Медицина кызметкерінің колын өңдеу деңгейлері
Қолды өңдеу- әлеуметтік (социалды), гигиеналық (қол ұшының дезинфекциясы) және хирургиялық (белгілі бір уакытгағы қол ұшының стерильділігі) болып, 3 деңгейге ажыратылады.
Қолды өңдеудің әлеуметтік деңгейі
Мақсаты: механикалық әдіс арқылы қол беткейінен микрофлораны жою. Науқас және медицина қызметкерінін инфекционды қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдануға болатын жағдайлар: Қолды әлеуметтік өңдеу, қолды жуудын қарапайым әдісі болып табылады. Резенке қолғаппен немесе колғапсыз емдеу процедураларын жасаудан алдын және болғаннан сон; науқасты тамақтандырудан алдын және тамақтандырып болған сон; туалеттен кейін; науқастың биологиялык сұйыктықтарымен медбике колы ластанбаған жағдайда - наукастың күтімінен алдын және кейін; ластанған жағдайда кол гигиеналык денгейде өңделеді.
Жабдыктары: 1 рет қолданатын кір (сүйык) сабын, секундомері бар сағат, жылы ағынды су, лотоктағы стерильді салфеткалар, жеке сулгі (электр құрғаткыш).
Достарыңызбен бөлісу: |