тақырып. Дәлелді медицинаны және дәлелді мейіргерлік тәжірибені енгізу.
Тақырыптың жоспары:
Дәлелді медицина
Дәрілік препараттың дәлелденген клиникалық тиімділігі
Дәрілік заттардың теріс тізімі
Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту
Дәлелдік деңгейін бағалау
Дәлелді медицина туралы түсінік
Дәлелді медицина – нақты науқастың емін таңдауға арналған клиникалық зерттеулердің үздік нәтижелерін әділдікпен, дәлме дәл және ойланып пайдалану.
Дэвид Сакетт және басқалар. 1996 жыл.
ЕВМ-терминін әр түрлі авторлар былайша түсінеді;
Нақты науқастарды емдеудің әдістерін таңдау үшін клиникалық зерттеулерден дәлелденген нәтижелерін адал, нақты және мағыналы қолдану;
Дәлелге негізделген тиімді, қауіпсіз және үнемді емге кепіл беру;
Науқастардың ақпараттарының нәтижелерін, мамандардың бақылауынан және сынақтарды өткізу кезінде алынған сенімді клиникалық мәліметтерді жинау, интерпретациялау және интеграциялау;
Клиникалық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін медициналық ақпаратты іздестірудің, талдаудың, жариялаудың технологиясы;
Сенімді дәлелді интеграциялауға мүмкіндік беретін үздіксіз өзін-өзі оқыту процесі;
Емдеуде эволюциялық принциптерді, стратегияларды және тәсілдерді жинау.
Дәлелді медицина дегеніміз- нақты бір пациентті емдеуде дәлелденген клиникалық зерттеулер нәтижесін сапалы және адекватты пайдалану.
Дәлелді медицина медициналық практиканың бір түрі болып, басқа тәжірибелерден айырмашылығы –науқасты емдеуде пайдалылығы ғылыми зерттеулерде дәлелденген әдістерді ғана пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды арттыру және медициналық қызметтің сапасын бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетуге деген бұрынғы көзқарасты түбірімен өзгертетін үлкен өзгерістер жүріп жатыр, соның ішінде ең алдымен дәлелді медицинаны барлық деңгейдегі шешім қабылдау тәжірибесіне енгізу.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №723 бұйрығына сәйкес (28.04.2015 жылғы өзгерістермен және толықтырулармен)
1)Дәрілік препараттың дәлелденген клиникалық тиімділігі - Кокран достастығының және (немесе) АҚШ Ұлттық медициналық кітапханасының дерекқорларында ұсынылған, Британ ұлттық формулярында және халықаралық клиникалық нұсқауларда, оның ішінде Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық және клиникалық жетілдіру институтының клиникалық нұсқауларында бар мета-талдауларда және (немесе) жүйелі шолуларда және (немесе) рандомизирленген бақыланатын клиникалық зерттеулерде дәлелденген, терапиялық мақсаттардағы фармакологиялық әсері;
2) Дәрілік заттардың теріс тізімі - нақты көрсеткіш бойынша тиімсіздігінің дәлелденуіне және организм үшін дәлелденген пайдадан асатын зиянның пайда болуына және Формулярлық комиссия мүшелерінің тарапынан ерекше қызығушылық пен теріс (аффилирленген) түсініктің болуына байланысты, Қазақстан Республикасы аумағында клиникалық тәжірибеде қолданылуға ұсынылмаған дәрілік заттар тізбесі.
«Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №369 бұйрығына сәйкес Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр (бұдан әрі - ҚҰФ) - шекті бағалары көрсетіле отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік формулярларды әзірлеу мен бекіту үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттардың тізбесі.
Дәрігердің, ғылыми қызметкердің, денсаулық сақтау менеджерінің оңтайлы шешім қабылдауы, оның кәсіби білімімен қатар ғылыми және клиникалық зерттеулердің нәтижелерін сыни көзқараспен және сауаттылықпен бағалай білуін талап етеді. Сондықтан медицина мамандарын медициналық ақпаратты іздеудің, талдаудың және жинақтаудың заманауи технологияларына тұрақты түрде баулыған және өз бетінше үйренген жағдайда ғана клиникалық практикадағы дәлелді тәсілді іске асыруға болады
Дәлелді ақпарат көздері мамандардың өзекті мәселелерді шешуіне және келешектің талаптарына сай хабардар болуға жәрдемдесіп, медицина дамуына өз үлесін қосуда.
Достарыңызбен бөлісу: |