10 Тақырып - Автоклавтыматериалдар мен бұйымдар Жоспар 1 Автоклав технология туралы түсінік
2 Автоклавты материалдардың түрлері
Ауалық әкті кварцтық құммен және сумен араластырғанда құрылыстық ерітінді алынады. Ол қалыпты температурада өте баяу қатаяды да бастапқы бірер айлардағы беріктігі төмендеу болады. Әктілі-құмдық ерітінді тек қана ауада қатайып және тек қана нормалдық ылғалдылықтағы ауалық ортада беріктігін сақтай алады.
Автоклавтық өндеу 3 кезеңге бөлінеді: автоклавты және бұйымдарды берілген максималдық қысымдық пен температураға дейін бумен толтыра қыздыру; қысымдығын төмендеткенге дейін изотермиялық қыздыру; автоклавты будан босатып сосын бұйымдарды одан шығару.
Автоклавтық бұйымдарға силикаттық кірпіш, ірі силикаттық блоктар, ауыр силикаттық бетоннан жасалынған плиталар, жамылтқы және қабырға панельдері, тіректер, арқалар және т.б. конструкциялар жатады.