Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1. Бактериялардың тыныс алу түрлерін атаңыз?
2.Вирустардың бактериялардан қоректену қасиеті бойынша айырмашылығы қандай?
3.Бактериофагтардың практикадағы маңызын атаңыз?
Дәріс № 4.
1.Тақырыбы Жалпы вирусология. Вирустардың қазіргі заманғы жіктелу принциптері. Вирионның құрылысы және химиялық құрамы.
2.Мақсаты. Студенттерге вирустардың биологиялық қасиеттерін ескере отырып инфекциялық ерекшеліктерін жіктеп талқылау. Бактериофагтардың практикадағы маңыздылығын түсіндіру.
3.Дәріс тезистері.
Вирустық аурулар өнімді және персистирленген инфекциялар түрінде жүреді. Соңғысы – латентті, созылмалы және баяу өтеді. Вирустардың инфекциялық ерекшеліктері:
Вирустың нуклеин қышқылының жарақатталған жасушасының ДНҚ-на құрастырылуы, яғни интегративті инфекция шақыру қабілеттігі (вирогения), ол гепатит В, аденовирусты және герпес инфекцияларында, ЖҚТБ және т.б.жүреді. Вирусемия кезеңінің болуы, ол кезде вирус қан айналуында болады. Адам ағзасының иммунды жүйесінің лимфоцит жасушаларын жарақаттау. Ядроішілік және цитоплазмаішілік қосындылардың түзілуі.
Сондықтан вирустық инфекцияларға диагноз қою мақсатымен вирусологиялық зерттеу тәсілдері кеңінен қолданылу керек.
Вирустар облигатты жасуша ішілік паразит. Вирустардың репродукциясы 6 стадиядан тұрады.1.вирионның жасушаға адсорбциялануы. 2.вирустың жасушаға енуі. 3.«вирустың шешінуі». 4.вирус компоненттерінің синтезделуі. 5. вирионның құрылуы. 6.вирионның жасушадан шығуы.
Бактериофагтар –вирус бактериялары РНК және ДНК түзуші болып бөлінеді.
Фагтар тәжірибеде емдік және алдын-алу мақсатта жұқпалы ауруларда қолданылады.
Бактериофагтар ген-инженерияда ДНК рекомбинанттарын алуда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |