3 тақырып - Табиғи тасты материалдар
Жоспар
1 Табиғи тастардың жіктелуі.
2 Магмалық тау жыныстардың басты түрлері олардың құрылыстық қасиеттері.
3 Шөгінді тау жыныстарының басты түрлері және құрылыстық қасиеттері.
4 Метаморфтық тау жыныстары және олардың құрылыстық қасиеттері.
Табиғи тас материалдары және бұйымдары деп тұтас жатқан тау жыныстарын қарапайым механикалық өңдеу (жару, тілу, ұсақтау, т.б. тәсілдер) арқылы алынатын плиталар, блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және жалпақ тастар, жол жиек тастары, қиыршықтас, ұсақталған құм т.б. сол сияқты өнімдерді айтады.
Құрылыс саласында кең қолданылатын табиғи тас материалдарын төмендегінше үлкен 2 топқа жіктеуге болады:
1 Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар: үйлерді және ғимараттарды, өзен жағаларын, көпірлерді және т.б. инженерлік құрылыстарды қаптауға, жол және гидротехникалық құрылыстарына, үйлердің қабырғаларын көтеруге өнеркәсіптік үйлердің еденін төсеуге, басқыш алабын құрамдауға, құрылыс ерітінділері мен бетондарға толтырушы ретінде және т.б. көптеген мақсаттар үшін пайдаланады;
2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінде жасанды материалдар шығару үшін (керамика, шыны, минералдық байланыстырғыштар) шикізат ретінде қолданылатын минералдық жыныстар.
Достарыңызбен бөлісу: |