Тексеруге дайындау: эзофагоскопия, гастродуаденоскопия және бронхоскопия науқасты дайындау кезінде тексеру алдында 12сағатқа дейін тамақтануға тосқауыл қойылады. Колоноскопияға науқасты дайындау: бұдан да күрделі, өйткені оның мақсаты тоқ ішектегі газды тазалау. Тексеруге 2-3 күн қалғанда науқасқа шлаксыз диета тағайындалады.Тексеруге 1күн қалғанда екінші таңертеңгілік (завтрак) асынан кейін 30-40 мл кастор майы беріледі, ал кешке тазалау клизмасы жасалынады. Кешке тамақ ішпейді. Тексеру күні тексеруге 2-2,5сағ қалғанда тазалау клизмасы жасалады. Кейбір жағдайларда ішекті тазалауға арнайы препараттар тағайындалады.
Цистоскопия-қуық қуысын эндоскопиялық тексеру. Емдік және диагностикалық мақсатпен урологиялық креслада, бұл әдіс жатқызылып жүргізіледі (тасты талқандау, қуықтағы полиптерді және қатерсіз ісіктерді алып тастау).
Дайындау:азанда тексеру алдында қуықты босату және тазалау клизмасын жасау қажет. Эндоскопия бөлмесіне аш қарынға, азанда келу. Тексеру гинекологиялық креслада жүргізіледі. Ерлерге цистоскопты енгізер алдында зәр шығару каналын жансыздандырады. Цистоскоп үстіне зарасызданған глицеринді құяды және зәр шығару каналына енгізеді. Процедураны дәрігер орындайды, ал медбике көмекші болады. Тексеруден кейін науқас бірнеше сағатқа төсекьтік режимді қатаң сақтау қажет. Процедурадан соң 3% хлорамин ерітіндісіне 60 мин-қа перчатканы, инструменттерді дезинфекциялайды, сосын кезекті стерилизация жүргізіледі.
Бір ретті қолдануға арналған құралдарды қолданған кезде дезинфекция ғана жасалынады да сосын утилизация.
Достарыңызбен бөлісу: |