Мейірбике маманының міндеттері:
Науқастарды күте білуі;
Балалардың, қартайған кісілердің үйінде, емханадағы жағдайына баға бере білуі және оларды бақылап, күтіп, керек болған кезде дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу;
Жасанды реанимациялық іс-шаралардың әдістерін қолдана білу;
Күрделі манипуляцияларды орындай білу;
Дәрігерге ассистенттік көмек көрсетуді білу;
Науқастарды және емдеу диагностикалық процедураға қажет аспаптарды әзірлей білу;
Анализдерді талдай білу;
Халықтың санитарлық-эпидемиялық ережелерді орындауын қамтамасыз ету;
Құрал-жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыру, дезинфекциялауды білу;
Медициналық құжаттарды толтыру;
Медициналық этика мен деонтологиялық ережелерді орындай білу.
Орта буынды медицина қызметкерлері өз жұмысында, тек қана моральдық жауаптан басқа, заң алдында да жауап береді, мысалы, дәрігерлік құпияны жариялағаны үшін, құрамында наркотик бар дәрілерді ұрлағаны немесе сатқаны үшін керек жерде медициналық көмек көрсетпегені үшін және т.б.
11. Жаңа сабақты бекіту. 9 мин (10%)
Мейірбикеге қойылатын талаптар мен негізгі міндеттерді бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |