Тесттер:
1. Алғашқы рет микроорганизмдерді көру мүмкіндігін дүниеге келтірген ғалым:
Р.Кох
И.Мечников
Л.Пастер
А.Левенгук
Д.Ивановский
2. Бактериялардың талшығын көруге мүмкіндік беретін бояу әдісі:
Грам
Ожешко
Леффлер
Бури-Гинс
Романовский-Гимза
3. Микроорганизмдердің қауіптілік дәрежесі бойынша бөлінетін топтарының саны:
төрт
екі
үш
бес
алты
4. Микроорганизмдерді иммерсионды жүйеде зерттеу үшін қолданатын обьектив:
х 8, 40
х 8
х 10
х 40
х 90
5. Ішкі ортаның қолайсыз факторларынан қорғайтын бактерияның жасушалық элементі:
капсула
L - форма
жасушалық қабырға
талшықтар
цитоплазматикалық мембрана
6. Микробтық дакылдар, қоректік орталар, қан, вакциналар және биопрепараттар сақталатын лабораториялық жабдық:
бөлме температурасындағы шкаф
термостат
Пастер пеші
Кох аппараты мұздатқыш
мұздатқыш
7. Микроскоптың иммерсионды жүйесінде зерттелетін препарат:
жағынды
“жуан” тамшы
”езілген” тамшы
“ілінген” тамшы
вирустық препараттар
8 Биологиялық микроскоптың иммерсиондық обьективімен көру мүмкіндігінің ең төменгі шегі:
0,2 мкм
0,1 мкм
200 нм
100 нм
10 нм
9. Пастер пешінде стерильденетін заттар:
резиналық бұйымдар
физиологиялық ерітінділер
қоректік орталар
шыны ыдыстар
синтетикалық материалдар
10. Флюоресценция кұбылысының негізінде қолданатын микроскоп:
фазалы-контрасты
люминицентті
жарыктық
электронды
күңгірт-жазықтық
№3
1.Тақырыбы: Микроорганизмдердің қоректенуі ,тыныс алуы , өсуі және көбеюі.
2.Мақсаты: Бактериялардың өмір сүру, тыныс алу, қоректену, көбею, өсу процесстерін қоршаған ортамен қарым-қатынас заңдылығын меңгеру.
3. Оқыту мақсаты: Бактериялық ілмекпен, инемен, тамызғышпен, шпательмен егу техникасын меңгеру. Зерттелетін материалды жасанды қоректік ортаға егу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Метаболизм-бактерия жасушасында өтетін биохимиялық реакциялары, метаболизмнің екі жағы.
Бактериялардың қоректенуі және энергия көзі бойынша жіктелуі.
Бактериялардың қоректену механизмнің ерекшеліктері және өсу факторлары.
Бактерия ферменттерінің негізгі топтары, оның жіктелуі.
Аэробты және анаэробты бактериялардың тыныс алуы кезіндегі электрондардың соңындағы акцепторлары.
Бактериялардың өсуі мен көбеюі. Бактерия популяциясының сұйық қоректік ортада көбею фазасы.
Арнайы, микробиологиялық терминдерге түсініктеме беріңіз: “түр”, “штамм”, “клон”, “колония”, “таза дақыл”.
Бір белгі бойынша бөлінетін /морфологиялық, биологиялық, патогендік, антигендік т.б./; бір түр ішіндегі бактериялардың штамдары.
Достарыңызбен бөлісу: |