Жұмыс бағдарламасы Лекция сабақтары Семинар сабақтары ожсөЖ тапсырмалары Бақылау түрлері

бет2/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,28 Mb.
#32907
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Ұлттық мінез құлық өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс– тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлттық психологиялық ерекшеліктер –этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негізгі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын құраушы элементтерді білдіретін категория.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші ролі бар беделді тұлға.

Ұлт –аймақ, бірлігімен, экономиялық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психиологиялық эрекшеліктерімен және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Этникалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар категориясының құқыларымен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.

Этникалық бірігу – этникалық қауымдарды жақындату процесі.

Этносаралық мәміле (компромисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың өкілдерімен өзара келісімге келу.

Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты халықтар өкілдерінің бір – біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің формасы.

Этносаралық қарым қатынас мәдениеті – әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай – ақ соларға тән іс – әрекеттердің жинағы.

Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдинетке бірдей тән болу.

Этностық ұтқырлық – мақсатты түрде этностық өзіндік бекіту және өзіндік бағытталған жұмысты белгілеу үшін қолданылатын термин,

Халықтық педагогика – әр түрлі буын өкілдерінің өзара қарым – қатынасы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы сақталған этностық мәдениеттік салт – дәстүрде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын моралін дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы манызы ашылады.

Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кері тартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай – ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретінде қолданылады.

Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.

Ұлттық психология – қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Бұл ақиқат құбылыс адамдар мен топтардың қимыл – әрекетіне және жүріс – тұрысында көрінетін олардың қоғамдық сана –сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер,философия.

Ұлттық өзіндік сана сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік – этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл– күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

Ұлттық нигилист – барлық орнықтылық нормасын, өз этносының салт – дәстүрін терістейтін, өз халқына бөтен, патриоттық сезімі жоқ, халқының мәдениетін менсінбейтін адам.

Ұлттық әдет-ғұрып – дәстүр белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті (әдетті) тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.

Ұлттық соқыр сезім – этностық қауымның басқа қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.

Ұлттық салт– тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс – тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.

Ұлттық сана сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.

Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.

Ұлттық мінезқұлық – өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс – тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлт – аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Ұлт қатынастарының этикасы – этнос қауымдары мен топтар өкілдері арасындағы түрлі байланыстарды қалыпқа келтіретін ішкі ұлт аралық қатынастардың нормалар мен ережелер жиынтығы.

Үйлесім, сыйымдылық – бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқана саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.

Үнсіз сөйлесу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса , ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.

Этностық топтар – тілдің, діннің, мәдениеттің тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым – қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық сана – сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қилысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этномәдениеттік бейімделу – психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы, адамдардың жана мәдениетке, жаңа ұлттық әдет – ғұрыпқа, өмір салтына, тәртіпке бейімделуі.

Этникалық ассимиляция (үндесу) – бір халықтың екінші халықпен оның тілін әдет – ғұрпын, мәдениетін меңгеру арқылы өз тілін, мәдениетін және ұлттық сана сезімін жоғалту жолымен бірігу нәтижесінде ұлттық психологиялық ерекшеліктердің белгілі бір өзгерістері (трансформациясы) пайда болады.

Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық дифференциация – басқа халықтардың тарихына, мәдениетіне, ұлт салттарына, мүдделері мен құндылықтарына деген индифференттік қатынасы мен сипатталатын этнос белгілері бойынша адамдардың ажырасуындағы эмоционалды – когнитивті процесс.

Этностық ұқсастыру (идентификация)– субьекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды – когнитивті процесі, содай–ақ оның тарихына, мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеалдарына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностық мекендейтін аймағы мен оның мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарасы.

Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым–қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық мәртебе – этносаралық қарым-қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың, қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.

Этностық таптауырындар– түрлі этностық қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл–ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез–құлқына, салт–дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілеті.

Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірімен ұлтаралық қатынастарының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.

Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама–қайшы келетін топ аралық кикілжің формасы. Қарулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.

Этностық сана сезім – нақты ұлттармен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс–әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтік психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этностық мәдени біліктілік – өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.

Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ. сондай–ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсінігі бар) тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

Этноцентризм – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып өз этнос қауымының салт –дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

Эгоизм (франц) – жеке басы мүддесін басқалардың, қоғамның мүддесін жоғары қоюшылық.

Эгоцентризм (латын) - өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.

Эйдетизм (грке) – бейнелерді еске өте дәл айқын түсіру.

Эйфория (грек) – шындыққа сәйкес клмейтін көңіл – күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттануы.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Этнопсихология пәні бойынша
Курстың қосымша сипаттамасы.

Курстың мақсаты:

Жүзден аса ұлт мекендейтін Қазақстан Республикасында қоғам мен мемлекет өмірін анықтауда этникалық фактор үлкен маңызға ие. Осыған орай педагогикалық ерекшеліктерін және оардың ұлтаралық қарым-қатынастарда көрініс беруін зерттейтін этнопсихологияны оқып үйренуге ерекше назар аударылуы тиіс.

Қазақстан Респуликасында жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер жасалуда. Этнопсихология курсы бүгінгі күннің талабына сай психология мамандығы студенттері үшін негізгі базалық пән болып есептеледі. Бұл курста этнопсихологияның жалпы мәселелері, әсіресе ұлт проблемасы және тұлғаның ұлтжандылық сезімі мен қасиеті, сапалары жөніндегі ғылыми-қолданбалы ақпарат осы заманғы этнопсихологиялық теориялар негізінде беріледі.

Ғылыми зерттеулерде жинақталған білімдер этнопсихологияның методологиялық принциптері, пәні, зерттеу объектісі, мақсат, міндеттері, тайпа, халық, мәдениет және эпостағы жеке адам, әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия ұғымы, ұлттар психологиясы салаларында қызықты деректерді береді. Каузалдық белгілердегі мәдениаралық айырмашылыұтар, топаралық өзара әрекет пен қарым-қатынастың этнопсихологиялық жақтары, этникалық таптауырындырдың көрінуі мен ерекшеліктері, этникалық қақтығыстар табиғаты, этникааралық қатынаста топаралық қабылдаулардың механизмдері, этникалық біртектіліктің дамуы және трансформациясы ерекшеліктері мәселелері қарастырылады.

Пәннің мақсаты – болашақ мамандарды этнопсихологиялық білімдермен, этнос, халық, ұлт ұғымдармен, этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі тәсілдерімен, теориялық, практикалық білімдер жүйесімен қаруландыру.

Пәннің міндеттері:

  • Этнопсихология пәнінің мазмұнын білу;

  • Ұлт, халық, этнос арасындағы айырмашылықтарды ажырата білуге көмектесу;

  • Этнопсихологиялық талдау тәсілдері мен әдістер жүйесі;

  • Этнопсихологиялық бақылау, талдау, зерттеу жүргізе білу.

Пәнді оқып үйренуде студент білуі керек:

  • Тайпа, халық, ұлт ұғымдарын талдап, ажырата білу;

  • Қазіргі кездегі этникалық теңдестіктің өсуінің психологиялық себебеін аша білу;

  • Мәдениетті психологиялық ұғым ретінде қарай білу;

  • Жеке басты зерттеудегі этнопсихологиялық мәселелерді анықтай алу;

  • Этникааралық қарым-қатынас психологиясын зерттеу.

Курстың мазмұны

Дәріс тақырыптары

Сағ саны

Тәжірибелік сабақтар

Сағ саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1 Модуль

Этнопсихология пәні, міндеті туралы жалпы түсінік.

Этнопсихология пәні, міндеті туралы түсінік. Ұлт, этностық топ, этностық сана-сезім ұғымдарындағы мазмұндық айырмашылықтар. Шетел және кеңес психологтарының жүргізген тәжірибелік зертеулері. Ұлттық әдет-ғұрыптардың ерекшеліктері. Ұлттық тұлғаның этникалық құрылымы.
Ұлттық сана-сезім мәселесі.

Сана-сезімді зерттеудегі тарихи және психологиялық ұстанымдар. Сана - сезім мәселелерін зерделеуде қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі. Ұлттық сана-сезім мен этностық қарым-қатынас ерекшеліктері. Ұлттық психологияның принциптері. Ұлт психологиясының құрылымы мен қасиеттері.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы этникалық қайта тірілу.

Этникалық ерекшелік туралы түсінік. Қазіргі кездегі этникалық иденттілік өсуінің психологиялық себептері. Мұрагерлеріміздің, қазақ баласын қазақша оқытып, тәрбиелейік.

Мәдениет және ұлыстағы тұлға.

Әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия. Әлеуметтенудің салыстырмалы – мәдениетін зерттеу: архивтік, өрістік және эксперименталды зерттеулер. Р.Ронердің этнографиялық зрттеулері. Американдық ғалым Г.Барридің басшылығымен жүргізілген архивтік зерттеулер және т.б.

Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

Ұлттық мінез бе әлде менталдылық па? Әлеуметтік ғылымдарда ұлттық мінез туралы Г.Д.Гачевтің., И.С.Конның т.б. ой - пікірлері. Әлеуметтік тарихи интерпретация. Қалыптылық және ауытқу мәселесі.

Индивидтің қандай әрекет-қылықтарын қалыпты емес деп санауға болады? Р.Бенедиктің ұстанымдары.
Әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің вариативтік мәдениеті.

Мәдениеттің регулятивті функциясы. Адам құлықын анықтауда мінез-құлығын жекелеу дәрежесінде реактивті және белсенді компоненттері. Жеке тұлғалық немесе бірлестік. Дж.Брунер бойынша жеке тұлғалықтың бағытталуы.

Этносаралық қарым-қатынас психологиясы.

Тұлғааралық және топаралық қарым-қатынас. Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминаттары. Әлеуметтік және этностық ұқсастық.

Этникалық конфликтілер: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.

Этникалық конфликтілерді анықтау және жіктеу. Этникалық конфликтілер: пайда болуы. Этникалық конфликтілер: өтуі. Этникалық конфликтілерді реттеу.

Бейімделу. Мәдениеттеу. Лайықтау. Мәдениеттілі естен тану және мәдениетаралық бейімделудің кезеңдері. Жаңа мәдениеттілі ортаға бейімделу процесіне әсер етуші фактор. Топтардың контактілері. Мәдениетаралық бейімделуге дағдылану.

Жаңа мәдениетті ортаға бейімделу

Бейімделу. Мәдениеттеу. Лайықтау.

Мәдениеттілігі естен тану мәдениетаралық бейімделудің кезеңдері. Жаңа мәдениеттілігі ортаға бейімделу процесіне әсер етуші фактор. Топтардың контактілері. Мәдениетаралық бейімделуге дайындалу.

«Ассимилятормен»мәдениеттілігі немесе мәдениаралық сезгіштікті жоғарлату техникасы .
Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің қазіргі этнопсихологиялық теорияларын классификациялау. Қазіргі кездегі тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Ұлттық тәлім-тәрбие ұғымы.

Ұлттық психология –қоғамдық сана –сезімінің маңызды компаненті ,қоғамдық сана –сезімнің маңызды компоненті. Қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Адамдар мен топтардың қимыл әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана-сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін,ғылым, өнер, философия.
Ұлттық дүние танымды қалыптастыуда салт- дәстүрдің алатын орны.

Ұлттық дүние танымды қалыптастыруда салт дәстүрдің алатын орнын анықтаудың маңызы Ұлттық тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудағы ғылыми категориялық түсінік. Этноса тән дүниетаным ерекшеліктері.

Бүгінгі танда Қазақстанда білім беру саласында жалпы білім берудің мемілекеттік стандарттары. Ұлттық тәрбие мәдениет пен өнер негізінде тәрбие беру.

ОСӨЖ тапсырмасы

Тапсырма

Мазмұны

Дайындық формасы

Орындау көлемі және шарттары

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

№1

№ 2

№ 3

№ 4
№ 5

№ 6

№ 7

№ 8

№9
№10
№11

1 Модуль.

Жаңа мәдениетті ортаға бейімделу.

Ұлттық тәлім-тәрбиесі.

Ұлттық дүниетанымды қалыптастыруда салт-дәстүрдің алатын орны.

Оқулықпен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс
Түпнұсқамен жұмыс

.

Оқулықпен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс

Барлық негізгі әдебиеттер.
Әдебиеттермен жұмыс

Тірек-схема

Таблица
Топтық жұмыс

Конспект

Тірек схема

Конспект

Конспект

Реферат

Реферат

Конспект

Ауызша

Жазбаша
Ауызша

Жазбаша

Ауызша

Жазбаша

Жазбаша

Жазбаша, ауызша

Жазбаша

Жазбаша

1-2 апта

3-4 апта
4-5 апта
5-6 апта

6-7 апта

7-8 апта

9-10 апта

11-12 апта

11-13 апта

14-15 апта

СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма

Мазмұны

Дайындық формасы

Орындау көлемі және шарттары

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

№ 1

№ 2
№ 3

№ 4
№ 5

№ 6

№ 7

№8

№9
№10
№11

Этнопсихология пәні, міндеті туралы жалпы түсінік.

Ұлттық сана-сезім мәселесі.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы этникалық қайта тірілу.

Мәдениет және ұлыстағы тұлға.

Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

Әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің вариативтік мәдениеті.

Этносаралық қарым-қатынас психологиясы.

Этникалық конфликтілер: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.

Жаңа мәдениетті ортаға бейімделу.

Ұлттық тәлім-тәрбиесі.

Ұлттық дүниетанымды қалыптастыруда салт-дәстүрдің алатын орны

Кітапханамен жұмыс
Түпнұсқамен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс

Түпнұсқамен жұмыс
Ұлтжанды тұлға және ұлттық мінез құлық
Түпнұсқамен жұмыс
Барлық негізгі әдебиеттер.
Әдебиеттермен жұмыс

Библиографиялық жұмыс
Конспект
Терминалогиялық сөздікпен жұмыс

Аннотация

Конспект

Салыстырмалы талдау

Реферат

Реферат

Конспект
Кесте

Картотека

Жазбаша
Терминдер

Жазбаша
Жазбаша

Жазбаша

Кесте

Жазбаша

Жазбаша

Жазбаша
ауызща

1 апта

2 апта
2 апта

3 апта

4 апта
5 апта

6 апта

7 апта

8 апта

9 апта

10 апта

11 апта

12 апта

13 апта

14 апта
15 апта

Этнопсихология пәніне арналған оқу-әдістемелік картасы

Апта

Тақырыбы

Аудиториялық сағат

бөлу

СӨЖ Тапсырмасы

СӨЖ

Балы

Матер.

Жабдықтау

лек

пркт

лаб

РК

1 апта

2 апта
3 апта

4 апта
5-6 апта

7 апта

8-9 апта
10-11 апта

12-13 апта

14 апта
15 апта

Модуль 1.

Этнопсихология пәні, міндеті туралы жалпы түсінік.

Ұлттық сана-сезім мәселесі.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы этникалық қайта тірілу.

Мәдениет және ұлыстағы тұлға.

Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

Әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің вариативтік мәдениеті.

Этносаралық қарым-қатынас психологиясы.

Этникалық конфликтілер: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.

Жаңа мәдениетті ортаға бейімделу.

Ұлттық тәлім-тәрбиесі.

Ұлттық дүниетанымды қалыптастыруда салт-дәстүрдің алатын орны

1

1
1

1
2

1

2

2

2

1
1

1

1
1

1
2

1

2

2

2

1

1

№ 1

№ 2
№ 3

№ 4
№ 5

№ 6

№7

№8

№9

№10

№11

3
3

3

3

3

3

3

3

3

3

Кесте

Текспен жұмыс

Текспен жұмыс

Оқулықпен жұмыс
Конспект

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Кесте

Реферат

Кесте

Текспен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Барлығы:

15

15

2012-2013 оқу жылына 050103 «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік әдебиетпен қамту картасы.

Оқулық және оқу-әдістемелік құрал саны

Кітап саны

Студенттер саны

Қамту пайызы

Ескерту

Негізгі әдебиеттер тізімі.

1.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

2.Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

3.Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөздік. Алматы., 2002ж

4.Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж

5.Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. Ростов на Дону., 2000г
Қосымша әдебиеттер тізімі.

1.Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Көмекші құрал. Алматы., 1993ж.

2.Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998

3.Гумилев Л.Н. Этносфера: история людей и история природы. М., 1993

4.Крысько В.Г., Деркач А.А. Этнопсихология: в 2т. М., 1992

5.Лебедев Н.Н. Введение в этническуюкроскультуную психологию. М., 1999

6.Мид М. Культура и мир детства. М., 1998

7.Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983

8.Выготский Л.С. Мышление и речь. //собр.соч. в 6т. М., 1982

9.В.С.Агеев. Психология межгрупповых отношений. М. МГУ. 1983

10.Т.М.Дридзе. Язык и социальная психология. М. 1980

11.Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М. Изд.БГУ.1976

5
10

15
5
5

5
10

5
5

5
10

10
5
10
5
15

17
17

17
17
17

17
17

17
17

17
17

17
17
17
17
17

10
15

20
10
10

10
15

10
10

10
15

15
10
15
10
20

3. Дәріс тақырыптарының мазмұны.

Дәріс тақырыптарының мақсаты және міндеттері:
Лекция тақырыптарын қарастыру барысында студенттерге курс бойынша теориялық жүйелі білім беру.

Әрбір тақырыптың мазмұнын және қазіргі даму мәселелерінің негізгі теорияларын және тұжырымдамаларын, практикалық білімдермен қаруландырып, өз бетінше баға бере алу үшін білім беру.

Жан-жақты ғылыми көзқарастарды қарастыра отырып, шетел және отандық психологтардың тұжырымдамаларының ерекшеліктерін салыстырып бағалай білуге үйрету.

Ғылым негіздері жайында түсінік беру. Белгілі бір ғылыми-практикалық міндеттер және мәселелерді шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзбеттілікпен ойлау шығармашылығын дамыту. Ойлау, талқылау және қойылған мәселеге талдау жасай алуға үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет