финансирование, С - П 1999 г.

  4. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов, М. 2000 г.

  5. Грачева М.В. Анализ проектных рисков . М. 1999 г

  6. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Инвестиционный анализ., М. 2000 год.

  7. Колтынюк Б.А. Инвестиционные проекты, С-П, 2000 г.

  8. Катаносов В.К Морозов. Проектиое финансирование. М. 2000 г.

  9. Карданская Н.Л., Чудаков Л. Системы управления производством: анализ и проектирование, М. 1999 г

  10. Стражев 13.И. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности, Минск. 1998 г




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет