Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет111/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

БАҚЫЛАУ:

Сұрақтар:

  1. Сепсис дегеніміз не?

  2. Сепсис жіктемесінің негізіне қандай принциптер жатады?

  3. Сепсис патогенезінің негізгі этаптары?

  4. Жалпы іріңді инфекцияның негізгі клиникалық белгілері?

  5. Сепсис пен ауыратын науқасқа күтім жасау кезінде мейірбикелік процесс ерекшеліктері.

  6. Жеке қорғану ережесі.

  7. Реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

  8. реанимация бөлімшесінің мейірбикуесінің міндеттері.

  9. Мейірбикелік диагноз қою.

  10. Мейірбикелік күтім көлемін жоспарлау және жүзеге асыру.

  11. Мейірбикелік араласушылықты бағалау.

Тесттер:
1. «Реанимация» бөліміндегі жұмыстың жалпы ұйымдастырушылық принциптерін реттейтін құжат аталады: :

  1. ҚР ДСМ бұйрығы №238, 19.06.1994 ж.

  2. ҚР ДСМ бұйрығы №445, 23.11.1994 ж.

  3. СНГ ДСМ бұйрығы №1188, 29.11.1995 ж.

  4. ҚР ДСМ хаты №02-14/14, 29.01.1995 ж.

  5. ҚР Білім және ДСМ бұйрығы №841, 11.06.1996 ж.

2. Гипоксия ең алғаш болып қандай мүше жұмысының бұзылысына алып келеді:
а) өкпе
б) бауыр
в) ми
г) бүйрек үсті безі
д) бүйрек
3. Жүрек жұмысының тоқтауы қандай әдістен кейін нақты қойылады:
а) ЭЭГ
б) ұйқы артериясында пульстің болмауы
в) ЭКГ
г) сана сезімінің болмауы
д) көз қарашығының кеңеюі
4. «Интенсивті терапия» бөліміне науқасты жатқызу көрсетілімін, анықтайды:
а) аурухананың бас дәрігері
б) бөлімдегі дәрігер
в) реанимация бөлімінің меңгерушісі немесе кезекші реаниматолог
г) бөлім меңгерушісі
д) барлық жауап дұрыс
5. Тынысалу тиімділігінің ең сенімді критерийі болып саналады:
а) тынысалу көлемі
б) тынысалудың минуттық көрсеткіші
в) PaO2 және PaCO2 анықтау!
г) тынысалудың минуттық көлемі
д) өлі кеңістікті анықтау
6. Жіті қан кетудің белгілеріне аталғандардың барлығы жатады, мынадан басқа:
а) әлсіз пульстің жиілігі
б) АҚҚ төмен түсуі
в) бас айналу, әлсіздік, талма
г) цианоз
д) адинамия
7. Тынысалу жолдары өтімділігін қалыптастыру әдістеріне аталғандардың барлығы жатады, мынадан басқа:
а) басты артқа қарату
б) аузын ашу және төменгі жағын қимылдату
в) тынысалу жолдарынан құрамды механикалық жолмен, постуральды дренаж және кеуде қуысын соққылау арқылы, алып тастау
г) тілін тарту
д) басын төмен қаратып жатқызу қалпы!
8. 40 – литрлік баллонда 150 атм. оттегі бар. О2 газы 2 л/мин бөлінуі кезінде қанша уақытқа жетеді:
а) 20 сағ
б) 50 сағ
в) 30 сағ
г) 100 сағ
д) 10 сағ
9. Тынысалу кезіндегі ауада оттегі құрамының қалыпты мөлшері құрайды:
а) 19,1 көлем %
б) 20,9 көлем %
в) 25,0 көлем %
г) 30,0 көлем %
д) 52,5 көлем %
10. Реанимация және интенсивті терапия палаталары қалалық ауруханаларда құрылады:
а) балаларға және ересек адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсететін қаланың кез келген ауруханасында болады, оның қуатына тәуелді емес
б) 300 жатын орыннан кем емес кезінде, оның профилінің маңызы жоқ
в) ауруханада 500 жатын орыннан кем емес және хирургиялық қапталдан 50 жатын орын кездерінде
г) 500 жатын орыннан кем емес және хирургиялық қапталдан 70 жатын орын кездерінде
д) 60 жатын орыннан кем емес кезінде
11. Жұмыс орнында мейірбике қауіпсіздігінің жалпы шараларына жатпайды:
1) қолды жуу деңгейін сақтау;
2) биологиялық сұйықтық пен жұмыс жасағанда медициналық қолғапты кию;
3) медициналық қолғапты шешкен бойда қолды жуу;
4) қолданылған құралдарды дезинфекциялау;
5) СПИД науқас адамның қаны мен жұмыс жасағанда респираторды қолдану.

  1. Фармацевтикалық препараттар мен жұмыс жасағанда қорғану шаралары:

    1. дәрілік заттар мен жұмыс жасап болған соң қолды жақсылап жуу және сүртіп кептіру;

    2. сақтау мерзімі өтпеген дәрілік заттарды ғана қолдану;

    3. таблетканың өзін қорғаныссыз қолмен ұстамау;

    4. дәрілік заттарды парентеральді жолмен енгізу кезінде медициналық қалпақ кию;

    5. шприцтегі ерітіндіні сыртқа шашыратпай, ішіндегі ауаны бос ыдысқа шығару;

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,3,5 Б) 2,4,5 В) 1,4,5 Г) 2,3,4 Д) 2,3,5

  1. Уытты химиялық заттармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздіктің жалпы шараларына жатпайды:

    1. Қорғаныс киімді кию (маска, халат, фартук, қолғап, қорғаныш көзілдірік);

    2. Жұмыс орнының жақсы вентиляциясы;

    3. Емшараны (процедураны) орындау және оның қауіпсіздік ережелерін қызметкерге үйрету;

    4. Емдік – сауықтыру тәртібінің ережесін сақтау;

    5. Терінің үздіксіз күтімі;

    6. Денсаулық жағдайын бақылау;

14. Микробиологиялық қауіпті факторлардың даму ошағына жатпайды:

    1. Жара;

    2. Бөліну;

    3. Таңу;

    4. Киім;

    5. Бір рет қолданылатын құрал;

15. Сепсистің үнемі байқалатын симптомына жатады:
1) жоғары температура
2) қалтырау
3) алғашқы ошақтың байқалуы
4) бактериемия
5) көз алманың ақ қабығы мен терінің сарғаюы
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1.2.3 Б) 2,4,5 В) 1,4,5 Г) 3,4,5 Д) 2,3,5
16. Сепсис кезінде жараның сыртқы көрінісінің белгілеріне келесі жатады:

  1. ) іріңнің көптеп бөлінуі

  2. ) іріңнің тақыл бөлінуі

3) жарақат аймағындағы тіннің айқын гиперемиясы
4) жарақат тіндері кір – сұр түсті
5) тінді жарақаттың бірден ісінуі
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,3,5 Б) 1,4,5 В) 2,4,5 Г) 2,4 Д) 2,5
17.Сепсистің жалпы клиникалық белгілері қандай?
1) жоғары температура
2) бас айналу
3) әлсіздік
4) брадикардия
5) қалтырау
6) төкпе тердің шығуы
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1.4.5 Б) 2,4,5 В) 2,3,5 Г) 1,2,3 Д) 1.3,5,6
18. Сепсистің даму кезеңінде дене қызуының көтерілуі келесі типтерде кездеседі:
1) ремиттирлеуші қызба
2) гектикалық
3) толқын тәрізді
4) дұрыс емес түрде
5) тұрақты
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,2,3,5 Б) 1,3,4,5 В) 1,2,4 Г) 1,3,5 Д) барлық жауап дұрыс
19. Бактериальді – уытты шоктың негізгі белгілеріне жатады:
1) дене қызуының жоғарылауы
2) брадикардия
3) қалтырау
4) артериальді қан қысымның төмендеуі, олигурия
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,3,4 Б) 1,2,3 В) 2,3,4 Г) 1,3,4 Д) барлық жауап дұрыс
20. Іріңді – резорбтивті қызба үшін тән белгілерге жатады:
1) алғашқы іріңді ошақтың кеңге таралуы

  1. Іріңді қабынудың барлық түрлері байқалады

  2. Қоздырғыш көзі анықталады

  3. Науқастың тез арада жүдеуі

5) іріңді ошақтың ликвидациясы мен шешіледі
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,2,3 Б) 1,3,5 В) 3,4,5 Г) 1,3,4 Д) 1,2,4,5
21. ҚР ЕПҰ – да қолданыстағы қандай бұйрықтарды негізге ала отырып, санитарлы – эпидемиологиялық тәртіп сақталады:
а) №702 бұйрық
б) №330, №241 бұйрық
в) №1050, №476 бұйрық
г) №218, №150 бұйрық
д) №630, №780 бұйрық
22. «АІИ (аурухана ішілік инфекция) инфекциялық бақылауды ұйымдастыру» туралы ҚР ДСМ бұйрығы:
а) №420 бұйрық 17.08.1998ж шыққан
б) Сан ПиН №8.01.011.2001, 06.03.2001ж шыққан
в) №1050 бұйрық 26.11.2002ж шыққан
г) Сан ПиН №3.01.083.02, 8.07.2002ж шыққан
д) №476 бұйрық 11.10.1999ж шыққан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет