Жұмыс бағдарламасы Пән Биологиялық химия Пән коды: bh 3204 Мамандық: 051103



бет1/20
Дата20.06.2018
өлшемі1,28 Mb.
#43785
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

“Бекітемін”

Оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмысы жөніндегі проректор


м.ғ.д. Анартаева М.Ұ.

____________________

“___” _________ 2013ж

Жұмыс бағдарламасы


Пән Биологиялық химия

Пән коды: BH - 3204


Мамандық: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі: 180 сағат (4 кредит)
Оқытылатын курс пен семестр: 3, V- VI

Шымкент - 2013ж


Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 2006 жылғы МЖМБС және 2009 жылғы 051103 - «Фармация» мамандығының типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде талқыланды, хаттама № “ ” 2013ж
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. : ___________ Есіркепов М.М.

Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.


Төрағасы: Патсаев А.Қ.


Әдістемелік Кеңесте бекітілді, хаттама № ___

“___” _________ 2013ж

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Фармацевтика мамандығының студенттеріне арналған биологиялық химия пәнінің негізгі мазмұны – биохимиялық процестерді молекулалық деңгейде оқып үйрену, оның негізінде тірі организмдердің тіршілігі, метаболизм ерекшеліктері және оның адам ағзасы мен тініндегі реттелуі; сондай - ақ, ауруларды диагностикалаудың биохимиялық принциптері және дәрілердің ферменттік айналымын құрайды.

Қазіргі биохимия іргелі медициналық - биологиялық ғылым, өйткені, ол фармацевттің болашақ кәсіби қызметінде адам организмдегі қалыпты және патологиялы көрсеткіштерді сипаттау үшін қажет, молекулалық процестерді түсінуге, дәрілердің, улардың әсерлерін және фармакотерапияның принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама статикалық, динамикалық, функциялық, клиникалық және фармацевтикалық биохимиялар бөлімдерінен тұрады.



2.2 Пәннің мақсаты: адам ағзалары мен тіндерінде өтетін негізгі метаболизмдік процестердің молекулалық механизмдері мен реттелуі және олардың ерекшеліктері жөнінде біртұтас көзқарас қалыптастыру.

2.3 Оқытудың міндеттері:

  • фармацевт дайындау барысында биохимияның рөлі туралы түсінік

қалыптастыру;

  • тірі организмдердегі нәруыздардың, көмірсулардың, липидтердің, басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері мен биологиялық функциялары туралы білім беру;

  • метаболизмдік процестер реттелуінің, заттек алмасуының және энергия трансформациялануының биохимиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

  • организмдегі ең маңызды ағзалар мен тіндердің молекулалық құрылысы және олардың метаболизмдік ерекшеліктері туралы түсінік беру;

  • дәрілер метаболизмі мен аурулар диагностикасындағы ғылыми, клини- калық мәселелерді қазіргі негізгі биохимиялық тұрғыдан шешу жолдары туралы түсінік беру.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент

білу керек:

  • биохимия пәнінің мәні мен міндеттерін;

  • фармацевттің кәсіби қызметіндегі биохимияның маңызын;

  • биохимиялық анализдер жасау әдістерін;

  • метаболизмдік процестердің реттелуі мен ағымының молекулалық механизмдерін;

  • биомембраналардың құрылымы мен функциясын;

  • тамақтану биохимиясы мен биоэнергетиканың негізгі ережелерін;

  • нәрлі заттектердің метаболизм жолдарын;




  • адам организміндегі биологиялық сұйықтықтардың қалыпты және патология жағдайындағы негізгі биохимиялық константаларын;

  • заттек алмасуының реттелу негіздерін және осы процестегі витаминдердің, гормондардың рөлін;

  • молекулалық аурулардың пайда болу механизмдері мен диагностикасының принциптерін;

  • ферменттердің әсерімен дәрілердің өзгерістерге ұшырау жолдарын.

істей алу керек:

  • қазіргі заманғы құралдарды қолданып, биохимиялық анализдер жасау;

  • метаболизм карталарын және арнайы анықтама материалын

қолдану;

  • биохимиялық процестердің бұзылу ерекшеліктерін алдын – ала болжауды және биологиялық белсенді заттектердің жетіспеушілігі кезінде бұзылған процестерді реттеу;

  • ферменттердің құрылысының өзгеруіне байланысты метаболизмнің бұзылуын болжау;

  • биохимиялық анализдердің нәтижелерін талдауды және берілген

дәрілік препараттардың ферменттің әсерімен өзгерістерге ұшырау

деңгейін несептегі ксенобиотиктер бойынша анықтау;



дағдыларын меңгеру керек:

  • нәруыздар, көмірсулар және липидтер алмасуының аралық өнімдерін адам организмнің биологиялық сұйықтықтарында анықтаy әдістерін;

  • адам организмі биологиялық сұйықтықтарындағы ферменттер

белсенділігін анықтау әдістерін.

2.5 Реквизитке дейінгі: бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, генетика негіздері және молекулалық биология, физика, анатомия негіздерімен физиология, микробиология.

2.6 Реквизиттен кейінгі: токсикологиялық химия, фармацевтикалық химия, фармакогнозия.

2.7 Тақырыптық жоспар:

2.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақ

тың ұзақтылығы

(сағат түрінде)

1 - кредит







1

Биохимияға кіріспе. Нәруыздардың құрылысы мен функциясы

жалпы шолу

2

2

Ферменттер. Әсер ету механизмі және кинетикасы. Изоферменттер. Ферменттердің белсенділігінің реттелуі.

жалпы шолу

1

3.

Заттек алмасуға кіріспе. Тағамдану биохимиясы. Биологиялық мембрананың құрылысы мен функциясы.

жалпы шолу

1







Барлығы:

4 сағат




2 Кредит







4

Биоэнергетика.

жалпы шолу

2

5

Көмірсулардың алмасуы.

жалпы

шолу


2







Барлығы: 4 сағат




3 - кредит







1.

Липидтердің алмасуы.

жалпы шолу

1

2.

Амин қышқылдарының және нәруыздардың алмасуы.

жалпы шолу

2

3.

Нуклеотидтердің алмасуы. Көмірсулардың, майлардың және ақуыздардың алмасуының өзара байланысы.

жалпы шолу

1







Барлығы: 4 сағат




4 - кредит







4.

Гормондар биохимиясы. Тіндер мен мүшелер биохимиясы.

жалпы шолу

2

5.

Клиникалық биохимияға кіріспе. Фармацевтикалық биохимия.

жалпы шолу

1







Барлығы: 3 сағат







Жиыны: 15 сағат



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет