7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б) Жағдайлық есептер: Жарты жылдан соң сиырлардың көптеп өлуінен, олардың терісін экспертизаға алды. Асколи термопреципитация реакциясына преципитацияланатын сібір жарасы сарысу қолданылады. 5 мин. кейін сұйық шекарасында ақ сақина пайда болды. Бұл қандай феномен? Кольцепреципитация осы жағдайда неліктен қолданылған?
Резусы – теріс әйел, бірінші рет резус-оң еркекпен екі қабат болды да, осы жағдайда ол әйелдер кеңесіне барады. Қандай реакция қою қажет? Осындай жағдайда қандай қорытынды болады?
Әйелдер консультациясына резусі-теріс әйел барған. Өткен жағдайларда ол бір рет босанған 2 рет тастап, қойған бір аборт жасатқан. Ал 5-ші жағдайда ол резусі-оң еркектен екі қабат болған. Әйел қаның сарысуындағы толық емес антирезусті антиденелердің жинағын қалай шығаруға болады?
Тесттер: 1. Толық емес антиденелерді анықтауда қолданылатын серологиялық реакция:
А.Кумбс реакциясы
В.Иммунофлюоресценсия реакциясы
С.Коагглютинация реакциясы
Д.Кольцепреципитация реакциясы
Е.Флокуляция реакциясы
2. Преципитация реакциясының варианттары:
Кумбс реакциясы
Иммунофлюоресценсия реакциясы
Коаглютинация реакциясы
Кольцепреципитация реакциясы
Флокуляция реакциясы
3. Микробтық антигендердің белсенділігін анықтауда қолданылатын серологиялық реакция:
Кунс реакциясы