Медбике ісі (ДДСҰ) – халықтың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, физикалық және психикалық аурулары бар адамдарға, сондай ақ еңбекке жарамсыз науқастардың барлық топтарына психо – әлеуметтік көмекті және күтімді көрсететуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі.
МЖБС сәйкес осы үлігілік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда 0302000 «Медбикелік іс» мамандығында II семестрде «Медбикелік ісі негіздері» пәні бойынша қорытынды аттестациялауды II кезеңмен жүргізу қарастырылды:
I кезең теориялық – тестілеу, II кезең практикалық – практикалық тапсырмаларды орындау. Емтихан қорытынды аттестациялауға бөлінген мерізімде өткізіледі.
Құзыреттілік аймағы тізімі оқыту үшін міндетті болып табылады және оларды азайтуға болмайды, бірақ оқитын құзыреттілікті тереңдетіп өзгертуге және кеңейтуге болады.
Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырғанда білім беру мекемесі құқықты:
оқу уақытын игеруге бөлінген жалпы оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқыту жоспарында пәнге бөлінген оқыту уақытын 25 % өзгертуге.