Жұмыс бағдарламасы Лекция сабақтары Семинар сабақтары ожсөЖ тапсырмалары Бақылау түрлері


Дәріс 1. Этнопсихология пәні, міндеті туралы жалпы түсінік



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,28 Mb.
#32907
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Дәріс 1. Этнопсихология пәні, міндеті туралы жалпы түсінік.

Мақсаты: Этнопсихология пәні, міндеті туралы жалпы түсінік беру.

Жоспары:

  1. Этнопсихология пәні, міндеті туралы түсінік.

  2. Ұлт, этностық топ, этностық сана – сезім ұғымдарындағы мазмұндық айырмашылықтар.

  3. Ұлттық тұлғаның этникалық құрылымы.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы турде зерттеу арқылы маңызы ашылады.

Ұлттық мақтаныш – тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезіну.

Ұлттық психология – қоғамдық сана–сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Адамдар мен топтардың қимыл әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана–сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер,философия.

Ұлттық әдет–ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті тарихи қалыптасқан жүріс–тұрыс әдісі.

Халық қағидалары, ұлттық ұғымдар адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде өмір шеңдігін жоймаған, халық пен бірге жанданып, өзгеріп, түлеп отырады. Қазақтың дала заңдары, болжам – түйіндері, философиялық тұжырымдаулары халықтың ауыз әдебиетінде көрініс тапқан. Қазақ халқы ұрпағының болашағын болжап, алдын–ала қам жасауы, ол туралы әр түрлі топшылау тұжырым келтіріп, қалыптастырған дала заңы мен тәртібі қанша ғасыр өтсе де маңызын жоймауы, яғни халық кәдесіне жарауында деп түсінген жөн.

Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру.

Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса сонша көкейкесті мәселе болып келеді.

Қазіргі таңдағы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықтық қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы – бала тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ жастардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім– тәрбиесі мен ұлттық әдет – ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.

Осы кезге дейінгі ғылыми зерттеу жұмыстарының – кез-келгенінде ұрпақ тәрбиесінің маңызы, мәні, ерекшеліктері, жан – жақты дәлелденген.

Біздің ойымызша ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы жоғары қалыптасқан, ана тілінің қадірін этнопсихологиялық тұрғыда түсінетін азамат тәрбиелеуде ұлттық білім мен тәрбиенің маңызы зор. Ұлт –аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық ерекшеліктерімен және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі. Еліміз егемендігін жариялап, тәуелсіздігін алған жылдар ішінде жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мәселесі бұрын–соңды болып көрмеген жағдайда рухани өміріміздің алтын діңгегіне айнала бастады.

Соңғы жылдары бізде «ұлт психологиясы – ұлттық тәлім–тәрбиеміздің өзегі», – деген қанатты сөз жиі айтылып келеді. Осы мәселенің төңірегінде түрлі ғылыми жиындарда, газет–журнал беттерінде көптеген мақалалар жарық көруде. Бұларда халқымыздың ғасырлар бойы тірнектеп жинаған ұлттық тәрбиесіне, әдет–ғұрпына, тілі мен дініне, жөн–жосық, жол–жоралғысына, бір сөзбен айтқанда бүкіл тыныс – тіршілігіне қатысты мәселелер әр қырынан сөз болып жүр. Бұл айтылған оқу –тәрбие мекемелерінде осы салада жүргізіліп жатқан іс–шараларда оң ықпалын тигізіп жатқаны да байқалады. Десек те ұлттық тіл мен ұлттық тәрбиеге байланысты көлеңкелі жақтарымыз да аз емес.

Осы жерде этнопсихология жайлы айтып кетсек аз болмайды. Сонымен, этнопсихология – әр халық пен тайпаның өзіне тән тыныс–тіршілігінен туындайтын (тіл, дін, әдет – ғұрып, салт, дәстүр, миф, т.б.) психологиялық ерекшеліктердің жүйесін зерттейді. Сондай–ақ ұлттық мінез – құлықты, халыққа тән жан дүниесінің өзгешіліктерін қарастырады.

Этнопсихология – қазіргі психология ғылымының кенжелеу дамыған салаларының бірі. Ол адам психологиясының этникалық ерекшелігін, ұлттық мінезін, этностық сана– сезімінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Этнопсихологиялық мәселелерге көңіл аударуы заңды құбылыс екендігі хақ.. Еліміз егемен мемлекет атанып, тәуелсіздіктің сара жолына түскен шақта ұлттық факторларды ескерудің маңызы ерекше артып отыр.

Әміршілдік – әкімшілдік бүкіл тәлім–тәрбиені бір қалыпқа қою саясаты қазақ мектебін дағдарысқа душар етіп ұлттық салт–дәстүрдің тамырына балта шауып, оларды жалпы адамзаттық асыл мұралардан алыстатты. Нәтижесінде ана тілін білмейтін қазақтың 40 пайызы, үлкен лауазымды қызмет атқара тұрса да, өз халқының тарихы, мәдениеті және психологиясынан мақұрым күйінде қалды. Бүгінде 600 мыңнан астам қазақ баласы орысша жоғарғы оқу орындарында оқыса, кәсіптік техникалық білім беру және арнайы орта оқу орындары жүйесінде оқыту тұтас дерлік орыс тілінде жүреді, қазақ бөлімдері жоғарғы оқу орындары студенттерінің ширек бөлігін ғана қамтиды. Ал қазақтармен үзеңгіліс аралас–құралас тұратын орыс тілді азаматтардың 99 пайызы өз көршілерінің салт – сана, әдет – ғұрып дәстүрлерінен бейхабар.

Балаларды басқа тілді оқытуда ана тіліне сүйенбей тікелей оқытуды ұтымды ма, әлде басқа тілдерді ана тілі арқылы меңгеру тиімді ме дейтін мәселедегі психологиялық–педагогикалық талас соңғысының пайдасына шешілгелі қашан.

Шетел және кеңес психологтарының (Энштейн, Зоргенфрей, Артемов, Беляев,Выготский, Леонтьев, т.б.) жас балаларға жүргізген эксперименттік зерттеулері тілдерді қатарластыра меңгерту сәбиге (екі–үш жастағы) көбінесе, ауыртпалық сезімін және ойын жеткізуге сенімсіздік тудырып, басқалармен қарым–қатынасын қиындатып, түрлі тілдердегі сөздерді шатастыруға әкелетінін көрсетті. Осының нәтижесінде Қазақстанның көп ұлтты жоғарғы оқу орнының тұтас комплексті мәселелерінің ғылыми – методикалық және үйлестіруші орталығы бола алатын этнопедогогика және этнопсихология институты мен ұласпалы білім беру проблемаларын арнайы зерттейтін институт ашу қажеттігі пісіп – жетілген сияқты.

Ұлттық психология, педагогика институтының бүкіл халықтық мәнін ескере отырып, бұл ғылыми мекеменің ашылуын тездетуге ғылым, өнер, қоғам қайраткерлері де қызу ат салысып отыр. Бұған олардың баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары жақсы дәлел. Болашақ институт ұланбайтақ республикамыздағы бүкіл ұлттық педагогика, психология проблемаларын бір жерге шоғырландыра алар еді. Барлық психология мекемелерінің жұмыстарын үйлестіріп, оған белгілі бағыт–бағдар берер еді. Оның үстіне өз ғылыми кеңесі арқылы болашақ педагогтар мен жас ғалымдар ұшып шығатын ұя болар еді. Бұл мекеменің қызметкерлері қоғамдағы күрделі әлеуметтік мәселелерді тиімді түрде шешуге де ат салысар еді. Қазір ұлттық психологиялық ғылыми мекеменің жоқ болғандығынан біз өз ерекшеліктерімізді ескермей тек орталықтан келген дайын материалдармен ғана жұмыс істеуге мәжбүрміз. Мыңдаған жыл тарихы бар бүгінгі егеменді елге бұл жараспайтын жағдай ұлттық ерекшелік кеуде соғу үшін емес біздің бұдан әрі даму процесімізді қанымызға сіңген әдет–ғұрып пен салт–дәстүріміздің жақсысын одан әрі дамытуға, ұлттық ерекшеліктерімізді өркениетке, ғылыми–техникалық дамуға неғұрлым тиімді икемдеу үшін қажет. Ұлттық психологиясыз ұлт болмайды. Ол бар жерде ғана ұлттық тіл мен тәлім – тәрбие өркендей алады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Этнопсихология пәні туралы түсінік беріңіз.

  2. Этностық топ, этностық сана – ұғымдарындағы мазмұндық айырмашылықтарды көрсетіңіз.

  3. Тұлғаның этникалық құрылымын сипаттаңыз

Әдебиеттер:

    1. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

    2. Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

    3. Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөздік. Алматы., 2002ж

    4. Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж

    5. Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. Ростов на Дону., 2000г

    6. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Көмекші құрал. Алматы., 1993ж.

    7. Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998



Дәріс 2. Ұлттық сана-сезім мәселесі.

Мақсаты: Ұлттық сана-сезім мәселесі жайлы мағлұмат беру.

Жоспары:


  1. Сана-сезімді зерттеудегі тарихи және психологиялық ұстанымдар.

  2. Сана-сезім мәселелерін зерделеуде қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі.

  3. Ұлттық сана-сезім мен этностык қарым-қатынас ерекшеліктері.

Жоғары мектепте студенттерді салт-сана, салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеу, білімді ана тілінде меңгеру, ұлттық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалану туралы көптеген ғалымдар айтып өткен, оның мүмкіндіктерін өз тәжірибелерінде пайдаланған. Дегенмен, қазақ этнопсихологиясында салт-сана, сезім мәселелерін тиімді ұйымдастырудың маңызы ғылыми тұрғыда жеткіліксіз қарастырылған.

Этностық сана-сезім - нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс - әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Соңғы жылдары Қазақстанда экономикалық, саяси-идеологиялық, әлеуметтік-мәдени жағдайлардың өзгеруі, Республикамыздың тәуелсіздік алып, егеменді ел болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы педагогика ғылымының алдына жаңа талаптар мен міндеттер койды. Бұл талап - міндеттер қазақтың этнопсихологиясының өзекті мәселелерімен тікелей байланысты.

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, сыннан өтіп келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның санасының жан-жақты дамуына, үлгі-өнеге, ұлттық тәрбие алуына ықпалын тигізері сөзсіз. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі - ұлттық қасиеттерімізді танып-білу. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек. Ендеше, халық тағылымдары арқылы ұрпақты тәрбиелеудің мәселелерін алдыңғы орынға қоюға болады. Өйткені, біз ең алдымен ертеңгі ел тұтқасын ұстар болашағымыз - жастардың санасын тәрбиелеуіміз керек, сонда ғана біз ел тағдырына, ұлт тағдырына өз үлесімізді қосамыз. Ендігі жерде алдымызға қоятын максатымыз - жастарды тәрбиелеу үшін арнайы оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың шарттары болу керек.

Бүгінгі күні ұрпаққа тәрбие беру қоғамдық сананың дамуы мен, қоғамдык кұрылысқа байланысты. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен өндірістік катынастар жаңғырып, жаңарып, өзгеріп жас ұрпақ тәрбиесіне өз ықпалын тигізеді. Қазақ халқының көне дәуірден бері сары майдай сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлері болашақ ұрпақты тәрбиелеуде оның адамгершілік қасиеттері мен мінез-құлқын қалыптастыруда үлкен мәнге ие.

Бүгінгі ұлттық руханиятты тәрбиенің басты құралы ретінде пайдалану қажеттігі туып отырған кезде, халқымыздың өткенінен жан-жақты хабардар болу, ұлттык дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасқан, парасатты, патриот азамат тәрбиелеудің қажеттілігі туып отыр.

Осы орайда республикада халықтық дәстүрді жинақтап, зерттеп, саралап игерту, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, бүгінгі күннің басты талабы.

Ұлттық тәрбиенің арқауы болып табылатын халық тағылымының мән-маңызы мен құндылығын белгілі ғалымдар Г.С.Виноградов, В.Ф.Афанасьев, А.Ф.Хинтибидзе, А.Ш.Гашимов, Г.Н.Волков, ИЛ.Ханбиков, А.Э.Измаилов және т.б. зерделеген.

Соңғы кездері елімізде жастардың санасын, адамгершілік қасиеттерін калыптастыруда этнопсихология материалдарын пайдаланудың мәселелері С.Қалиев, Қ.Жарыкбаев, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова, М.Балтабаев, Қ. Бөлеев, А.Мухамбаева, Р.Дүйсенбінова, Ә.Табылдиев, Ә.Сәдуакасов, Ф.Бөрібекова, Б.Қойбағарова, Р.Төлеубекова, Б.Мұқанова, А.Мағауова, А.Алимбекова, Ұ.Әбдіғаппарова, Г.Бахтиярова, Б.Өтешова, А. Дайрабаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Осы ғалымдардың зерттеулерінен ұлттық сана мәселелері халықпен бірге өсіп, бірге дамығандығын және оның озық дәстүрлері келер ұрпаққа мирас болып келе жатқаны белгілі болып отыр.

Әлемдік цивилизация дамуының тарихында адамдарды олардың сан алуан белгілеріне карай жіктеу болган. Олардың біріне сәйкес адамдар расаларға бөлінсе, екіншісіне сәйкес адамдар этностарға байланысты бөлінеді. «Этнос» дегеніміз - белгілі бір территория аймағында тарихи түрде қалыптасып, өзінің этникалык бірлігін саналы түрде сезінетін және мәдениетінің тұрақты ерекшеліктері болатын, соның ішінде ортақ тілі бар әлеуметтік топ.

Этностардың өмір сүруінің негізінде олардың өзінің жалпылығын түсінуі болып табылады. Бұл ортақтықты этностар «Олар» түсінігімен салыстырғанда «Біз» түсінігінің басым болуынан көрініс табады. Бұл құбылыстың деформациясы этноцентризм атауына ие болды, яғни адамдардың әр түрлі құбылыстарды өзінің этникалық тобының мәдени стереотиптерінің негізіндегі қабылдауы. Этноцентризмнің мәні - басқа топтарға қарағанда өз ұлтынын қасиеттерін асырмалауда жатады.

Ұлт тайпадан сапалы түрде ажыратылады, біріншіден, әлеуметтік теңсіздікпен сипатталатын әр түрлі мемлекеттердің адамдарын біріктіреді. Екіншіден, мемлекеттің пайда болуымен, көшпелі шаруашылықтың қысқартылуымен, негізгі этникалық топтың мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының таралуымен және мемлекеттік тілдің енуімен байланысты. Үшіншіден, белгілі бір этникалық сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуы, ұлтшылдық пен шовинизмнің байқалуы тән болады.

Ұлт дегеніміз - бұл ұлттык-психологиялық ерекшеліктер, дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарда

көрініс табатын психикалық құрылымның, материалды және рухани мәдениетінің, тілдің теориторияның, ұлттық сана-сезімнің ортақтылығын негізінде қалыптасатын белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес болатын этникалык топ дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады.

Нақты этникалық топтардың өкілдерінің ұлттық психологиясы - көптеген факторлар іске кірстірілген ұзақ және спецификалық дамудың нәтижесі. Осы факторлардың ең маңыздылары - саяси-әлеуметтік және экономикалық даму болып табылады. Олардың әсерінен ұлттық психиканың барлық негізгі сипаттамаларының өзгешелігі қалыптасады, себебі ұлттық психика көбінесе өндірістік және коғамдық қатынастардан тәуелді болады екен.

Ұлттық психика - қоғамдық сананың, оның негізгі компонентінің қоғамдық психологияның құрамдас бөлігі.

Ұлт психологиясының құрылымы мен қасиеттері:

Ұлттық психология оның мазмұнын құрайтын ұлттық-психологиялық құбылыстардың жиынтығы болып табылатын өз құрылымына ие.

Ұлттық сана - сезім - адамдардың белгілі бір этникалық топ қатарына жататындығын және оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнын түсінуі.

Ұлттық мінез - құлық - белгілі бір этникалық топ өкілдерінің тарихи түрде қалыптасқан тұрақты психологиялық белгілерінің жиынтығы.

Ұлттық қызығулар мен бағдарлар - белгілі бір этникалык топ өкілдерінің мотивациялық приоритеттерін бейнелейтін қоғамдык-психологиялық кұбылыстар.

Ұлттық сезімдер мен көңіл-күйлерадамдардың өз этникалык тобына, оның қызығуларына, басқа елдер мен құндылықтарға деген эмоционалды қатынас.

Ұлттық дәстүрлер мен әдеттер - Ұлттың тіршілік әрекетінің ұзақ тәжірибесінің негізінде құрылған және күнделікті өмірде берік тамырын жайған, этникалық топтың жаңа мүшесіне берілетін қылық-әрекеттің ережелері, нормалары мен стереотиптері.

Ұлттык психологияның принциптері:



Ұлттық психологияны зерттеу және анализ принципі.

Дамудыц тарихи шарттарын есепке алу принципі. Ұлттық психиканы басқа әлеуметтік кластармен бірігіп алағандагы анализ принці! - ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді зерттеудегі маңызды принциптердің бірі. Қоғамдық психиканың көріністерінің барлығын ұлттыққа кіргізуге болмайды.

Ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің сан алуан көріністерін есепке алу принципі. Ұлттық - психологиялық ерекшеліктердің анализі кезіндегі салыстырмалылық принципі арқылы біз ұлттық типтікті тек басқа ұлттардың өкілдерінің біртиптік мінездемесін салыстырғанда ғана-ақ анықтай алатындығын білеміз.

Ұлтшылдык пен расизмді жеңу үшін саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлатаралық және басқа да шаралардың кешені қажет.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Сана-сезім мәселелерін зерделеуде қазақстандық ғалымдардың үлесін ашып көрсетіңіз.

2.Ұлттық сана-сезім мен этностык қарым-қатынас ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Әдебиеттер:



    1. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

    2. Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

    3. Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөздік. Алматы., 2002ж

    4. Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж

    5. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Көмекші құрал. Алматы., 1993ж.

    6. Жарықбаев Қ.Б. Жан тану негіздері. А., 2005


Дәріс 3. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы этникалық қайта тірілу.

Мақсаты: Этникалық ерекшелік туралы түсінік беру.

Жоспары:

  1. Этникалық ерекшелік туралы түсінік.

  2. Қазіргі кездегі этникалык иденттілік өсуінің психологиялық себептері.

  3. Мұрагерлеріміздің, қазақ баласын қазақша оқытып, тәрбиелейік.

Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта ұлттардың өз тұрмысын сақтауы, тұрмыстық мәдениеттің кайталанбастығының және психологиялық құрылымның ерекшеленуіне, адамның белгілі бір этникалыққа жататындығы - ұлттық сана-сезім немесе этникалық иденттілікке ұмтылыс үрдісі басталды. Барлық континенттердегі көптеген елдердің тұрғындарына әсер ететін бұл құбылыс басында қазіргі күндегі этникалық парадокс атауына ие болды, себебі ол өсіп келе жатқан рухани және материалдық мәдениеттің унификациясымен бірге жүреді. Бірақ казіргі күндегі этникалық қайта тірілу XX ғасырдың екінші жартысындағы адамзат дамуының негізгі белгілерінің біреуі деп қарастырылады. Өз тамырларына деген қызығушылық бөлек адамдар мен бүкіл халықтарда сан алуан формада көрініс табады: байырғы заманғы дәстүрі қайта тірілту тәсілінен бастап, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, «құпия ұлттық жанның» ізденісі мен өз ұлт мемлекеттілігін құру жэне қайта кұруға дейін. Өкінішке орай, бұл заңдық мүдделер басқа ұлттық мүдделермен кездескенде, біз этноаралық конфликтілер жағдайына куә боламыз. Бірақ та егер бүкіл әлемде әр түрлі ғылымдардың өкілдері 30 жылдан аса этникалық қайта тірілуді зерттесе, бұрынғы КСРО-да процесс қарама-қарсы бағытта өтті: ұлттар, қоғамдастықтар керісінше бір-біріне жакындаған, ал ұлттық сұрақ толығымен шешілді деген. Шын мәнінде біздің еліміздегі жағдай әлемдегіден ерекшеленген жоқ, мысалы:

1. империялык колониалды мұра;

2. адамзатқа карсы зорлық көрсету;

3. мемлекетті этно-территориялық түрде бөлу.

Алайда казіргі кездегі адам өмірінде белгілі бір ұлтқа жататындығын түсіну, оның ерекшелігін іздестіру - соның ішінде психикалық ерекшелігін - онда этникалык фактордың психологиялык аспектісін зерттеу қажет. Этнопсихологияның басқа ғылымдар сияқты (этноэлеуметтану, этносаясаттану) дамуы қажет. Этнопсихологтар түрлі ұлттардың өкілдерінің байланыс орнатуы кезінде бірін-бірі түсінбеу себептерін қайдан табу керек екендігін, мәдениетпен шарталған психикалық ерекшеліктер бар ма, этноаралық конфликтілер өсуін қамтамасыз ететін психологиялық кұбылыстар бар ма екендігін анықтайды. Көптеген осы сұрақтардың ішінде этникалық иденттіліктің өсуінін психологиялық себептері туралы сұрақ та бар.

2. Қазіргі кездегі этникалық иденттілік өсуінің психологиялық себептері.

Әлеуметтік ғылымдарда XX ғасырдың екінші жартысындағы этникалық кайта тірілудің бірнеше түсіндірмелік концепциялары бар. Түрлі әлеуметтік мектептер этникалык иденттіліктін өсуін: а) дамыған халыктың экономикалық және техникалық экспансиясына халықтың дамуы артта қалғандарының реакциясы; б) бүкіл әлемдік әлеуметтік бәсеке; в) үлкен әлеуметтік топтың экономикасында және саясатта әрекет-қылықтың жоғарылауы. Бұнда дәл сол этникалық коғамдар басқа топтар не кластарға қарағанда неғұрлым тиімді жағдайларда болатыны анықталды.

Ол жеке ғылым ретінде 19 ғасырдың орта кезінде көріне бастады. Ал, қазақ топырағындағы іргетасы Ш.Уалиханов еңбектерінде қаланды. Оның халық рухы дегені осы ғылымның басты категорияларының бірі болатын. Өйткені бұл өзінің колдануы мен мағынасы жағынан этнопсихология ұғымына жақындайды.

Тәрбиешілер мен ата-аналардың сұраулары бойынша осы ғылымдарға байланысты кейбір әдебиеттерді оқуға ұсынуды орынды санаймыз.

3. Мұрагерлеріміздің, қазақ баласын қазақша оқытып, тәрбиелейік. Тоқырау жылдарындағы қоғамдық дамудың өрескел іркелістері мектеп және халық ағарту саласында кеселді көрініс тапқанын атап көрсету кажет. Қазақ алфавитінің жиі өзгерістерге душар болуы қазақ халқының мол рухани мәдениеті мен баға жетпес халықтық тәлім-тәрбие үлгілерін мансұқ ету, тарихи сабақтастық принциптерінің бұзылуы қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуын ғана тежемей, бүкіл ағарту ісімен ұлттық мектептің дамуына да орасан залалын тигізді. Ұзақ жылдар бойы оқушы жастардың санасына жалпы азаматтық абстрактілі мінез-құлық ережелері сіңіріліп, ұлттық моральдың асылы мен халықтың этнопсихологиялық ерекшелектері еленбеді, жеке тұлғаның белгілі бір этносқа қатынасы ауызға алынбады. Біз жас өспірімнің тек мирасқор емес, ол келешек ұлттық мәдениетті жасаушы әрі этнос тілінің иегері екенін сол жылдары ұмытып кеттік. Соның салдарынан олардың көбі ұлттық мақтаныш сезімінен марқұм қалды. Ұлттық пен интернационалдықтың бірлігі тек сөз жүзінде үйлесіп, тексіз ингилистер қалыптасты.

Ғылыми тәлім-тәрбие бойынша жастарды белгілі бір халықтық дәстүрінде оқыту мен тәрбиелеу - қалыпты мінез-құлық ережелерін сөз, насихат жүзінде ғана сіңірмей, олардың бүкіл өмір салтының процесіне үзілмес арқау ету арқылы жүзеге асырылатыны мәлім. Осыдан келіп тәлімгер тек оқытумен ғана шектелмей, тәрбиеленуші бойына этностың калыпты мінез-құлық ережелерімен асыл қазыналарын, сол ұлтқа тән морльдық касиеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Біз мектепте де, үйде де шәкірттерге этнос тағдырын өз тағдырындай қабылдауды, тұрмыстағы және қоғамдағы этносқа ортақ өмір заңын әр бір мәдениетті адамның өз тәжірибесі ретінде түсінетіндей етіп керек. Мұндай қасиетті бойына дарытпаған, өз этносына тән психологиялық ерекшеліктерді, мінез-құлык ережелерін сақтай алмайтын тұлғаны кемелденген, өзінше дербестікке жеткен азамат деуге, жалпы толыққанды адам санатына қосуға болмайды.

Этнопсихологиялык фактор әртүрлі әлеуметтік кұбылыстарға да ықпал жасап отырады. Мәселен, экологиялық катаклизм зобаландары салдарынан Қазақстан - түрлі ауруларға ұшыраған балалар үшін жасалған материялдық базасы тіпті, ана тіліндегі емдеу, оқу-нұсқау құралдарын әзірлейтін бірде-бір медициналық - педагогикалық лабораториясы жоқ Одақтағы жалғыз республикаға болып отыр.

Негізгі көрсеткіштері жөнінен қазақ мектептері қазірде Одақ бойынша соңғы орында тұр. Қазірде саны мың жарымға жеткен аралас деп аталатын мектептепрдің де келешегі күңгірт.

Оқытумен тәрбиелеу бір парақтың екі беті тәрізді ажырамас қосарлы процесс ретінде кеңестік тәлім-тәрбиеде дәлелденгені мәлім. Бюрократия қасарыса қорғап отырған мектептердің бірде-бірінде білім берудің психологиялық-педагогикалық принципінің үш тірегі-оқыту, тәрбие және дамыту тұтас сақталмай отыр. Аралас мектептерде балалар ана тілінде оқып, білім алғанымен, бүкіл тәрбие жұмысы мен жеке басты дамыту мәселесі тығырыққа тіреліп тұр. Өйткені, бұларда тәрбие жұмыстары шәкірттердің ана тілінде жүрмейді. Ұлттық өзіндік сана, азаматтық сенім мен тұлғаның қалыптасуындағы аса маңызды халықтық озық тәрбие дәстүрі еленбей, окушылардың бір бөлігінің этнопсихологиялық атрибуты ескерусіз қалдырылады.

Сөйтіп, қазіргі аралас мектептердегі тәрбие жұмысының мазмұны. Ресейдің өркениет өкілдері бұдан жүз жылдан астам уақыт бұрын айыптаған миссионер Ильминский жүйесінің өзінше бір түрі болып отыр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Этникалық ерекшелікті қалай түсінесің?

2 .Қазіргі кездегі этникалык иденттілік өсуінің психологиялық себептерін ашып көрсетіңіз.

Әдебиеттер:


  1. Гумилев Л.Н. Этносфера: история людей и история природы. М., 199

  2. Крысько В.Г., Деркач А.А. Этнопсихология: в 2т. М., 1992

  3. Лебедев Н.Н. Введение в этническую кроскультурную психологию. М., 1999

  4. Мид М. Культура и мир детства. М., 1998

Дәріс 4. Мәдениет және ұлыстағы тұлға.

Мақсаты: Әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия ұғымдарына түсінік беру.

Жоспары:


1. Әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия.

2. Әлеуметтенудің салыстырмалы-мәдениетін зерттеу: архивтік, өрістік және эксперименталды зерттеулер.



Көптеген адам жөніндегі ғылым саласындағы мамандар - осы этнопсихологияның жетістіктері әлеуметтенуді зерттеумен байланысты. Кейбір теоретиктер балалык этнографияны еркін тәртіп сапасымен өзіндік теориямен зерттеу әдістерден ерекшелейді. Қазіргі заманда - салыстырмалы мәдени зерттеу әлеуметтенуді бала кең ауқымды меңгереді және оны төрт бөлімге бөледі.

  • элеуметтік прцесстерді зерттеу, оның әдістері және арнайы мәдениетті меңгеру тәсілдері

  • балаларды тәрбиелеу мен және басқа салада өмірдік тәсілдерді зерттеу, оның тәртіп пен мақсаттылығын анықтайтын әлеуметтік институтқа ерекше көңіл аударады.

  • әлеуметтік зерттеу нәтижесін, т.б. - баланы тәрбиелеу мен және ересектердің мінездерін зерттеу әдістерімен өте байланысты.

Қандай да мәселе зерттелгенмен, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Әлеуметтенуден мәдениетсіздікті бөле отыра, біріншіден тұлғаның адамдық интеграциясын түсіндіреді. Мәдениетсіздік процесінің - тұлғаның ойынша әлемді тану және мінез құлыкты меңгереді, осының нәтижесінде оның эмоционалды жэне тәртіптерінің ұксастығы нақты берілген. Мәдениет пен басқа мәдениетсіздік арасындағы айырмашылық алғашқы мәдени процесс ең алдымен баланың дүниеге келген күнінен бастап және өмірінің соңында аяқталады. Мәдениетсіздік процесінің соңы – адам, тіл жөніндегі дәстүрге байланысты. Херсковиц мәдениетсіздіктің екі бөлімін қарастырады.

  • Балалық шақта - тілдің шыға бастағанында Херсковицтің айтуынша, осы кез мәдениетсіздіктің дамуы болып табылмайды. Ересектер оны жазалағанда, яғни баланы кешіргенде оның таңдау құқығын бөледі.

  • Кәмелеттік шақ - жеткіншек кезге жеткенде мәдениетсіздіктің көрінуі аяқталады. Бірақ мәдени есейген шақта мінез қалыптасады. Херсковицтің айтуынша мәдениетсіздік туралы түсіндіргенде - көптеген зерттеушілер маңызды киындықтарға ұшырайды. М.Мид әлеуметтану арқылы әлуметтенуді түсіндіреді. Ол мәдениетсіздікті «шынайы зерттеу процесі» деп түсіндірді. Мәдениетсіздік әлеуметтенудің жемісі - субъектінің базалық, психологиялық аспектісі. Дегенмен әрбір саладағы зерттеушілер бізді қызықтыратын ұғымды шектейді, оларды бір шешімге келтіреді, әлеуметтенудің ауқымды екенін байқайды. Қазіргі танда этнопсихологияда тағы бір ұғым қарастырылады - ол мәдени трансмиссия. Мәдени трансмиссияны колдана отырып, топ өзінің мүмкіншілігін арттырады. Ол келер ұрпаққа өзіндік айрықша механизмдермен оқытылады. Трансмиссия үш типке бөлінеді.

Ешқашанда мәдениетті талап ететін «әлеуметтен және әлеумет танушылардан жазып иерархия деңгейі» болған емес. Егер де европалықтардың көзқарасы, санасы бойынша қарайтын болсақ, оларда, ата-аналардан ең бірінші шеше-басты және жалғыз әлеуметтанушы болып табылады, барлық бөлінген фунцияларды атқарады. Көптеген дәстүрлер мәдениетте, бала тек кана әке мен шешеге ғана емес, ол бүкіл қоғамдық жерде, өзі тұратын мекенінің карауында, сәйкесінше олардын баланың тәрбиесіне әсері бар. XX ғасырдың ортасында этнографтар көптеген халықтың балаларының «қозғалысын» байқаған. Белгілі бір аралда 50-60 жыддары 61% бала ата-аналарымен бір үйде, бір жанұяда тұрмаған, олар бір жанұядан екінші жанұяға көшіп отырған. Осы кезде осылай әртүрлі жанұяда тәрбиеленушілер дәстүрі көптеп таралған. «Туыс, Әке, Шеше» деген терминді кейбір мәдениетте жаңа европалықтарға қарағанда олардан көп айырмашылық бар. Ол адамдар өзінің туған шешесін білгенімен олар бәрібірде басқа әйелдерге шеше дей береді. Бұнда негізгі баланың әке-шешесі болып, онын нақты осы уақытта тамақтандырып, асырап, тәрбиелеп отырған адамды ол ата-анасы яғни әке-шешесі болады. Бірақ ол өзге адамға да тіпті өзінің туған әке-шешесіне де шеше дей береді. Мәдениеттерде этнографиялык ұқсастық болғандықтан мысалы австриялык аборигендерде баланың бірінші жылдарды ол анасымен тығыз байланыста, ал жетім баланы олар байқұс және тәрбиеленбеген, жаман бала ретінде көреді. Оларда баланы тәрбиелеуде ата-анасының жанында көмекшілер болады, баланы қатаң тәртіппен ұстап, өсіреді. Егер ата-анасы қайтыс болған жағдайда, оны алмастырушы ретінде, осы көмекшілер керек. Баланы туғаннан бастап әртүрлі әйелдер емізеді, және оны біреуден екіншісіне бере береді. Баланы оқытқанда, тәрбиелегенде тек кана оның туыстары емес басқада тұрғындары көмектеседі. Мұндай ортада өскен бала - М.Мид ойынша ол бала тек қана ата-анасының қорғауында емес, барлық қоғамдағы адамдарға тәуелдімен деп өседі.

2.Әлеуметтенудін салыстырмалы-мәдениетін зерттеу: архивтік, өрістік және эксперименталды зерттеулер.

Р.Ронер өзінің зерттеулерін жүргізу кезінде этнографиялық архивтерді - «адамдардық карым-қатынастарының аймақтық картотекасын» (Human Relations Area Files - HRAF) қолданған, оны 30 жылдан бастап Йельки университетінде (АҚШ) жинайды. Картотеканың материалдары этиологтармен зерттелген мәдениеттерді жэне географиялық топтарды (мәдениеттердің жалпы сипаттамасы) және заттың («мәдени материалдардың» жалпы сипаттауы) принциптеіы туралы мәліметтерді қамтиды. Заттың топтастыру жан-жақты деп саналатын 79 тақырыптық бөлімдерден тұрады, олар өз кезегінде 8 үлкен дәрежелерге топтастырылған: жалпы мінездемелер (библиография, зерттеу әдістері, география, дін және т.б.); тамақ және киім; үй және технология; экономика және қозғалыс құралы; жекелік және отбасылық іс-әрекет; қауым және билік, ауқаттылық, религия және ғылыми; өмірлік ағымдар.

50 жылдары әлеуметтенуге қатысты картотекалардың мәліметтерін кодификациялау бастайды. Әлеуметтену бөлімі HRAF 9 рубриканы - тамақтандырудан және тәуелсіздікті үйретуге дейін кеудеден шығару, әдеттерді және нанымдарды беруді қосады. Қазіргі уақытта берілгендерді топтастыру әлеуметтенушілерге ғана емес, сондай-ақ психологтар үшін үлкен ғылыми маңыздылыққа ие, ал балаларды тәрбиелеу мен зерттеу үшін архивтік сәйкестік оны басқа мәдени ауыспалылықтардан контекстерінде зертетуге мүмкіндік береді.

Американдық ғалымдар Г.Барридің басшылығымен архивтік зерттеудің тұтас айналымын жүргізді, онда HRAF-та ұсынылған, 104 мәдениеттің тәрбиелеу практикасын бағалау екі немесе одан да көп сарапшылармен жүргізілді. Шынында, зерттеушілер архивтік материалдарды қолдану көптеген ауыр мәселелерді шешуді қажет еткендігін жасырған жоқ. Біріншіден, оларға сұраққа жауап беруге тура келді - өлшеу сөйлемі әрқашанда сол немесе басқа коғамда болатын мықты интерпритацияны қамтамасыз ете ме? Шынында, көптеген этнографиялық сипаттауларда қандай да бір өлшемдердің берілгендері болмайды, бірақ бұның салдары неде екендігі аяғына дейін ашылған жоқ.

Екіншіден, алты денгей бір-бірінен тәуелсіз екендігін анықтау. Ең соңында зерттеушілерге оларды екі полюскетік тәрбиелеу деңгейлеріне сәйкестендіру мүмкін болды. Бір полюс-уступчивостьқа оқыту (тыңдауға, жауапкершілікке, біртіндеп қамқорлыққа), екіншісі - самоутвержденияға оқыту (жетістікке ұмтылу, өз беттілікке тәуелсіздікке). Басқа сөзбен айтқанда, Барри және оның әріптестерінің ойынша, барлық мәдениетті шектеулі уступчивостің тәрбиелеу бағытынан өзіндік бекітуге дейін ұмтылуын өңдеуге болады.

Келесі сұрақ, неге қоғам сол немесе басқаша тәрбиелеудің практикасын таңдайды? Оған жауапты американдық зерттеушілер іздеген.Олар топтың ең алдымен баланың қажеттілігінің, оларға есейген кезде тұрмыстық іс- әрекетінің анықталған типімен қоғамда қажет болатындығымен қызыққан. Олдардың болжамдары бойынша мал бағатын және жермен айналысатын қозғалатын мүшелері үшін, онжа жыл бойы бірлесіп күш салу арқылы материалдық ресурстар жасалынады және қалыптасады және де олардың молшылықтары болуы мүмкін (қоғам «тағымның үлкен қорымен», олардың терминологиясы бойынша), ең алдымен жауапкершілік консерватизм функциоланған. Ал аңшылардың және жинаушылардың қоғам мүшелері, өздеріне сенімді және тәуекелге барушы болуы керек.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия ұғымдарына сипаттама беріңіз.

  2. Әлеуметтенудің салыстырмалы-мәдениетін зерттеулеріне мысалдар келтіріңіз.

Әдебиеттер:



  1. Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998

  2. Гумилев Л.Н. Этносфера: история людей и история природы. М., 1993

  3. Лебедев Н.Н. Введение в этническуюкроскультуную психологию. М., 1999

  4. Мид М. Культура и мир детства. М., 1998

  5. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет