Ситуациялық сауалдар:
Футбол ойыны кезінде қарсыласымен соқтығысқан жас адам сан жарақатын алды. Жалпы қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Оң саны қатты қанталанған, оң санының айналымы сол санына қарағанда 2см үлкен (бірдей деңгейде). Санының жұмсақ тінін пальпациялағанда ауырсыну сезімі байқалады, ауырсыну сезімі қимыл – қозғалыс жасағанда күшейеді. Өкшесін соққылағанда зақым алған аймақта ауырсыну сезімі күшеймейді.
Жұмсақ тіннің зақым алған түрін атаңыз? Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек шараларын атаңыз?
1,5м биіктіктен әйел адам құлады, ол кеуде қуысының сол жағын орындықтың арқасына ұрып алды. Шағымы: кеуде қуысының ауырсынуы, ауырсынудың терең тыныс алғанда күшеюі, жөтел. Жалпы қарағанда: тері жабындысы қалыпты түсте, тынысалу жиілігі минутына 18 – 20 рет. Тынысалу кезінде кеуде қуысының сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда қалып жатқаны байқалады. Пальпация кезінде – сол жақ төменгі қабырға бойында ауырсыну сезімі байқалады, жөтел және терең тынысалу кезінде күшейеді.
Осы адамда зақым түрі қандай? Госпитализацияны қажет етеді ме? Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек кезектілігін және көлемін атаңыз?
Әйел адам таудан шаңғымен түскен кезінде құлап қалды, сирақ аймағында бірден ауырсыну байқалды, қимылдаған кезде күшейеді. Аяғын нық басып тұра алмайды. Жалпы қарағанда: аяқ басы сыртқа қарай айналып кеткен, тері бүтінділігі бұзылмаған. Зақым түрі қандай? Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек шаралары қандай
4 сабақ
1. Тақырыбы: Хирургиялық операциялар. Хирургиялық операцияның кезеңдері. Операция түрлері. Операцияға дейінгі кезеңді ұйымдастыру. Операцияға дейінгі кезеңдегі мейірбике күтімінің ерекшеліктері.
2. Мақсаты: операция алдындағы кезеңде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімін нықтау, талабын арттыру.
3. Оқыту максаты:
Студент білуі қажет:
- операцияға дейінгі кезеңде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері
- хирургиялық операциялардың анықтау және оның этаптарын;
- операция алдындағы кезеңді және оның сауалдарын ұйымдастыруды;
- мүше және жүйенің функциональді жағдайын бағалау критерийін;
- операция алдындағы кезең түрлерін: психологиялық, соматикалық, әлеуметтік;
- жас ерекшеліктері әр түрлі науқастарды операция алдындағы дайындық ерекшеліктерін;
Студент істей білуі тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |