Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет174/263
Дата11.05.2020
өлшемі416,12 Kb.
#67056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   263
Байланысты:
med is neg 3k kz

Процедураны орындау.

1.Науқас сол бүйір жанымен жатады, процедураны дәрігер орындайды.

2.Колоноскоп енгізер бұрын тік ішек айналасын анестезия жасау(3% дикаин мазьі).

3.Тік ішекке колоноскопты енгізу.

4.Тексеріп болған соң колоноскопты шығарып алады.

5.Қолданылған инструменттерді, перчаткаларды және колоноскопты дезинфекциялау.

6.Науқасты палатаға апарып тыныштық орнату.

Бронхоскопия-науқас тынысалу жолдарына енгізген эндоскоп көмегімен ірі және орта калибрлі бронхты, трахеяны визуальді тексеру әдісі болып табылады. Иілгіш және қатты бронхоскоптар қолданылады. Бұлардың көмегімен ірі бронхтарды ғана емес майда диаметрлі бронхтарының кілегей қабатын көруге мүмкіндік туғызады. Бронхоскопия көмегімен бронхтарының қабыну процессінің белгілерін, өкпедегі ісікті, қан түкіруінің және ұзақ жөтелдің себебін және лимфа түйіндерінің ұлғаюын анықтауға болады. Бронхоскопия кезінде көруден басқа, қосымша тағыда мынадай манипуляцияларды жасауға болады: бронхтың секретін сорып алу, бронхтың кілегей қабатының кішкене бөлігін биопсияға алу; және де бронхтарды тесіп өкпе тканінен, лимфа түйінінен биопсия алу. Емдік процедураларды жасауға болады: бронхтарды жуу, дәрілік заттарды енгізу, бронхтан қанды және іріңді сорып алу.

Дайындау:тексеруді жүргізу алдында науқасқа тексеру мақсатын, тексеру кезеңін айтып түсіндіру және үйрету. Тексеруге бірнеше күн қалғанда дәрігер тағайындауы бойынша тыныштандыратын дәрілік заттарды науқасқа беру. Тексеру күні азанда су, тамақ, дәрілік зат ішуге және темекі тартпауға сұрану. Тексеру алдында қуықты және ішекті босату. Дәрігер тағайындауы бойынша процедура алдында 15мин бұрын бронхоскопты бос енгізу үшін премедикация жасайды. Эндоскопиялық бөлмеге науқасты жеткізу. Орындыққа науқасты отырғызу. Жоғарғы тыныс жолдарын 10% новокаин ерітіндісімен немесе 2% лидокаин ерітіндісімен анестезия жасайды.

Ауыз немесе мұрвн арқылы бронхоскопты дәрігер енгізеді, ал медбике көмектеседі.

Процедураны аяқтаған соң асфексияның алдын алу шараларын жүргізу қажет. Арнайы нұсқау бойынша қолғап, инструменттерді, бронхоскопты стерилизация және дезинфекцияны жүргізу.

Артроскопия-буын зерттеу. Буынның синовиальді қабатын, буын шеміршегінің зақымдалуының әр түрлі түрлерін, буын байламын, менискінің дегенеративті немесе травмалық өзгеруін анықтауға болады. Синовиальді қабаттан биопсия алуға және буын аралық синовиальді сұйықтықты сорып алуға мүмкіндік бар.

Буынның дегенеративті немесе қабыну ауруларын шақырған қоздырғышты анықтай алады. Кәзіргі кезде артроскопия көмегімен буынға операциялық араласулар жүргізіледі, якни буын қуысын ашпай-ақ менискті алып тастауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   263




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет