13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
13 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Гериатриялық практикадағы мейірбикелік үрдіс.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды гериатриялық практикадағы мейірбикелік үрдіспен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды гериатриялық практикада мейірбикелік үрдісті атқару кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда гериатриялық практикада мейірбикелік көмек көрсету қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
Достарыңызбен бөлісу: |