10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.
Мақсаты:дәрілік заттарды ﴾инъекциялы әдіспен﴿ парентеральді енгізу.
Қажетті заттар: ампуладағы дәрілік зат, залалсыздандырылған шприц инесімен, 70% спирт, мақталы шариктер, 1-лоток, латексті перчаткалар, залалсыздандырылған пинцет және салфеткалары бар бикс.
Міндетті шарт:
1.Дәрігер тағайындаған парақтан енгізетін дәрілік затты тексеру.
2.Дәрілік заттың атын, дозасын, сақтау мерзімін тексеру және ампуланы (флаконды ) ашпас бұрын сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау.
3.Майлы ерітінді енгізу алдында температурасы 37.◦С сулы баняда жылыту
( дәрілік заттың аннотациясына қарау).
Достарыңызбен бөлісу: |