4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет1/2
Дата19.05.2020
өлшемі21,41 Kb.
#69858
  1   2
Байланысты:
ЖК қаз т 7-4-1 БЖБ 1-нұсқа


Қазақ тілі І нұсқа 7 «А» сынып

Білім алушының аты-жөні:

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»

Оқу мақсаты:

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу;

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу.

Бағалау критерийі:


  • шағын мақала құрастырып жазады;

  • көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады;

  • оқшау сөздердің қызметін түсінеді, ажыратады.

Ойлау дағдыларының

деңгейі:

жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

30 минут


Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.


Екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті зұлмат болып тарихта қалды. Майданға аттанған 1,3 миллион ұл-қызымыздың тең жартысы қайтып келмеді. Зымыраған уақытпен бірге аңызға айналып бара жатқан соғыстың ақиқатын айтатын ардагерлеріміздің де қатары сиреп барады. Осыған орай, майданды көзімен көрмесе де, бар ауыртпалығын жанымен сезініп, мойнымен көтерген, балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Алматы облысы, Ескелді ауданы, Н.Алдабергенов ауылының тұрғыны Махметов Қыдырбек Байқалықұлымен сұхбат құрған едік.

Ата, қай өлкеде дүниеге келдіңіз? Отбасыңыз жөнінде айтып өтіңізші.

– Балам, енді ауылда туып, ауылда өстік. Бұрынғы Гвардия ауданы, қазіргі Кербұлақ ауданы, Көксай бөлімшесінде туып, ержеттім. Әкеміз соғысқа кетіп, оралған жоқ. Майданда қаза болды. Шешеміз бізді асырап жеткізді.

Соғыс жылдарында тылдағы еңбек, жалпы ауыл өмірі қандай болды?

– Ой, қарағым, несін айтасың... Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы өмір өте қиын болды ғой, оны бәрі біледі. Асты да, киімді де, барлығын ұрыс даласына жөнелттік. Бәрі де майдан үшін... Ал біз өлместің күнін кешіп жүрдік. Өңшең жетім бала Көксудың басына барып балық аулаймыз. Ауылда көпбалалы бір ноғай болатын. Бір баласының аштан өлгені әлі есімде. Сол ноғайдың менімен құрдас ұлын елу жылдан кейін Алматыда жолықтырдым. Мені көріп, жылап тұрып: «Менің жанымды алып қалған сенің апаң ғой, қасқа сиырдың сүтін беріп», – деген еді.

Қыдырбек ата, азық-түлік, киім-кешек бәрі майдандағы әскерге жіберіліп отырды. Ал сіздер нені қорек еттіңіздер?

– Таңертең болып жатса қуырылған бидаймен шай ішеміз. Ал түсте жұмыс істейтін 200 адамға арнап, үлкен тайқазандағы суға бір шелек арпа, тұз салып қайнататын. Арпаны езілгенше қайнатып, соны түскі тамаққа беретін. Оны біз қуана-қуана жейтінбіз. Нан деген жоқ! Қазір қоқыста жатқан нанды көргенде, әттең-ай, осы бір тілім нанға жете алмай үзілген тағдырлар туралы не білесіңдер деп ренжимін. «Нанды баспа, тастама, киесі ұрады, кепиет атады» деген сөздерді үлкендерден жиі еститін едік. Өкінішке орай, мұны көптеген жастарымыз ескере бермейді.

Саналы ғұмырыңызды Кеңес дәуіріне арнаған адамсыз. Социалистік заманда қандай жетістіктерге жеттіңіз?

– Мен енді жылдар бойы бас зоотехник болып қызмет еттім. Біз Кеңес одағының тұсында үнемі алдыңғы қатарда болдық. Бүгінде апаң екеуіміз бейнеттің зейнетін көретін шақтамыз. Қазір бес баламыз бар, үлкен баламыз бізбен тұрады, оның төрт баласы бар, үлкен немерем үйленген, үш шөбереміз бар. Жатсам та, тұрсам да, қарын аш болса да, киім жыртық болса да, ең бастысы, елімізде бейбітшілік болса екен деп тілеймін!

Міне осылай, бейбіт күнде немере, шөбере сүйіп отырған қария заманның тыныштығын тілейді. Өз басынан өткізген қайғы-қасіретті ұрпағы көрмесе екен дейді. Кешегі өткен батыр бабаларымыз да соғыс майданында ұрпағының азаттығы үшін жанын қиды, қасық қаны қалғанша күресті. Оттан да ыстық Отанын қызғыштай қорғады. Бүгінгі бақытты ұрпақ сол жанкештіліктің қадірін біліп, бейбіт өмірдің артында кімдер тұрғанын жадынан шығармауы тиіс.

https://el.kz/news/lichnosti/sogistin_sizin_sezingen_ardagerler/




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет