Тақырыбы : Шебер қыздар және сегіз қырлы бір сырлы ұлдар арасындағы сайыс



Дата19.07.2020
өлшемі15,34 Kb.
#74656

Тақырыбы : Шебер қыздар және сегіз қырлы бір сырлы ұлдар

арасындағы сайыс.

Мақсаты:

1. Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге ,

үнемділікке, ойлампаздыққа үйрету.

2. Еңбек сабағында алған білімдерін күнделікті өмір де пайдалануға,

аспаздық шеберліктерін дамыту.

3. Жұптаса отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге, бұйымды жасау

кезінде уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жарыс.

Сайыстың көрнекіліктері: нақыл сөздер.


  1. «Өнер таусылмас азық».

  2. «Үлгісі көптің, өнері көп».

  3. «Шебер көп жерде, өнер көп»


Сайыстың өтуі

1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді көрермен қауым.

Ақылына көркі сай қыздарымыздың, ұлдарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер.



2- жүргізуші: Бастарыңа қонсын деймін бақ құстары,

Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.

Ұзақ ғұмыр, қуаныш нұр сыйласын,

Өмірдің тыншымайтын уақыттары,

деп ортаға сайысқа қатысушыларды салтанатпен шақырамыз
1-жүргізуші: Өнер, білім өнеге тұнғандарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділ қазы алқаларын.


2- жүргізуші: Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын,

Өзімше өзгеріп сән құрамыз.

Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде,

Сайыстың шарттарымен таныстырайық.



1-жүргізуші:

Бірінші кезең: мақал-мәтел (тақырып бойынша).

Екінші кезең: тестке жауап беру (15 сұрақ).

Үшінші кезең: шебердің қолы ортақ (қыздар түйме қадау, ұлдар бұрама шеге бұрау).

Төртінші кезең: Өнерлі өрге жүзеді.

Бесінше кезең: «Ас – адамның арқауы » (салат түрленін дайындау).

2- жүргізуші: Сөйлей-сөйлей шешен боласың деген мақал тегін айтылмаған, ендеше сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. (Сайыскерлер әділқазылар алдындағы кеспе қағаздағы сұрақтарға белгілі тақырып бойынша жауап береді). Бағалары: 6 мақалға - 5 ұпай, 5 мақалға - 4 ұпай, 4 мақалға – 3 ұпай.
Сайыскерлерге берілген тақырыптар:

Туған жер, Отан туралы

Ынтымақ, бірлік туралы.

Еңбек, кәсіп туралы.

Батырлық, ерлік туралы.

Өнер, білім туралы.

Үй іші, отбасы туралы

1-жүргізуші:

Ақылдылық арулар мен жігіттерге жарасады

Көзі ашық кім бұлмен санасады

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Ақылына көркі сай сайыскерлердің

Сыналар білімі мен парасаты.

Оқу білім – азығы, білім ырыс – қазығы, - дей отырып келесі кезекте сұрақ-жауап сайысы. Топ мүшелері топтама бойынша тест сұраққа жауап береді (3 мин беріледі).

Бағалары: 13-15 сұраққа – 5 ұпай, 10-12 сұраққа – 4 ұпай , 7-9 сұраққа – 3 ұпай.



2-жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қырандарға берелік.

Арамызда тапқыр достар көп екен

Солардың енді жарыстарын көрейік – деп сайыстың «Шеберлер» деген кезеңін бастайық. (шарт бойынша 5 мин уақыт ішінде бұл жерде қыздарымыз түйме қадайды, ұлдарымыз бұрама шеге бұрайды).

1 –жүргізуші: Өнерлі өрге жүзеді

Асқақтаған ән дайын

Күмбірлеген күй дайын

Ал қанекей қараңдар

Босқа қарап тұрмаңдар

Бастап балалар өнерді

Алыстарға самғаңдар – деп сайысымыздың өнер кезеңін бастайық.

2-жүргізуші: Ас –адамның арқауы

Ас көңілдің анары деген күнім

Жақсы ғой тағамның да білген сырын

Көрсетсін дайындап сәт сайыскерлер

Дамыған жаңашыл салат түрін.

1 –жүргізуші:

Пір тұтқан әрбір халық асылдарың қазақтың қара көз балаларын тыңдайық.. Осы кешті әсем әнмен өнеріне табынып балалардың – дей отырып, өтілген шарттарымыздың қортындысын әділ қазы алқалары шешімін шығарғанша кезекті тамаша әнге берейік.



2 –жүргізуші:

Міне, бүгінгі сайыста мектебімізде көп өнерлі жастарымыздың бар екенін көріп, тамашаладық. Алты жұп мүшелері жан-жақты өнерлі екенін көрсетті



«Өнерліге өріс кең» - дегендей, өнердің кемесімен өрге жүзе беріңіздер.

1 –жүргізуші:

Иә, қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сіздердің өмірлеріңізге қуаныш, шаттық тілей отырып жүректеріңіз қартаймасын, көңілдеріңіз ортаймасын демекпіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет