ЖҰмыс бағдарламасы пән: Микробиология және вирусология Пән коды: mbv 3222



Дата23.08.2017
өлшемі300,35 Kb.
#25273
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы



044 - 30/15д-48.3к (1792)

15 беттің беті



Микробиология пәні бойынша жұмыс бағдарламасы




''БЕКІТЕМІН''

ОӘТЖ проректоры,

м.ғ.д., М.У. Анартаева

___________________

«___» _______2014 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ




Пән: Микробиология және вирусология
Пән коды: MBV 3222
Мамандық: 5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90/2
Курс: 3 Оқу семестрі: 5


Шымкент 2014 ж.

Жұмыс бағдарламасы №­­­ 3а хаттамасы 2010 жылғы 15 қаңтардағы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығына арналған микробиология және вирусология бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.


Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., _____________ Есіркепов М.М.
хаттама №______ «____» ________ 2014 ж.
Жұмыс бағдарламасы медициналық-биологиялық пәндер бойынша ЖӘК-те талқыланды.
Төрағасы, м.ғ.д. __________________ Патсаев А.К.
хаттама №______ «____» ________ 2014ж.
Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ның Әдістемелік Кеңесінде талқыланды

хаттама №______ «____» ________ 2014 ж.




2.Бағдарлама:

2.1 Кіріспе. 5В074800 – Фармацевтік өндіріс технологиясы мамандығының жұмыс оқу бағдарламасындағы «Микробиология және вирусология» фундаменталды пәнінің ерекшелігі, прокариоттардың негізгі қасиеттерін, олардың физиологиясы мен биохимиясын зерттеу, микробиология саласында жалпы биологиялық және практикалық маңызының жетістіктерін меңгеру, микробиологияның басқа биологиялық пәндермен байланысын анықтау болып табылады. Микробиология саласындағы білім, фармацевт өндірісінің технологы - болашақ мамандардың көзқарастарын қалыптастырып, дәрілік препараттарды өндіру кезіндегі практикалық іс-әрекеттерінде үлкен роль атқарады.

Микроорганизмдердің негізгі қызметтерін оқып білу, әр түрлі өндірістер технологиясын жетілдіру үшін қажет. Жоғарғы фармацевтикалық білім алудың қазіргі кездегі концепциясы дәрілік препараттардың микробиологиялық өндірісін әрі қарай жетілдіру үшін, студенттердің микробиология саласында білімі мен практикалық біліктілігін қалыптастыру үшін қажет.


2.2 Пәннің мақсаты: студенттерге микробиология бойынша практикалық біліктілік және білім беру – сапрофит және патоген микроорганизмдердің әр түрлі топтарын, олардың морфологиясын, систематикасы мен физиологиясын, сыртқы орта факторларының микроорганизмдер тіршілігіне әсерін және өндірістік процесстерде, табиғатта заттардың айналуында микроорганизмдердің ролін оқыту.
2.3 Міндеттері:

  • микробтар әлемі, олардың табиғатта алатын орны, микроорганизмдер мен вирустардың негізгі қасиеттері, олардың классификациясының принциптері, экологиясы, табиғатта және адам өміріндегі ролі жөнінде білім алу;

  • студенттерге әдебиеттерді пайдалану және жалпы биологиялық дайындықты жоғарылату үшін микробиологиядан білім алуды үйрету;

  • тәжірибелерді және санитарлы-гигиеналық іс-шараларды жүргізу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін объект ретінде микроорганизмдерді пайдалану мүмкіндіктері жөнінде көзқарас қалыптастыру;

  • микроорганизмдерді бөліп алу және дақылдауды практикалық дағдыландыру;

  • микроорганизмдермен жұмыс істеу тәртібін, су мен топырақтың микробиологиялық талдау ережелерін сақтау.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:


Дублин дескрипторлар

ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі

Пәнді оқытудың қорытындысы

Концепция бойынша оқыту нәтижелері (МЖББС)

А



Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.



Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік


Фармакологиялық өндірісінің негізгі объектісі ретінде микроорганизмдердің құрылысы мен қызметтері туралы түсінігі қалыптасқан

Кәсіби міндеттерді шешуге қажетті жалпы теориялық пәндердің көлемінің негізін біледі

Микробиологияның негізгі терминдерін біледі

Микробиологиялық зерттеулерін негізгі әдістерін; жасушалық құрылым ерекшеліктерін; микроорганизмдердің метаболизмін біледі.

Микроорганизмдердің тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ерекшеліктерін; организмдердің жүйелеу принциптарын біледі.

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі


Қазіргі заманғы ақпарат қөздерінен (электронды оқулықтар, интернет) жаңа білім алуды біледі

«Ғылыми зерттеу білімі» құзыреттілігі

Микробиологиялық зерттеулердіңқазіргі заманғы әдістерін біледі

Өзінің жеке ізденістерінің қорытындысын және микробиологиялық зерттеулердің қорытындысын қолданады

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Заманауи құрал-жабдықтарда анализ қоя біледі (баканализатор, ИФТ және ПТР)

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Микроорганизмдердің қауіптілік дәрежесін, жолдамаларды толтырудың құқықтық нормативтік құжатты біледі

Экономикалық және құқықтық жүйе заңдылықтарының негіздерін біледі, нормативті-құқықтық кұжаттармен жұмыс жасай алады.




Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және оның тасмалдануы, сақтау мерзімімен бірге, диагностикалау әдісін таңдауда, міндетті түрде, микробиологиялық зертханада жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережесін сақтап, зерттелетін матералмен жанасуға болмайды және оны залалсыздандыра білуі керек.

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік


Дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік препараттардың микробтық контаминациясын алдын алу үшін лабораториялық ыдыстармен, құрал-жабдықтармен санитарлы-гигиеналық шараларды өткізуге арналған материалдар мен объектілермен жұмыс жасай алады

Нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкес дәрілік заттардың сараптамасынжүргізе алады; өндірістік гигиена талаптарымен қамтамасыз ете алады және оны сақтай біледі.

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Асептика және антисептика ережелерін сақтай отырып дәрілік заттарды дайындау және сақтау туралы ақпарат іздеп, жинақьай алады

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Дәрілік заттардың ластанғандығын анықтауда микробиологиялық бақылау жүргізеді

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Қоршаған орта нысандарының микробиологиялық бақылауын жүргізеді

«Ғылыми зерттеу білімі» құзыреттілігі

Биотехнология және гендік инженериядағы генетикалық модель ретінде микроорганизмерді ақпарат ретінеде меңгереді.

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

Қоғамдық мобильділікті қамтамасыз ететін кәсіби құзіреттілікке ие, мақсатшыл, өзін ұйымдастырушы, жан-жақты, топта жұмыс жасай алады, өзінің кәсіби қызметінің соңғы нәтижесіне жауапты, толерантты, жалпы мәдениеттілікті жоғарылатады.

С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу.

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік


Микробиология бойынша жалпы биологиялық дайындығын жоғарылату мақсатында әдебиеттер мен білімін қолдана алады.

Ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасай алады

Ауа, су, топырақ, дәрілік өсімдік шикізатының және дайын дәрілер формасының микрофлорасы туралы алынған мәліметтерді талдайды

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Кәсіби қызметте қолданылатын компьютерді жинақтауды жүргізу, ақпаратты сақтау және өңдеу техника және технологияны меңгерген

Қазіргі заманғы техниканы қолдана алады, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияны қолдана біледі.

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Микроорганизмдерді дақылдау және идентификациялау бойынша зертханалық жұмыстарды орындаудың қорытындысын бағалайды

Фармацевтикалық өндірістің технологиялық схемасын құрастыру принциптерін меңгерген,

«Ғылыми зерттеу білімі» құзыреттілігі

Биотехнологияда және гендік инженерияда микроорганизмдерді генетикалық модель ретінде қолдану ақпаратын меңгерген

Социалды маңызды мәселелер мен жүйелерді ғылыми сараптама жасайды

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

Дәрілік заттар өндірісі саласында субъекттердің жұмысының эффективтілігін жоғарылатуға бағытталған шешімдерді қабылдай алады.

Топта жұмыс жасай алады, өзінің көзқарасын қорғай алады, жаңа шешімдерді ұсынады, өз ойын ұжым мүшелеріне сәйкестендіре алады

Фармацевтикалық саланың модернизациясы жағдайында тез бейімделу білімін алған

Д



Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру



Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Микробиология бойынша өз білімін және ақпаратпен (студенттер тізімі, интернет, оқу, қосымша, ғылыми) жұмыс жасауға қабілетті

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның мүмкіншілігін біледі.

«Коммуникатив тік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

Өзіндік білімін және біліктілігін жоспарланған оқу экспериментін жүргізу барысында эксперименттік бақылау фактыларын және көріністерін, олардың қарым-қатынастарының салдарын студенттеге/оқытушыларға/емтихан қабылдаушыларға түсіндіре және жеткізе білу.

Химико-фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырады, жобалайды, жоспарлайды, қамтамасыз етеді


Микробиологиялық зерттеулер, іздену және өңдеуді жүргізе білу.

«Ғылыми зерттеу білімі» құзыреттілігі

Жаңа медико-биологиялық препараттарды жарыққа шығару үшін микроорганизмдерді ғылыми тұрғыда пайдалану ақпаратын игерген.

Социалды маңызды мәселелер мен жүйелерді ғылыми сараптама жасайды

Е


Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Өндірістік санитарияның, гигиенаның, фармацевтикалық өндірістің еңбек қорғау мәселелерін шеше алады

Қазақстанның құқықтық жүйенің негізін және заңдылықтарын біледі.

«Коммуникатив тік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

Оқылып жатқан аймақтың ақпаратын талдамасын және синтездеу, өзіндік оймен көпшілік алдында өз пікірлерін көрсете білу дағдыларын меңгерген.

Химико-технологиялық жүйелерді модельдеу және жобалау дағдылары







Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Жұмыс істегенде интернет желісінен қажетті ақпараттарды табады және

оқу әдебиеттерімен, анықтамалармен жұмыс істегенде оптимальды әдіс таңдап пайдаланады.



Қосымша және ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауға қабілетті







«Ғылыми зерттеу білімі» құзыреттілігі

Гендік инженерия және биотехнологияда микробиологиялық зерттеулерге қажетті мағлұматтарды өңдеу және іздеуді жүргізе алады

Социалды маңызды мәселелер мен жүйелерді ғылыми сараптама жасайды







Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Дәрілік заттардың микробтық ластану сапасын бақылау әдістерін меңгерген

Дәрілік заттарды лицензиялау жүргізуде, регистрациялауда, сертификаттауда құзіретті




Оқытудың дербес зейінін әрі қарай жалғастыру

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Микробиология саласында алған білімін өндірістік санитария, фармацевтикалық өндірістің еңбек гигиенасы, фармацевтикалық технология негіздері, табиғи емдік заттар технологиясында қолдана алады

Кәсіби міндеттерді шешуде қажетті жалпы кәсіби пәндердің негізінің көлемін біледі.

2.5 Реквизитке дейінгі: химия, физика.
2.6 Реквизиттен кейінгі: өндірістік санитария және фармацевтикалық өндірістің еңбек гигиенасы, фармацевтикалық технология негіздері, табиғи емдік заттар технологиясы.
2.7 Тақырыптық жоспар:

2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары




Дәріс тақырыбы

Сағат саны

1 кредит

1

Кіріспе. Микробиология пәні және зерттеу әдістері. Микробиологияның шығу тарихы және дамуы

1

2

Микроб әлемінің әралуандығы – прокариот және эукариот микроорганизмдердің құрылысы мен қызметі

1

3

Метаболизм: энергетикалық және биосинтетикалық процесстер. Метаболизмнің реттелуі.

1

4

Микроорганизмдердің өсуіне физикалық және химиялық факторлардың әсері. Бактерияларды дақылдау және өсіру.

1

5

Саңырауқұлақтардың, қарапайымдылардың және вирустардың физиологиясының ерекшеліктері.

1

Жалпы сағаты: 5

2 кредит

6

Микроорганизмдердің тұқым-қуалаушылығы және өзгергіштігі

1

7

Гендік инженерия және биотехнология негіздері

1

8

Микробтар экологиясы - микроэкология

1

9

Микробтарға қарсы препараттар. Иммунобиологиялық препараттар.

1

10

Фитопатогенді микроорганизмдер.

1

Жалпы сағаты: 5

Барлығы: 10 сағат


2.7.2 Лабораториялық сабақтардың тақырыптық жоспары




Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1 кредит

1

Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау ережелері. Микроскоптың құрылысы және микроскоптық техника.

2

2

Қатты және сұйық бактериалдық дақылдар препараттарын дайындау. Микроскопиялық зерттеулерге арналған препараттарды дайындау техникасы. Бояудың қарапайым тәсілдері.

2

3

Эу- және прокариот микроорганизмдердің морфологиясы. Бактерия клеткасының цитологиясы.

2

4

Вирустардың морфологиясы. Вирусологиялық зерттеу әдістері. Бактериофагия құбылысы.

2


5

Жинақтаушы культуралар және элективтілік принципі.

Микроорганизмдердің таза культурасын бөліп алу әдістері.

2


Жалпы сағаты: 10

2 кредит

6

Бөліп алынған бактерия дақылдарының морфологиялық, культуральды және физиолого-биохимиялық қасиеттерін зерттеу.

2

7

Микроорганизмдерге физикалық және химиялық факторлардың әсері. Асептика. Антисептика. Дезинфекция. Стерилизация.

2

8

Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау. Действие ХТЗ микроорганизмдерге әсері. Антибиотиктер.

2

9

Ашу типтері және сипаттамасы. Микроорганизмдер медицинада пайдаланатын заттардың продуценттері есебінде.

2

10

Микроорганизмдерді гендік инженерияда және биотехнологияда пайдалану. Генетикалық зерттеулер схемасы. Антибиотиктерге тұрақты мутант бактерияларды табу және бөліп алу.

2

Жалпы сағаты: 10

Барлығы: 20 сағат


2.7.3 Студенттің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары




СӨЖ тақырыптары

Сағат саны

1 кредит

1

Эукариот микроорганизмдердің морфологиясы, құрылысы және көбеюі.

4

2

Прокариот микроорганизмдердің морфологиясы, құрылысы және көбеюі.

4

3

Өсімдіктердің эпифитті және ризосферлі микрофлорасы.

4

4

Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер.

4

5

Вирустар. Вирустардың репродукциясы. Вирустарды дақылдау. Бактериофагтар.

4

6

Микроорганизмдерді бөліп алу, дақылдау және өсуі. Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталар.

4

7

Аралық бақылау.

4

Жалпы сағаты: 28

2 кредит

8

Микроорганизмдердің өзара және басқа организмдермен арақатынасы.

4

9

Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері.

4

10

Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері.

4

11

Микроорганизмдерге биологиялық факторлардың әсері.

4

12

Микроорганизмдердің белок және биологиялық белсенді заттарды синтездеуі.

4

13

Микроорганизмдердің көміртек қосылыстарын түзуі.

4

14

Микроорганизмдердің генетикасы және селекциясы. Микроорганизмдердің тағам және фармацевтика өндірісіндегі рөлі.

4

15

Аралық бақылау.

4

Жалпы сағаты: 32

Барлығы: 60 сағат


  1. Сабақ беру және оқыту әдістері:


Дәрістер: интерактивті тақырыпты, мәселелік.

Тәжірибелік (зертханалық) сабактар: сұрау, талқылау, түсіндіру, тәжірибелік жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамалар толтыру, микробиологиялық ақпараттардың мультимедиялық базаларымен, компьютерлі модельдермен. Бағдарламалармен жұмыс істеу, жағдайлық есептерді шешу, шағын топтарда жұмыс, блиц-сұрау, іскерлік ойындар, «ой өрістерін кеңейту», «сынамалы түрде ойлау», мини-зерттеулер және т.б.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): кейбір сұрақтарды тереңдетіп оқу, зертханалық жұмыстар орындау (демонстрациялық препараттарды микроскоппен қарау), жағдайлық есептерді шешу, кестелермен, микробиологиялық атласпен жұмыс, әдебиетпен, ақпараттың электрондық базаларымен және компьютерлік оқу бағдарламаларымен жұмыс, демонстрациялық жұмысты өздігімен талдау, интерпретация жасау, интерактивті оқу бағдарламаларын іздестіру және қолдану, тест тапсырмаларын шешу, ғылыми оқу және интернет конференциялар үшін ғылыми рефераттар дайындау және презентация жасау, дискуссияларға қатысу.
Білімді бағалау:

Ағымдық бақылау: тест, ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс жасағанда топтық және өзін-өзі бағалау және т.б.

Аралық бақылау: коллоквиум

Қорытынды бақылау: емтихан (тест түрінде).
Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.Шоқанов Микробиология // Алматы, «Санат», 1997.- 320 б.

2. Т.Б.Дарқанбаев, Н.К.Шоқанов Микробиология және вирусология негіздері // Алматы, «Мектеп», 1982 - 223 б.

3. Н.К.Шоқанов, С.Сағындықова, Ф.Серікбаева Микробиология // Алматы, «Арыс», 2003 – 192 б.

4. Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. М.: Агропромиздат, 1978.- 391 с.

5. Шлегель Г. Общая микробиология. М.: Мир, 1987.-567 с.

6. Гусев М.В., Минеева Л.А. Микробиология. М.:МГУ, 1992.-448 с.

7. Панкратов АЯ. Микробиология. 5-ое изд. М.: Колос, 1971.

Қосымша:


  1. Брода П. Плазмиды. М.:Наука, 1989.-688 с.

  2. Украинская А.Г. Вирусология. М.:Наука,1986.-326 с.

  3. Елинов Н.П. Химическая микробиология. М.:Высш. Шк., 1989.-448 с.

  4. Елинов Н.П. Основы биотехнологии. СПб.:Наука, 1995.-600 с.

  5. Перт С.Дж. Основы культивирования микроорганизмов и клеток. М.:Мир, 1978.-331с.

  6. Рапопорт И.А., Шигаева М.Х., Ахматуллина Н.В. Химический мутагенез. Алматы, 1980.-347 с.

  7. Асонов Н.Р. Микробиология. М.: Колос, 1980

  8. Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии. М.: Колос, 1975

  9. Байрак В.А. и др. Практикум по ветеринарной микробиологии. М.:Колос, 1980.

  10. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. М., 1982.

  11. Кочемасова З.Н. и др. Санитарная микробиология и вирусология. Москва. Медицина, 1987.

Эксперт,


ОӘБ бастығы Ибрагимова А.Г.

1 Үлгі


Микробиология пәні бойынша жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамалары

Пән


Оқу материалының мазмұнын көрсетілген реті бойынша өзгерту туралы ұсыныс

Келісімге қатысушы кафедраның хаттамасы №

айы, күні






Алғы реквизиттер




Химия


Химиялық факторлардың әсері: қышқылдардың, сілтілердің, галоидты препараттардың, ауыр металдардың тұздары мен сыртқы активті заттардың. Тотығу-тотықсыздану потенциалының және ағзалардың өсуіне әсер ететін рН ортасының мағынасы.

Химия және ФГЗ кафедрасының меңгерушісі,

профессор: Патсаев А.К.

___________


Хаттама №___

«___» ____ 2014 ж



Физика


УК-сәуленің әсері.

Медициналық биофизика, математика және

информатика кафедрасының меңгерушісі,

профессор: Құдабаев Қ.Ж. ___________


Хаттама №___

«___» ____ 2014 ж



Реквизиттен кейінгі

Өндірістік санитария және фармацевтикалық өндірістің еңбек гигиенасы


Микроорганизмдердің өмір сүруіне ішкі ортаның әсері және заттардың табиғат айналымындағы, өндірістік процестердегі микроорганизмдердің рөлі. Көрсетілетін тәжірибелерді өткізу және санитарлы-гигиеналық шараларды өткізу..


Жалпы гигиена және экология кафедрасының

меңгерушісі, доцент:

Долтаева Б.З.

_______________

Хаттама №___

«___» ____ 2014 ж



Фармацевтикалық технология негіздері

Фармацевтикалық өндірістерге қажетті жаңа қосымша заттарды ендіру және қарастыру негіздері, дайын дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай фабрикаттардың және басқа да фармацевтикалық өнімнің .дайындық уақытын құрау және тұрақтылығын меңгеру.

Дәрілер технологиясы кафедрасының

меңгерушісі: Сагындыкова Б.А. ______________


Хаттама №___

«___» ____ 2014 ж




Химия және табиғи дәрілік заттар технологиясы

Химико-фармацевтикалық өндірістің ең бірінші ерекшелігі шығарылатын тауардың тазалығына жоғары талаптар, жоғары химиялық тазалаудан бөлек жоғарғы залалсыздануды қажет етеді.


Химия және ФГЗ кафедрасының меңгерушісі,

профессор: Патсаев А.К.

___________
Хаттама №___

«___» ____ 2014 ж




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет