ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ
ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»
Пәні : Хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі
Пәннің коды: HRMI 3213
Курсы : 3
Кредит №1
СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Құрастырған: ассистент
Джураева Г.Р.
Шымкент – 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
1-КРЕДИТ
1-сабақ
1. Тақырыбы: Хирургиялық стационардағы аурухана ішілік инфекцияның алдын алу. Десмургия. Таңғыш түрлері. Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңу.
2. Мақсаты: Хирургиялық мекемелердің жұмысын ұйымдастыруды таныстыру. Хирургиялық ауруханаларда АІИ – ның алдын алу іс – шараларын, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауды үйрету.
3. Тапсырма:
- студенттерді хирургиялық ауруханаларда санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтауды «анық бір жағдайды талқылау» әдісі бойынша үйрету.
- хирургиялық ауруханаларда АІИ – ның алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтауды студенттерге таныстыру.
- Тур және рөльдік ойын әдісі бойынша хирургиялық ауруханаларда орта медицина қызметкерлерінің АІИ – ның алдын алуды қамтамасыз етудегі рөлін, таңуды орындаудағы жалпы тәртібін, сипаттамасы және тағайындалуы бойынша байламдардың жіктелуін, байламды қоюда қолданылатын материалдарын талқылау;
- Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентанция, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтар мен ситуациялық сауалды өз бетінше құру
Достарыңызбен бөлісу: |