Электронды ресурстар: 1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы): Антибиотиктердің таңдап әсер ету механизімін түсіндіріңізші?
Дәріс №7 1. Тақырыбы: Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы-биологиялық негіздері. Антибиотиктер. Бактериялардың дәрілерге төзімділік механизмдері.
2. Мақсаты. Студенттерге медицинада патогенді микроорганизмдерге әсері химиотерапиялық препараттармен емдеудің микробиологиялық, молекулалы-биологиялық негіздерін түсіндіру. Химиялық препараттардың қалыпты микрофлораға кері әсерін түсіндіру.
3. Дәріс тезисі. Медицинаның қазіргі этапында антибиотиктер микроорганизмдерге қарсы күресетін, әсер ететін бірден-бір препарат болып табылады.
«Антибиотик»-түсінігін С.Ваксман былай береді. «Антибиотиктер»-дегеніміз мироорганизімдерден түзілген заттар болып бактериялардың өсуін тоқтататын және бактерияларды жою қасиетіне ие. Антибиотиктердің негізгі продуценті микроорганизмдер болып табылады. Антибиотиктердің емдік қасиеті айқын болу үшін келесі міндетті қасиеттері болуы керек .
1.Төмен концентрацияда (10-30 мкг/мл) ауру қоздырғыштарын жою және өсуін кобеюін тоқтату керек.
2. Антибиотиктердің ықпалын адам организміндегі сұйықтықтар төмендетпеу керек.
3. Антибиотиктер микроорганизмге тез әсер ету керек, яғни қысқа мерзімде көбеюін тоқтату керек.
4. Антибиотиктер макроорганизмге кері әсерін тигізбеу керек.Аллергендік және токсигендік қасиеттері болмау керек.
5. Антибиотиктер науқастың сауығуына кедергі жасамау керек.
6. Антибиотиктер иммундық реакцияға кері әсерін тигізбеу керек.
Инфекциялық аурулардың химиотерапиясы дегеніміз–бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың және протейлардың қоздыратын ауруларын химиятерапиялық дәрі-дәрмектер арқылы емдеу, яғни дәрі-дәрмектермен адам организміндегі инфекциялық агенттердің өсуі мен көбеюін таңдаулы түрде тежеу. Микроорганизмге қарсы препараттың таңдап әсер етуін қамтамасыз ету үшін препарат тек қана микрорганизмде бар мишеньге әсер ету керек, бірақ мишень макроорганизмнің жасушасында болмауы керек.
Химиотерапиялық препараттар спектр белсенділігіне қарай:
микроорганизімдердің жасушалық формасына әсер ететін (бактерияларға қарсы, саңырау құлақтарға қарсы, протозоидтарға қарсы) қарсы әсер ететіндер тар спекторлы және кең спекторлы болып бөлінеді.
Антибиотиктерге тұрақтылық табиғи және жүре пайда болған бөлінеді.
Жүре пайда болған тұрақтылықтың гендік негізі R-плазмидалар мен байланысты.