Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет146/263
Дата11.05.2020
өлшемі416,12 Kb.
#67056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   263
Байланысты:
med is neg 3k kz
Тест МІН 2курс каз, Арайлым Гаусс есеп
Өткізу әдістемесі:

  • Науқасты процедура барысымен таныстыру

  • Науқас стулдің арқасына тығыз жанасып отырып, басын сәл алдыға еңкейту

  • Науқастың мойнына және кеудесіне сүлгі немесе пеленка төсеу. Тіс протездері болса алып тастау.

  • Шыққан сілекейді жинау үшін науқастың қолына лоток ұстату

  • Науқастың зондты жұту ара қашықтығын анықтау (бойы-100 см)

  • Резеңке қолғап кию

  • Пакеттен стерилді асқазан зондын шығару. Оң қолымен зондтың соқыр ұшынан 10-15 см қашықтықта, сол қолымен бас ұшын ұстап тұру

  • Науқастың аузын ашып, зондтың соқыр ұшын тілдің түбіне қойып, жұтқыншаққа терең итеру. Бұл кезде науқас отырып, мұрын арқылы терең дем алады. Зонд асқазанның керекті жеріне жетуі үшін науқас жұтыну қимылдарын жасайды. Егер науқас жөтеле бастаса, зондты тез арада шығару керек.

  • Асқазан сөлін аш қарынға алу (1 порция)

  • Сөлге арналған ыдыстарды әр 15 минут сайын ауыстыра отырып, 1 сағат ішінде асқазан сөлін алу (2,3,4,5-ші порциялар)

5-ші порциядан кейін науқастың 10 кг дене салмағына 0,1 мл гистаминнің 0,1% ертіндісін тері астына енгізу

  • Сөлге арналған ыдыстарды әр 15 минут сайын ауыстыра отырып, 1 сағатта асқазан сөлін алу (6,7,8,9-ші порциялар).

  • Барлық 9 побиркаларға номер қойып, лабораторияға жібереді.

Ескерту: Асқазан сөлін максимальды толық және үзбей алу керек! Асқазан сөліне азғана қан араласса бұл қауіпті емес. Ал көп мөлшерде қан көрінсе, онда тез арада зерттеуді тоқтату!.

Дуоденальді сөлі зерттеу әдісін өткізу тәсілі



Қолданылатын жағдайлар: Өт қапшығы және өт жолдарын анықтау үшін өтті алу. Науқаста ауру сезімін тудыратын өт қапшығындағы іркілген өт ағымын қоздыру үшін – емдік мақсатта өтті алу. Емдік препараттарды он екі елі ішекке енгізу мақсатында өтті алу. Бұл диангостика және емдік мақсаттарда қолданылады. Зондтау аш қарынға өткізіледі. Науқасты дұрыс дайындау өте маңызды. Түнде науқастың оң қабырға астына түнде резеңке жылтқыш қояды.

Қолданылмайтын жағдайлар:жедел холецистит, созылмалы холецистит және өт-тас ауруларының өршуі, асқазан – ішек жолдарының ісіктері, қан кету.

Құрал саймандар және жабдықтар: Стерильді дуоденальді зонд, пробиркалары бар штатив, өт қабын қоздыратын заттар: 40-50 мл магний сульфаттың 25 % ертіндісі немесе 25-40 мл 33 % ертіндісі, 30-40 мл глюкозаның 40 % ертіндісі, шприц Жане, валик, резеңке қолғаптар.

Өткізу әдістемесі:


  • Науқасты процедура барысымен таныстыру

  • Резеңке қолғап киіп, науқасты отырғызу

  • Науқасқа стерильді дуоденальді зонд енгізеді. Зондтағы 4-ші белгі тіс арасында жеткенде, 10-15 см тағы енгізеді

  • Шприцті зондқа жалғайды. Шприцке сары түсті сұйықтықтың жиналуы, оливаның асқазанға түскенін көрсетеді. Егер сұйықтық шприцке жиналмаса, онда зондты ақырын шығарып, науқасқа қайтадан зондты жұтуды сұрайды.

  • Науқас зондты 7-ші белгіге дейін жұтады. Бұл кезде науқас кабинетте жүреді.

  • Науқасты оң бүйірімен жатқызып, жамбас астына жұмсақ валик немесе жастықша қойылады. Оливаның асқазанның шығар жеріне өтуін жеңілдету үшін оң жақ қабырға астына жылы резеңке жылтқыш қойылады. 20-60 мин науқас 9-шы белгіге дейін зондты жұтады. Пробиркалары бар штатив науқастың бас жағына төменіректе болады. Пробиркаға зондтың бас ұшын салынады.

  • Олива асқазаннан он екі елі ішектен өткен кезде пробиркаға сары түсті сұйықтық түседі. Бұл дуоденальді өт-А порциясы. 20-30 минутта 15-40 мл дуоденальді өт түседі. В порциясын (қапшықтағы өт) алу үшін зонд арқылы Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфатының 33 % ертіндісі енгізіледі. (немесе басқа стимуляторлар) және зажиммен зондты қысады.

  • 10-15 мин кейін зондты келесі пробиркаға салынып, зажим алынады: зонд арқылы қою, қара-қошқыл түсті өт түседі – В порциясы. 20-30 минутта өт қапшығынан 30-60 мл өт бөлінеді.

  • зондты келесі пробиркаға салынады. Қаптағы өттің артынан мөлдір алтын - сары түсті бауырлық өт түседі (С порциясы). 20-30 минутта бауырлық өт бөлінеді.

  • Зонд ақырын алырып, дезенфекциялық ертіндіге салынады.

Резеңке қолғапты шешіп, пробиркаларға порцияларын (А,В,С,) көрсетіп жазып, лабораторияға қажетті құжаттарымен жіберіледі.

Бактериялогиялық зерттеу үшін мактериалды залалсыздандыруға алдын барлық ережелерін сақтай отырып, әр порциясынан, стерильді пробиркаларға өтті алады. Кейін жолдама жазып, бактериологиялық лабораторияға жібереді. Зондтың бұралып кетуінде дуоденальді зондтаудың А порциясы алынбауы мүмкін. Бұндай жағдайда зондты кішкене артқа итеру керек немесе науқасты рентгенологиялық кабинетке апарып, визуальді бақылаумен зондтауды өткізу керек. Егер В порциясы жоқ болса, онда Одди сфиктері ашылмаған, спазма басу үшін тері астына 1 мл 0,1% атропин ертіндісін (дәрігердің тағайындауымен) енгізеді. Егер бұл көмектеспесе зондтауды тоқтату керек.

Зондсыз зерттеу әдістері

«Тұйық» зондтау (дюбаж) өт қабын босату мақсатында қолданылады. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқас аш қарынға 2 шикі жұмыртқаның сарысын немесе 2 ас қасық жылытылған сұйық майды немесе бір стакан жылы минералды суды немесе 100-200 г жылы суға ерітілген 40г сорбитті ішеді. Оң жағымен жылы резеңке жылытқыш қойып 1-1,5 сағ жатады. Процедураны аптасына 2-3 рет өткізеді.



Перистальтиканы күшейтетін және фекалия түсін өзгертетіндәрілік заттарды кабылдауды доғару: ішті босататын, ваго және симпатотропты заттар: эфедрин, прозерин, таолин, барий сульфат, висмут және күрамында тсмірі бар препараттар, май негізінде дайындалған ректальді балаусалар.

Қүрамылда темірі бар препараттарды тағам өнімінен (ет, балык, жасыл өнімдердің барлык түр ін) тексеруге үш күн калғанда алып тастау кажет. Өні.чдердін белгілі жинағынын накты дозаланған күрамын немесе диетаны колдану жәпе тагамнын сіңірілу дәрежесін окып үйрену қажет.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде зертханалық зерттеулерге асқазан және ұлтабар құрамын, нәжісті алуды үйрену





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   263




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет