Жұмыс бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06


ӘК төрағасы _________А.Т.Кишубаева 2009ж. «____»



бет2/3
Дата08.09.2017
өлшемі496,07 Kb.
#30391
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

ӘК төрағасы _________А.Т.Кишубаева 2009ж. «____»____________



КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы __________ С.К. Тлеукенов 2009ж. __________ «___»



ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛҒАН


ЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А. Варакута 2009ж. __________ «___»
Университеттің әдістемелік кеңесімен құпталған

2009ж. «_____»______________ №____хаттама



1 Пәннің мақсаттары және міндеттері, оның оқу процесіндегі орны.

1.1 Пәннің мақсаты

ЖОО студенттерді физика оқытушысының кәсіптік-педагогтық қызметіне дайындау. Әдістемелік жұмыс оқытушының кәсіптік іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады. Ол барлық әлеуметтік-гуманитарлық, психология-педагогтық, жалпы мамандандыру және арнайы мамандандыру пәндер циклдеріндегі білім мен біліктілікті жинақтауды талап етеді.


1.2 Пәннің міндеттері

  • Орта және ЖОО физика курсының құрылымы мен мазмұнының ғылыми және психология-педагогтық негіздерін студенттердің оқып үйренуі, олардың өзара байланысын түсінуі;

  • Студенттерді мектептегі оқыту бағдарламасымен, жоспарларымен, стандартқа сай біліммен қамтамасыз ету, оқыту әдістемесі және құралдарымен қаруландыру;

  • Физиканы оқыту процесінде ғылыми жаратылыстану дүниетанымдылығының жалпы адамзат мәдениетінің құраушысы ретінде көрсететін білімдерді қалыптастыру;

  • Оқу жоспарына сай оқыту сабақтарын жоспарлауға студенттерді дағдыландыру, физиканың пәнаралық байланыстарын ескеру;

  • Дидактикалық материалдың ғылыми-әдістемелік тадауын жүргізу шеберлігіне дағдылану, оқу орнының бағытын және оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, әдістемелік тәсілдерді таңдау, пән бойынша оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау;

  • Физикалық экспериментті жүргізуде студенттерде техникалық оқу құралдары мен компьютерді пайдаланудың дағдыларын қалыптастыру;

• Студенттерді жалпы орта білім беру және кәсіптік білім беру мектептерінде сабақ жүргізуге дайындау.
1.3 Преквезиттер

Жалпы және теориялық физика курсы, жоғары математика, мамандану пәндері, информатика, философия.


1.4 Пәнаралық пәндердің тізімі: педагогика, психология.


Пәннің тақырыптық жоспары



Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.2/07






ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

Зерт.

СӨЖ

1

2

3

4

5

6



Кіріспе

1

0,5

-

2



Физиканы оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері.

2

1

-

4



Физиканы оқыту әдістері мен құралдарының жүйесі.

2

1

-

4



Орта оқу орындарында физика сабақтарын ұйымдастыру түрлері.

2

1

-

4



Жоғары оқу орындарында (ЖОО) физиканы оқытуды ұйымдастыру.

2

1

-

6



Физика және информатика курсының негізгі тақырыптарын оқыту әдістемесі.

5

1

7,5

40



Ғылыми білімдерді негіздеу: «әлемнің физикалық бейнесі» және «ғылыми-техникалық прогресс.

1

1

-

4




Барлығы

15

7,5

7,5 (15)

60

2 Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны

2.1 Дәрістердің мазмұны

1 тақырып. Кіріспе. Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі – педагогикалық ғылым. Физиканы оқытудың әдістемесі, оның пәні және зерттеу әдісі, даму тарихы. Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің (ФОТӘ) пәні, мазмұны және зерттеу әдістері, даму тарихы. Физиканы оқыту әдістемесінің философия, психология және педагогикамен байланысы, орта және жоғары білім берудің қазіргі кезеңдегі дамуына сәйкес ФОТӘ міндеттері мен көкейкесті мәселелері. Орта мектептегі физика білімінің стандарты. Физика мұғалімінің жұмысының негізгі түрлері.

2 тақырып. Физиканы оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері. Физиканы оқыту – дидактикалық жүйе. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері, әлем тану, білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Физиканың оқушылардың мамандық таңдаудағы, еңбекке үйренудегі ролі. Орта оқу орнындағы физика курсының құрылымы. Жалпы білім беретін кәсіптік орта мекетептердің оқу жоспары және ондағы физиканың орны. Физиканың басқа оқу пәндерімен және оқушыларды еңбекке баулумен байланысы. Оқушылардың келешек мамандығы бағытымен байланысты кәсіптік мекетепте физиканы оқыту ерекшеліктері (пәнаралық байланыс, қолданбалы дидактикалық материалдың кәсіптік бағыты). Орта оқу орындарында арналған физика бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарға талдау. Оқу бағдарламаларына, мектепте білім беру мен физика бойынша орта оқу орындарында оқулықтарға талдау жасау.

3 тақырып. Физиканы оқыту әдістері мен құралдарының жүйесі.

Дидактикалық принциптер мен физиканы оқыту әдістері. Әдістерді талдау критериі. Оқытуда ғылыми танымдық әдістерді қолдану: жалпы логикалық танымдық әдістер (анализ, синтез, абстракттау, талдап қорыту, индукция, дедукция, аналогия, модельдеу); теориялық және эмпирикалық ғылыми әдістер. Педагогикалық заңдылықтардың статистикалық мәні. Физиканы оқытуды жандандыру әдістері. Қайшылық кезеңдер, тірек белгілер, логикалық-құрылымдық жүйелер құрудың мысалдары. Физиканы оқыту процесін жабдықтау. Физика кабинетін және лабораториясын жабдықтауға қойылатын негізгі талаптар. Көрнектілік, техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні, оған қойылатын әдістемелік талаптар. Физиканы оқыту әдістері мен құралдарына комплексті тәсілдерді қолдану.



4 тақырып. Орта оқу орындарында физика сабақтарын ұйымдастыру түрлері. Оқуды ұйымдастыру түрлері: сабақ, дәріс, семинар, конференция, экскурсия. Олардың сипаттамасы. Стандартты емес сабақтар. Физика сабағының типтері мен құрылымы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар. Фронтальды зертханалық жұмыстар. Физикалық прктикум. Оқыту мәселелері, физика есептері, олардың классификациясы және шешу әдістері. Физика бойынша білімді, біліктілікті, дағдыны бақылау және тексеру. Бақылаудың түрлері. Программалық бақылау және компьютер арқылы бақылаудың мысалдары. Факультативті сабақтрды ұйымдастыру әдістемесі. Факультативті курстың бағдарламасы. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыс. Оқушылардың сабақ кезіндегі және сабақтан тыс уақыттағы өзіндік жұмысы. Мұғалім жұмысын жоспарлау. Тақырыптық және сабақтық жоспарлау.

5 тақырып. Жоғары оқу орындарында (ЖОО) физиканы оқытуды ұйымдастыру.

Әртүрлі бағыттағы ЖОО оқу жоспарындағы физиканың орны. ЖОО физика курсын құру принциптері, мамандықпен байланысы. Дәріс, оның түрлері, құрылымы. Зерттеуді, шешуді керек қылатын келелі, қайшылы мәселелер әдісі (проблемалы әдіс). Дәрістік демонстрациялар және ондағы техникалық оқу құралдары.



6 тақырып. Физика және информатика курсының негізгі тақырыптарын оқыту әдістемесі.

Механика

Кинематиканың негізгі түсініктері: санақ жүйесі, материалық нүкте, абсолютті қара дене, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, материалық нүктенің қозғалысының векторлық және координаттық бейнеленуі. Динамиканың негізгі қағидалары. Бейсыздық жүйелердегі динамикалық хаос.



Молекулалық физика

Моль, температура ұғымдарын қалыптастыру. Термодинамикалық сипаттамалар, параметрлер (термодинамикалық жүйе, тепе-теңдікті, тепе-теңдіксіз күйлер мен процестер, температура, жылу мөлшері, ішкі энергия, жұмыс, жылу сыйымдылық). Термодинамика заңдары, тепе-тең термодинамиканың шекті сипаты. Энтропия. Бейсыздық тепе-теңдіксіз термодинамика принциптері.



Электродинамика

Заряд, өріс, потенциал түсініктерін қалыптастыру әдістемесі. Электрмагниттік өрістің күштік, энергиялық сипаттамалары.



Атомдық және ядролық физика

«Байланыс энергиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі. Ядролық синтез және бөліну реакцияларының табиғатын түсіндіруге қолдану. Элементар бөлшектерді (электрон, протон, нейтрон, мезон, кварктар мен резоннастар) оқып үйрену әдістемесі.



Информатика

Информатика курсының орта мектепке арналған бағдарламасына талдау, оқыту принциптері, мақсаты. Компьютердің элементтік базасын оқыту әдістемесі. Триггерлік жүйелер. «ЖОҚ», «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ» логикалық амалдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет