Мамандықтың МЖМБС
және типтік бағдарлама Ұйым стандарты
негізінде жасалған пәннің ПМУ ҰС 7.18.1/06
оқу жұмыс бағдарламасын
бекіту парағы
БЕКІТЕМІН
ОЖ жөніндегі проректор
_____________Н.Э. Пфейфер
200 __ ж. «_____» _________
.
Құрастырушы: п.ғ.к., психология және педагогика кафедрасының доценті Галиева Б.Х.
Психология және педагогика кафедрасы
Оқу жұмыс бағдарламасы
«Педагогика» пәні бойынша 050103 – Педагогика және психология мамандығы студенттеріне арналған
Оқу жұмыс бағдарламасы 050103 – Педагогика және психология мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы 3.08.253–2006 МЖМБС және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі оқу-әдістемелік кеңесі жиналысының 2006 жылғы 22 маусымдағы шешімімен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
«_____»__________________200_ж. кафедра отырысында ұсынылды №_____хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________ Бурдина Е.И.
«___» _______________200__ ж филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған. №___ хаттама
ӘК төрайымы____________________________Жуманкулова Е.Н.
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы_____________Сарбалаев Ж.Т.«_____»__________200__ж.
ЖжӘҚБ құпталды
ЖжӘҚБ бастығы _______________Варакута А.А. «_____»__________200__ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталды
«_____»______________200_ж. №____ хаттама
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Кіріспе
Әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталган Қазақстан Республикасындағы білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасуы 050103 -«Педагогика және психология» мамандығынан бакалаврларды даярлаудың мазмұнын қайта қарауды талап етті. Бұл мамандықтан кәсіпқой бакалаврларды даярлауда негізгі пән - педагогика ерекше орын алады.
Педагогика - адамзаттың тәжірибесін мақсатқа бағытты беру процесі және жас ұрпақты өмір мен іс-әрекетке даярлау жөніндегі ғылым.
Педагогика философияның қойнауынан шыкты, дамудың өте ұзақ жолынан өте отырып, қазіргі кезде адам тәрбиесі жөніндегі саласындағы күрделі ғылымга айналды, басқа ғылыми пәндермен тығыз байланысты.
Педагогика адамды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, принциптері, мәні, мазмұны, әдістері мен түрлері жөніндегі ғылым ретінде көрінеді.
Курстың объекті - жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесі.
«Педагогика» курсының пәні - педагогиканың әдіснамалық негіздері, категориялары, түсініктері, заңдары, заңдылыктары, принциптері, мазмұны, мәні, мектептегі тәрбие мен оқытудың әдістері және формалары, тұлғаны қалыптастыру, мектептегі педагогикалық процестің диагностикасы.
Бұл курстың құрылымы төмендегідей логикаға бағынады.
Бірінші бөлім - педагогиканың ғылыми-әдіснамалық негіздерін, тәрбиенің мәнін, тәрбиенің мақсатын, балалардың жас ерекшелігіне сай дамуының сипаттамасын, тұлғаның қалыптасуының сипатын окытатын педагогиканың жалпы негіздері.
Екінші бөлім - тәрбие процесінің теориялық негіздемесін, мазмұндык сипаттамасын, заңдылықтары мен принциптерін, әдістерін, тәрбиенің кұралы мен түрлерін, тәрбиенің жаңа технологиясын теориялық негіздеуді камтиды.
Үшінші бөлім оқушыларды оқыту процесіне арналған. Бұл жерде қазіргі орта білім берудің даму тенденциялары, оқытудың мәні, орта білім берудің мазмұнын таңдау принциптері, оқытудың заңдылықтары мен принциптері, әдістері, құралдары мен формалары, оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және бағалауды жүзеге асыру айқындалады.
Курсты оқу оқытудың хабарламалық-дамытушы, проблемалық-ізденіс, репродуктивті және шығармашылық-репродуктивті әдістерін пайдалана отырып, лекция, семинар, тәжірибелік жұмыс, мұғалімнің басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы барысында жүзеге асады.
Хабарламалық-дамытушы әдістер: лекция, әңгіме, түсіндіру, оқу фильмдерін көрсету, педагогикалық әдебиеттермен, білім беру бағдарламаларымен өзіндік жұмыс.
Проблемалық-ізденіс әдістері: оқу материалын проблемалы баяндау, эвристикалық әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы, кіші топтарда студенттердің ұжымдық ойлау іс-әрекеті, лабораториялық ізденіс жұмыстары.
Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау, үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау.
Шығармашылық-репродуктивті әдістер: педагогикалық тақырыптарға творчестволық шығарма жазу, кроссвордтар құрастыру, педагогикалық жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының формалары: педагогикалық сөздік жүргізу, түпдеректерді конспектілеу, аннотациялау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау.
Педагогика курсын табысты меңгеру студенттердің өзіндік жұмыстарының болуын қажет етеді, пәнді оқу емтихан тапсырумен және курстық жұмысты орындаумен аяқталады.
Пәннің мақсаты: адамдардың өмір іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.
Бұл курсты оқу студенттерге төмендегідей мүмкіндік береді:
тәрбие мен окытудың ғылыми негіздерін, педагогиканың негізгі категорияларын, оның құрылымын, мектептегі оқу-тәрбие процесін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму тенденцияларын меңгеруге;
өзіндік педагогикалық көзқарасты қалыптастыруға;
болашақ маман араласатын шын педагогикалық іс-әрекетті одан әрі жетілдіру және өздігінен білім алу үшін негіз жасауга.
Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негізде жасалган жүйелерімен таныстыру олардың білім беру процесінің мүмкіндіктері женінде ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас процесс ретінде құрудың қажеттігін көре білуді қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие және оқытудың субъекті ретінде түсінуге көмектеседі.
Пәннің міндеттері:
болашак мамандарды педагогиканың әдіснамалық негіздерімен таныстыру;
студенттерде тұтас педагогикалық процесс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін калыптасыру;
білім беру жүйесінің дамуын, тәрбие мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздеу;
педагогикалық ойлауын қалыптастыру.
Педагогиканы оқудың барысында студент төмендегілерді білуі қажет:
педагогиканың әдіснамалық негіздерін;
тәрбие мен оқыту процесінің іргелі идеяларын, тұжырымдамаларын, заңдарын, заңдылыктарын және принциптерін;
педагогиканың негізгі категорияларын және түсініктерін;
педагогикалық теориялар мен мектеп тәжірибесінің диалектикалық өзара байланысын;
оқыту мен тәрбиелеудің мәнін, мазмұнын, формалары мен әдістерін;
оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларының мәнін;
Студент меңгеруі қажет:
педагогикадан алған білімдерін тәжірибеде өздігінен қолдануды;
мектептегі педагогикалық процесті жобалауды және жүзеге асыруды;
оқушыларды тәрбиелеу және оқыту мақсаттары мен міндетгерін аныктауды;
оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерді;
окыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын тәжірибеде пайдалануды.
Студент мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру дағдыларын меңгеруі керек.
Пререквизиттер: Педагогиканы оқу «Педагогикалық мамандықка кіріспе», «Жалпы психология» пәнімен байланыста жүреді.
Постреквизиттер: Педагогиканың тарихы, этнопедагогика, әлеуметтік педагогика, педагогикалық менеджмент және қазіргі мектептегі басқару, педагогикалық шеберлік, педагогиканы окыту әдістемесі, тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау, бағдарлы оқытудың теориясы мен технологиясы, мектептегі педагогикалық практика.
Курстың көлемі оқу жоспарымен келісілген 5 кредиттен тұрады, яғни 225 сағатқа (СӨЖ, СӨМЖ бірге) теңеледі. Межелік бақылаудың саны - 4. Соңғы бақылаудың формасы - емтихан.
Пәннің тақырыптық 7.18.2/07 ПМУ ҰС Н
жоспары нысаны
1. ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырыптардың атауы
|
Сағат саны
|
Д
|
Т
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1 семестр
|
1
|
Педагогиканың жалпы негіздері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
|
2
|
|
6
|
2
|
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
|
2
|
2
|
6
|
3
|
Педагогиканың аксиологиялық негіздері
|
2
|
|
6
|
4
|
Педагогикада мақсатты анықтау
Оқушы тулғасын дамыту, әлеуметтендіру және тәрбиелеу
|
2
|
2
|
6
|
5
|
Оқушы тұлғасы - тәрбиенің объекті және субъекті
Тұтас педагогикалық процесте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру
|
2
|
2
|
6
|
6
|
Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері
Оқушыларға жекелік-даралық тұрғыдан қарау
|
2
|
2
|
6
|
7
|
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Мектепте 12-жылдык білім беруге өтуде педагогикалық процесті
ұйымдастыру ерекшеліктері
|
2
|
2
|
6
|
8
|
Білім берудің жаһандануы
|
2
|
|
6
|
9
|
Тәрбие теориясы. Тәрбиенің мәні.
|
2
|
|
7
|
10
| Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері |
2
|
|
7
|
11
|
Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру
Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе
|
3
|
2
|
7
|
12
|
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары
|
3
|
2
|
7
|
13
|
Дүниеге көзқарас - қалыптасушы тұлғаның негізі
|
2
|
|
7
|
14
|
Ұжым - тәрбие құралы
Ұжымда оқушы тұлғасын қалыптастыру
|
2
|
1
|
7
|
1 семестр бойынша барлығы
|
30
|
15
|
90
|
2 семестр
|
15
|
Оқыту теориясы. Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқытудың қазіргі кезеңдік жүйелері
|
1
|
2
|
6
|
16
|
Оқыту процесі - тұтас жүйе
|
2
|
|
7
|
17
|
Оқытудың заңдары, заңдылыктары және принциптері
Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру жүйесі
|
2
|
2
|
7
|
18
|
Қазіргі білім берудің мазмұны
|
2
|
|
7
|
19
|
Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары
Оқушыларды тұлғаға бағыттап оқыту
|
2
|
3
|
6
|
20
|
Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары
Сабақ - тұтас жүйенің элементі
|
2
|
3
|
6
|
21
|
Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау
Оқушы дамуының мониторингі
|
1
|
2
|
7
|
22
| Оқушылардың оқуын мотивациялау
Оқыту процесінде оқушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіру
|
1
|
2
|
7
|
23
|
Оқытудың педагогикалық технологиясы
Оқушылардың ұжымдык танымдык іс-әрекетін ұйымдастыру
|
2
|
2
|
7
|
2 семестр бойынша барлығы
|
15
|
15
|
60
| Барлығы |
45
|
30
|
150
|
Достарыңызбен бөлісу: |