Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет17/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білуі тиісті:

  • пәннің мақсатын, міндеттерін және келешек мамандыққа олардың алатын ролін;

  • микробиология және иммунологияға қарасты экожүйенің қызметін атқару заңдылықтарын: микроб-адам-қоршаған орта;

  • микробты табиғаты бар микроорганизмдердің ролін және олардың микробиологиялық диагностикасын;

  • қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық тестілеу әдістерін және олардың микробиологиялық қауіпсіздік тұрғыдан бағалау;

істей алуы тиісті:

  • микробтық табиғаты бар аурулардың диагностикасы және қоршаған орта обьектілерінен санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдерді анықтау үшін стандартты микробиологиялық зерттеу әдістерін қолдануын;

  • микробиологиялық зерттеу қорытындыларын интерпретация жасауын;

  • клиникалық-микробиологиялық, санитарлық-микробиологиялық және санитарлық-вирусологиялық зерттеулер үшін материал алу және жолдама құжаттарын толтыру;

  • жұқпалы аурулар эпидемиясы дамуының күдік туған жағдайда микробиологиялық қауіпсіздік туралы білімін қолдану;

дағдыларын меңгеруі тиісті:

  • тексеру материалын алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу;

  • микроскопиялық зерттеу әдісін жүргізу.

5) Реквизитке дейінгі: химия, экология, биохимия, медициналық биофизика, молекуляры биология және медициналық генетика, физиология, гистология.
6) Реквизиттен кейінгі: жалпы гигиена, эпидемиология,жұқпалы аурулар, қоршаған орта және денсаулық, тағам гигиенасы.
7. Пәннің қысқаша мазмұны
Микроорганизмдердің жіктелуі, морфологиясы, микроорганизмдердің анатомиясы және физиологиясы. Микроорганизмдердің генетикасы. Жалпы вирусология. Антимикробты препараттар. Микроорганизмдерге физикалық, химиялық әдістердің әсері. Микроорганизмдердің патогенділігі. Инфекция. Қалыпты флора. Иммунитет. Жеке микробиологияның мақсаты мен міндеті. Асқазан-ішек тракты инфекциясының қоздырғышы. Респираторлы инфекция қоздырғышы. Зоонозды инфекция қоздырғышы. Жүйке жүйесі ауруларының қоздырғыштары. Тері аурулары инфекциясы. Урогенитальді инфекция қоздырғыштары. Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары. Микроорганизмдердің санитарлық көрсеткішін үйрену. Санитарлық микробиологиялық зерттеу әдістері. Су, топырақ, ауа, азық-түлік, күнделікті қажетті заттардың санитарлық микробиологиясы. Емдеу, алдын алу мекемелеріне бактериологиялық бақылау, микробиологиялық мониторинг жүргізеді



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет