Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет61/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

    Бұл бет үшін навигация:
  • Пән: «
Ситуациялық сауалдар:

  1. Жас адам шат аймағының ауырсыну сезімі және қалтырау мазалағандықтан қаралған. Емделушінің айтуы бойынша ауырғанына 3 – күн болған, ауыруы шат аймағындағы тері беткейінің қызаруынан басталған. Жалпы қараған кезде: дене қызуы 40ºС, шат аймағындағы тері беткейі қызарған, ортасында 2х2 сәйкес келетіндей томпаю пайда болған, қызғылт-көк түсті. Шат аймағында температура жоғары, пальпаторлы тексергенде ауырсынады.

Болжамалы диагноз қандай? Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек шараларын атаңыз.

  1. Спортшы қолтығында ауырсыну сезімі, дене қызуының көтерілуі және қалтырау мазалағандықтан қаралған. Ауырғанына екі күн болған. Жалпы қараған кезде: сол қолтығының гиперемиясы, терінің ісінуі байқалған. Лимфа түйіндері бірден ұлғайған және пальпация жасағанда ауырсынады. Оның біреуі екіншісіне қарағанда үлкен, терісі тартылған, қызғылт – көк түсті.

Болжамалы диагнозды анықтаңыз және алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетіңіз.

  1. Жас адам мойны аймағының бірден ауырсынуы, қалтырау, мойнының қозғалысы шектелгендіктен қаралған. Емделушінің айтуы бойынша 3 апта бұрын мойнына фурункул шыққандықтан ем қабылдаған. Фурункул шыққан жара жақында жазылған. Қараған кезде: мойынның артқы беткейінде, желкенің шашты аймағына жақын маңда, тіннің ісініп, қызарған аймағы анықталды. Пальпация жасаған кезде бірден ауырсыну байқалады және 5х5 см сәйкес келетіндей тығыздалу анықталды.

Болжамалы диагнозды атаңыз? Алғашқы дәрігерлік көмек шараларын және осы жағдайдағы емделушіге қатысты күтім ережесін атаңыз?

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ


АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫ


Пән: «Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі»
Пән коды: HRMI 3213
Мамандығы: 051101 – «Мейірбике ісі»
Курс 3
Кредит №3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет