Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты Қр ммбс 08. 358-2006, Үлгерімнің ағымдағы бақылауын өткізудің типтік ережелері, жоғары оқу орындары тәлімгерлерінің аралық және нәтижелік аттестаттауы мен Қр ммбс 03


Кафедра меңгерушісі ___________________ Шумейко И.А.«____» ________20___ж



бет2/2
Дата12.03.2018
өлшемі262,56 Kb.
#38983
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2

Кафедра меңгерушісі ___________________ Шумейко И.А.«____» ________20___ж.

Факультеттің оқу әдістемелік кеңесімен құпталған 20__ж. «_____»______________ №____хаттама



ОӘК төрағасы _____________________ Ахметов Ж.Е. «____» __________20__ж.




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы _________________ Токтаганов Т.Т. 20__ж. «____»_____________


құпталды:

ОҮМББ бастығы ______________ Крюкова Е.В. «____» ________20___ж.
ЖжӘҚБ бастығы _________________ Варакута А.А. «____»____________ 20__ж.

(қолы) (күні)

Университеттің әдістемелік кеңесімен құпталған

200_ж. «_____»______________ №____хаттама



1 Нәтижелік мемлекеттік аттестаттау мен мемлекеттік емтихандарды өткізудің мақсаттары мен міндеттері, түрлері
050732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының ҚР ММБС 3.08.358-2006 сәйкес студент міндетті:

- механикалық, жылы техникалық және электротехникалық шамалардың өлшеу және бақылау әдістері мен құралдарының өзекті мәселелері мен даму болашағын; өлшеу межеліктері, физикалық шамалар бірліктерінің жүйелері, өлшеулер қателіктерінің іргелі көздері және өлшеулер дәлдіктерінің шектері, өлшенетін шамалар мен өлшеу құралдарының математикалық үлгілерін; механикалық, жылы техникалық және электротехникалық өлшеулердіңжіктелуін білу;

- механикалық берілістерді және тетіктердің қосылыстарын берктікке есептей алуы керек; өлшеулердің сапасын бақылау, өлшеулерді жоспарлау; өлшеу құралдарын тексеру (калибрлеу); статистикалық болжамдарды тексеру; статистикалық әдістерді сапаны бақылау, ақауларды талдау және технологияық үрдістерді зерттеуде қолдану; мәліметтер қорларын өңдеу, оларды қолданумен сапаны сарапты бағалауды өткізу, мәліметтер қорларын нәтижелерді статистикалық өңдеу және қорытынды жасау үшін қолдану.

- электроника элементтері мен электронды құралдарды бақылау мен тексерудің дағдыларын алу; өлшеулер нәтижелерінің сапасын бағалау теориясы және оларды математикалық өңдеу; стандарттау, метрология және сертификаттаудың нормативті-құқықтық негізі; сертификациялық сынаулардың әдістері мен бағдарламалары; өндіріс ақаулығы себептерін талдаудың статистикалық әдістері, өнімді пайдалану, жөндеу және утилиттеу кезінде сапаны талдау және бақылау құралдары.

Мемлекеттік емтиханды өткізудің түрлері – аралас (тестілеу мен жазбаша).

Жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша мақсаттарға жету үшін оқу үрдісінде оқу және өндірістік практикалар ескертілген: оқу (бір апта) практикасы бірінші курста; бірінші өндірістік (екі жарым апта) екінші курста; екінші өндірістік (5 жұма) үшінші курста және өндірістік (екі жарым апта) төртінші курста.

Екінші өндірістік практика уақытында үшінші курста университет пен өнеркәсіптен практика жетекшілерінің басқаруымен студенттермен «Сапа менеджменті жүйелері», «Өндірісті метрологиялық қамсыздандыру» пәндерінен курстық жұмысты орындау үшін материалдарды жинау және дипломдық жобалардың тақырыптарын дайындау мен дипломдық жобалау үшін мәліметтерді алдын ала дайындау жасалады. Курстық жұмыстар үшін мәліметтер нақты мтапсырмаларға сәйкес жиналады. Курстық жұмыстарда зерттеу үшін ұсынылатын сұрақтар: өнімнің жалпы сипаттамасы: түзілімнің, машинаның, аспаптың, өнімнің және т.б. Өнімінң квалиметриялық бағасы; бұйымның қызметтіктағайындалуы; бұйымға техникалық талаптар; өнімнің жіктелуі; өнім сапасын анықтау; өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер; сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау; бұйымның құрылымдық талдануы; бұйымның функционалдық талдануы.

Таңдалған материалдар енгізінде практика бойынша есептерді қорғау кезеңінде «Сапа менеджменті жүйелері», «Өндірісті метрологиялық қамсыздандыру» пәндерінен курстық жұмыстың тақырыптары дайындалады, олар оқу жылының бірінші аптасында кафедра отырысында бекітіледі. Кейін дипломдық жұмыс тақырыптары дайындалады, олар әлі де сол кафедра отырысында қарастырылады және факультет кеңесімен бекітіледі. Кафедра кеңесімен бекіткен соң дипломдық жұмыстардың тақырыптары бойынша жарлық дайындалады.

Диплом алдындағы практиканы ақтағаннан кейін студенттер жинаған мәліметтер мен дублерлер (ТББ бақылаушылары, метрологтар және т.б.) ретінде жұмыс істеу кезінде алынған дағдылар негізінде есептерді қорғайды. Академиялық күнтізбеге сәйкес студенттер дипломдық жобалауға (нәтижелік аттестаттауға) шығады.

2 Мемлекеттік аттестаттауды дайындау мен өткізуді ұйымдастырудың мәселелері
2.1 Жалпы ережелер

Нәтижелік аттестаттауды өткізу үшін мамандық бойынша мемлекеттік атестаттау комиссиясы (МАК) құрылады. МАК професорлар мен доценттер санынан, соның ішінде кафедра меңгерушісі, МАК хатшысы, МАК хатшысы – аға оқытушы, құрылады. МАК төрағасы мен құрамы ректордың жарлығымен бекітіледі, сонда МАК-тың төрағасы етіп өнеркәсіпте басқарушылық лауазымы және 050732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығына сәйкес болатын базалық білімі болатын адам тағайындалады.

Мемлекеттік емтиханға рұқсат студенттер тізімі бойынша факультет деканының бұйрығымен мемлекеттік емтиханның басталуына екі аптасы қалғаннан кеш емес дайындалады және МАК-на жеткізіледі.

Мемлекеттік емтиханға дайындау мақсатында кеңестемелер кестесі құрылады және ректормен бекітілетін мемлекеттік емтихандар графигі құрылады. Мемлекеттік емтихандар графигі студенттерге айтылады.


2.2 Дипломдық жұмытың тақырыбына қойылатын талаптар

Дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болуы, ғылым, техника мен мәдениеттің қазіргі уақыттағы күйі мен даму болашағына сәйкес болуы керек.

Дипломдық жұмыстың тақырыптарын анықтаған кезде өндіріс, білім, ғылым мен мәдениеттің нақты міндеттері мен мәселелерін ескеру қажет.

Дипломдық жұмыстың тақырыптары мамандық пен мамандарды дайындаудың профиліне сәйкес келуі керек.

Сырттай нысан бойынша оқытылатын тәлімгерлерге дипломдық жұмыстың тақырыбын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдауға рұқсат етіледі.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы шығарушы курс басында студентке бекітіледі және жоғары оқу орнының ректорының жарлығымен бекітіледі.

Диплом алдындағы практиканың аяқталуына кейін дипломдық жұмыстың тақырыбы қажет жағдайда шығарушы кафедраның көрсетуімен өзгерте, нақтылай және түзетіле алады.

Дипломдық жұмысты жазу ретіне қойылатын талаптар.

Дипломдық жұмысты орындау үшін кафедраның көрсетуімен әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер, осы ЖОО-ның ең тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, немесе ғылыми зерттеулер мен ғылыми басылымдары тәлімгер мамандығының профиліне сәйкес келетін басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен жоғары білікті мамандар тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:

1) дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырманы береді;

2) студентке дипломдық жобалауды орындаудың бүкіл уақытына күнтізбелік графикті жасауда көмек береді;

3) студентке қажетті негізгі әдебиеттер, анықтамалық және архивды материалдар, типтік жобалар мен тақырып бойынша басқа көздерді ұсынады;

4) кеңестемелерді кестесін құрайды, оларды өткізген кезде студентпен дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік графигін атқаруына ағымдағы бақылауды жасадйы.

5) дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін орнатады және дипломды орындаушы мен кеңесшілердің жұмысын анықтайды.

Дипломдық жұмысқа тапсырма бастапқы материал мен көздердің суреттелуі, студентпен дайындалатын сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиет тізімі, графикалық материалдар (кестелер, диаграммалар, сұлбалар және т.б.) тізімі, дипломдық жобаны жазудың толық күнтізбелік кестесі.

Дипломдық жұмысқа тапсырма кафедра меңгерушісімен жұмысты аяқтау уақытымен бекітіледі. Дипломдық жұмысқа тапсырма дипломдық жұмыспен бірге сақталады.

Жұмыстың күнтізбелік графигі бүкіл уақытқа жеке бөлімдерді орындаудың ретін көрсетумен құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің көрсетуімен қажет жағдайда кафедра ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебіне дипломдық жұмыстың жеке бөлімдері бойынша кеңесшілерді шақыра алады.

Кеңесшілер ретінде ЖОО-ның профессорлары, доценттері, оқытшылары мен ғылыми жұмыскерлері, сонымен бірге басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлер тағайындала алады. Кеңесшілер жұмысты студентпен орындалған сәйкесті бөлімдерін тексереді және оған қол қояды.

Дипломдық жобалауды орындауға дейін кафедра әдістемелік нұсқауларды жасау және олармен студенттерді қамсыздандыруы керек, бұл әдістемелік нұсқауларда мамандықтың мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар орнатылады.

Кафедра меңгерушісі студенттің дипломдық жұмысты орындау бойынша периодтық есебінің уақытын орнатады. Осы уақыт ішінде студент ғылыми жетекші мен кафедра меңгерішісі алдында есеп береді, олар дипломдық жұмыстың дайындық деңгейінің дәрежесін анықтайды және бұл туралы деканға мәлімет береді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні шығармашылық ой, пайдаланылатын зерттеу әдістеріне негіздеме, есептеудің қабылданған әдістері мен әдетте компьютерлік технологияның көмегімен орындалатын есептеулердің өздері, өткізген тәжірибелердің суреттелуі, олардың талдау мен олар бойынша қорытындылар, нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстыру және қажет жағдайда иллюстрациялар, графиктер, үлгілер, диаграммалар, сұлбалар және т.б. болуы керек.

Дипломдық жұмыс бойынша жұмыс студентпен ЖОО-да орындалады, сонымен бірге өнеркәсіп, ұйым, ғылыми, жобалау-құрылымдық және басқа ұйымдарда орындала алады.
2.3 Дипломдық жұмысты қорғауға көрсетудің реті

Дипломдық жұмыс шығарушы кафедраға алдынан қорғау процедурасынан өту үшін көрсетіледі.

Дипломдық жұмыс тыалдынан қорғау процедурасы кафедраның ашық отырысында студенттер мен ғылыми жетекшінің міндетті қатысуымен, және қажет жағдайда, ғылыми кеңесшілердің қатысумен өткізіледі.

Алдынан қорғау кафедра отырысының хаттамасымен дайындалады.

Алдынан қорғаудан өткен және орнатылған талаптарға сәйкес дайындалған аяқталған дипломдық жұмысқа студент, ғылыми кеңесші қолдарын қояды және ғылыми жетекшіге көрсетіледі.

Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа жазбаша сынды жазады.

Дипломдық жұмысты келістіру жағдайында жетекші қолын қояды және қорғауға рұқсат туралы өзінің жазбаша сынымен бірге кафедра меңгерушісінің алдына көрсетеді.

Дипломдық жұмысқа рұқсат берілмеген жағдайда ғылыми жетекші оған қолын қоймайды, бірақ жазбаша пікірді жазады, онда дипломдық жобаны қорғауға рұқсат бермеуін негіздейді.

Осы материалдар негізінде кафедра меңгерушісі осы дипломдық жұмыс бойынша қорытынды шешімді қабылдайды, осы туралы оның бірінші бетінде сәйкесті жазуды қалдырады.

Егер кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мүмкін емес деп санаса, онда бұл мәселе кафедраның отырысында осы студенттің және оның ғлыми жетекшісінің міндетті қатысуымен қарастырылады. Кафедра отырысының хаттамасы ЖОО ректорының бекітуіне көрсетіледі.

Шығарушы кафедрамен көрсетілген дипломдық жұмыс факультет деканымен рецензияға бағытталады.

Рецензенттер тізімі ректордың жарлығымен шығарушы кафедра меңгерушісінің көрсетуімен өндіріс пен ғылыми ұйымдар мамандарының санынан орнатылады. Рецензенттер ретінде сонымен қатар басқа оқу орындарының профессорлар, доценттер мен оқытушылары бола алады.

Рецензенттердің қорғалатын дипломдық жұмыстың профилі бойынша базалық жоғары білімі және/не оған сәйкес академиялық дәреже, оқу дәрежесі болуы керек.

Рецензент дипломдық жұмысқа жазбаша рецензияны береді, онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, дипломдық зерттеу тақырыбының маманның берілетін академиялық деңгейімен берілетін дайындау профиліне сәйкес келуі, өткізілген зерттеудің дербестігі, қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, мәселені шешу мен зерттеудің аяқтаудың дәрежесі.

Рецензияда баллды-рейтингі әріптік жүйе бойынша бағаны және қорытынды және сәйкес академиялық дәреже мен білікті берудің мүмкіндігін көрсетумен бірге аргументтелген қорытынды беріледі.

Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген, бірақ рецензентпен F – «қанағатсыз» бағаға бағаланған дипломдық жұмыс жалпы шарттарда қорғалады.

Факультет деканы рецензиямен кафедра меңгерушісі мен студентті қорғауға дейін бір күн қалғаннан кеш емес таныстырады және пікірі мен рецензиясы бар дипломдық жұмысты Мемлекеттік аттестациялық комиссияға қорғауға бағыттайды.

Дипломдық жұмысты қорғау студенттің қалауынша қазақша немесе орысша тілде жүргізіледі. Студент кафедраның ұсынысы бойынша қосымша дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұмын шетел тілдердің бірінде көрсете алады, ол қорғауды айтылады және осы тілдегі сұрақтармен қоса берілуі мүмкін.

Дипломды жұмысты қорғау қазіргі уақыттағы техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы негізінде мультимедиялық презентациялар түріндегі электронды қорларды пайдаланумен іске асырыла алады.
2.4 Дипломдық жұмысты қорғау реті

Дипломдық жұмысты қорғау реті білім беру саласындағы орталық атқарушы органмен бекітілген білім беру ұйымдарында оқытылатындардың ағымдағы үлгерімді бақылау, аралық және нәтижелік мемлекеттік аттестаттауды өткізудің Ережелерімен анықталады.

Дипломдық жұмысты қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық отырысында, комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес санының қатысуымен өткізіледі.

Дипломдық жұмысты қорғау көпшілікті түрде өткізіледі, шығарушы кафедраның студенттері, оқытушылары қатысады. Қорғауға сонымен бірге ғылыми жетекшісі, дипломдық зерттеу өткізілген ұйымның өкілдері және басқа қызықтырылған адамдар шақырыла алады.

Бір дипломдық жұмысты қорғау уақыты әдетте бір студентке 30 минуттан аспау керек.
Нормативті орнату.




Дипломдық жұмысты басқару, МАК жұмысы

- дипломдық жұмысты басқару және кеңестемелер
- дипломных жұмыстарды рецензиялау
- МАК жұмысына қатысу

Әрбір диплом қорғаушыға 30 сағат, сонымен бірге бір жұмысқа (жұмысқа) 24 ак.сағ.
Бір жұмысқа 3 ак.сағ.
0,6 ак.сағаттан МАК төрағасы мен комиссияның әрбір мүшесі үшін әр студентке

Бір жетекшіге 5 артық емес дипломшыдан бекітіледі, жеке жағдайларда бір проффесор, тәжірибелі доцентке 8 дипломшыға дейін бекітілуі мүмкін

МАК құрамы – 5 артық емес, топшада 10 студенттен артық емес


Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент дипломыменмемлекеттік аттестаттау комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттен артық емес сөйлейді.

Дипломдық жұмысты талқылауға барлық қатысушылар сұрақтар мен сөйлеулер түрінде қатыса алады.

Талқылаудан кейін комиссияның хатшысы пікірді (егер ғылыми жетекші қатысса, ол пікірді өзі айта алады) және рецензияны оқиды. Пікірде және/не рецензида ескертулер бар болған жағдайда студент олар бойынша аргументтелген түсініктемелер бреуі керек.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері бойынша баллды-рейтингті әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Мұнда теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындықтың деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензенттің бағасы назарға алынады.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссия отырысының хаттамасымен әрбір студент бойынша жеке дайындалады және оларды өткізу күнінде хабарланады.


2.5 Дипломдық жұмыстарды сақтау реті

Дипломдық жұмыстар қорғаудан кейін шығарушы кафедрамен ЖОО-ның мұрағатына кафедра меңгерушісімен бекітілген тізім бойынша беріледі.

Дипломдық жұмыстар ЖОО мұрағатында 5 жыл сақталады. Осы уақыт біткен соң дипломдық жұмыстарды ректор жарлығымен құрылған комиссияның актісі бойынша жазылады.

Оқу-әдістемелік көмек көрсету, конкурсқа қатысу, оқу жұмысы бойынша проректордың рұқсатымен өндіріске енгізу үшін дипломдық жұмыстың көшірмесі алынады және қызықтырылған жаққа беріледі.


3 Мемлекеттік емтихандар мен шығарушы жұмыстарды қорғау бағаларын қою реті

Оқытылатындардың нәтижелік мемлекеттік аттестаттауындағы бағалары туралы шешім МАК жабық отырыста ашық дауыс берумен қарапайым отырысқа қатысқан комиссия мүшелері дауыстарының көпшілігімен қабылданады. Отырысқа МАК мүшелерінің жартысынан кем емес саны қатысуы керек. Дауыстардың бірдей саны болғанда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.



Мемлекеттік емтихан бойынша нәтижелік баға студентке тестілеу мен жазбаша жауап нәтижелері бойынша келесі формулаға сәйкес қойылады:
И=Т*0,3+П*0,7,
мұндағы Т – тестілеу нәтижелері бойынша, П – жазбаша жауап бойынша баға 100-баллды межелік бойынша.

Дипломдық жұмысты қорғау бойынша баға ғылыми жетекшінің пікірін, рецензенттің бағасы мен қорғаудың өзінің нәтижелерін ескертумен қойылады. Мұнда теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындықтың деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензенттің бағасы назарға алынады.

Нәтижелк аттестацияның әрбір формасы бойынша баллды-рейтингті әріптік жүйе бойынша дербес баға қойылады.
4 Қайта аттестаттаудан өту реті
Мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру мен дипломдық жұмысты жақсы бағаны жоғарлату үшін қайта қорғау жіберілмейді.

Нәтижелік мемлекеттік емтиханға орынды себеп бойынша орнатылған кестемен келмеген студент МАК төрағасының атына хат жазады, емтиханда боламағанның себебін растайтын құжатты береді және оның рұқсаты бойынша емтиханды немесе дипломық жұмысты осы комиссияның басқа отырысы күнінде тапсыра алады.

«Қанағатсыз» бағаны алғандар үшін мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыру және/не дипломдық жұмысты қайта қорғау нәтижелік аттестаттау уақытында рұқсат берілмейді.

Егер дипломдық жобаны қорғау қанағатсыз деп танылса, онда МАК студент қайта қорғауға сол жұмысты комиссиямен анықталатын қосымшамен немесе шығарушы кафедрамен анықталатын жаңа тақырыпқа жасай алатынын орнатады.

Оқытылатынның қайта аттестатталуы нәтижелік аттестаттаудың келесі кезеңінде алдыңғы нәтижелік аттестаттауда қанағатсыз баға алынған формалар бойыншп ғана өткізіледі. Мұнда емтихандарды тапсырмағандар үшін мемлекеттік емтихандарға енгізілетін пәндер тізімі теориялық курсқа оқытылатындардың аяқталу жылында әрекет ететін оқу жоспарымен анықталады. Нәтижелік аттестаттау нәтижелері бойынша ЖОО-нан шығарылған студенттер білім беру ұйымының жетекшісі атына «қанағатсыз» бағаны алған формаларға рұқсат алу өтінішін жазады.

Нәтижелік аттестаттау кезінде қанағатсыз бағаны алған студенттер ЖОО-нан оның жетекшісінің жарлығымен Белгіленген үлгідегі анықтаманы берумен шығарылады.

МАК-на қанағатсыз бағаны алғаннан соң денсаулық күйі туралы берілген құжаттар қарастырылмайды.
5 Университетті аяқтау туралы құжаттарды дайындау мен беру реті
Нәтижелік аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің сәйкес кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруін растаған студент МАК шешімімен Стандарттау, метрология және сертификаттаудың «бакалавры» квалификация мен академиялық дәрежесін иеленеді және оған қосымшамен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Дипломға қосымша оқытылатынмен жеке оқу жоспарын орындау туралы офис-тіркеушінің анықтамасы негізінде, ММБС ескерген көлемде барлық пәндер бойынша, тапсырылған курстық жоба, практика түрлері мен нәтижелік аттестаттау нәтижелері бойынша алынған бағалар негізінде толтырылады.

Емтихандар мен дифференциялық сынақтарды А, А – «өте жақсы» бағамен оқу жоспарының барлық пәндердің 75 пайызынан кіші емес, ал қалған пәндер бойынша – В-, В, В+ «жақсы» бағалармен және барлық аттестаттау емтихандарын тапсырған және дипломдық жобаны А, А- «өте жақсы» бағамен тапсырған студентке үздік диплом беріледі.
Кітапнама
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007 жылдың 27 шілдесінен № 319-III ЗҚР;

2 Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 ж. 9 қарашасынан №  603-II ЗҚР;

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жоғары кәсіби білімнің білім бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар қызметінің типтік ережелері 2005 ж. 2 наурызынан № 195;

4 ҚР ММБС 5.04.019-2008 «Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты. Жоғары Білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің жарлығымен бекітілген 2008 ж. 23 қаңтарынан №26;

5 Қазақстан Республикасының 2008 ж. 18 наурызынан №125 Білім мен ғылым министрінің жарлығымен бекітілген «Оқытылатындардың ағымдағы үлгерімді бақылау, аралық және нәтижелік аттестатауды өткізудің ережелері»;

6 Қазақстан Республикасының 2007 ж. 22 қарашасынан №566 Білім және ғылым министрінің жарлығымен бекітілген «Оқытылудың кредитті технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері».



7 ҚР ММБС 3.08.358-2006 050712 – Стандарттау, метрология және сертификаттау.

8 ҚР ММБС 5.03.16 - 2009
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет