Қанды ақуыздың төмендеуі – созылмалы аурулар, интоксикация, қабыну және қатерлі ісік кезінде ақуыз синтез процесінің тежелуімен сипатталады.
Көмірсу алмасудың- ең жиі көрсеткіші болып қан құрамындағы қан болып табылады. Оның аз мерзімге көтерілуі тамақтанып болған соң эмоциональді қозу, стресті реакциялар, ауырсыну ұстамалары байқалады. Қанда қант мөлшерінің тұрақты көрсетілуі қант диабеті кезінде кездеседі. Май алмасудың бұзылу кезінде липидтер және оның фракцияларының (триглициридтер,
Пигментті алмасудың көрсеткіші болып билирубин саналады - өттің сары-қоңыр пигменті. Бауырда түзіледі, өтпен ішекке түседі. Қанда осы пигменттің екі түрі кездеседі – тікелей және тікелей емес. Бауыр ауруларының тән белгілеріне тікелей билирубин концентрациясының жоғарылауы, ал механикалық сарғаю кезінде ерекше жоғарлауы жатады. Гемолитикалық сарғаю кезінде тікелей емесе билирубин концентрациясы жоғарылайды.
Қан анализі организімге минерал және су алмасу мен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Диурездің көп бөлінуі кезінде бүрек арқылы, көп терлегенне тер арқылы және қайтымсыз құсу кезінде асқазан – ішек жолы арқылы электролиттер мен судың интесивті азаюынан сусыздану дамиды. Су минералды алмасудың әр түрлі бұзылысы қант диабетінің ауыр түрінде, бауыр циррозы кезінде, жүрек – қан тамыр жетіспеушілігі кезінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |