ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ
АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
БЕКІТЕМІН
Оқу – әдістемелік және тәрбие жұмысы
бойынша проректоры
м.ғ.д., доцент________ М.Ұ.Анартаева
«_____»__________________ 2013 ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі
Пән коды: HRMI 3213
Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі»
Оқу сағатының көлемі (кредит) – 135 сағат (3 кредит)
Оқытылатын курс пен семестр: 3курс, 6 семестр
Шымкент,2013ж.
«Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінің жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» - 051101 мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған. №5 хаттама 20.03.2009 ж.
Кафедра мәжілісінде қаралды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ м.ғ.к. доцент А.Ә. Әлдешев.
ОҚМФА клиникалық пәндердің циклдық әдістемелік комиссиясында талқыланды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Төрағасы ______________________ м.ғ.к. доцент А.Е. Туртаева
Орталық Әдістемелік Кеңесте мақұлданды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Мейірбике жоғары білімімен жақын арада елдің денсаулық сақтау жүйесінің тірегі болады. Көптеген қызметтегі клиникалық бөлімшелер, ауруханалар т.б. стационар, емхана түріндегі емдеу мекемелерінің жұмыстары оның білімі мен ақылына, кәсіптік көзқарасына тәуелді.
Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісін ұйымдастыру бойынша жоғары білімді мейірбикелерді дайындаудың бағыты болып әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы емдік – профилактикалық мекемелерде жиі кездесетін хирургиялық аурулар кезінде хирургиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастырудың технологиясы есептеледі. Осыған байланысты жоғары білімді мейірбике ауруханаларда, емханада, травмалық пункт, санатория-профилактория қызметінің барлық клиникалық және параклиникалық бөлімшелері жұмысының ерекшелігін көрсете білу керек. Клиникалық және аспаптық диагностиканың қазіргі әдістерін білу керек. Хирургиялық аурумен ауыратын науқастарды емдеудің жолдарын және тәсілдерін, реанимация бөлімшесіндегі науқастарға көмек беруді білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |